Алматы, 2015 Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және



жүктеу 5,74 Mb.
Pdf просмотр
бет10/10
Дата17.11.2018
өлшемі5,74 Mb.
#20438
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5.

 ЖАРНАМА


Жарнама – бәріне түсінікті құбылыс, уақыт өткен сайын адамдар бұдан жалыға 

бастады. Көрермендер үшін «жарнамалық үзіліс» «теледидарды басқа арнаға ауы-

стыру»  деген  сөздің  синониміне  айналды.  Соған  қарамастан,  бұқаралық  ақпарат 

құралдары үшін жарнама – негізгі табыс көзі. 

БАҚ-тағы жарнаманың бағасы өте жоғары. Ал, оның тиімді болуына бірнеше фак-

тор әсер етеді. Жарнама – өте көрнекі, ұғынықты, қысқа әрі нұсқа есте қалып қоя-

тындай болуы керек. Сонымен қатар, ол жүйелі түрде болуы тиіс. Жарнаманы бір-ақ 

рет көрсету ешқандай нәтиже әкелмейді. 

Жарнама  үшін  маркетолог  маман-

дар  арнайы  мақсатты  жоспар  жа-

сайды.  Онда  жарнаманың  ұзақтығы, 

таралу  саласы  мен  бұқаралық  ақпа-

рат құралдарын, берілетін арналарды 

т.б.  таңдайды.  Мақсатты  аудитория-

сын  анықтау  арқылы  –  радио,  теле-

визия  және  мерзімді  басылымдарға 

беріледі.  Әдетте  жарнама  берушілер 

өнімін  бірнеше  ақпарат  құралына  – 

газетке, телевизияға және  билборд-

тарға  іліп,  бірден  қамтуға  тырысады. 

Кей  кезде  мағыналық  жағынан  са-

лалық    жарнамаларды  мерзімді  ба-

сылымдарға ғана беруге тура келеді. 

Жарнаманы  коммерциялық  және 

әлеуметтік деп екіге бөледі.

Коммерциялық  жарнама  –  сауда-

ны  жүргізуші.  Ол  тауардың,  қызмет-

тің және образ, т. б. танымалдылығын 

арттырып,  қызықтыра  отырып,  олар-

дың өтуін қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік    жарнама  аудиторияны 

әлеуметтік  проблемаға  бағыттауға 

арналады.  Мұндай  жарнаманы  бұқа-

раны  спортпен  шұғылдануға,  шылым 

шегуді  тастауға,  табиғи  ресурстар-

ды  тиімді  пайдалануға  шақырады. 

Әлеуметтік    жарнаманың  коммерци-

ялықтан  басты  айырмашылығы-  бұл 

жеке  адамдар  немесе  компаниялар-

дың   пайдасы үшін емес, қоғам үшін 

жасалады.  

Кейбір  жағдайларда  әлеуметтік  

жарнаманы  үгіт  құралы  ретінде  қа-

былдаса,  енді  бір  жағдайда  насихат 

құралы  ретінде  көреді.  Оны  сала-

уатты  өмір  салтын  қалыптастыруға 

бағытталған жарнамалардан білуге болады. Бірақ та «насихат» түсінігі көп жағдайда 

саясатта жиі пайдаланылады. Ал, әлеуметтік  жарнама ең алдымен қоғамның пай-

дасы үшін жасалады.

«Мал  сатамын»,  «Тракторды  жалға  бе-

ремін», «Шаруа қожалығын сатамын» деген 

хабарландырулар аймақтық басылымдардың 

күнкөрісі үшн қажет. Жарнамадан түскен пай-

да  жергілікті  ақпарат  құралының  шығынын 

жапса, әлеуметтік жарнаманың тұрақтылық 

пен дамуға ықпалы зор.

САТУ

ЖАЛҒА АЛУ



арзан !!!

29



Сонымен қатар аудитория үшін 

танымал тағы бір сөз, ол – пиар. 

Пиардың  мағынасына  келсек, 

public  relations  –  ағылшын  тіл-

нен  аударсақ,  «қоғаммен  байла-

ныс».  Мерзімді  басылымдарда 

пиар  мақалалар  мен  жарнама-

лық  материалдарды  «джинса» 

деп  атайды.  Көп  жағдайда  жур-

налистердің өздері бұл екі ұғым-

ның айырмашылығын жете түсіне 

бермейді.  Біз  «өзіне  пиар  жа-

сағысы келді», «қара пиар» деген 

сөздерді жиі естиміз де бұларды 

жарнама  неме  жарнамаға  қарсы 

деп  түсінеміз.  Алайда  пиар  мен 

жарнама  ұғымының  арасы  жер 

мен  көктей  екендігін  мамандар 

дәлелдеп отыр.

Жарнама  –  заңға  негізделген 

жалған ақпарат деген түсінік тағы 

бар.  Мынандай  афоризмге  көз 

жүгіртелік: «жарнама – жартылай 

шындықты  толықтай өтірікке ай-

налдыратын  өнер».  Жарнама  ро-

лигінде  компания  біздің  өніміміз 

нарықтағы ең таңдаулы, біз бәрі-

нен  де  мықтымыз  деп  айтуы  әб-

ден мүмкін. Жарнама – тауарды, 

қызметті  мақтау  үшін  жасалады. 

Кімнің  жарнамасы  жоғары  дең-

гейде жасалады, сол жеңіске же-

теді.

Жарнама  эмоциялық  қабыл-



дауға  бағытталады.  Бұл  жерде 

«ұнайды,  ұнамайды»  деген  кате-

гория жұмыс жасайды. Егер жар-

нама халық таңдауына айналып кетсе, онда жарнама берушіге тиімді жол ашылды 

деген сөз. 

Пиар-материалдар мен  пиар-роликтер  мүлде басқа мақсаттарда жұмыс жасай-

ды. Біріншіден, олар тексерілген фактілер негізінде жазылады. Онда тек қана шын-

дық жазылады. Пиар роликтерде  әсірелеу деген болмайды. Ал, пиар мақалаларда 

барлық шындықты жайып салу міндетті емес, кейбірін жасырып қалса да болады. 

Пиардың жарнамадан тағы бір басты айырмашылығы - оны рационалдық тұрғыда 

қабылдау. Пиар материалда жақсы жақтар да, осал тұстар да қамтылады. Әрине, 

көп жағдайда жақсы жақтарға аса мән беріледі. Ал, осал тұстары көлеңке ретінде 

тысқарып  қалып  отырады.  Оқырман  материалды  оқи  отырып,  жүз  пайыз  керемет 

болу  ертегілерге  ғана  тән  екендігін  түсіне  отырып,  компанияның  осал  тұстарынан 

да  ақпарат  алады.  Бұл  сенімділікті  арттырады.  Бір  жағынан  мұндай  материалды 

шынайы жасалған сараптама деп те қарауға болады. 

Жарнаманың түрлері де, пішіндері де көп. Қарапайым хабарландырудан бастап 

жасырын жарнамаға дейін бар. Спам сөзі кез-келген ғаламторда отыратын адамға 

таныс. Жарнама форумға, хабардандыру тақталарына, сайттарда жарық етіп көр-

Жарнама  жасау  кезінде  де  белгілі  этика-

лық  талаптардан  шықпау  қажет.  Алайда, 

тәжірибе  бұл  жағдайлар  сақтала  бермей-

ді. Мысалы, жарнама мазмұнында бәсекелес 

компанияның  қызметін  жоққа  шығаруға 

болмайды.  Жақында  мынандай  жарнама 

жарық  көрді.  Смартфон  шығарумен  ай-

налысатын  азиаттық  компания  өз  жар-

намсында бәсекелес фирманың телефонын 

«жарамсыз» деп лақтырып жіберетін бей-

неролик жасайды. 

30



нетін терезелерге де орналастырылады. Зейнеткерлерді сүйікті сериалдары кезін-

де мезі етеді.

Кейбір  елдерде  қоғамдық  телевизияда  жарнама  беруге  тыйым  салынған.  Ұлы-

британияның қоғамдық арналары жарнамаға жол бермейді. Ал кейбір елдер бар-

лық заңдылықтарды сақтай отырып, жарнаманы табыс көзіне айналдырған. 

Ауыл блогтары мен радиоларда жарнама беру сол ақпарат құралының кеңесімен 

келісіледі.

Кеңес құрамы түрлі қауымдастық өкілдерінен жасақталып бекітіледі.  Радионың 

құндылықтары кеңесте нақтыланады, соған орай жарнаманың мән-мазмұны анықта-

лып, кеңес мүшелерімен келісіліп жүзеге асады. Жарнамадан түскен пайда ауылдық 

ақпарат  құралын  дамытуға  жұмсалады.  Кей  кездері  аймақтық  бұқаралық  ақпарат 

құралдары жергілікті тауар өндірушілермен бірлесе отырып байқаулар ұйымдасты-

рады: сүт бұлағы, балды аймақ – онда жергілікті өндірушілердің сүт, қымыз, құрт 

сияқты  өнімдері  қойылады.  Әлеуметтік  жарнама  байқауында  тұрғындарды  кәсіби 

аурулардан алдын алу үшін профилактикалық тексеруден өтуді ескертеді.  

.

Тағы бір мысал. Жеткіншек металл банкілерді сата-



тын автоматқа келеді. Автомат ақша салып, тетік-

ті баспайынша тауарды бермейді. Ал, автоматтағы 

тетіктер әртүрлі биіктікте орналасқан. Бала  оған 

ақшаны салады да, жарнама жасаушы компанияның 

бас  бәсекелестері  өндірген  екі  банкі  шырын  алады. 

Банкінің  сыртында  шырын  фирмасы  анық  көрініп 

тұр. Содан соң, жеткіншек сол банкілерге шығады да 

автоматтан жоғарғы тетігін баса отырып, керемет  

шырындар  алады.  Оларды  ішіп,  шөлін  қандырады. 

Жарнаманың  мақсаты  түсінікті-бәсекелес  компа-

нияның өнімі аяқ астына таптағаннан басқа түкке 

тұрғысыз деген мағынаны береді.  

6.

 ЖАҢА ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ МЕДИА, 



ҒАЛАМТОР, 

КІТАПХАНАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ОҚЫТУ

Егер  де  Венецияның  күміс  ақшалары  «gazetta»-ға  сатып  алынатын  алғашқы  га-

зеттер мен бүгінгі газеттердің айырмашылығын салыстыратын болсақ, әрине, жер 

мен көктей. Бұқаралық ақпарат құралдары өз тарихында үнемі жаңаланып отыра-

ды. Масс-медианың дамуы ең алдымен техникалық прогреске тікелей байланысты. 

Кез-келген көзге көрінбейтін шағын ғана құрылғының өмірге келуі ақпарат құралы 

табиғатын өзгертуге ықпалы зор. 

Біз дәстүрлі медиа туралы сөз қозғағанда алдымен газет-журналдар, радио мен 

телевизия ойымызға келеді. Жаңа масс-медиа-осылардың  Ғаламторда көрініс та-

буы. Ғаламтордың сапасы мен қосылу жылдамдығы артқан сайын веб-басылымдар-

ды  пайдаланушылар  қатары  да  көбейіп  келеді.  Соған  орай,  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының табиғаты да өзгеріске ұшырап, конвергентті журналистиканың да-

муына ықпал етті. 

31



Фотоаппарат  тапшы  болған  кезде  газет  репортерлары  қалай  жұмыс  жасаған-

дығын еске түсіріп көрелік. Бір ғана суретті түсіру-үлкен жаңалық болған. Егер сурет 

сәтті түсірілсе, бұл деген кәсіби сәттілік болып есептелген. Ал, ол кезде мерзімді 

басылымның сапасы туралы айту 

қазіргі күні тіптен қиын. 

Жылжымалы 

телевизиялық 

станцияны  еске  алып  көрейік. 

Тікелей  эфир  ұйымдастыру  үшін 

қаншама  көліктер  құрылғыны 

алып келуі керек еді. Сол мақсат-

та қаншама режиссер, оператор, 

басқа  да  қосалқы  техникалық 

топ  мүшелері  жұмыс  жасайтын 

еді. Қаншама күш пен уақыт ке-

тетін. 


Енді бүгінгі күнге оралсақ. Әр-

бір  адамда  ұялы  телефонында 

бейнекамерасы  бар.  Олардың 

түсіру сапасы да жоғары. Қазіргі 

таңда  300  долларға  алынған  те-

лефонның  камерасының  түсіру 

сапасы 90-жылдары 25 мың дол-

лар  тұратын  Бетакам  камера-

сынан әлдеқайда сапалы екенді-

гін ешкім жоққа шығара алмайды. 

Қазіргі  күні  жаңалық  жасау  үшін 

жеке бөлме мен арнайы құрылғылардың да еш қажеті жоқ. 

Қазіргі таңда журналистке мен газетте, телевизияда немесе радиода жұмыс жа-

саймын деп бөлінудің қажеті болмай қалды. Телеарналар мен радиолар ақпаратты 

ғаламтор арқылы барлық бағыт бойынша-аудио, бейне және мәтін арқылы беруге 

бет бұрды. Мысалы, радиоарна сайтында әңгіменің аудиожазбасын салады, кейіп-

кермен  студиядағы  әңгіменің  бейнежазбасын  және  айтылған  әңгіменің  мәтінін  де 

салатын болды. Кей уақытта фотоны да салып қояды. Бұндай үрдісті, яғни бейне, 

мәтін және фото салуды  телеарналар да  ұстанып отыр.

Дәстүрлі  медианың  Ғаламтор  кеңістігіндегі  біртұтастығын  коновергентті  журна-

листика  деп  атайды.  Бір  ғана  веб-сайтта  ақпаратты  әр  қырынан  көруге  болады. 

Конвергентті newsroom, яғни «жаңалықтар бөлмесі», әлемдегі жаңалықтарды оқи, 

тыңдай және көре отырып білуге мүмкіндік жасайды. Журналистер бір ғана жаңа-

лықтың үш нұсқасын жасайды. 

«Дивандағы сарапшылар»-блогерлерді осылай 

атайды.  Өйткені,үйден  шықпай-ақ  беймәлім 

ақпарат  көздерінің  таратқан  мәліметтері 

бойынша әлемде болып жатқан апаттарға са-

раптама жасап, ой түйіндейді.

Қандай  қашықтықта  болма-

сын  адамдар  бір-бірімен  ға-

ламторлық  байланыс  болса  тегін 

«Скайп»  арқылы  байланыс  жа-

сай алады. Мысалы, Қызылордада 

отырып Лимамен байланыс жасай 

аласыз. 3-4 қала аралық конфе-

ренция ұйымдастыруға болады.

32



Қазіргі таңдағы техникалық және бағдарламалық ерекшеліктер арнайы маманды 

ғана емес, кез-келген азаматтың ақпаратты тарату мен алуға белсенді түрде қаты-

суын қамтамасыз етеді. Кез-келген азамат ньюсмейкер, репортер, тележүргізуші,  я 

болмаса тележұлдыз  болуына мүмкіндігі бар. Youtube телетаралымының шекарасы 

тіптен ұлғайды. Бүкіл  жер шарын қамтыды. Лагосте тұрып роликті салыңыз, бірер 

секундтардан  кейін    оны  Торонто  мен  Қызылорда  көреді.  Әлем  бір  мезетте  тура 

мағынасында ғаламдық ақпараттық қалашыққа айналды.

Журналистика мен блогерліктің терезесі тең емес. Бірақ оларды жақындастыра-

тын  дүниелер  көп.  Кез-келген  интернет-юзер  өзінің  блогын  жасауға,  онда  жүйелі 

түрде  ақпарат  беріп  тұруына  мүмкіндігі  бар.  Оның  блогын  жүз,  мың,  тіпті  он  мың 

адам оқуы мүмкін. Журналистикада да дәл осындай. Бірақ, онда ақпаратпен жұмыс 

жасау  принциптері  басқадай.  Блогер-субъективті  ойын  білдіріп  жатса,  журналист 

шынайы ақпарат беруге жанталасады.

Ғаламтордың ақпаратты таратуда, сақтауда және алмастыруға мүмкіндігі зор. Ға-

ламтордың  жылдамдығы  да  бұрынғы  кездерге  қарағанда  әлдеқайда  артқан.    Ал, 

ақпарат  тарату  жылдамдығы  да  артып  отыр.  Егер  2000  жылдардың  басында  му-

зыка, мәтін және фотосуреттерді тез көшіріп алуға мүмкіндік болса, қазір жоғары 

сапалы бейнені тек компьютерлерге ғана емес, планшет, айфон және басқа да де-

вайстардан көшіруге болады. 

Ғаламтор  арқылы  әлемнің  кез-келген  ақпарат  құралын  оқуға  мүмкіндік  туды. 

Үйден  алысқа  шықпай-ақ  әлемнің  әр  бұрышынан  ақпарат  алуға  болады.  Онлайн 

трансляция – stream деп  аталады. Мұнда бұғанға дейін болып кеткен оқиғалардың 

бейнематериалдар мұрағатының бай қоры бар және  тікелей эфирдегі трансляци-

яларды көруге мүмкіндік бар. Оқиғаның ортасында жүрген адам Ғаламторлық бай-

ланыс  арқылы  смартфон  немесе  планшетінің 

көмегімен тікелей эфирге шыға алады. 

Дәстүрлі  қоғамдық  кітапханалар  қанша-

ма  жылдар  бұқараға  қызмет  етіп  келсе,  енді 

олардың  дәуірі  өтіп  барады.  Интернеттің  пай-

да болуы оған баратындардың қатарын азайту-

да. Себебі, оларға Ғаламтор әлдеқайда тиімді. 

Ғаламтор  күн  сайын  жаңа  қырынан  танылып 

келе жатқандықтан, оның жуыр арада танымал-

дылығын жойып немесе оған деген сұраныстың 

азаюы екі талай.

Әрине, қағаз кітаптар жоғалмауы мүмкін. Се-

бебі, экраннан көрген бір басқа, қолмен кітапты 

ұстап оқыған мүлде басқа. Бұрынғы адамдар да 

бұл жағдайды бастан өткерген болар. Алдымен 

саз  балшықтан  жасалынған  таблицалар,  одан 

кейін  пергамент  пен  папирус,  бұдан  соң  қағаз 

газеттердің пайда болуы әр заманның өзіне тән 

ақпарат  құралы  болатындығын  көрсетіп  тұрған 

жоқ па?! 

Бұл жерде дәстүрлі БАҚ пен кітап мүлдемге 

жойылып  кетеді  деген  ой  жоқ.  Мерзімді  ба-

сылымдарды  дүңгіршектен  зейнеткерлер  ғана 

алады, жастардың екі көзі Ғаламторда. Мерзімді 

басылымдар  жарнамалық  мақсатта  тиімді  бо-

луы мүмкін. Себебі, оларды тез таратуға, тастап 

кетуге ыңғайлы, алайда ақпараттың жылдам та-

рауына электрондық ақпарат құралдарының се-

бебі зор. 

Электрондық «оқу» - кітап оқуға 

арналған құрылғы. Оның экраны-

на  жарық  түспейтіндіктен,  көзге 

зияны  жоқ.  Бірқатар  себептерге 

байланысты  ол    әзірге  толығымен  

кітап  алмастыра  алмай  тұр.  Ол- 

әзірге ақ-қара түсті. Бірақ пай-

даланғанға  өте  ыңғайлы,  себебі 

тау  болып  үйілген  кітапты-қал-

таңызға салып жүре бересіз. 

33



Дәстүрлі кітапхана қызметі де ендігі кезекте электрондық нұсқасын жасауға жан-

таласып  жатыр.  Осы  саланың  әлемдік  көшбасшылары  бұл  істі  тез  арада  бітіруді 

қолға  алды.  Ендігі  кезекте  ешкім  көп  кітапты  жинап  қойып  отырмайды,  тұпнұсқа 

материалдар көшіріліп, арнайы серверлерде сақталады. Болашақта пайдаланушы-

лар  түпнұсқа,  таптырмайтын  керемет  материалдарды  үйден  шықпай-ақ  Ғаламтор 

арқылы табатын болады. 

Ғаламтор әлемнің ең беделді кітапханаларымен таныстыруға жол ашады. Ақпа-

ратты іздеуге, коммуникация орна-

туға  уақытыңызды  сарп  етпейсіз. 

Тәжірибе  алмасуға  әр  түрлі  фор-

малар  мен  кәсіби  тұрғыда  тегін 

көмек көрсетілетін алаңдар   ойла-

стырылған.  Тақырыптық  форумдар 

арқылы керекті сауалыңызға жауап 

тауып,  білікті  мамандардан-ағаш 

шеберінен 

бастап 

бағбанның 



кеңесін алуға мүмкіндік береді. 

Адамдар өздерінің жеке тәжіри-

белерімен бөлісіп, қолынан шыққан 

дүниелерін ұсынады. Ғаламтор-тұр-

мыстық  мәселелерді  шешетін  де 

орта.  Бір  жағынан  ол-тексерілме-

ген ақпараттық орта болса, зиянды 

ақпараттар да жетерлік. 

Сауатты  адам  керекті  ақпаратты 

қайдан,  қалай  табуға  болатынын 

және байланыстың қандай арнала-

ры бар, оларды қалай қолдану ке-

ректігін  жақсы  біледі.  Сондай-ақ, 

медиалық  және  ақпараттық  сауат-

тылық    ақпараттың  негізсіз,  қауіп 

төндіруі  мүмкіндігін  және  қандай 

да бір экстремистік мақсатта бола-

тындығын да ескертеді. МАС – алдын ала ескерту бағыты бойынша жұмыс жасайды. 

Ең басты талап-ақпаратты үнемі тексеру, қайта-қайта тексеру. Сонымен қатар, бей-

бітшілік  пен  тыныштықты  бұзуға  бағытталған  кез-келген  ақпаратқа  сенімсіздікпен 

қарайды. Сол себепті ақпараттың дәлдігін анықтауды көздейді.  

 

Ұлтаралық,  конфессия  аралық  және  діни  ағымдар  арасында  от 



тұтандыру  мақсатындағы  кез-келген  ақпаратты  одан  әрі  өршуіне 

жол бермеуге және бейбітшілік, тыныштық пен татулықты сақта-

уға бар күшті жұмсау керек.

Ғаламтор пайдалы ақпараттарды іздей оты-

рып,  адамның  өзіндік  білім  алуымен  қатар, 

қашықтық  арқылы  да  академиялық  білімін 

жетілдіруге  және  онлайн  дәрістерге  қаты-

сып,  интербелсенділік  режімде  тапсырмалар 

орындауға да мүмкіндік береді.

34



ҚЫСҚАША СӨЗДІК

Блог - (ағыл. blog, web log сөзінен — жаңалықтардың ғаламтор-жур-

налы) үнемі толықтырылып тұратын жеке веб-сайт.Блогер-блогты жүр-

гізуші,  жаңалық,  оқиғаға  байланысты  қысқаша  көзқарастарын  білдіріп 

отырушы. Бұл жазбалар кері хронологиялық тәртіп бойынша орналаса-

ды (ең басында соңғы жазған жазбасы).  Блогерлер фото, бейне және 

музыка да салады.  

Геймер - компьютерлік ойындарды ойнайтын адам 

Джинса - жарнаманың слэнгтік атауы. 

Коммуникативистика - бұқаралық ақпарат құралдары және коммуни-

кация туралы ғылым 

Конвергентті  журналистика  -  дәстүрлі  БАҚ-ты  (газеттер,  теледидар 

және радио) бір веб-сайтқа жинақтаған ғаламторлық журналистика. 

Масс-медиа - ақпарат және коммуникация құралдары 

Онлайн  -  ағылшыннан  аударғанда  «байланыста»,  «жүйеде»  деген 

мағынаны береді. Қазіргі таңда бұл «интернетке қосылу» немесе «тіке-

лей эфирдемін» деген түсінікті беріп жүр. 

Папарация - итальян тілінен, аударылғанда танымал адамның фото-

графы деген мағынаны береді. 

Планшет - арнайы жүйелік блогы, клавиатурасыз, сенсорлық экран-

сыз, бірақ функциясы шектеулі сенсорлық экранды планшетті компью-

тер. Оны ұялы байланысқа да пайдалануға болады.   

Смартфон - ұялы телефон мен компьютердің қосындысы, планшеттің 

шағын түрі. 

Стримдер  -  интернетте  тікелей  эфир  арқылы  бейнелер  топтамасын 

беру. 


Стрингер  -  азат  журналист.  Ол  материалдарын  әртүрлі  редакцияға 

жариялайды.   

Таблоид - (ағылш. tabloid) - ерекше типте беттелген газет. А3 формат-

та иллюстрациясы көп басылым. Ондағы мақалалар шағын болғанымен, 

тақырыптары  үлкен  болып  жазылады.  Көбінесе  таблоидты  «сары  ба-

сылымдар» деп те атайды.  

ЖТС - жылжымалы телевизиялық станция. 

«Фулл эйчди» (Full HD) – 1080 жолға негізделген жоғары деңгейлі са-

падағы телевизия стандарты.  

 

Хэндикам - қол камерасы. Қазіргі таңдағы қол камерасының сапасы 



өте жоғары. 

35


Document Outline

  • Contents

жүктеу 5,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау