Algy soz indd Қазақ халқының тарихындағы



жүктеу 8,21 Mb.
Pdf просмотр
бет15/24
Дата14.11.2018
өлшемі8,21 Mb.
#19543
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

110

111


АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ

(1872–1937 жж.)

ұтас буынның төлбасы, ағартушылық, демократтық 

бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, əдебиет 

зерттеуші, түркітанушы, дарынды ақын-аудармашы. Қазіргі 

Қостанай облысы, Торғай атырабындағы Сартүбек деген жер-

де дүниеге келген. Қазақ əдебиеттану ғылымының негізін сал-

ған, тұңғыш əдебиет теориясын жазған ғұлама ғалым, ұлы ой-

шыл.

Ахмет Байтұрсыновтың барлық еңбегі, тартқан қорлық, 

көрген азабы, болашаққа деген үміт-арманы — түгел дерлік 

ұлы міндетті орындауға, яғни қазақ халқына жан-тəнімен 

қалтқысыз қызмет етуге арналған.

Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан 

шықсын!

***

Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.



***

Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нəрсенің 

ең қуаттысы — тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз 

ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер əуелі сол жұрттың тілін 

аздыруға тырысады.

***

Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың 

меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.

***

Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйрен-

ген, ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үй-

ренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, əрине, 

ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін 

əр жұрт баласын əуелінде өз тілінде оқып, өз тілінде жазу-сызу 

үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар 

əбден дағдыланғандығын кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де 

тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше əуелі ана тілімізбен 

оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз.



***

Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш 

уақытта адамы құрымай жоғалмайды.

***

Бала бастауыш мектепте бар пəнді тек ана тілінде ғана оқуы 

керек.



112

113


***

Адамға ең қымбат нəрсе — жұрт қамы, жұрт ісі.



***

Халықтардың басынан өткізген анайылық шағы — біздің 

балалық шағымыз мысалды. 

***

Ел бағатындар — ел бағуларын жақсы білулері керек.



***

Жер мəселесі — қазақтың тірі я өлі болуының мəселесі.



***

Оқусыз халық қанша бай болса да — біраз жылдардан кейін 

оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшеді.

***

Білім — бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не 

істесе де келістіріп істейді.

***

Халықтың ісі — бұрап қалса басқа жөнге келетін машинаның 

тетігі емес.

***

Жұртқа керегін білетіндер — көп, істейтіндер — аз.



***

Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ ба-

лалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп 

істей берсе — ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы.



***

Талап жоқ, үміт мол бір халықпыз.



***

Қарышта өз жұртыңа барың болса,

Өзге елдің өзінде көп бізден басқа.

***

Жұрт ұқпаса — ұқпасын, жабықпаймын,

Ел бүтіншіл, менікі ертеңгі үшін.

***

Ұл туып, ұлы жолда қызмет етсе,

Онан зор ұлтқа бар ма ырыс деген?!



114

115


МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ

(1885–1935 жж.)

азіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қа-

расты Қызбел ауылында дүниеге келген. Қазақтың аса 

көрнекті ағартушы, ақыны. Публицист, көсемсөз шебері, мем-

лекеттік тəуелсіздік жолында күрескен саяси қайраткер, то-

талитарлық жүйенің құрбаны. 1909 жылы Уфа қаласында ба-

сылған «Оян, қазақ» жинағы үшін түрмеге қамалған. 

Міржақып Дулатов əдебиеттің əртүрлі жанрында қалам 

тартқан қаламгер. Оның өлеңдерінің басты тақырыбы — ел 

тағдыры. Қазақ əдебиетіндегі таза көркем проза үлгісіндегі 

«Бақытсыз Жамал» атты тұңғыш романның авторы.

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты.

***

Қазақ тілі бай, таза іргелі жұрт тілі деп бəріміз де айтамыз… 

Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, əдебиетіміз 

өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың тілі болса да түу басында біздікі 

секілді таза да, бай болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі 

қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз 

таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа 

жұрттардың оқуын оқыдық… Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, 

Медине, Стамбұлда да оқып қайтқандарымыз бар. Солардың бəрі 

елге ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр. Бұлардың 

сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр… 

Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша болсын дегенде 

бұлардың бəрінің негізі «Тіл құралы» екенін ұмытпасқа керек.

***

Қазақта жазылмайтын бір ауру бар — 

Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.

***

Кемшіліксіз халық жоқ.



***

Қазақтың халық пайдасы деген іске шегініп тұратыны жаман.



***

Мақсатым — халық түзетпек.



***

Үш жүзге біздің қазақ бөлінеді,

Осылай шежіреден көрінеді.



жүктеу 8,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау