АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика және психология институты
Арнайы білім беру бағдарламасы
2 курс логопедия мамандандырылуының
педагогикалық практикасының
Баяндама
Тақырыбы: Арнайы мектептерде оқитындардың бұзылу түрлері бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына кеңес беру жоспарын құру.
Практика жетекшісі ; п.ғ.магистрі аға оқытушы Байдосова.Д.Қ
Алматы 2022
Арнайы мектептерде оқитындардың бұзылу түрлері бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына кеңес беру жоспарын құру.
Ерекше білімді қажет ететін балалар мектепке барғанда ата-аналарда пайда болатын қиындықтар
1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру мектебінде оқыту процесіне ата-аналардың әлсіз қатысуы. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың ата-аналарының жалпы білім беру мектебін таңдау себептері:
а) жақсы білім алады, қабілеттерін, қызығушылықтарын дамытады - 4,12 %
б) қарым-қатынасқа түсуге үйренеді, ортаға бейімделеді, жеке тұлғалық қасиеттері дамиды, адамгершілік қасиеттері тәрбиеленеді - 35,3 %.
в) жалпы білім беру мектебінде оқыту арқылы өзіндік қабілетін және тәуелсіз өмір сүруге үйренеді - 23,5%.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасы мен мұғалімдердің арасындағы қарама-қайшылықтардың себептері:
1) ата-ана баласының даму бұзылыстары бар екендігін мойындауы және ерекше білім алу қажеттіліктерін мойындау;
2) оқыту процесіндегі қиындықтар (сөйлеу бұзылыстары, ес процесінің әлсіздігі және т.б.);
3) ата-ананың мүмкіндігі шектеулі балаларға оқу процесінде қамқорлық жасамауы;
4) мүмкіндігі шектеулі балалардың білімдерін мұғалімдер дұрыс бағалай алмауы;
5) мүмкіндігі шектеулі балалардың себепсіз сабақтан қалуы;
6) арнайы білім беру бағдарламасы бойынша оқыту мүмкіндігінің жоқтығы;
7) мүмкіндігі шектеулі балалардың сыныпен қақтығысқа түсуі;
8) мүмкіндігі шектеулі балалардың тез шаршауы.
Мұғалімдер мен ата-аналардың келіспеулері:
1) мұғалімнің объективті қарай алмауы;
2) оқу талаптарының тым жоғары болуы;
3) бағалаумен келіспеу[3].
2. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары мен мұғалімдердің арасында байланыс орнатудағы қиындықтардың себептері:
1) ата-аналардың уақыты болмауы;
2) мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының өз ой-пікірін (оқу процесіне қатысты) айта алмауы, ертеңгі күні мұғалімнің балаға көзқарасы өзгеруінен қорқу;
3) ата-ананың өз баласы туралы жаман сөз естуден қорқу;
4) баланың өз бетінше жүруі, мектептің іс-әрекеттеріне араласу қажеттілігінің жоқтығы;
5) мектептің мәселелерін шешуге мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының араласу құқықтарының жоқтығы;
6) баласымен жеке жұмыс жүргізілгені үшін материалдық төмен жасау қажеттілігінен қорқу.
Ата-аналардың ойынша, мүмкіндігі шектеулі балалар жақсырақ оқитын еді, егер мектепте келесі жағдайлар жасалған болса:
1) жалпы білім беретін мектептің штатына арнайы педагогтар немесе тьюторлар қосылса;
2) ұзартылған күн топтары ашылса;
3) мектептің штаттық маманы қосымша түзету сабақтарын жүргізсе;
4) баланың жеке даму ерекшеліктері ескерілсе;
5) оқыту процесінде заманауи көмекші аппаратура мен технологиялар қолданылса;
6) мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке тұлғасына сыйластықпен қараса
|
Ерекше білімді қажет ететін балалары бар отбасына психологиялық - педагогикалық қолдау
Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы - бұл ерекше мәртебеге ие отбасы.
Олардың ерекшеліктері мен проблемалары, сол отбасы мүшелерінің жеке ерекшеліктерімен, олардың өзара қарым-қатынастарымен ғана анықталмайды, бұл отбасында кемтар баланың проблемалары басым болады, көп жағдайда, мүгедек баланың анасына, жұмыс істеуден бас тартуға тура келеді.
Кішкентай мүгедек балалар оқшау өмір сүрмейді, отбасы, бала үшін анағұрлым жайлы, әрі жақын әлеуметтік орта. Бірақ, отбасында кемтар баланың болуы тәрізді жағдай отбасының кейбір мүмкіндіктерін шектейді. Мысалы, отбасы мүшелеріне мол табыс табу мүмкіндігінен, әлеуметтік белсенділіктен немесе алыс, қымбат жерлерде демалу тәрізді мүмкіндіктерден, бас тартуға тура келеді. Даму мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылардың, әдетте дәрігерлік және әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктері, олардың әлеуметтік жағдайына сай бола бермейді[5].
Осыған байланысты, әлеуметтік ұйымдардың, мекемелердің қызметкерлері, мұндай отбасыларына әлеуметтікреабилитациялық көмек көрсетеді. Даму мүмкіндігі шектеуді балаларды әлеуметтік реабилитациялау технологиясы, барлық шараларға ата - аналардың қатысуын міндеттейді. Сөйтіп, балалар мен ата - аналарды қатар оқып - үйретеді, ата - аналар үйде баламен жұмыс істеуге, оны әлеуметтік ортада, тәуелсіз өмір сүруге баулуға үйренеді.
Отбасы - баланың тығыз араласатын, ең жақын әлеуметтік ортасы. Отбасында кемтар баланың дүниеге келуі, әрине атаанаға өте ауыр соққы болып тиеді. Егер отбасында дені сау баланың дүниеге келуі, адамзат баласына жаңа бір қуаныш, мақтаныш, рахат сезім әкелетін болса, кеміс баланың тууы керісінше, отбасындағы зұлмат тәрізді бағаланады. Осы жағдай негізінде, ата-аналар арасындағы қарым-қатынастар бұзылады, кейбір жағдайда ата-аналар ажырасады немесе баладан мүлдем бас тартады. Кеміс баланың дүниеге келуі, барлық ата-анаға бірдей әсер етпейді, бірақ басым көпшілігін күшті психологиялық күйзеліске (стресс) ұшыратады, сөйтіп психиканың бұзылуына әкеп соқтырады[6].
Ата - аналардың көпшілігі, күнделікті тіршілікті жалғастыру қажеттілігін сезінеді, біртіндеп күш жинайды, сөйтіп, кеміс баланы тәрбиелеуге кіріседі. Кеміс баласы бар отбасында, толып жатқан проблемалар туындайды: дамудағы кемістіктің қандай көріністе болатыны туралы мағлұматтың болмауы, баланың болашақтағы дамуы туралы болжай алмау, өздері қамқорлық жасай алмайтын уақытта, баланың тағдыры үшін алаңдау; ата-аналардың психологиялық дезадаптациясы; Мұндай баланың дүниеге келуіне кім кінәлі? деген сұраққа, жауап табуға тырысу; кеміс баланы тәрбиелеуден бас тарту мен баланы мемлекеттік мекемеге орналастыру туралы шешім қабылдаудағы сергелдең т.б., сонымен қатар, кеміс баланың тууымен қатар, материалдық және әлеуметтік проблемалар пайда болады, отбасы мен қоғам арасындағы қарым-қатынас қиындайды Егер мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік және моральды - психологиялық қолдау жеткіліксіз болса, мұндай жағдаяттар асқына түсуі мүмкін[7].
Сондықтан, кеміс баланы үй жағдайында тәрбиелеу туралы, атааналарды сауаттандыру жұмыстары жүргізіледі, арнайы әдебиеттермен қамтамасыз етеді. Дамуында қандай бір ауытқуы бар баласы бар ата-аналардың мінез-құлқының бірнеше түрін ажыратады:
- Ата - ананың баланы, оның кемістігімен бірге қабылдауы - баланың кемістігін қабылдайды, адекватты бағалайды және балаға шынайы адалдық көрсетеді, оның кемістігіне деген жағымсыз көзқарас, өзін, баланы кінәлау сезімі болмайды.
- Теріске шығару, мойындамау реакциясы - баланың кемістігі мен мүмкіндіктерінің шектелуі теріске шығарылады, сондықтан, баласының қабілетінің жоғары болуын талап етеді.
- Шектен тыс қорғау реакциясы - бұл тым, күшті қамқорлық жасау, балаға аяныш сезімімен қарау және шектен тыс жақсы көру. Баланың орындайтын істерін өздері орындайды, нәтижесінде, бала өздігімен әрекеттенуге дәрменсіз, өмір бойы инфантильдік деңгейде қалып қояды.
- Баладан жасырын бас тарту, шеттету - мұнда кемістік масқара, ұят болып саналады. Ата - аналар, өздерінің жиреніш, жеккөрініш сезімдерін, шектен тыс қамқорлықпен бүркемелейді.
- Баладан ашық бас тарту, шеттету - мұндай ата - аналар өздерінің жауығу, жеккөру сезімдерін жасырмайды. Ата - аналар өздерінің бақытсыздығына, қоғамды, дәрігерлерді, мұғалімдерді кіналайды, балаға, оның кемістігіне адекватты емес көзқараспен қарайды[8].
Шектен тыс қамқорлық (протекция) пен бас тарту, жасырын немесе ашық шеттету - мұның барлығы, ата-ананың теріс реакциялары, бұлар баланың дамуын тежейді немесе дамуға кедергі жасайды. Мұндай отбасыларына психологиялық қолдау қажет, сондықтан, мұнда әлеуметтік қызметкерлер, арнайы мамандар үлкен рөл атқарады.
Балаға әлеуметтік реабилитация жасауды, оның өзінен емес, ата-анасынан бастаған дұрыс, нақты айтқанда, олардың даму мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуге деген психологиялық даярлығын қалыптастырудан бастаған жөн. Кемістігі бар бала, ата-ана үшін, теріс эмоционалды сезім туғызып қана қоймайды, ол отбасының үйреншікті тұрмысын, өмір сүру жағдайын өзгертеді, отбасындағы басқа балаларға деген көзқарас пен олармен қарым-қатынасты өзгертеді.
Кейбір отбасылар, өзінің кеміс баласымен, ел көзіне түспеуге тырысып, тасаланады, аяушылыққа немесе мазаққа тап болудан қорқады, басқа отбасылармен, туғандармен қарым - қатынастарын шектейді.
Мұның барлығы, қоғамның кеміс балларды қабылдауға даярлығы деңгейіне байланысты, өкінішке орай, қоғам әлі бұған дайын емес. Қоғам, қоғам болғалы, дені сау адамдар мен даму мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында болатын, психологиялық кедергі әлі жоғалған жоқ. Бұл жағдайдан, кеміс балалар ғана емес, қоғамның өзі зардап шегеді, себебі адамдардың моральды қатігездігі арта түседі, өзге адамдардың бақытсыздығы мен қасіретіне деген сезімталдық жоғалады[9].
Ата - аналар сау баланың дүниеге келуін күткендіктен, кеміс баланы қабылдауға даяр болмайды, оны тәрбиелеуді ұйымдастыру бағыттарымен мүлдем таныс болмайды. Даму мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларының проблемалары мен кезігетін қиындықтары бірдей. Отбасы, бала үшін маңызды әлеуметтендіруші фактор, оның ықпалы өзге қоғамдық орталардың ықпалынан анағұрлым күшті.
Отбасында, бала ережелер мен тәртіп жүйесін меңгереді, қоғамдық мәдениет пен дәстүрге сәйкес білімдерді, құндылықтарды игереді, өмірлік тәжірибеде қолданады
Достарыңызбен бөлісу: |