Algy soz indd Қазақ халқының тарихындағы



жүктеу 8,21 Mb.
Pdf просмотр
бет18/24
Дата14.11.2018
өлшемі8,21 Mb.
#19543
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24

130

131


***

Шер батса, кім іздемес туған елін,

Тұлпар да көксемей ме туған жерін?!

Арқаның ардагері — қалың Алаш,

Тұран да, біле білсең, сенің жерің!

***

Қалың елім, қалың кара ағашым,

Қайраты мол, айбынды ер, Алашым!

Өзі-ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл,

Ақымақтар байқамаған шамасын.

***

Ел үшін өл — ер болсаң!



***

Жұрттың қамын көп ойла,

Уайым-қайғы жеп ойла.

Артта қалған сорлы жұрт

Алға бассын деп ойла.

***

Көбейсін елде қайратты ер,

Жұрт үшін болсын қара тер.

Сорлы жұртты бастасын,

Жасаған, соған көмек бер!

***

Елдің елге бағасы қаны бір болуда емес, жаны бір болуда; 

қуаныш-қайғысы ортақ болуда. Ердің бағасы елге еткен еңбегінің 

зор яки кішілігінде емес, ел деген жүрегінің таза болуында; тілегі-

нің елмен ортақ болуында; ер өмірінің өрі мен көрі ел өмірінің өрі-

көрімен бір болуында.



***

Қазақ елі адамзат тұрмысында өз бетімен жол салу дəрежесіне 

əлі жеткен жоқ. Үміт келешекте.

***

Алашты халық десек, халықты шын сүйген адам «жарты 

жаңқасы» қалғанша халық үшін қызмет істеуге тиісті.

***

Ұлттың тілі кеми бастауы — ұлттың құри бастағанын көр-

сетеді.

***

Ұлт үшін тілінен қымбат еш нəрсе жоқ.



***

Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес, он-

дай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін, бірінші шарт — тілі 

болуы. Ұлтқа тілінен қымбат нəрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың 

тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмыс, мінезі айнадай ашық 

көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы біресе 

желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары да-

лада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы 

мінезі — бəрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең. Тілі де бай. 

Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, 

терең тіл жоқ...



132

133


***

Жүрген ескі заңымен,

Алдындағы малымен

Бірге жусап, бірге өрген,

Алаш деген елім бар.

Неге екенін білмеймін,

Сол елімді сүйемін.

...Орманы жоқ, шуы жоқ,

Тауы да жоқ, суы жоқ,

Мəңгі өлік сахарасы,

Сарыарқа деген жерім бар.

Неге екенін білмеймін,

Сол Арқамды сүйемін!

***

...Түркістан — екі дүние есігі ғой,

Түркістан — ер түріктің бесігі ғой.

***

Не көрсем де Алаш үшін көргенім,

Маған атақ ұлтым үшін өлгенім!

СƏКЕН (СƏДУАҚАС) СЕЙФУЛЛИН

(1894–1938 жж.) 

үгінгі қазақ əдебиетін қалыптастыруға үлес қосқан ақ-

иық ақын, жазушы, қоғам жəне мемлекет қайраткері. 

Қазіргі Қарағанды облысы, Ақадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданы, 

Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар 

одағының негізін қалаған. Алғашқылардың бірі болып, Қырғыз 

АКСР-і Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы (1920–1925) 

қызметін атқарған. Өмірде де, өнерде де белсенді, кемеңгер 

де күрескер ақын өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы 

сұрапыл саясат салдарында жазықсыз жапа шеккен қазақ 

əдебитінің «үш бəйтерегінің» бірі.

Кеңсің дала,

Туған ана,

Көйлегің кең көк ала!

Жан беретін



134

135


Тəн беретін

Мейірімді ана сен ғана!



***

Шалқыған біздің жақтың көлдері бар, 

Ағашты биік таулы жерлері бар. 

Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын 

Меймандос, берекелі елдері бар. 

***

Думанды шалқар көлдері-ай, 

Еркін дала белдер-ай. 

Каздай қатар мыңғырып, 

Тізіліп көшкен елдер-ай.

***

Жүрекке ыстық, көзге сүйік өз елім,

Тең құрбымен қағысып, ойнап жүргенім.

***

...Жылқы, қой, сиыр, түйелі,

Сағындым Арқа — жерімді.

***

Біздің бір үлкен кемшілігіміз — басқа жұрттан бұрын өзімізді 

«киргиз» дейміз. Біздің «Қызыл Қазақстан» журналы орысша 

«Красный Киргизстан» деп аталады. Егер де біздің қазақ бұл қатені 

түзетем десе, оп-оңай түзетіп əкетер еді...

***

Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік.



***

...Істі қазақшаға аударуды ауылдан, болыстан, ауданнан бастау 

керек. Волостной исполкомдарда істі қазақ тілінде жүргізу үшін 

уездерде соларға кісілер даярлап жіберетін курстар ашылу керек. 

Ауылдан, болыстан, ауданнан қаладағы мекемелерге қағаз жазғанда 

ылғи қазақ тілінде жазып отыру керек. Қалалардағы мекемелер 

қазақша жазылған сөздерді алып тексеріп отыруға міндетті. Күллі 

тілдің бəрі бірдей жүреді деген закон бар. Енді қазақша хат білетін 

кісілер де бағалырақ болу керек. Əлі қазақша хат білмейтін адам-

дар французша білсе де Қазақстанда бір кезде іске аспай қалуы 

ап-анық нəрсе.

***

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды.



***

Халықтың қорлық көрген туын ұстап

Əділдік жолын іздеп қуған едім.

***

...Өнерлі елге жетпек керек,

Болды ғой, басып озып өтпек керек.

***

Елден безген ер үшін,

Ауыл емес қорыққан...



жүктеу 8,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау