Алматы, 2015 Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және



жүктеу 5,74 Mb.
Pdf просмотр
бет4/10
Дата17.11.2018
өлшемі5,74 Mb.
#20438
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Журналистік  этика  туралы 

сөз  қозғағанда  ең  алдымен 

төмендегі  мысалды  келтіруге 

болады.  Қазіргі  таңда    фото-

аппараттар  мен  түрлі  гаджетті 

кез-келген  баланың  қолынан 

көре аламыз.Олар тосын оқиға-

ларды түсіруге де дағдыланып 

алған. Болған оқиғаға зер сал-

сақ:  журналист бір азаматтың 

өз-өзіне   қол жұмсап суицид-

ке барған сәтін  суретке түсіріп 

жариялайды. Бұл сурет сенса-

ция болып әлемді шарлап кет-

ті.  Бір  жағынан  журналист  бұл 

тұста,  өзінің  кәсіби  міндетін 

орындаса, екінші жағынан әлгі 

азаматтың өмірін сақтап қалуға 

қол ұшын беруге оның уақыты 

жеткілікті  болған.  Әрине,  егер 

журналист  азаматты  құтқарып 

қалса, онда  журналистік материал болмас еді.  

Журналистік этикаға келгенде сан алуан пікірлер туындайды. Заңдылық тұрғыдан 

барлығы  дұрыс  қарастырылған,  қайшылық  жоқ,  ал  моральдық,  адамгершілік  құн-

дылықтар жағынан біраз күдік туғызатын тұстары бар.

Мораль  ең  алдымен  ұятқа  байланысты  және  ол  ішкі  құндылықтарыңды  таңда-

уға  мүмкіндік  береді.  Осы  арқылы  жеке  адам,  соның  ішінде  журналист  те  өзіндік 

тәртібін қалыптастырады. Егер ол өзінің тәртібін басқа адамдар көзқарасымен бай-

ланыстыра алса, онда оның ұяты болғаны. Егер бұл жағдай керісінше болса, онда 

біз ол жанды эгоист-қызғаншақ деп атаймыз. 

Журналистік қызметтің мораль-

дік  негіздері  нақтыланған.  Бұқа-

ралық  ақпарат  құралдарында  

бәріне  жол  ашылғандықтан  жур-

налистиканы  жеке  мақсаттарға 

пайдалану іске асуда. Телевизия, 

әр түрлі типті,  әр түрлі деңгейде-

гі газеттер мен журналдарда сөй-

леу  мәдениетінің  алаңдатарлық 

жағдайда  төмендігін  әртүрлі  қы-

рынан байқауға болады. Әсіресе, 

диалог  кезінде  қарсыластардың 

көзқарастары мен пікірлер жиын-

тығын ерсі, әрі анайы түрде беру, 

өзгелердің  көзқарасын  ашық 

түрде  елемеу  әрі  ұнатпау  белең 

алып барады.

Сондай-ақ,  масс-медиа  тара-

пынан  сөйлей  отырып,    журна-

лист жеке өз атынан емес, кәсіби 

тұрғыда  белгілі  бір  өкілеттілікке 

2.

 ЖУРНАЛИСТІК ЭТИКА



Журналист  не  ісеуі  керек?  Көмектесуі  керек  пе,  әлде 

кәсіби міндетін орындауы қажет пе? 

Сіздің  ойыңызша,  қандай  жағдайда  сұхбат  бе-

рушінің түрін көрсетпеу керек? Жалпы, бұл дұрыс 

па? 

12



Журналистердің өзіне тән 

моральдық және этикалық 

міндеттері бар.

Сөз  бостандығынсыз  журналист  қызметін  саралау  мүмкін 

емес («бәріне рұқсат» ұғымымен шатастырмау).

Журналист қоғамға емес, билік пен құрылтайшыларға қыз-

мет ететін болса, онда журналистік этиканы бұзғандығы. 

Адамның жеке өміріне журналистер құрметпен қарауы 

керек.  Дегенмен  де  журналистік  зерттеу  –  жеке  өмір-

ге  араласу  қажеттігін  туындатса,  қоғамдағы    келіспе-

ушілік пен ондағы мүдделілікті сақтау мақсатында мұн-

дайға жол берілуі ықтимал.

Сот  процестерінен  ақпарат  үстірт  емес,  өте  шынайы 

түрде таратылуы керек. Сот нақты шешім шығармай-

ынша,  күдікті  адамды  «қылмыскер»  деп  атауға  мүлде 

болмайды.

Журналистер көшеге микрофонмен, бейнетаспамен әле-

уметтік сауал жүргізуге шыққанда сұхбат берушінің ау-

зына сөз салмауы керек және алдын ала ойластырылған 

жүйе бойынша жұмыс жасауға болмайды. 

Егер  журналист  белгілі  бір  себептермен  тексерілмеген 

ақпаратты  жария  етіп  жіберсе,  барлық  күш-жігерін 

жұмсай отырып, қоғам  алдында ол ақпаратты жоққа 

шығарып, жалған ақпарат екендігін түсіндіруі керек. 

Ақпарат үшін журналист пара бермеуі керек. 

Тың ақпараты бар, бірақ онымен бөліскісі келмейтін адамды 

қорқытып-үркітудің қажеті жоқ. Егер куәгер сұхбат беру-

ден бас тартса, оны көндіремін деп әуре болмаңыз. Демек, 

оның сұхбаттан бас тартуына белгілі бір себептері бар. Мүм-

кін ол, «үшінші бір адамға» кесірім тиіп кетер дер қорқуы да 

мүмкін.  Журналист осы жақтарына да мән бергені жөн. 

13



ие бола отырып қызмет жасайтынын ұмытпауы керек. Оған қандай да бір қоғамға 

маңызы бар ақпаратты таратуға мамандығы мүмкіндік пен құқық беріп отыр. Олар-

дың блогерлерден басты ерекшелігі де осында. Блогер – өз ойын ғана жеткізуші, ал 

журналист – қоғам ойын ортаға салып, қоғамдық пікір қалыптастырушы. Сол себепті 

журналистік  моральды  екі  түрлі  көзқараспен  қабылдаған  жөн:  біріншісі,  қоғамға 

әсер  етуші  шынайы  күш  ретінде,  ал  екіншісі  жеке  адамның  субъективті  жағдайы. 

Соңғысы, сайып келгенде философиялық категория ...

Журналист  ақпарат  алуы  үшін  жемқорлыққа  бармауы  тиіс.  1978  жылы 

ЮНЕСКО-ның қолдауымен журналистердің халықаралық және аймақтық ұй-

ымдары  бірікті.  Бұл  ұйымға  әлемнің  әр  елінен  400  мың  журналист  мүше. 

1983 жылы (Парижде және Прагада) осы ұйымның басқосуында бұқаралық 

ақпарат құралдарының қоғамдағы орны нақтыланып, кәсіби этканың шарт-

тары бекітілді:

№1  шарты. Азаматтың шынайы ақпаратқа қол жеткізу құқығы

№5  шарты. Қоғамның ақпаратқа қол жеткізуі және қандай да бір ақпарат 

құралына бұқараның қатысуына жол ашу

№7  шарты. Қоғамдық пікірлерге құрметпен қарау 

№6  шарты. Адамның жеке өміріне құрметпен қарау 

№8  шарты. Түрлі мәдениеттер мен жалпы құндылықтарды құрметтеу

№2  шарты. Журналистің басты міндеті-оқиғаны шынайы жариялау 

№3  шарты.  Журналистің әлеуметтік жауапкершілігі

№4  шарты. Журналистің кәсіби адалдылығы 

№9  шарты. Адамзатқа қауіп төндіретін соғыстар мен 

түрлі келеңсіздіктерге қарсы тұру

№10  шарты. Әлемдік жаңа ақпараттық және коммуникациялық тәртіпті 

(ақпарат саласында халықаралық қатынасты дамыту, мемлекеттер мен ха-

лықтар арасындағы достық қарым-қатынасты сақтау, дамыту) дамыту 

14



жүктеу 5,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау