Algy soz indd Қазақ халқының тарихындағы


ЫБЫРАЙ (ИБРАҺИМ) АЛТЫНСАРИН



жүктеу 8,21 Mb.
Pdf просмотр
бет12/24
Дата14.11.2018
өлшемі8,21 Mb.
#19543
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24

86

87

ЫБЫРАЙ (ИБРАҺИМ) АЛТЫНСАРИН



(1841–1889 жж.)

азақ халқының ағартушылық тарихындағы аса көрнек-

ті тұлға. Жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қай-

раткері. Қазақ даласындағы тұңғыш ағартушы-педагог. Қазіргі 

Қостанай облысы аумағында дүниеге келген. Бар өмірін халық-

ағарту ісіне арнаған ол Торғай өңірінде мектеп ашып, онда 

қазақ балаларына жаңаша əдіспен хат тануды үйретеді. Бір 

хатында ол: «Балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай 

өте қызу кірістім. Кейін парақор болып шықпаулары үшін 

оларға адамгершілік жағынан əсер етуге бар күшімді салып от-

ырмын…» деп жазады. «Балалар əдебиетінің атасы» атанған 

Ыбырай Алтынсарин жас жеткіншектерге арнап шағын 

өлеңдері мен əңгімелерін де қалдырған. Онда ол жастарды оқу 

оқып, білім алуға шақырады. 

Заман осылай болған соң, амалын тауып, мүмкіндігі болған 

жерде, қазақ халқының елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан 

жауыздыққа қарсы күресе білу керек. Суға батып бара жатқан 

кісіні көре тұрып, қол ұшын бермеу арамдық болар еді... Ал енді, 

Құдай басыма не салса да, мен күшімнің жеткенінше туған еліме 

пайдалы адам болайын деген ойымнан, талабымнан еш уақытта да 

қайтпаймын.



***

Құдай маған көмек етсе жəне дəрменім жетсе, мен азды-көпті 

қазақ халқына ғана пайдалы бола аламын, ал басқа ұлттарға, 

халықтарға, əрине, түк пайдам болмайды.



***

Өнер-білім бар жұрттар 

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

...Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді,

Теңізде жүзді балықтай

Дүниені кезді жалықпай.



***

Біз надан боп өсірдік

Иектегі сақалды.

«Өнер — жігіт көркі» деп,

Ескермедік мақалды.

Біз болмасақ, сіз барсыз,

Үміт еткен жастарым,

Сіздерге бердім батамды!




88

89

***

Оқысаңдар, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

***

Халық мектептері үшін ең керектісі — мұғалім. Тамаша жақсы 

педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, əбден 

мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең 

келе алмайды. 

***

Мал, дəулеттің байлығы — 

Бір жұтасаң, жоқ болар.

Оқымыстың байлығы — 

Еш жұтамақ жоқ болар.

***

Береке кеткен елдерде

Күн қысқарса керек-ті.

***

Азған елдің түбіне тақсыр жетер...



***

Əй, жігіттер, үлгі алмаңыз

Азған елдің ішінен.

Алыс-алыс қашыңыздар

Зияндасты кісіден.

Жақсыны көзден салмаңыздар,

Жақсыдан қапыл қалмаңыздар.

Өзі болған ерлердің

Аяғынан алмаңыздар.

***

…Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мəселен, біреу 

намаз оқыса да, ол намаздың керектігіне көңілі сенбесе, əлбетте ол 

намаз болып табылмайды.



***

Еңбекпен табылған дəмнің тəттілігі өзгеше болады.



***

Қазақтарға — осы дарынды, ақыл-есі мол халыққа — кешікпей 

рухани жəне қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру, 

қалай дегенмен де аса қажет болып отыр. 



***

...Қазақ халқы қарапайым, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен 

де көп жақсылық табамыз.

***

Қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген 

тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды; оның ой-пікірі еркін; оның 



90

91

келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пай-



далы өнерді үйрену керек болып отыр.

***

Менің ойымша, көңілдің хошы, бақыт дегеннің бəрі де ата-

бабаның өмір сүрген жəне жерленген жерінде, туған ошағыңның 

басында жақсырақ, ал қайғы дегеннің қандайы да, тіпті, ажалдың 

өзі де сол жерде жеңіл болатын сияқты...

АБАЙ (ИБРАҺИМ) ҚҰНАНБАЕВ

(1845–1904 жж.)

азақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұ-

рынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын 

болған жоқ» (Ахмет Байтұрсынов).

Қазақ халқының тұтас бір дəуіріндегі ақыл-ойы мен мə-

дениетінің, өнері мен əдебиетінің асқар шыңы ұлы Абай — 

ұлтымыздың реалистік, гуманистік жаңа əдебиетінің негізін 

қалаған, қазақ поэзиясын қоғамдық дамудың озық деңгейіне 

жеткізіп, өз кезінің ең басты мəселелерін дəл бейнелеп, дұрыс 

қорытынды шығарып берген прогресшіл де кемеңгер, данышпан 

ақын. Философ ретінде əлемдік деңгейде танылған ұлы тұлға, 

халқымыздың рухани көсемі.

Қалың елің қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.



92

93

Бет бергенде шырайың сондай жақсы,



Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?

***

Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,

Əр нəрсеге өзіндей баға бермек.

Таразы да, қазы да өз бойыңда

Наданның сүйенгені — көппен дүрмек.

***

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нəрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік

Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.

***

Керек іс бозбалаға — талаптылық,

Əртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық. 

***

Тəуекелсіз, талапсыз мал табылмас,

Еңбек қылмас еріншек адам болмас.

***

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нəрседен қашық бол,

Бес нəрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз,

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ — 

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой — 

Бес асыл іс көнсеңіз.



***

Көп топта сөз танырлық кісі де аз-ақ

Ондай жерде сөз айтып болма мазақ.

Біреуі олай, біреуі бұлай қарап,

Түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ.

***

Əсемпаз болма əрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де — бір кірпіш, дүниеге, 

Кетігін тап та, бар қалан!

***

Майдағы жұрттың іші — қар,

Бəйшешек қарға өнер ме?

Ішінде кімнің оты бар,

Қар жауса да сөне ме?

***

Тұрлаусыздың қолынан не келеді!

Ынтасыз қайтіп өнер үйренеді?



жүктеу 8,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау