136
137
***
Азамат, жүнжіме, жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос,
Ту ұстап дұшпанға барайық,
Теңдіктің ұранын салайық.
Тізесін батырған залымнан,
Күн туды — біз теңдік алайық!
***
«Қазақ» деген атымыз қайтарылып, егеменді ел болдық!
БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН
(1894–1938 жж.)
азақ əдебиетінің алып бəйтерегі, көрнекті суреткер
ақын-жазушысы. Туып-өскен жері қазіргі Қостанай об-
лысының Таран ауданы. Бүгінгі қазақ əдебиетін қалыптасты-
рушылардың бірі. Өз шығармаларында сауатсыздықпен күресті
алға тартқан. Бейімбет Майлин проза, поэзия, драматургия
салaларында бірдей еңбек етіп, қазақ əдебиетінде сатира жан-
рын қалыптастыруға да зор үлес қосты. Қазақ прозасындағы
əңгіме жанрына ерекше реңк берген оның туындыларының
тақырыбы сан алуан, оның ішінде отбасы, əйел теңсіздігі
тақырыптары да қамтылған.
Барлық қазақ иемденіп жұмақты,
Басқаларға орын қалмай жүрмесін.
138
139
***
Жан біткендер іздеп жатыр керегін,
Тұр, қалғыма, көтер басты, əй, қазақ!
***
Құтты болсын, Алаш ұлы, тілегің!
Көп жыл жүріп қолға түскен теңдігің.
***
Жарық сəуле өндіретін қазаққа,
Мəңгі жылдар жасасын Алаш ордасы!
***
Келді кеңдік, туды теңдік басыңа,
Қатын, еркек, кəрі менен жасыңа.
Туысқанды, құрдастықты асыра,
Адалдықты араңдағы жой, қазақ!..
***
Оқу — білім бұлағы,
Оқыса елдің ұланы, —
Тірілтіп, елге жан бітіп,
Елі үшін жұмақ қылады.
***
Бəрін айтпа, бірін айт,
Коллективтің жырын айт.
***
Ай, штат, не қылмадың қазағыма,
Салдың ғой момындарды азабыңа.
Байларға мыңды айдаған күлгірленіп,
Алдаумен іліктірдің тұзағыңа.
***
Қазақ боп іс қыл,
Бірлікпен күш қыл.
***
Сен үшін туып,
Белімді буып,
Кірістім қызмет қылмаққа.
***
Жұртты сүйер ерлер шығып қолбасы,
Саф азамат бағылан болып жолдасы.
Жарық сəуле өндіретін қазаққа,
Мəңгі жылдар жасасын Алаш ордасы!
140
141
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ
(1894–1938 жж.)
уып-өскен жері Алматы облысының Ақсу ауданы. Қа-
зақ əдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып,
елеулі туындылар берген дарынды ақын. Өлеңдері күллі қазақ
əдебиетінің мақтанышына айналған. Ілияс Жансүгіровтің
шығармалары қазақтың асыл қазынасы — ауыз əдебиеті-
нен нəрленіп, бастау алады. Ол, сондай-ақ əлемдік əдебиет-
ке тиесілі бірқатар танымал шығармаларды қазақ тіліне
аударған.
Ағынды менің Ақсуым
Арқырап əлі ағасың...
Жалғыз жазғы бір кеште,
Жағаладым жағасын.
***
Тарт күйіңді, домбыра!
Төгіл, төгіл тəтті күй,
Тау суындай сылдыра,
Желпін, желпін жел соқтыр!
***
Өлкем өсіп ел кенелді,
Көгім жайнап жер гүлденді.
***
Ауылдың алды асқар тау,
Асқар таудан асармыз.
Асып жайлы жасармыз,
Ел ер жетіп есен-сау.
***
Елім жаңа жұртқа қонды,
Жұрт жұмысқа қойды қолды.
***
Тасқында, тау суындай көңіл жыры,
Қазақтың сусындасын ойы-қыры.
***
Елдің өмірі жырдай болып,
Сұмның күні қуғын болды.
142
143
***
Өнерге ұмтыл, өнерді біл, замандас,
Қамдан, жатпа, заманыңнан хабарлас!
Ынта салсаң, білім туын қолға алсаң,
Теңдік тиер, ешкім күйе жаға алмас!
***
Əйел-еркек, жалпы жас,
Көтеріл, көрін, көзіңді аш!..
Топтал, тұтас, туғандас!
Жасасын еркің! Жоғалмас.
Жамырас, үлес, жалпы жас,
Қосыл, қозғал, қоғамдас!
***
Бүгін, бүгін, бүгін дала!
Мұндай ма еді бұрын дала?
Көктен күні сəуле шашып,
Көкке шарпып нұрын дала.
Өлкем өсіп ел кенелді,
Көгім жайнап жер гүлденді.
Тауым ашып қазынасын,
Жомарт жерім шашты кенді.
Елім жаңа жұртқа қонды,
Жұрт жұмысқа қойды қолды.
Білім бұлақ сусын болды,
Елдің өмірі жырдай болып,
Сұмның күні қуғын болды…
***
Ел үшін еңбек қыл
Көркейер біздің ел...
***
Асылын арманынан аршып алдым
Қашаннан қазынаға халқымыз бай.
***
Ежелден ескеруші ем елдің сөзін,
Бұлақтың тазалауға тінтіп көзін.
***
Халқымның қуанышты бұлбұлымын,
Жұртымның жүйрігінің дүлдүлімін.
144
145
МҰХТАР ƏУЕЗОВ
(1897–1961 жж.)
азақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, қазақ əде-
биетінің классигі, ғұлама ғалым, академик, филология
ғылымдарының докторы, профессор. Қазіргі Шығыс Қазақстан
облысының Абай ауданы жерінде дүниеге келген. Ауыз əдебиеті
мен классикалық əдебиеттің, батыс пен шығыстың көркем сөз
мұрасының озық дəстүрін жете меңгеріп, қазіргі дəуірдегі қазақ
əдебиетінің сапасын арттыруға, əдеби тілді байытуға ересен
еңбек сіңірген.
Мұхтар Əуезовтің əлемге əйгілі «Абай жолы» роман-эпопея-
сы қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейге көтеріп,
əлем əдебиеті мұрасына енгізген үздік туынды. «XX ғасырдағы
ең үздік шығармаларының бірі» (Луи Арагон) деп бағалаған
аталған роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі
əлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де таны-
мал. Қазақ халқының мəдени даму тарихында жазушы, драма-
шы, публицист, зерттеуші, аудармашы əрі қоғам қайраткері
Мұхтар Омарханұлы Əуезовтың алатын орны ерекше.
Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нəрсе —
білім.
***
Азамат сыны — ерлік, ерлік сыны — елдік.
***
Алтын анам Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім
жоқ деп, ер қайратына мін дағы, өрге бас.
***
Ел болам десең, бесігіңді түзе.
***
Бұл дəуірде өз тілін, əдебиетін білмеген, қадірлемеген адам то-
лық мəнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық
мамандық білімі болса да, рухани ой тəрбиесінде сыңар жақ азамат
болады.
***
Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе
де, ең алдымен, өзінің ана тілін, əдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді
орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін
жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек.
***
Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, рухы, жан-дүниесі. Ол жүректі
соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабы-
лып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?
Достарыңызбен бөлісу: |