Акционерное общество



жүктеу 0,5 Mb.
бет1/3
Дата20.05.2018
өлшемі0,5 Mb.
#14779
  1   2   3



«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы вице-президентінің «Технологияны бекіту туралы» 2010 жылғы «___»________ №____-Ц бұйрығымен бекітілді



Өзді-өзіне қызмет көрсететін транзакциялық терминал арқылы

алыс жолға жүретін және қала маңындағы поездарға жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеу технологиясы


  1. Жалпы ережелер

Өзді-өзіне қызмет көрсететін транзакциялық терминал арқылы алыс жолға жүретін және қала маңындағы поездарға жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеу технологиясы жолаушыларға қызмет көрсету мәдениеті мен сапасын арттыруға бағытталған. Ол өзді-өзіне қызмет көрсететін транзакциялық терминалдың (бұдан әрі - ӨҚТТ) «Экспресс-3» жолаушылар тасымалдарын басқарудың автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі - «Экспресс» АБЖ) өзара байланысына және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы – «Процессинг және тасымалдар үшін есеп айырысу дирекциясы» филиалының (бұдан әрі - ЦРПП) төлем жүйесіне негізделген, ол өз кезегінде «Қазақстанның Халық Банкі» Акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - ҚХБ) және Қазақстан Республикасының басқа да банктерімен қарым-қатынас жасайды.

ӨҚТТ арқылы алыс жолға жүретін және қала маңындағы поездарға жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатудың ақпараттық-транзакциялық жүйесін (бұдан әрі - АТЖ) құрудың мақсаты төмендегі қызметтерді:

«Экспресс» АБЖ-нен анықтамалық ақпарат алу;

қала маңындағы қатынаспен алыс жолға жүретін жолаушылар поездарында жол жүру реквизиттерін қалыптастыру;

жол жүру құжаттардың (билеттердің) құнын банктік карталарды пайдаланып, on-linе режимінде төлеу;

жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатып алу қызметтерін пайдалану мүмкіндігін беру арқылы темір жол көлігінің қызметтерін тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады.

Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу:

жолаушылар поездары, орындардың бар-жоғы, жол жүру құны туралы ақпарат алу және жол жүру құжаттарын (билеттерін) өз бетінше рәсімдеу үшін ӨҚТТ-ның «Экспресс» АБЖ-мен тікелей өзара қарым-қатынасы;

жол жүру құжаттарының (билеттерінің) құнын төлеу үшін ЦРПП төлем жүйесімен қарым-қатынасы есебінен қамтамасыз етіледі.

ӨҚТТ енгізу «Жолаушыларды тасымалы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам):

жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату полигонын кеңейту;

банктік карталар бойынша Интернет арқылы төленген жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеу тәртіптерін жеңілдету;

темір жол көлігінің қызметтерін тұтынушыларды қызмет көрсетудің жаңа деңгейімен қамтамасыз ету;

сатылмаған орындардың санын азайтуға;

жолаушыларды тасымалдаудың әлемдік нарығындағы мәртебесін арттыру арқылы қамтамасыз етіледі.
2. ӨҚТТ мәні

Осы технология жол жүру құжаттарын (билеттерін) «Экспресс» АБЖ-ға және ЦРПП-ның төлем жүйесіне қосылған ӨҚТТ арқылы рәсімдеу тәртібін анықтайды. Технология мыналарды:



  1. жеке тұлғаларға АТЖ арқылы алыс жолға жүретін және қала маңындағы қатынастағы жолаушылар поездарына жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату жөніндегі қызметтерді ұсыну үдерісіне қатысқан Қоғам қызметкерлерінің іс-қимылын;

  2. ӨҚТТ арқылы жол жүру реквизиттерін қалыптастыру, «Экспресс» АБЖ-ға жол жүру құжаттарының (билеттерінің) тиісті электронды мәліметтерін базасын енгізу және жеке тұлғаларға банктік карталар бойынша жол жүру құжаттарының құнын төлеу үдерісін;

  3. жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеу үдерісін сипаттайды.


3. ӨҚТТ сипаттамасы

ӨҚТТ өз-өзіне қызмет көрсету режиміндегі жеке тұлғаларға тікелей жол жүру құжаттарын (билеттерді) рәсімдеу технологиясында пайдаланылатын жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуға арналған құрылғы болып табылады.

Алыс жолға жүретін және қала маңындағы қатынастағы поездарға ӨҚТТ арқылы жол жүру құжаттарын сату мыналардың болу есебінен қамтамасыз етіледі:

жол жүру құжаттарын (билеттерін), чектерді, бақылау ленталарын, жүргізілген операцияларды белгілеп жүрген журналды басуға арналған ннтерфейс пен басу құралын пайдалану үшін ыңғайлы ІР желісіне қосылған ӨҚТТ;

жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату үшін алыс жолға жүретін және қала маңындағы қатынастағы поездардың кестесі, орындарының болуы, жол жүру құны туралы ақпарат алу үшін «Экспресс» АБЖ-мен қарым-қатынас;

жол жүру құжаттарының (билеттерінің) құнын төлеу үшін ЦРПП төлем жүйесімен қарым-қатынас.

Осылайша, ӨҚТТ тәуелсіз модулдерден салынған бағдарламалық-аппараттық кешен болып табылады, олардың әрқайсысы өз қызметтерін атқаруы, сондай-ақ бір-бірімен қарым-қатынас жасауы тиіс:

жол жүру реквизиттерін қалыптастыру, жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату, тапсырыстың күшін жою және жол жүру құжаттарын (билеттерін) жою жөніндегі операциялар үшін ӨҚТТ-ның «Экспресс» БАЖ қарым-қатынас модулі;

қоғаммен төлем жүргізу және өзара есептесу үшін ӨҚТТ-ның ЦРПП-мен қарым-қатынас модулі;

ӨҚТТ-ның банктік картамен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін карта есептеушімен қарым-қатынас модулі;

өзара қарым-қатынас модулі бойынша басқаруды қамтамасыз ететін басты үдерісі болып табылатын ӨҚТТ-ның қызмет ету модулі;

ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін модуль.

ӨҚТТ тұтынушының интерфейсі арқылы бір жағынан жеке тұлғалармен, екінші жағынан басқа тараппен қарым-қатынас жасайды, ал тағы бір жағынан жол жүру құжаттары (билеттері) мен чектерді басып шығаруды қамтамасыз етеді. ӨҚТТ бақылау лентасын және «Экспресс» АБЖ мен ЦРПП сервисімен қарым-қатынасы бойынша жасалған барлық операцияларды белгілеп отыратын журналды жүргізеді.

ӨҚТТ-ның мынадай құрамы бар:

Корпус;

Магнитті жолақтан және микропроцессорлы карталардан оқуға арналған картридер;



Pin-кодты енгізуге арналған криптоклавиатура;

Монитор;


Сенсорлы панель;

Жүйелі блок;

Чектерді, жол жүру құжаттарын (билеттерді ) және бақылау ленталарын басып шығару үшін принтерлер жинағы;

1000 ВА үздіксіз қоректендіру көзі;

Ethernet 10/100 жүйелі адаптер.

ӨҚТТ жол жүру құжаттарын көлемі 203,2*82,55 мм болатын бір қабатты бланкілерге басып шығарады.

Жол жүру құжаттарының бланкілері үздіксіз лента түрінде толтырылады және 1000 данадан бір байламға жинақталады.
4. ӨҚТТ қызметі

ӨҚТТ-ның қызмет етуі 3 үдерістен тұрады:



  1. дайындық жұмыстарын жүргізу;

  2. өз-өзіне қызмет көрсету тәртібінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату;

  3. ӨҚТТ және апатты тәртіптегі жұмыстардың аяқталуына байланысты жұмыстарды жүргізу.

Сервисті тәртіпте жүзеге асыралатын дайындық жұмыстарын жүргізу мыналардан тұрады:

ӨҚТТ жұмысының өлшемдерін бір күйге келтіруге қатысты техникалық жұмыстарды, жол жүру құжаттарының бланкілерін салуды, бақылау ленталары мен чектарын басуға арналған ленталарын толтыруды жүргізу.

банктік карталар бойынша төлем жүргізу үшін ЦРПП төлем жүйесін бір күйге келтіруге және қосуға байланысты жұмыстарды жүргізу;

бір ауысымдағы есепті алу.

ӨҚТТ және апатты тәртіптегі жұмыстардың аяқталуына байланысты жұмыстарды жүргізу мыналардан тұрады:

бақылау ленталарын алу;

бір ауысымдағы есепті алу;

апатты жағдайда аяқталғанда – бұзылудың себебін анықтау, жағдаяттар журналын беру және талдау;

бір айдың ішінде рәсімделген жол жүру құжаттары туралы айлық есепті алу, оған «Экспресс» АБЖ-да қалыптасқан есеп берудің барлық тиісті нысандары жатады.

ӨҚТТ жеке тұлғаға жұмыстың екі тәртібін көрсетеді.

Бірінші тәртіпте (сату) жеке тұлға «Экспресс» АБЖ-да жол жүру талабын өз бетінше таңдап алуға, жол жүрудің қажетті реквизиттерін толықтыруға, жол жүру құжаттарының (билеттердің) құнын банктік карталар бойынша төлеуге және жол жүру билеттерін (билеттерді) рәсімдеуге мүмкіндігі бар. Жол жүру құжаттарының (билеттердің) құнын төлеу жеке тұлғаның банктік карталарын пайдаланып ЦРПП төлем жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Екінші тәртіп (беру) бұрын Интернет сайтында ЦРПП арқылы төленген жол жүру құжаттарын (билеттерін) басып шаруға және алуға бағытталған. Жеке тұлғаның тапсырыстың идентификациялық номерін және тапсырыста көрсетілген жолаушылардың бірінің жеке мәліметтерін енгізу мүмкіндігі болжанып отыр.

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) ӨҚТТ арқылы сату алыс жол жүру және қала маңы қатынасындағы поездарда жүргізіледі.

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату «Экспресс» АБЖ-да бос орындардың болған кезде Қазақстан Республикасының темір жол көлігінде жолаушыларды, жүктерді және ауыр жүктерді тасымалдау қағидасында (бұдан әрі – Тасымалдау қағидасы) белгіленген мерзімде жүргізіледі.

Сатуды 45 тәулік бұрын сату «Экспресс» АБЖ-да белгіленген сатуды ашу уақытына сай келеді.

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) ӨҚТТ арқылы сату «Экспресс» жүйесінің техникалық үзілісі кезеңінде Астана уақыты бойынша сағат 4.50-ден 5.50-ге дейін жүргізілмейді. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) поездың жөнелтілу уақытына дейін 30 минут бұрын жүзеге асырылады.

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) ӨҚТТ арқылы сату жүйесі ӨҚТТ-мен байланыстың бір сеансында кемінде 4 жолаушыға билет сатып алуды мүмкіндігін қарастырады. Сонымен қатар, әрбір жолаушының жеке мәліметтері көрсетілуі тиіс. Әрбір жолаушыға бір жол жүру құжаты (билеті) рәсімделеді.

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату теке қана «толық» және «балалар үшін» тарифі бойынша жүргізіледі.

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату халықаралық қатынастардағы (алыс және жақын шетелдер) поездарда жүргізілмейді.

Ақшасыз және жеңілдігі бар, сондай-ақ жолаушылардың ұйымдасқан топтары үшін жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеу жүргізілмейді.

ӨҚТТ-да жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару және қайта рәсімдеу жүргізілмейді. ӨҚТТ-да рәсімделген жол жүру құжаттары Тасымалдау қағидасына сәйкес Қоғамның билет кассаларына қайтарылуы немесе қайта рәсімделуі мүмкін.

Сонымен қатар, билет кассаларында орынды жолаушыға қайтарып берген жағдайда «Экспресс» АБЖ бланкісінде басылып жазылған орынды қайтару туралы «Қосымша құжат» беріледі. Жол жүру құжаттары диагонал бойынша жазылады, кассирдің есебіне қоса беріледі, ал ақшалай қаражат 5 жұмыс күннің ішінде төлем жүргізілген банктік картаға аударылады.

Сату тәсімі мынадай операциялардың орындалуын қарастырады:


  1. жеке тұлғаның банктік картасын картаны идентификациялау үшін есептеушіге орнатуы және ПИН-кодқа енгізуі;

  2. жеке тұлғаның алыс жолға жүретін және қала маңындағы қатынастағы поездармен жол жүруге тапсырыс реквизиттерін енгізу;

  3. «Экспресс» АБЖ-ға берілген реквизиттер бойынша жол жүру туралы ақпарат қалыптастыру.

  4. жеке тұлғаның жол жүру реквизиттерін келісу.

Жеке тұлғаның жол жүруге берілген тапсырысын келісу банктік төлем жүйесіне өтініш жасау арқылы жүзеге асырылады, ол банктік картада жеткілікті сома болған кезінде банктік карта бойынша төлем жүргізілуі тиіс.

Сәтті төленген төлемнен кейін төлемнің реквизиттері, тапсырыс номері және жол жүру реквизиттері көрсетілген чекті қалыптастыру және басып шығару, сондай-ақ жол жүру құжаттарын (билеттерді) басып шығару және беру жүргізіледі.

ӨҚТТ жұмысы сәтсіз аяқталған жағдайда чек берілген, бірақ жол жүру құжаты (билет) берілмеген сәтте жеке тұлға Қоғамның кез келген кассасында немесе басқа ӨҚТТ-да жол жүру құжатын (билетін) ала алады.

ӨҚТТ жұмысы сәтсіз аяқталған жағдайда, егер чек берілмеген, бірақ банктік картада ақшалай қаражат алынған жағдайда жеке тұлға аға билет кассиріне баруы керек, ол жеке тұлғаға жол жүру құжатын алуға көмек көрсетеді. Ол үшін жағдаяттар журналы бойынша аға билет кассирі:

тапсырыстың номері табуы керек және жеке тұлға тапсырыстың номерімен Қоғамның кез келген кассасында немесе басқа ӨҚТТ-да жол жүру құжатын (билетін) ала алады;

банктік картамен ақшалай қаражаттың алынғанын растау үшін ЦРПП-ға телефон бойынша (8 7172 606660, 606656) хабарласуы тиіс.

ӨҚТТ жұмысы сәтсіз аяқталған жағдайда, егер банктік картамен ақшалай қаражатты ала алмаса, онда тапсырыстың күші жойылады, ал банктік карта жолаушыға қайтарылады.

ӨҚТТ бұрыны Интернет арқылы төленген жол жүру құжаттарын (билеттерін) басып шығару және беру операцияларын орындау үшін жеке тұлға тапсырыстың номерін және жолаушылардың біреуінің тапсырыстағы мәліметтерін (толық аты-жөні және құжатының, жеке куәлігінің номерін) енгізуі керек. Көрсетілген мәліметтер қате болған жағдайда ӨҚТТ қатаң есеп беру бланкісінде жол жүру құжаттарының (билеттерінің) мөрлерін басады.

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) ӨҚТТ арқылы сатуды бақылау үшін құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері мынадай есептік құжаттарды ала алады:

ӨҚТТ жұмысы турасы ауысым есебі;

ӨҚТТ арқылы рәсімделген жол жүру құжаттары туралы есептер;

төленген, бірақ пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттер) туралы анықтама;

ӨҚТТ арқылы рәсімделген жол жүру құжаттары (билеттердің) тізімі;

рәсімделген тапсырыстар тізімі, оның ішінде басып шығарылмағандар да бар.

ӨҚТТ арқылы рәсімделген жол жүру құжаттары (билеттердің) тізімінің негізінде ҚХБ Қоғамның есептік шотына ақшалай түсімдерді аударуды жүзеге асырады.
5. ӨҚТТ арқылы жолаушылардың жол жүру құжаттарын рәсімдеу тәртібі
5.1. Жеке тұлғалардың жол жүру құжаттарын (билеттерді) ӨҚТТ арқылы сатып алу кезіндегі іс-әрекетінің жүйелігі

Жеке тұлға бәрінен бұрын ӨҚТТ жұмыс тәртібін (Интернет арқылы төленген билеттерді сату немесе алу) таңдауы тиіс.

Егер бірінші тәртіп таңдалса, жеке тұлға банктік картаны қоюы тиіс.

Содан кейін карта қойылып, дұрыс PIN-код енгізілгеннен кейін жеке тұлғаға Жол жүру құжаттарын сату қағидасымен танысып, аталған Қағиданың ережелеріне келісу ұсынылады.

Одан кейін ӨҚТТ экранына жол жүру реквизиттерін енгізу үшін сұраным шегі бар «Алыс жолға жүретін және қала маңындағы қатынастағы поездарға билеттер сату» деген терезе шығары. ӨҚТТ экранына өтініш жасаған сәттегі (ағымдағы тәуліктен 45 күнге дейін) жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату мерзімінің қол жетімділігі туралы ақпарат шығады.

Жол жүру реквизиттерін таңдау бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады.




Жолаушыларға арналған ақпарат

Сіз алыс жолға жүретін және қала маңындағы қатынастағы поездарға толық және балаларға арналған тариф бойынша жол жүру құжаттарын (билеттер) сатып ала аласыз.

Мынадай билет түрлерін сату және рәсімдеу жүргізілмейді:

жеңілдік берілген және ақшасыз, оның ішінде жеке орын алмайтын 7 жасқа дейін балаларға жол жүру құжаттары (билеттер).

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) поезд жөнелтілгенге дейінгі 45 тәулікке рәсімдеу Астана уақыты бойынша 06.00-ден бастап, Астана уақыты бойынша сағат 4.50-ден 5.50-ке дейінгі техникалық үзілісті қоспағанда жүзеге асырылады.

Тапсырыстың поездың жөнелтілу тәулігінде рәсімделуі поездың жөнелтілуіне дейін 30 минут бұрын жүзеге асыралады.

Бір тапсырыста Сіз әрбір жолаушыға жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеп, кемінде 4 жолаушыға ақы төлей аласыз.

Бір құжат бойынша 2 СВ үлгісіне жол жүру құжатын (билетін) немесе 2 және 4 купе орындарына рәсімдеуге болады, сонымен қатар аталған орындарда мәліметтері жол жүру құжаттарында (билеттерінде) көрсетілген бір ғана жолаушы жол жүре алады және аталған орында бөгде тұлғаның жол жүруіне жол берілмейді.


Балалардың жол жүруін рәсімдеу

Жолаушы өзімен бірге 7 жасқа дейінгі бір баланы тегін алып жүре алады, егер ол толық бір орын алмайтын болса.

7 жасқа толмаған балаға жолаушының қалауы бойынша балаларға арналған тариф бойынша орны бар жол жүру құжатын (билет) сатылады.

7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға және 7 жастарға бір баладан артық баланың жеке орын алып жол жүруі үшін «балаларға арналған» тариф бойынша төленген жол жүру құжатын (билетін) сатып алу керек. 15 жасқа толған және одан үлкен балаларға «толық» тарифі бойынша жол жүру билеттері сатып алынады.

Балаларға арналған билеттері бар жолаушылардың ересектердің ілесуінсіз жол жүруіне жол берілмейді.

Балаларға арналған тариф бойынша билет сату тек ересектерге арналған тариф бойынша билет сатылғанда ғана рәсімделе алады.

Баланың жасы жол жүру басталған күнге сай анықталады.

Жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайтару

Өз-өзіне қызмет көрсететін транзакциялық терминал арқылы сатып алынған жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару белгіленген мерзімде «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларында тек номері жол жүру құжатында (билеттерінде) көрсетілген жолаушының құжатын, жеке куәлігін көрсеткен кезде ғана жүргізіледі.

Сонымен қатар, жол жүру құжаттары алынып, кассирдің есебіне қоса беріледі, ал ақшалай қаражат 5 жұмыс күні ішінде төлем жүргізілген банктік картаға аударылады.

Ақшалай қаражатты көрсетілген мерзімнің ішінде аудармаған жағдайда жолаушы «Жолаушыларды тасымалдау» АҚ Бухгалтериясына жүгіне алады. Телефоны +7 (7172) 600189, 600238.

Бір транзакциямен сатып алынған 2 немесе одан да көп жол жүру құжаттары (билеттері) бірнеше рет қайтарылған жағдайда, екінші және кейінгі қайтарулар бойынша ақша қаражатын аудару күнтізбелік 15 күн ішінде қуыным ету тәртібімен жүзеге асырылады. Бұл үшін жолаушы Қоғамға банк атауын, клиентінің 20 мәнді сәйкестендіру кодын (КСК) және сатып алу жүзеге асырылған төлем (банктік) картасының нөмірін көрсете отырып, жол жүру құжатының қайтарылғанын растайтын қосымша құжаттың түпнұсқасын, жеке басы куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің (СТН) көшірмесін қоса бере отырып өтініш жіберуі тиіс.

Тапсырысты рәсімдеу процедурасы

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатып алуға тапсырысты рәсімдеу жол жүру реквизиттерін таңдау және әрбір жолаушының жеке мәліметтерін толықтыру арқылы жүзеге асыралады.

Жол жүру реквизиттерінің және әрбір жолаушының жеке мәліметтерінің дұрыстығына тапсырысты рәсімдеген тұлға толық жауапкершілік алады.

Ақпаратты мұқият тексеріңіз және жол жүру реквизиттеріне келіскеннен соң тапсырысты төлеңіз.

Тапсырысқа төлем жүргізу тәртіптемесін жүргізгеннен соң чек құралады, онда тапсырыс номері (14 цифр) мен сомасы көрсетіледі. Чегіңізді алыңыз.

Егер Сіз бұрын тапсырысты Интернет арқылы рәсімдеп, төлеп қойған болсаңыз, бастапқы бетке шығып, «Төленген жол жүру құжаттарын (билеттерін) алу» деген терезеге кіресіз және тапсырыстың 14 белгілі номерін, жолаушылардың бірінің аты-жөні мен оның тапсырыста көрсетілген жеке тұлғалығын куәландыратын құжатының реквизиттерін енгізесіз.

Сонымен қатар, тапсырыста көрсетілген жол жүру құжатының (билетінің) барлығы рәсімделген болуы керек, жекелеген рәсімдеулерге жол берілмейді.

Жолаушылардың Интернет арқылы сатылған жол жүру құжаттарында (билеттерінде) көрсетілген жеке мәліметтері өзгергенде, оларды алуға рұқсат берілмейді. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) басқа жолаушыға қайта рәсімдеуге жол берілмейді.


Басында поездың номерін таңдау жүргізіледі. Ол үшін жеке тұлға мынадай реквизиттерді көрсетіп жол жүру бағдары туралы ақпаратты енгізеді:

жөнелтілу станциясы;

бару станциясы. Станцияны экрандағы клавиатураны пайдаланып теруге, не болмаса станциялардың тізімінен таңдауға болады;

тапсырыстағы орындардың саны;

жөнелтілу күні.

Барлық реквизиттер міндетті болып табылады. Орындардың саны «4»-тен аспауы тиіс, өйткені сатып алу үдерісінде әрбір 1 жолаушыға ең көбі 4 жол жүру құжаты рәсімделеді.

Жеке тұлғаның қалауы бойынша жөнелтілу (жету) уақытының аралығы беріледі.

Реквизиттерді қате енгізген жағдайда жеке тұлғаға енгізу барысында туындаған қателіктер туралы хабарлама беріледі. Тапсырыстың реквизиттерін өзгерту қажет.

Дұрыс енгізілген ақпараттың негізінде ӨҚТТ «Экспресс» АБЖ орынның болуы туралы (Р62) анықтама алу үшін сұранымын беруді жүргізеді. «Экспресс» АБЖ-да сұранымның негізінде сатуда бос орындары бар, сұраным жасалған күндері аталған станцияларға қатынас жасайтын поездар туралы ақпаратты іздеу жүзеге асырылады.

Егер жеке тұлғаның талаптары қанағаттандырылмаған болса, «Экспресс» АБЖ оны ӨҚТТ экранына шығару үшін ӨҚТТ-ға кері жауап қалыптастырылады. Жеке тұлғаға мүмкін болған мынадай кері жауаптары беріледі:

аталған станциялардың арасындағы тікелей қатынастардың жоқтығы туралы;

жол жүру туралы ақпараттың жоқтығы туралы (егер аталған станциялардың бірінде өту туралы ақпарат жоқ болса);

аталған күні поездар қозғалысының жоқтығы туралы;

аталған күні поездарда бос орынның болмауы туралы;

реквизиттерді қате тергендігі туралы.

Жеке тұлғалардың тиісті реквизиттерге түзетулер енгізіп жол жүру талаптарын өзгерту мүмкіндігі бар.

«Экспресс» АБЖ-дан қанағаттанарлық жауап алған жағдайда ӨҚТТ экранына аталған күні аталған станцияларға қатынайтын поездардың тізімі шығарылады.

Әрбір поезд бойынша: оның бағдары; бағдардың басындағы станциядан жол жүру уақыты (сағат, минут); бағдардың аяқталу станциясына жету уақыты (сағат, минут); бағдардың басталу және аяқталу станциялары арасындағы жолда болу уақыты (сағат, минут); вагондардың үлгілері бойынша бос орындардың жалпы саны көрсетіледі.

Жеке тұлға оны қанағаттандыратын поезды таңдайды, одан кейін ӨҚТТ экранына таңдалған поезд бойынша нақты ақпарат көрсетіледі.

ӨҚТТ экранында поездың номері, санаты, оның сатуда бос орындары бар вагондардың номері көрсетілген вагон үлгілерінің тізімі бар бағдары туралы ақпарат көрсетіледі.

Вагонның әрбір номерінде мынадай ақпарат болады:

вагонның ыңғайлылық белгілерін (ол болған жағдайда) көрсетілген вагон үлгісі мен қызмет көрсету класы (қызметі бар, қызметі жоқ вагондар, фирмалық поездың вагоны, фирмалық емес поездың вагондары, жүру барысы бойынша орындардың номері көрсетілмеген вагондар);

жол жүрудің билет пен плацкарттың тарифтік құнын қосылған құны (ҚҚС қоса алғанда). Жол жүру құнына жол жүру құжаттарын рәсімдеуге алымдар қосылмаған;

бос орындар саны.

Ірі вагондар үшін жоғарғы және төменгі орындардың саны жеке, плацкарт вагондары үшін - жоғарғы және төменгі орындардың саны жеке, вагондардың купе бөлігіндегі жоғарғы және төменгі орындардың саны жеке, жанында орналасқан орындары бар вагондар үшін жоғарғы және төменгі орындардың саны жеке көрсетіледі.

Жеке тұлға өзі талап еткен орындар саны, қажетті үлгі мен қызмет көрсету класы бар вагонды поездың құнын ескеріп таңдауға мүмкіндігі бар.

Өзі талап еткен орындар саны бар тиісті вагонның номерін таңдап, жеке тұлға орындарға қосымша талап қоюға көшеді. Ол сонымен қатар, жол жүрудің бұрынғы бағдары және жөнелтілу күні сақталып қалған кезде артқа қайтып басқа вагон номерін таңдай алады немесе тапсырысты бірінші қадамнан бастап рәсімдеуді бастай алады.

Орындарға қойылатын қосымша талаптар ретінде жеке тұлға мыналарды көрсете алады:

орындар шегі;

төменгі және жоғарғы орындарға қойылатын талаптар;

вагонның нақты бөлігіндегі орындарға қойылатын талаптар (бір купеде, купе бөлігінде – плацкарт вагонында, бір бөлікте – плацкарт вагоны үшін);

Поездың плацкарт вагондарына тапсырыс рәсімдеу кезінде жеке тұлға тапсырыстағы төсек-жабдықтарының құнына төлемге қойылатын талаптар шегін міндетті түрде толтырады.

Орындарға қойылатын талаптарды толтырғаннан кейін жеке тұлға жолаушылар туралы ақпаратты толтырады.

Жолаушылар туралы ақпаратты енгізу кезінде мынадай реквизиттері бар әрбір жолаушы туралы мәліметті міндетті түрде көрсетуі керек:

жеке басын куәландыратын құжаттың атауы;

тегі, аты, әкесінің аты. Қазақ немесе орыс немесе латын әріптерімен көрсетіледі;

тариф үлгісі (балаларға арналған немесе толық).

Барлық реквизиттер міндетті болып табылады. Жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттар әкесінің аты көрсетілмеген жағдайда бұл реквизит толтырылмайды.

Осыдан кейін жеке тұлға жеке басын куәландыратын құжаттың (азаматтың паспорты, жеке куәлігі, 16 жасқа толмаған балалар үшін тууы туралы куәлік, уақытша жеке куәлігі) құжаттың түрі мен номерінен тұратын шегін толтырады. ӨҚТТ арқылы құжаттардың мынадай түрі бойынша билеттер сату қарастырылған:

ЖК – Қазақстан Республикасының жеке куәлігі;

ПК – Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

ПН – Ресей Федерациясы азаматының паспорты;

ПУ – Өзбекстан Республикасы азаматының паспорты;

ЗЗ – басқа да шетелдік құжаттар;

ВУ – Қазақстан Республикасы азаматының уақытша куәлігі;

ВЖ – тұру түрі;

СЗ – түзету мекемелерінен босатылған тұлғаларды жету орнына дейін қолдану үшін берілген босату туралы фотосуреті бар анықтама.

Құжаттар түрлерінің тізімі ӨҚТТ экранында көрсетіледі. Құжат түрін таңдағаннан кейпін жеке тұлға тиісті шекке құжаттың номерін тереді.

Орындарға қойылған қосымша талаптар туралы терілген ақпарат және жолаушы туарлы ақпарат ӨҚТТ-да синтаксистік бақылауға алынады.

Жолаушылар немесе орындалған қойылатын қосымша талаптар туралы ақпарат қате енгізілгенде қате туралы хабарлама беріледі. Жеке тұлға оларды түзетуі керек.

Жеке тұлға өзі іріктеген поездардың талаптары туралы ақпаратты мұқият тексеруі тиіс. Жол жүрудің қандай да бір талаптарымен келіспеген жағдайда пайдаланушы артқа қайтып, оларды өзгертуге мүмкіндігі бар.

Жол жүру реквизиттерін және әрбір жолаушының жеке мәліметтерін көрсетудің дұрыстығына тапсырысты рәсімдеген жеке тұлға жауапкершілік алады.

Жеке тұлға жол жүрудің барлық талаптарымен келіскен жағдайда рәсімдеу үшін «Экспресс» АБЖ-ға сұраныс құрастыру жүргізіледі. Оң нәтиже болған жағдайда электронды құжатты рәсімдеуге тапсырыс жасалады, оның негізінде қатаң есептегі бланкілердегі жол жүру құжаттарын беру жүргізілетін болады. ӨҚТТ-ның экранына жол жүруге тапсырыстың орындалуын растаушы болып табылатын мынадай ақпарат шығарылады:

тапсырыстың күні мен уақыты;

поезд номері;

жөнелтілу станциясының атауы;

бару станциясының атауы;

жолаушының жүру күні мен уақыты;

жолаушының келу күні мен уақыты;

вагонның номері мен үлгісі;

тапсырыстағы орынның саны;

орынның номері;

жол жүру құны;

әрбір жолаушы туралы мәлімет, онда толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен номері көрсетіледі.

Жеке тұлғаға сатып алуды растау немесе бас тарту ұсынылады. ӨҚТТ экранында сонымен қатар, сатып алуды немесе бас тарту растау туралы ескерту шығарылады, одан берілген уақыт аралығында бас тарту қажет, оның ұзақтығын ӨҚТТ параметрлік тәсілмен береді.

Егер сатып алуды растау белгіленген уақытта жүргізілмесе, сатып алуға берілген тапсырыс күшін жояды, экранға тапсырыстың күшін жойғаны туралы хабарлама шығады, банктік карта жеке тұлғаға қайтарылып беріледі, ӨҚТТ бастапты күйге ауысады.

«Экспресс» АБЖ-дан теріс жауап алған жағдайда жеке тұлға кері қайтып, поездың басқа номерін, вагонның номерін таңдауға, жөнелтілудің бағдарын немесе күнін өзгертуге мүмкіндігі бар.

Егер жеке тұлға жол жүрудің қандай да бір реквизиттеріне қанағаттанбаса, оның сатып алудан бас тартуға мүмкіндігі бар. «Экспресс» АБЖ-дан бас тартуынан бас тарту туралы сұраным қалыптасады.

Егер жеке тұлға жол жүрудің реквизиттерімен келіссе, онда ол сатып алуды растайды. ӨҚТТ төлем жүйесімен қарым-қатынасын жүзеге асырады. ӨҚТТ төлем жүйесіне тапсырыс сомасы мен тапсырыс номерін береді. ӨҚТТ-да жаңа адреске жолдау уақыты талдамадан өтеді. Егер төлем жүргізуге бөлінген уақыт өтіп кетсе, ӨҚТТ жеке тұлғаға төлем уақытының өткендігі туралы хабарлама береді. ӨҚТТ бас тартудан бас тартуға сұраным қалыптастырады және оны «Экспресс» АБЖ-ға жібереді, онда бас тартудан бас тарту жүзеге асырылады.

Сәтті транзакция болса, ӨҚТТ төлем жүргізу туралы хабарлама алып, төлем жүргізілгендігі, жол жүру реквизиттері және тапсырыс номері туралы хабарламасы бар чек басып шығарады.

Чекте мынадай ақпарат басылады:

Төлем туралы хабарлама

Тапсырыс номері 78832840002863

Берілген күні мен уақыты 31.01.10 14.41

Поезд 002Т

Жөнелтілу күні 01.02.10

Жөнелтілу уақыты 22.08

Жөнелтілу станциясы Астана

Жету станциясы Алматы-2

Вагон үлгісі/ классы К

Вагон номері 05

Орын саны 1

Орын номері 25

Жол жүру құны 6000 теңге

Жазылған сөзі «Чек жол жүру құжаты болып табылмайды»

Төменгі жағында тапсырыстың «Экспресс» АБЖ қалыптастырған 14 белгілі номері бар штрих-код басылады.

Егер авторизация болмаса, ӨҚТТ бас тарту себебінен төлем жүргізудің мүмкін еместігі туралы хабарлама алады. Бас тарту себебі мыналар бола алады:

төлеу жүйесімен байланыстың жоқтығы;

шоттағы ақшалай қаражаттың жетіспеушігі;

банктік картаның әрекет ету мерзімнің өтуі.

Жоғарыда тізілген жағдайларда ӨҚТТ «Экспресс» АБЖ-ға тапсырыстан бас тартуға сұранымды автоматты түрде қалыптастырады, орын «Экспресс» АБЖ-ға қайтарылады және тапсырыс күшін жояды. Жеке тұлғаларға төлем жүргізу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарлама беріледі және банктік карта қайтарылады.

Егер төлем тәртіптемесі сәтті аяқталған болса, ӨҚТТ чек береді және жол жүру құжаттарын (билеттерін) басып шығару тәртіптемесін іске қосады. Басып шығару үдерісі ӨҚТТ экранына тиісті хабарлама шығарумен қатар жүреді. ӨҚТТ «Экспресс» АБЖ-ға жол жүру құжаттарын (билеттерін) беруге сұраныс жібереді, одан кейін бір уақытты бақылау ленталары толтырылып, жол жүру құжаттары (билеттер) басып шығарылады. Жол жүру құжаттары (билеттер) жеке тұлғаға тек барлық құжаттар сәтті басылып шыққанда ғана беріледі. ӨҚТТ-мен өзара байланыс сеансы банктік картаның қайтарылуымен аяқталады.

Егер барлық төленген жол жүру құжаттары толығымен басып шығарыла алмаса (мысалы, басып шығаратын қондырғының бас тартуы себебінен), басылған барлық жол жүру құжаттары сөнеді. Сөну бақылау лентасында көрсетіледі. ӨҚТТ экранында жол жүру құжаттарын (билеттерді) беру мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарлама беріледі. ӨҚТТ жеке тұлғаға банктік картаны қайтарады. Жол жүру құжатын алу үшін жеке тұлға Қоғамның билет кассасына немесе басқа ӨҚТТ-ға баруы керек.

Жол жүрі құжатын (билетті) рәсімдеу үшін «Экспресс» АБЖ-ға сұраным жасау мүмкіндігі болмаған жағдайда, мысалы, қатаң есептегі бланкідегі штрих кодты қате оқу себебінен немесе «Экспресс» АБЖ-мен байланыс болмағанда, ӨҚТТ экранына жол жүру құжатын (билетті) беру мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарлама беріледі. Жеке тұлға Қоғамның билет кассасына немесе басқа ӨҚТТ-ға баруы керек. ӨҚТТ жеке тұлғаға банктік картаны қайтарып береді.

Жол жүру құжаттарын (билеттерді) рәсімдеу үшін ӨҚТТ арқылы белгіленген үлгідегі қатаң есептік бланк – жол жүру құжатының (билеттің) бір қабатты бланкісі пайдаланылады, ол екі бөліктен тұрады, біреуі – жолаушыға (жол жүру құжаты) және екіншісі – жолсерікке (бақылау купоны).

Жол жүру құжатындағы (билеттегі) жолаушыларға арналған ақпарат Интернет арқылы сату технологиясы бойынша рәсімделу кезінде берілген жол жүру құжаттарындағы (билеттері) ақпаратқа ұқсас.

Жол жүру құжатында (билетте) қосымша «Экспресс» АБЖ-дан берілген ақпараты бар штрих коды және серия (1-2 әріп), «*» белгісі және «жол жүру құжаты» бланкі 13 белгіден тұратын номері басылады.

Жыртылып алынатын бақылау купонында мынадай ақпарат басылады:

жол жүру құжатының сериясы мен номері;

поезд номері, жөнелтілу күні мен уақыты;

вагонның номері, үлгісі және қызмет көрсету класы;

Тасымалдаушының атауы;

Тасымалдаушының СТН;

жөнелтілу станциясы;

бару станциясы;

құжат түрі;

орынның номері;

жолаушының мәліметтері (жеке басын куәландыратын құжат және аты-жөні);

жол жүру құжатының құны;

қорғаныс коды, құжат ғаріпі, тапсырыстың жүйедегі номері;

жол жүру құжаты (билет) рәсімделген терминалдың күні, уақыты және номері;

тапсырыстың номері (14 ғаріп), «/» белгісі, тапсырыстағы электронды құжаттың реттік номері;

келу күні мен уақыты;

жол жүру құжаты бланкісінің 13 белгіден тұратын штрих-коды, бақылау разряды.

Қатаң есептегі бланкілерді толтыру кезінде бланкінің 1 көшірмесін рәсімдеу қамтамасыз етілуі керек. Осы мақсатта баспа бақылау лентасы пайдаланылады. Баспа бақылау лентасында ӨҚТТ-мен бір уақытта электронды түрде (электронды бақылау лентасы) жазба жүргізіледі.

Бақылау лентасында көрсетілген ақпарат бақылау купонысыз жол жүру құжаттарындағы (билеттегі) ақпаратқа қатаң сай келеді.

Толтырылған бақылау лентасының ондағы ақпаратты кемінде 5 жылға сақтау мерзімі бар.

Жол жүруден бас тартылған жағдайда рәсімделген жол жүру құжаттарын тиісті технология бойынша Қоғамның билет кассасына қайтаруға болады.

Барлық жазылған жағдайларда егер жеке тұлға ӨҚТТ картаны қайтарғаннан соң оны есептеуші құралдан шығаруды ұмытып кетсе, ӨҚТТ банк-картасы эмитетімен белгіленген уақыт өткеннен соң оны карталарды сақтау үшін құрылғыға қайтарып алады.


жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау