Algy soz indd Қазақ халқының тарихындағы



жүктеу 8,21 Mb.
Pdf просмотр
бет1/24
Дата14.11.2018
өлшемі8,21 Mb.
#19543
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Algy_soz.indd

Қазақ халқының тарихындағы

ұлы  тұлғалардың Отан,

патриотизм туралы нақыл-өсиеттері, 

даналық ойлары мен қанатты сөздері 

Алматы


«Раритет»

2015



Бабадан  қалған  асыл  сөз:

Бабадан қалған асыл сөз:  Қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың Отан, 

патриотизм туралы нақыл-өсиеттері, даналық ойлары мен қанатты сөздері / Құраст. А. Аки-

шева.. — Алматы: Раритет, 2015. — 200 б.

ISBN 978-601-250-273-2

Ұлтымыздың бірегей де ұлы тұлғаларының даналық ойлары, қанатты сөздері — елдігіміздің, бірлігіміздің, 

рухани болмысымыздың ерекше бір көрінісі, теңеусіз бай қазынасы. Қазақ хандығының 550 жылдық 

мерейлі тойына орайластырылған осынау жинақта Ұлы Даланың шешендік өнерінде терең із қалдырған ұлы 

ғұламалар мен дана ойшылдардың, ақын-жазушылар мен мемлекет қайраткерлерінің, ел билеген қағандар 

мен əскери қолбасшылардың, данышпан тұлғалардың ел ішін ауызбірлікке, татулыққа шақырған салиқалы 

ой-толғаныстары, келер ұрпаққа арнаған өнеге-өсиеттері, қанатты сөздері, сондай-ақ Отан туралы, тіл тура-

лы жыр-толғаулары мен өлең, дастандарынан алынған үзінділер уақыт елегіне сай, хронологиялық тұрғыдан 

топтастырылған.

«Бабадан қалған асыл сөз» жинағынан ата-баба өсиетіне ден қойған əрбір оқырман өз қалауын табады 

деген үміттеміз.

© Акишева А., құраст., 2015

© «Раритет» баспа компаниясы, 2015

ƏОЖ 821.512.122-1

КБЖ 84(5қаз)7-5

Б12

ƏОЖ 821.512.122-1



КБЖ 84(5қаз)7-5 

Б12


ISBN 978-601-250-273-2

Қазақстан Республикасы

Мəдениет жəне спорт министрлігі

«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»

бағдарламасы бойынша жарық көрді

Құрастырған

Асия Акишева


5

4

ТОНЫКӨК



(646–741 жж.)

қыл иесі, сөз иесі мен болдым» деп ашығын айтқан 

Түрік қағанаты тарихындағы бірегей тұлға Тоныкөк 

(Тоңыұқық) тапқыр да шешен сөзімен, ер жүрек батырлығымен 

белгілі болған. Оғыз тайпасынан шыққан кемеңгер тұлға Екінші 

Шығыс Түркі Қағанатының шаңырағын көтеруге ат салысқан. 

Түркі жұртының ерлігі мен елдігін тасқа қашап, ұрпағына 

өшпес мұра қалдырған Тоныкөк: «Бүкіл түркі жұртына қарулы 

жау келтірмедім, атты əскер жолатпадым. Ел төресі жау-

ламаса, оған еріп мен жауламасам, елім, халқым жойылар 

еді. Оның шабуылының нəтижесінде, менің шабуылымның 

нəтижесінде еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық бол-

ды. Өзім қартайдым, ұлық болдым. Түркі Білге қағанның еліне 

арнап тасқа жаздырған мен Білге Тоныкөкпін» деп қолтаңба 

қалдырған.

Қағаны — батыр, ақылгөйі — кемеңгер елдің бағы жанады.

4

АСЫЛ СӨЗГЕ ӨЛІМ ЖОҚ...

Қазақ даласы сөз ұстаған дана перзенттен ешқашан да кенде болмаған. 

Оны көне түркі дəуіріндегі тас бəдіздерде бедерленген бабалар мұрасынан 

да аңғарамыз. Тас бəдіздерде бедерленген бабалардың ойы ортағасырлық 

ұлы тұлғалар Əбунасыр əл-Фараби, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұн т.б. 

ғалымдар мен ақындардың еңбектері мен көркем туындыларында жалғасын 

тапты. Ал Шу бойында Қазақ хандығы іргетасын қалаған тарихи кезеңнен 

соң келелі сөз тізгіні билер мен жырауларға тиді. Ұрпақ пен ұрпақ арасында-

ғы тарихи сабақтастық үзілген жоқ.

Құдіретті ойды ұрпақтар игілігіне жеткізетін асыл сөзді халқымыз 

«бейнелі ой» деп бекер айтпаса керек. Сары даланың тыныс-тіршілігін, 

ғұлама жазушы Мұхтар Омарханұлы Əуезов жазғандай, қазақ қашанда 

«мөлдіретіп, төгілдіріп, кестелі сөзбен бейнелеп бере білген ғой». Ата-

бабамыздан қалған елдік пен ерлік, атамекен мен туған жер, ұлтымыздың 

адами қалпы мен мінез-құлқы, тұрмыс-салты жайындағы қанатты сөздер 

мен мақал-мəтелдердің, нақыл өсиеттері мен дана сөздерінің қай-қайсысын 

алсақ та «түйіп айтқан терең ойды» танытады. 

«Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп ақиық ақындары мен жезтаңдай шешендерін 

тыңдай білген халқымыз, енді бір сөзінде: «Асыл сөзге өлім жоқ» деп 

келістіріп айтқан. Ұрпақтан-ұрпаққа «зерделі кестемен» жететін бабадан 

қалған асыл сөздің құдіретін халқымыз қай кезеңде, қай дəуірде болса да 

ұғынып қана қоймай, ұлықтай да білген. Осы дəстүр алдағы күндері де өз 

жалғасын таба береді деген үміттеміз. 

Қолдарыңыздағы «Бабадан қалған асыл сөз» жинағы ата-баба өсиетіне 

ден қойған əрбір қазақ оқырманы үшін қызықты да қажетті кітап болады де-

ген ойдамыз. Бабалардың өсиеті мен өміршең ой-пікірлері өскелең ұрпақты 

өткеннен сабақ алып өсуге үйретіп, өрге сүйрей беретініне еш күмəніміз жоқ.

Құрастырушы



6

7

* * *

Жауыңды — басындырма, халқыңды — ашыңдырма.

* * *

Күші толып, кемеліне келмесе ел,

Күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмес ер.

* * *

Қағансыз ел — кіріптар.



* * *

Пəтуасыз ер — елге сор.



* * *

Ел қамын жеген ер — басшы.



* * *

Түнде — ұйқы көрмедім, күндіз — күлкі көрмедім; қызыл 

қаным төгілді, қара терім сөгілді; күшімді сарқа жұмсадым, жауға 

да шаптым құрсанып — бəрі елім үшін!



* * *

Пəтуасыз табылса, ол халықтың қанша соры бар десеңізші!



БІЛГЕ (МЕРГЕН)

(684–734 жж.)

лты жасында жетім қалған Білге (Мерген — Моги-

лян) өсе келе əскери дарындылығымен, ақылды ойымен 

қаймана жұрттың қошеметіне ие болып, түрік-қытай билеу-

шілерінің ықыласына бөленген. Құтлық қағанның (Елтерістің) 

үлкен ұлы, Күлтегіннің ағасы. Көне түркі мемлекетін 19 жыл 

бойы басқарған оның даналық сөздерінде елдің біртұтастығын 

көксеген терең де саралы ой жатыр. Түрiк Елінің бiрегей 

тұлғасы атанған Білге iнiсi Күлтегiнмен бiрге елдің қамы, 

жердің тұтастығы үшін күресіп, көшпелiлер империясының 

іргесін бекіткен.

Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ.



* * *

Жоқ халықты бар қылу — қағанның қолында.




жүктеу 8,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау