Algy soz indd Қазақ халқының тарихындағы


*** Ел жеген жуанды сүйеген басшы оңбайды. ***



жүктеу 8,21 Mb.
Pdf просмотр
бет14/24
Дата14.11.2018
өлшемі8,21 Mb.
#19543
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24

102

103


***

Ел жеген жуанды сүйеген басшы оңбайды.



***

Отаршы елдер ағызар əскер қанын, алмақ болып аз елдің жер 

мен малын.

***

Түзелер кезі жоқ,

Түзетер тезі жоқ.

Жер жүзі халқының

Қазақтан езі жоқ.

***

Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа,

Қазақ жүр құмарланып құр атаққа.

***

Ел жеген əкімдерді ақтарым жоқ.



***

Өнері жоқ өсекші ел жамандар,

Өтірік пе, рас па — көрмей ішін.

***

Көрінгенге көз сүзбей күнін көріп,

Қазақ қашан ел болар, құдайым-ай.

***

Менің елден басқа қайғым жоқ.



***

Бұл елдің күн көргені — өтірік ант,

Қазаққа алдау деген болды ғой салт.

***

Қазақтың жаманы болмас,

Жаманнан аманы болмас.

Бірігіп іс қылатұғын,

Түзелер заманы болмас.

…Жуаны қылады зорлық,

Момынның көргені қорлық.

Теп-тегіс қулық пен ұрлық,

Ал енді қайтып ел болдық?

***

Ар қайда? Рахым қайда? Əдеп қайда?

Быт-шыт боп неге жүрміз əрбір сайда?

Көз жұмып «Көппен көрген ұлы той» деп,

Береді бұл надандық кімге пайда?

***

Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық

Білім, əдет, ақылды ойға аларлық.

Надандықтан еліріп босқа жүрсек,

Мына заман көрсетер бізге тарлық...

***

Қазақтың жайнар даласы

Жетілер оқып баласы.

Шошытатын мені сол — 




104

105


Олардың күндес, таласы.

Дағдысы сіңген бойына,

Тастаңдар күндес, мақтанын,

Көрген соң таңның атқанын,

Ел бастайтын жастарым,

Жөн емес жай жатқаның.



***

Адал еңбек еткен ел-жұрттың — көңілі шат.



***

...Еңбекпенен,

өрнекпенен

Өнер ойға тоқылса.

Жайнар көңіл,

қайнар өмір,

Ар білімі оқылса.

***

Еріншектен салақтық,

Салақтықтан надандық

Бірінен-бірі туады,

Жоғалар сөйтіп адамдық.

***

Мал да аяулы, жан да аяулы болса егер,

Малды аяма, жаның үшін малыңды сат!

Жан да аяулы, жар да аяулы болса егер,

Жанды аяма, жарың үшін жанды сат!

***

Еңбекке шыда, ебін тап та.

«Сабырдың түбі — сары алтын».

Өзімшіл болма, көпті ардақта

Адамның бəрі — өз халқың.

***

Адамның адал ұлы болам десең, алдымен өзіңнің нəпсіңді жең.



***

Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағаннан!

***

Адалдың əділ жолына, 

Ақырын басып жет, халық.

***

«Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген,

Ел бұзылса, момын бол қоңыр қойдан.

***

Ақылды сол — ынсап пен ар сақтайды,

Арсыз сол — арамдықпен жан сақтайды.

Адал сол — таза еңбекпен күнін көріп,

Жаны үшін адамшылық ар сатпайды.

***

Атадан ұл туса игі

Ата жолын қуса игі.



106

107


Өзіне келер ұятын

Өзі біліп тұрса игі.

Жаудан бұққан немені

Ортасынан қуса игі...



***

Мен қайғы жедім ғой,

Қапы өттім дедім ғой,

Қазағым, қам ойла,

Сен де адам едің ғой!

***

Арамдық, аразды түбімен жойыңдар.

Өтірік, өсекті біржола қойыңдар!

Намыс, жігер, бойыңа жиып қайрат,

Қажымай адалдық жағында болыңдар!

Бірлік пен талапты еңбекке салыңдар.

Өнерлі елдерден өнеге алыңдар.

Күндестіктің өзімшіл көзін құртып,

Ұмтылып ерікті ел болып қалыңдар!

ƏЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ

(1866–1937 жж.)

ІХ соңы мен ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам 

жəне мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше 

тұлға. Қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты 

Қаратал ауылында дүниеге келген. Қазақтың ақырғы ханының 

бірі Бөкейден тараған ұрпақтың төртінші буыны, Бөкей ханның 

шөпшегі. Көрнекті қоғам жəне мемлекет қайраткері, қазақ-

тың ХХ ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салу-

шы əрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының 

ұйымдастырушысы жəне ұлттық Алашорда автономиялы 

үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым — ормантанушы, эконо-

мист, тарихшы, этнограф, əдебиеттанушы, аудармашы, əрі 

дарынды публицист. 

Жұрт əділ болмай — жұрт ісі оңға баспайды.




108

109


***

Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздеу — мақсат.



***

Ұлтына, жұртына қызмет ету — білімнен емес, мінезден. 



***

Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса — жұрт жұрт 

болып тіршілік құра алмақ емес.

***

Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ 

халқы соңынан ерер еді.

***

Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып 

жүре алмайды.

***

Əкім халықтың көбіне сүйенсе, күшті болады. 



***

Ел берекесінің кетуінің түпкі себебі — қазақта бірліктің жоқ-

тығы.

***

Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса — халықтық мақсат 

сонда орындалады.

***

Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық саяси ісін ұғынбаса, 

тезек теріп, тарих жолында артта қалады. Бақыт, махаббаттан 

тысқары болады. Бұл екеуі жоқ жұртқа тіршілік неге керек?!



***

Халық ісін орнына салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы ше-

бер істеген əдіс керек.

***

Бөтен кісі қазаққа ешқайдан ештеңе жақсылық əкеп бермейді.



***

Қазақ жері — мал кіндігі: мұнда бұрын-соңды қай жұрт жүрсе 

де мал баққан.

***

Қазаққа əкеп мұжық қамытын кигізе салса — бұл бір түске 

кірмеген қиыншылық: бұдан қазақ безуі керек.

***

Мансапқұмар ел — кемелдікке жетпеген ел.



***

Қазақ-ау! Оян! Мұжық көші жүріп кеткенде жұртта қалып 

жүрме!



жүктеу 8,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау