ӨЗІҢНІҢ ЕҢБЕК
ҚҰҚЫҚТАРЫҢДЫ ҚОРҒА
Жеке еңбек дауларын шешу
Ұжымдық еңбек дауларын шешу
Ұйымдарды басқаруға қатысу
Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КƏСІПОДАҚТАРЫНЫҢ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
Қазақстан Республикасы
Кəсіподақтарының Федерациясы
Астана қ., Абай даңғ., 38, www.fprk.kz
ҚРКФ Оқыту-əдімтемелік орталығы
тел./факс: 8 (7172) 21-61-63; 21-58-31;
e-mail: kursyfprk@fprk.kz
3
ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫҢДЫ ҚОРҒА!
Сен құқықтарыңның бұзылуын күтпе, ұйымда
келісу комиссиясы бар ма екен, анықта!
Жұмыс беруші Сенің еңбек құқықтарыңды
бұзғанда, Саған келісу комиссиясына жүгіну қажет бо-
лады. Құқықтарыңды сот арқылы қалпына келтіруге бо-
лады, бірақ қосымша уақыт жəне нервіңнің жұмсалуын
қажет етеді, ал жұмыс беруші сонымен қоса қаржылай
шығын жұмсайды.
Кəсіподақ мүшесі əлеуметтік-еңбек құқықтарын
қалпына келтіруде кəсіби одақтардан немесе жоғары
кəсіподақ ұйымдарынан тегін көмек ала алады.
ЖЕКЕ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУ
Жеке еңбек дауларын келісім комиссиялары жəне
соттар қарайды.
Келісу
комиссиясы
тепе-теңдік
негізінде
қызметкерлердің жəне (немесе) жұмыс берушінің
өкілдерінің бірдей санынан құрылады. Келісу
комиссиясының
жұмыс
берушіден
құрылатын
мүшелері жұмыс берушінің актісімен тағайындалады.
Қызметкерлердің өкілдері келісу комиссиясына
қызметкерлердің жалпы жиналысында (конференци-
ясында) сайланады.
Жеке еңбек дауларын келісу комиссиясы қарайды,
бірақ ең алдымен қызметкер келіспеушіктерді жұмыс
берушімен арадағы жеке немесе өз өкілі қатысатын
тікелей келіссөздер барысында реттемеген болса,
келісу комиссиясы қарайды.
Жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша –
жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актісінің
көшірмесі табыс етілген күннен бастап үш ай, басқа
4
еңбек даулары бойынша – қызметкер немесе жұмыс
беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген не-
месе білуге тиісті күннен бастап бір жыл мерзімінде
келісу комиссиясына жүгінуіңе болады.
Келісу комиссиясына келіп түскен Сенің өтінішің
аталған комиссияда міндетті түрде тіркелуге тиіс.
Келісу комиссиясы еңбек дауын өтініш берілген
күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қарауға
міндетті.
Келісу комиссиясы шешімінің тиісінше расталған
көшірмелері шешім қабылданған күннен бастап үш күн
ішінде ұйымның қызметкері мен басшысына беріледі.
Қызметкердің еңбек құқығының бұзылғаны тура-
лы өтініштері бойынша жеке еңбек даулары сот-
тарда қаралады.
Жеке еңбек даулары бойынша – сен өз құқығының
бұзылғаны туралы білген күннен бастап бір жыл
мерзімінде, ал жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша
– жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы бұйрығының
көшірмесі немесе еңбек кітапшасы табыс етілген күннен
бастап үш ай ішінде сотқа жүгінуіңе болады.
ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК
ДАУЛАРЫН ШЕШУ (ҚР ЕК 32-тарауы)
Сенің ереуілге шығу құқығың – ұжымдық еңбек
дауды шешудің тəсілі.
Ұжымдық еңбек дауын шешудің тəртібі мынадай
кезеңдерден тұрады:
ұжымдық еңбек дауының бітімгерлік комис-
сиясының қарауы;
ұжымдық еңбек дауының еңбек арбитражының
қарауы.
5
Тараптардың өкілдері, бітімгер комиссиясы, дел-
дал, еңбек арбитражы ұжымдық еңбек дауын шешу
үшін заңнамада көзделген барлық мүмкіндіктерді пай-
даланады.
Еңбек кодексінің 303-бабына сəйкес ереуілдер
заңсыз болып табылған жағдайларды қоспағанда,
бітімгерлік процедуралар ұжымдық еңбек дауын шеш-
пеген, немесе жұмыс беруші (оның өкілдері) немесе
жұмыс берушілердің өкілдері бітімгерлік процедураларға
қатысудан бас тартқан, ұжымдық еңбек дауын шешу ба-
рысында қол жеткізген еңбек арбитражының тарап-
тар үшін күші міндетті болатын келісімді орындамаған
жағдайда қызметкерлердің немесе олардың өкілдерінің
ереуіл ұйымдастыруға құқығы бар.
Ереуілге қатысу ерікті болып табылады.
Ешкімді ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан
бас тартуға мəжбүрлеуге ешкімнің құқығы жоқ. Ереуiл
өткiзу жөнiндегi шешiм қызметкерлердiң (олардың
өкiлдерiнiң)
жиналысында
(конференциясында)
қабылданады
Қызметкерлер жиналысы, егер оған ұйым
қызметкерлерiнiң жалпы санының жартысынан аста-
мы қатысса, заңды деп танылады.
Конференция, егер оған хаттамалық шешiмдерге
сəйкес қызметкерлер сайлаған делегаттардың кемiнде
үштен екiсi қатысса, заңды деп танылады.
Қызметкерлер жиналысының (конференциясының)
шешiмi дауыс берушiлердiң көпшiлiк дауысымен
қабылданды деп есептеледi. Қызметкерлер жиналы-
сын (конференциясын) өткiзуге мүмкiндiк болмаған
кезде қызметкерлердiң өкiлдi органы ереуiлдi өткiзудi
қолдайтын қызметкерлердiң жартысынан астамының
қолын жинап, өз шешiмiн бекiтуге құқығы бар.
6
Ереуiлдiң басталуы туралы жұмыс берушi, жұмыс
берушiлердiң бiрлестiгi (олардың өкiлдерi) оны
жариялағанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей жаз-
баша түрде ескертілу тиiс. Жұмыс беруші, мемлекеттік
органдар жəне ереуілді басқаратын орган ееруіл
кезеңінде қоғамдық тəртіпті, ұйымның мүлкін жəне
қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ тоқтап
қалуы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей
қатер төндіретін машиналардың жəне жабдықтардың
жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі өздеріне байла-
нысты шараларды қабылдауға міндетті.
Жұмыс беруші, мемлекеттік органдар жəне
ереуілді басқаратын орган ереуіл кезеңінде қоғамдық
тəртіпті, жұмыс беруші мен қызметкердің мүлкін
жəне қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ
тоқтап қалуы адам өмірі мен денсаулығына тікелей
қатер төндіретін машиналардың жəне жабдықтардың
жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі өздеріне байла-
нысты шараларды қабылдауға міндетті.
Ереуіл өткізу кезеңінде орындалатын қажетті
жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) ең төменгі
көлемі жөніндегі ұсыныстар Еңбек кодексіне сəйкес
көрсетіледі (ҚР ЕК 299-б.).
Ереуіл өткізу кезеңінде темір жол көлігі, азаматтық
авиация, денсаулық сақтау ұйымдары, халықтың тыныс-
тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар қызметкерлері
(қоғамдық көлік, сумен, электр энергиясымен, жылу-
мен, байланыспен қамтамасыз ету) орындайтын қажетті
жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) тізбесі мен көлемі
ереуілді басқаратын жергілікті атқарушы органның
келісімі бойынша əзірленеді жəне бекітіледі.
Үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде ереуіл
негізгі жабдықтардың, тетіктердің іркіліссіз жұмысы
7
қамтамасыз етілген жағдайда ғана өткізілуі мүмкін.
Ереуіл кезінде қызметкердің жұмыс орны (лауа-
зымы), əлеуметтік сақтандыру бойынша жəрдемақы
төлеміне құқығы, еңбек өтілі сақталады, сондай-
ақ еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де
құқықтарына кепілдік беріледі.
ҰЙЫМДЫ ДАМЫТУ МƏСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСУ
Кəсіподақтық
ұйымының
кəсіподақ
комитеті
ұйымды басқаруға қызметкерлердің мүддесін мына-
дай нысанда ұсына отырып, қатысуға құқығы бар:
Еңбек кодексінде, ұжымдық шартта көзделген
жағдайда қызметкерлердің өкілдік органының пікірін
ескере отырып;
Жұмыс берушінің актілерін қабылдау мəселелері
бойынша өкілдік органның қызметкерлерге кеңес
беруі;
Жұмыс берушіден қызметкерлердің мүддесіне
тікелей қатысты мəселелер бойынша ақпарат алу;
Ұйымның жұмысы туралы мəселелерді жұмыс
берушімен талқылау, оны жетілдіру бойынша ұсыныс
енгізу;
Қызметкерлердің өкілдік органы ұйымның
əлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарларын
талқылауы;
Ұжымдық шарттарды əзірлеу жəне қабылдау
бойынша;
ҚР Еңбек кодексінде, өзге заңдарда, ұйымның
құрылтай құжаттарында, ұжымдық шартта, жергілікті
жəне актілерде белгіленген өзге нысанда.
Қызметкерлердің
өкілдері
қызметкерлердің
құқықтарын ұсыну жəне қорғау мақсатында жұмыс
8
берушіден мынадай мəселелер бойынша ақпарат
алуға құқығы бар:
ұйымның қайта құрылуы немесе таратылуы;
қызметкерлердің еңбек жағдайын өзгертетін
технологиялық өзгерістерді енгізу;
қызметкерлерді кəсіби даярлау, қайта даярлау
жəне олардың біліктілігін арттыру.
ҚР Еңбек кодексінде, өзге де нормативтік актілерде,
ұйымның құрылтай құжаттарында, ұжымдық шарт-
та көзделген мəселелер бойынша Қызметкерлердің
өкілдері ұйымды басқару органына осы мəселелер
бойынша тиісті ұсыныстар енгізуге жəне оларды
қараған жағдайда аталған органдардың отырыстары-
на қатысуға құқылы.
ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН
ЖАУАПКЕРШІЛІК
ҚР Қылмыстық кодексімен мыналар үшін
жауапкершілік белгіленді:
Еңбектi қорғау ережелерiн бұзу (ҚР ҚК 152-б.):
1. Қауiпсiздiк техникасын, өндiрiстiк санита-
рия ережелерiн немесе еңбектi қорғаудың өзге де
ережелерiн осы ережелердi сақтауды ұйымдастыру
немесе қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттер жүктелген
адамның бұзуы абайсызда денсаулыққа ауыр зиян
келтiруге əкеп соқса -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке
дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi
мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi
мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару не белгiлi
бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, нақ сол
мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
9
2. Абайсызда адам өлiмiне əкеп соққан дəл сол
əрекет –
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазым-
дарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айна-
лысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға
дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дəл сол
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Жүкті немесе үш жасқа дейінгі балалары бар
əйелмен еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тар-
ту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату
(ҚР ҚК 148-б.).
Əйелмен оның жүктiлiгi себебi бойынша еңбек
шартын жасасудан негiзсiз бас тарту немесе онымен
еңбек шартын негiзсiз тоқтату немесе үш жасқа дейiнгi
балалары бар əйелмен осы себептер бойынша еңбек
шартын жасасудан негiзсiз бас тарту немесе онымен
еңбек шартын негiзсiз тоқтату, сол сияқты мүгедекпен
оның мүгедектiгi себебi бойынша не кəмелетке
толмағанмен оның кəмелетке толмағандығы себебi
бойынша еңбек шартын жасасудан негiзсiз бас тарту
немесе еңбек шартын негiзсiз тоқтату -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке
дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға
дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару
құқығынан айыруға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу
жұмыстарына жазаланады.
Жалақының, зейнетақының, шəкіртақының,
жəрдемақының жəне өзге де төлемдердің
төленбеуі (ҚР ҚК 148-б.):
1. Басқару қызметiн атқарушы адамның ақша
қаражатын өзге мақсаттарға пайдаланумен байла-
нысты жалақының толық көлемiнде жəне белгiленген
мерзiмде төленуiн бiрнеше рет кiдiртуi -
10
үш жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке
дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi
мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе
белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға
жазаланады.
Жиналыс, митинг, бой көтеру, шеру өткізуге,
пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергі жа-
сау (ҚР ҚК 151-б.)
Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткiзуге, пи-
кет жасауға немесе оларға қатысуға кедергi жасау не
оларға қатысуға мəжбүрлеу, егер бұл əрекеттердi лау-
азымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып не күш
қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытумен
жасаса,
- бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке
дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi
мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi
мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару неме-
се белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан ай-
ырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР
Əкімшілік
құқық
бұзушылық
туралы
Кодексімен мыналар ҮШІН жауапкершілік белгіленді:
Қазақстан
Республикасының
еңбек
жəне
еңбекті қорғау заңнамасын бұзу (ҰҚБтК 87, 89-б.).
1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-
əрекеттерді қоспағанда, жұмыс берушінің немесе ла-
уазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасын бұзуы,
- лауазымды адамдарға, дара кəсіпкерлерге,
шағын немесе орта кəсіпкерлік субъектілері неме-
11
се коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын
заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен
онға дейінгі мөлшерінде, ірі кəсіпкерлік субъектілері
болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жи-
ырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға əкеп
соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген,
əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде
қайталап жасалған іс-əрекет (əрекетсіздік),
- лауазымды адамдарға, дара кəсіпкерлерге,
шағын немесе орта кəсіпкерлік субъектілері неме-
се коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын
заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он
бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кəсіпкерлік
субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жи-
ырма бестен отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл
салуға əкеп соғады.
3. Жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде жəне
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында
белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты төлемді
кідірту кезеңіне өсімақыны есептемеуі жəне төлемеуі -
айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге
дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген,
əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде
қайталап жасалған іс-əрекет (əрекетсіздік) –
айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі
мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы Кодексте жұмыс беруші деп басшысы
12
(əкімшілігі) өкілдік ететін заңды тұлға не қызметкермен
еңбек қатынастарында тұратын жеке тұлға танылады.
2. Егер атқарушы органдардың жəне өзге де
ұйымдардың басшылары басқаратын ұйымдар
жалақыны төлеуге қаражат беруді (аударуды) кідіртсе,
оларды осы баптың бірінші жəне екінші бөліктерінде
аталған лауазымды адамдар деп түсіну керек.
89-бап.
1. Жұмыс берушiнiң немесе лауазымды адамның
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жаза-
тайым жағдайға əкеп соқпаған бұзуы, -
лауазымды
адамдарға,
дара
кəсiпкерлерге,
шағын немесе орта кəсiпкерлiк субъектiлерi неме-
се коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын
заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жи-
ырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кəсiпкерлiк
субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу-
ден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп
соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, əкiмшiлiк
жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап
жасалған əрекеттер, -
лауазымды
адамдарға,
дара
кəсiпкерлерге,
шағын немесе орта кəсiпкерлiк субъектiлерi неме-
се коммерциялық емес ұйымдар болып табыла-
тын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң
қырықтан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кəсiпкерлiк
субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға
жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға
əкеп соғады.
3. Лауазымды адамның Қазақстан Республика-
сының еңбек заңнамасының сақталуын бақылау
13
жəне қадағалау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асырма-
уы, егер бұл жұмыскердiң денсаулығына жеңiл зиян
келтiрiп, жазатайым оқиғаға əкеп соқса немесе оның
өмiрi мен денсаулығына көрiнеу қауiп төндiрсе, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге
дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.
Ұжымдық шарт, келiсiм жөнiндегi келiссөздерге
қатысудан жалтару (ƏҚБтК 90-б.).
Ұжымдық шартты, келiсiмдi жасасу, өзгерту немесе
толықтыру жөнiндегi келiссөздерге қатысудан жалта-
ру немесе аталған келiссөздердi жүргiзу мерзiмдерiн
бұзу, тиiстi комиссияның жұмысын тараптар белгiлеген
мерзiмде қамтамасыз етпеу,
- келiссөздер жүргiзуге уəкiлеттi адамдарға айлық
есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейінгі
мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.
Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге жəне ұжымдық
шарттардың, келiсiмдердiң орындалуын бақылауды
жүзеге асыруға қажеттi ақпарат бермеу (ƏҚБтК 93-б.)
Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге жəне ұжымдық
шарттардың, келiсiмдердiң орындалуын бақылауды
жүзеге асыруға қажеттi ақпаратты бермеу, -
ақпараттың берiлмеуiне кiнəлi адамдарға айлық
есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейінгі мөлшерiнде
айыппұл салуға əкеп соғады.
Ұжымдық шарт, келiсiм жасасудан негiзсiз бас тар-
ту (ƏҚБтК 91-б.).
Ұжымдық шарт, келiсiм жасасудан негiзсiз бас тарту, -
ұжымдық шарт, келiсiм жасасуға уəкiлеттi
адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес
14
жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.
Ұжымдық шартты, келiсiмдi орындамау немесе
бұзу (ƏҚБтК 92-б.).
Ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердi
бұзу немесе орындамау,
- ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердiң
орындалмауына кiнəлi адамдарға айлық есептiк
көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерiнде
айыппұл салуға əкеп соғады.
Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер,
тосқауылдар мен демонстрациялар ұйымдастыру
мен өткiзудiң тəртiбi туралы заңдарды бұзу (ƏҚБтК
373-б.).
1. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, тосқауыл-
дар, демонстрациялар не өзге де көпшiлiк iс-
шараларын ұйымдастыру немесе өткiзу тəртiбi ту-
ралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу не
оларды ұйымдастыруға немесе өткiзуге кедергi жа-
сау, сол сияқты заңсыз жиналыстарға, митингiлерге,
шерулерге, демонстрацияларға не өзге де көпшiлiкке
арналған iс-шараларға қатысу, егер бұл iс-əрекеттерде
қылмыстық жаза қолданылатын əрекет белгiлерi бол-
маса,
- жеке тұлғаларға - ескерту жасауға немесе айлық
есептiк көрсеткiштің жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде
айыппұл салуға, лауазымды адамдарға - айлық есептiк
көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға
əкеп соғады.
2. Рұқсат етiлмеген жиналысқа, митингке,
тосқауылға, демонстрацияға не өзге де көпшiлiк iс-
15
шараларына қатысушыларға ұйымның басшыларының
жəне басқа да лауазымды адамдарының үй-жай не
өзге де мүлiктер (байланыс құралдарын, көбейту тех-
никасын, жабдықтар, көлiк) беруi немесе осындай
iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзу үшiн өзге де
жағдайлар туғызуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi
мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.
3. Əкiмшiлiк жаза шаралары қолданылғаннан кейiн
бiр жыл iшiнде жиналысты, митингтi, шерудi, демон-
страцияны ұйымдастырушы қайталап жасаған нақ сол
iс-əрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде
айыппұл салуға не он бес тəулiкке дейiнгi мерзiмге
əкiмшiлiк қамауға алуға əкеп соғады.
Жеке тұлғаға ақпарат беруден бас тарту, сол
сияқты ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу
құқығын заңсыз шектеу (84-б. ƏҚБтК).
1. Қылмыстық жаза қолданылатын əрекет белгiлерi
жоқ, белгiленген тəртiппен жиналған, жеке тұлғаның
құқықтары мен бостандықтарына тiкелей қатысты
құжаттарды, материалдарды беруден заңсыз бас тар-
ту не жеке тұлғаға толық емес немесе көрiнеу жалған
ақпарат беру, сол сияқты жалпы жұрт қол жеткiзетiн
ақпаратты шектеулi қол жеткiзiлетiн ақпаратқа заңсыз
түрде жатқызу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң
бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп
соғады.
2. Ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу құқығын
заңсыз шектеу -
16
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бес-
тен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға,
дара кəсiпкерлерге, шағын немесе орта кəсiпкерлiк
субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға
- оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кəсiпкерлiк
субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жи-
ырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға
əкеп соғады.
3. Лауазымды адамның осы баптың бiрiншi жəне
екiншi бөлiктерiнде көзделген əрекеттердi жасауы,
егер бұл əрекеттер жеке тұлғалардың құқықтары мен
заңды мүдделерiне зиян келтiрсе, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жүзге
дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.
Ереуілге қатысуға немесе оған қатысудан бас
тартуға мəжбүрлеу (ƏҚБтК 97-б.).
Мəжбүрленушiнiң тəуелдi жағдайын пайдалана от-
ырып ереуiлге қатысуға немесе оған қатысудан бас
тартуға мəжбүрлеу,
- жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бес-
тен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға
оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға
əкеп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |