Algy soz indd Қазақ халқының тарихындағы



жүктеу 8,21 Mb.
Pdf просмотр
бет10/24
Дата14.11.2018
өлшемі8,21 Mb.
#19543
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24

72

73

Ол мақсатқа жете алмай,



Дегенімді ете алмай,

Қор болдық-ау, шырақ-ай!



***

Еңбек етіп ел үшін,

Соңымда бір қалған халқыма,

Артымда бір атақ, даңқ қалды-ау.



***

Қапыда кеткен дүние-ай,

Ақырында еш болды-ау,

Ел үшін еткен еңбегім.



***

Аламанға жел бердік,

Аса жұртты меңгердік.

Қара қазақ баласын

Хан ұлына теңгердік.

***

Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім.

***

Еділ үшін егестік...

Жайық үшін жандастық,

Қиғаш үшін қырылдық.



***

Жатып қалған тайлағы

Жардай атан болған жер.

***

Ел үшін қылыш сермедік.



***

Тоқсан тарау су ақса,

Дария болар сағасы.

***

Туған ұлдан не пайда — қолына найза алмаса, ата жолын 

қумаса.

***

Ханнан қырық туғанша, қарадан біреу тусайшы, атаның кегін 

алсайшы!

***

Алаштың байлығынан не пайда — қайыры оның болмаса.



***

Бұл дүниенің жүзінде

Айдан көркем нəрсе жоқ — 

Түнде бар да, күндіз жоқ.

Күннен көркем нəрсе жоқ — 

Күндіз бар да, түнде жоқ.




74

75

ШЕРНИЯЗ ЖАРЫЛҒАСЫНҰЛЫ



(1807— 1867 жж.)

азіргі Ақтөбе облысының Ойыл ауданында дүниеге кел-

ген. Арғы атасы Байтілеу ауқатты болса да, өз əкесі 

шағын дəулетті, еті тірі ел ағасы болған. Шернияз ақын жас 

шағынан ел өмірін, халық тұрмысын жақсы біліп, олардың 

мұң-мұқтажын жете түсінген. Кіші жүз қазақтарының Иса-

тай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, 

бостандық тақырыбын асқақ үнмен жырлаған. 

Ханның көркі — ел.



***

Ел үстіне жау келсе,

Көк бөрідей ер керек;

Ер астына мінетін

Бəйге бермес сұр керек.

***

Ерден ердің несі кем,

Айтқан сөзіне берік болса?

Хандардан ханның несі кем,

Халыққа əділ ерік болса?

***

Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса — түртіп оны көре 

алмас, басқа қиын іс түссе — ел қыдырып таба алмас.

***

Жалғыздың ісі оңалмас, көптің ісі жоғалмас.



***

Жақсы болса — іні ортақ.



***

Жұрт теңгеріп тұруға — əділ төре хан керек.




76

77

СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫ



(1822–1895 жж.)

асынан жыраулығымен елге танылған айтыскер де 

жауынгер ақын қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауда-

ны, Қаракестек ауылында дүниеге келген. Тарихи деректерге 

жүгінсек, Қоқан хандығы тұсындағы шапқыншылық əсерінен 

жан-жаққа бытырай көшкен қазақ руларының басын біріктіру-

де Сүйінбай ақынның рөлі зор болған. Аумалы-төкпелі заманда 

ол тіпті халықты тəуелсіздік үшін күреске де шақырып, елдің 

қоғамдық-əлеуметтік жағдайымен де айналысқан. Өлеңдерінде 

Қоқан хандығының билері мен жергілікті сұлтан, төрелердің, 

би-болыстардың кемшін тұстарын бетке басқан шыншыл ақын 

болған. «Айтыс өнерінің алтын діңгегі» (М. Əуезов) атанған 

Сүйінбай Аронұлы қазақ əдебиетін тарихындағы бірегей де 

алып тұлғалардың бірі. 

Жақсының сөзін əркім де пайдаланар,

Миуалы алма-өріктің ағашындай.

***

Ақымақ жігіт белгісі — аз күнгі баққа алқынар.



***

Біз — қайық, бұл дүние — түпсіз терең.



***

Ер жігіт — ел-жұртының панасындай,

Жақсы əйел əммə жұрттың панасындай.

Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,

Көреді бəрі де оны баласындай.

***

Кетпеңдер өне бойы дүние қуып...



***

Қарғадан қарға туар қарқылдаған,

Жаманнан жақсы туар жарқылдаған.

Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр,

Пайдасы өз басынан артылмаған.

***

Жаманның көкірегі — көр, көзі — соқыр...



***

Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,

Жұғымды болар елге серкесіндей.

Жақсының жүзі жылы, сөзі майда,

Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.



78

79

Жақсы болар баланың жүзі жақсы,



Наубайдың күймей піскен бөлкесіндей.

Жақсыға үлкен-кіші бəрі жақсы,

Жасынан бірге өскен еркесіндей.

Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,

Жаман адам балтаның ұңғысындай.

«Олақтан салақ жаман» деген мақал,

Жамандар түзей алмас тұрмысын-ай.

Жақсы адам алысты жақын етер,

Беттескен екі таудың тұрғысындай.

***

Қолдағыға қанағат-шүкір қылмасаң,

Болады бар да — арманда, жоқ та — арманда.

МАЙЛЫҚОЖА СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫ

(1835–1898 жж.)

азіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм жерінде 

туып өскен. Əкесі Сұлтанқожа мұсылманша сауатты, 

шағын дəулетті, көзі ашық, діндар адам болған. Майлықожа əуе-

лі үйде, əкесінің үйретуімен сауатын ашып, кейін өз бетімен көп 

ізденіп, заманына сай білім дəрежесіне жеткен. Майлықожаның 

өнегелі сөздері кейін елге тарап, ауыздан-ауызға көшіп, жат-

танды нақылға айналып кеткен. Майлықожа ұлтымыздың 

əдебиет тарихынан ойып тұрып орын алар өз заманының 

көрнекті ақыны болған. Ол, сондай-ақ, шығыс əдебиетін қазақ 

тіліне аударды.

Халық ісі дегенде жақсы қалмас тартынып.



***

Елге келген жұмысқа жақсы жүрер қайысып, жаман жүрер ма-

йысып.



жүктеу 8,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау