50
Алайда кейбір елдерде бұл процесс енді дами бастады. Денсаулығына байланысты мүмкіндігі
шектеулі балалардың инклюзивті білім алуын дамытуға көптеген кедергілер мен факторлар
туындайды. Мысалы, Бельгияда денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалардың
инклюзивті білім беру процесін дамыту қарама-қайшылықтарға яғни арнайы білім беруге қатысты
ғылыми-негізделген тәсілдердің жетіспеуіне байланысты жай іске асуда. Жалпы білім беретін
мектеп педагогтарының іс әреткетіндегі келіспеушіліктер, білім берудің мектеп ішілік тиімді
жүйесінің болмауы елдегі инклюзивті білім беру жүйесінің дамуына кедергілер болды. Шет елдік
зерттеулер денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті білім алу
идеясына, арнайы көмек көрсетуге позитивті көзқараста екенін көрсетті. Бұл санаттағы балаларға
инклюзивті білім беру процесінде басым рөл атқаратын арнайы білім беру жүйесі, ол білім беру
жүйесінде және тұтастай қоғамда олардың әлеуметтік интеграциясын қамтамасыз етуге қабілетті.
Арнайы педагогтар оқу үрдісін ұйымдастыруға белсенді көзқараста: сабақта және сабақтан
тыс уақытта, денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға жеке және топтық көмек
көрсету жүйесі, жалпы мектеп педагогтарына тәжірибелік көмек көрсету, сол сыныптағы
дені сау
балалармен тәрбие сабақтарын жүргізу, ата-аналар мен мектептің ара-қатынасын орнатуда.
Педагогтар мен оқушыларға арнайы қолдау көрсетуді- денсаулығына байланысты мүмкіндігі
шектеулі балаларды қолдау орталықтарының түзету педагогтары атқарады. Арнайы педагогтың
міндеті жалпы мектептің педагогтарын жұмыс ерекшеліктерімен, әдістерді, оқыту
бағдарламаларын жоспарлауға ақпараттандыру.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға жеке қолдау көрсету оқу процессінде уақытша пайда болған
қиындықтарды жеңуге бағытталған.
Бұл мамандар негізінен сыртқы консультант-кеңесшілер болғанына қарамастан, осы балаларға
инклюзивті білім беру үдерісіне жауапкершілік тапсырылған.
Талдау жұмыстары көрсеткендей, тәжірибеде жалпы біілм беретін мекеме педагогтары
балаларды біріктіріп оқыту процесінде қиындықтармен кездеседі және балалардың ата-аналары
мен педагогтардың алаңдаушылық жағдайымен сипатталады. Педагогтардың типтік қиындықтары
инклюзивті білім беру жүйесі жайлы жеткіліксіз ақпарат алғандығы, денсаулығына байланысты
мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау-басқарудың ішкі жүйесінің болмауы, инклюзивті білім
беру жүйесінде арнайы педагогтар, медицина
ғылым саласы мамандары, қоғамдық ұйым мүшелері
көрсететін сыртқы қолдау түрінің таралуы.
Грецияда келесі факторларға сай қарама-қайшылықтар байқалды:
1. денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мекемеге
ресми түрде енгізу мониторингін қатаң бюрократиялық сыртқы бақылау жүйесінің болуы;
2. мектептерде денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім
беруді іске асыру нақты құрылымында білім беру жүйесінің жалпыға ортақ білім беру саясатының
болмауы;
3. денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға жекебілім беру бағдарламасын
жоспарлауға,балалардың жалпы білім бағдарламасы талаптарын меңгеруге бағдарлауға уақыттың
жетіспеуі, балалардың жеке ерекшеліктеріне сай білім беру емес әлеуметтік-қоғамдық нормаларға
сай
білім беру;
4. мектептердің әдістемелік және материалды-техникалық қамту деңгейі, инклюзивті
сыныпта жұмыс істейтін педагогтардың біліктілігі инклюзивті білім беруді іске асыруға сай емес.
Сонымен қатар, денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті
білім алуына ғылыми-негізделген тәсілдердің жетіспеуі шет елдік зерттеушілерді оқу процесін
тәжірибелік тұрғыдан іске асыруда мектепте балалардың әр түрлі оқу қажеттіліктері емес оларды
аз уақыт ішінде нормаға айналдыру үшін күрес жүретінін дәлелдеді [1]. Денсаулығына
байланысты мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары балаларының өмірін қамтамасыз ету
үшін үйде оқытуды мақсатқа бағытталған деп санайды.
Грециядағы денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру
жүйесі- білім берудің жаңартылған деңгейін қалыптастыруға емес, оқушылардың қоғам бетіткен
нормалар мен стандарттарын меңгеруіне және қалыпқа келтіруге бағытталған.
Арнайы білім беру мен жалпы білім беру жүйелері арасындағы қарама-қайшылықтар
көптеген мемлекеттерде байқалады. Мысалы, Швеция заңдылықтары бір жағынан денсаулығына
байланысты мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына құқықтары бар екеніне кепіл, екінші
жағынан бұл балалардың жалпы білім беру жүйесінде білім алуына құқықтарын шектейді.
Швецияда білім беру саясатында денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалардың
51
инклюзивті білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім беретін мектептердің «Sami schools» -саны
шектеулі [3].
Инклюзивті сыныптарда жалпы білім беретін мекеме педагогының арнайы педагопен немесе
асистентпен бірлесе жұмысы арқылы арнайы қолдаулар көрсетіледі. Аталған көмектің
ұйымдастырылу формалары:
1. жалпы мектеп педагогы
арнайы маманнан кеңес алуы;
2. арнайы педагогтар мен ассистенттер сабақ барысында немесе белгілі уақытта оқушыларға
қажетті көмек көрсетеді;
3. денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалар педагог пен арнайы маманның
құрастырған бейімделген материалдармен және жеке
бағдарламалармен жұмыс жасайды;
4. мұғалімдерді қолдау жергілікті арнайы мектеп базасында құрылған орталықтармен «
Ерекше оқытуды қажет етеін балалар оқытудың Ұлттық институттары» («National Insninute for
special needs») іске асады;
Әр түрлі мектептерде денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті
білім беруді тәжірибелік тұрғыдан іске асыру арнайы педагогтардың көмегі әрқашан жүйелі емес
тек жалпы мектеп педагогтары жұмыста қиындықтармен кездескенде ғана көрсетіледі.
Жалпы білім беретін мекеме педагогтары ұжымдастарымен, ассистентпен бірлесе жұмысты
жоспарлау және ұйымдастыру, ата-аналарға қолдау көрсету олардың уақытын алып, балаларды
оқытуға кедергілер келтіреді деп есептейді. Өз кезегінде арнайы педагогтар өздерінің
денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға, жалпы білім беретін педагогтарға
көмегін маңызды деп есептейді. Алайда денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға
көрсетілмеген көмек және оның тиімді іске аспауымен сипатталады [3].
Қорытындылай келе мектеп басшылары, жергілікті ұлттық білім беру жүйесі деңгейінің
денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беруді іске асыруда
жауапкершілікті
орталықсыздандыру
процесімен
аяқталмайды.
Біздің
түсінігімізде
орталықсыздандыру дегеніміз- оның ұйымдастырылуының әртүрлі деңгейлерінде инклюзивті
білім беру процесіне қатысушы денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалардың
жалпыға бірдей тиімді шешім табудың біріккен мақсаты болып табылатын ашық және айқын
диалогтық кеңістікті құрудың бір құралы. Мысалы, Италиядағы жергілікті білім басқармасы
тәжірибелі тұрғыда автономиялы емес, алайда бірнеше жылдар бойы денсаулығына байланысты
мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беруді енгізе отырып зерттеу жұмыстарын
жүргізуде. Ұлттық білім беру жүйесі және жергілікті білім беру басқармасының жетістікке жетуі
денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру ұлттық білім
беру саясатының мақсат міндеттеріне сай барлық аудандарда балалардың 98%-ын қамтыды.
Дат ғалымдарының пікірінше, денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға
инклюзивті білім беру жалпы білім берудегі арнайы білім беру жүйесінің таралуы таралуы
заңдылық болып табылады. Демек осы процестің дамуына орай арнайы және жалпы білім беру
жүйесі жалпы идеялары арқылы бірте-бірте жақындайды. Бұл көзқарастың шындығы шет елдерде
денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беруде тиімділігін
арттыру, оңтайлы қолдау моделін құру үшін арнайы педагогтары мен жалпы мектеп педагогтары
ынтымақтаса жұмыс істейді. Әлемнің әр түрлі елдерінің тәжірибесін зерттеу барысында педаготар
мен денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру процесіне
енгізілген қолдау көрсету моделдерін анықтадық:
- консультациялық модель- арнайы педагог жалпы білім беретін педагогтар, денсаулығына
байланысты мүмкіндігі шектеулі балалармен кеңес жүргізеді;
- топтық модель- арнайы педагог жалпы білім беретін педагогтарға кешенді қолдау көрсетеді.
Балалардың коммуникативті, әлеуметтік құзыреттіліктерін дамытуға арналған әдіс-тәсілдерді
модификациялауға
көмектесу;
- паралелльді оқыту моделі- жалпы білім беретін мекемедегі «ресурстық бөлмеде»арнайы
педагогтар арнайы сыныптағы кіші топтарға
немесе жеке қолдау көрсетеді;
- педагогтардың бірлескен моделі-арнайы педагог, жалпы білім беретін педагогтар бірігіп жалпы
білім беретін сыныпта барлық балаларға сабақта және сабақтын тыс уақытта қолдау көрсетеді.
Айта кететін болсақ денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті
білім беру процесінде педагогтар барлық балаларды қолдау үшін біріккен «Бірлескен оқыту
моделін» қолданады. Арнайы педагогтар жалпы білім беретін мекемеде толық немесе арнайы
қолдау орталықтарынан шақыртылған болуы мүмкін. Мысалы, Австрия, Бельгия, Франция,
Греция, Люксембург, Нидерланды, Щвейцарияның арнайы білім беру педагогтары әрқашан