5.2. Жеке тұлғаның Интернет арқылы төленген жол жүру құжаттарын (билеттерін) ӨҚТТ-да рәсімдеу кезіндегі іс-әрекетінің жүйелігі
Жеке тұлғаның ӨҚТТ-да бұрын Интернет арқылы төленген жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеу кезіндегі іс-қимылы.
Жол жүру құжатын Интернет арқылы рәсімдеген және төлеген немесе жол жүру билетін бір ӨҚТТ-дан басып шығар алмаған жеке тұлға жол жүру билеттерін басқа ӨҚТТ-да басып шығара алады немесе Қоғамның билет кассасында рәсімдей алады. Ол үшін тапсырыстың 14 белгілі номері, сондай-ақ тапсырыста көрсетілген бір жолаушының жеке мәліметтері болуы тиіс.
Бұл жағдайда билеттерді рәсімдеудің тәртіптемелері мынадай негізде болады:
Жеке тұлға бастапқы беттен «Жол жүру құжатын алу» опциясын таңдайды, одан кейін экранда тапсырыс номері мен жолаушының жеке мәліметтерін енгізу үшін арнайы терезе ашылады.
Жеке тұлға тапсырыстың номерін, тапсырыста көрсетілген жолаушылардың бірінің тегі мен құжатының номерін енгізеді.
Тапсырыстың номері туралы ақпараттың негізінде жүйеде тапсырыстың болуын тексеру үшін ӨҚТТ «Экспресс» АБЖ-ға жіберетін Р38 тапсырысы туралы анықтама алу үшін сұраным қалыптастырады. Егер тапсырыс табылмаған жағдайда «Экспресс» АБЖ ӨҚТТ-ға теріс жауап қалыптастырады. Жеке тұлғаға тапсырыстың табылмағандығы жайлы жауап беріледі. Егер құжаттар бұрын берілген болса, бұл тапсырыс бойынша жол жүру құжаттарының берілгендігі туралы хабарлама беріледі. Ерекше жағдайларда жеке тұлғаға тапсырыстың номерін және жолаушы туралы ақпаратты терудің дұрыстығын тексеру ұсынылады.
Жеке тұлға жол жүру құжаттарының (билеттердің) берілмеу себебін анықтау үшін қызмет көрсетуші қызметкерге баруына болады.
«Экспресс» АБЖ-дан оң жауап келген уақытты ӨҚТТ экранына анықтама беріледі, онда мыналар көрсетіледі:
тапсырыстың рәсімделу күнін мен уақыты, тапсырыстың жалпы құны, алыс жолға жүретін поезд номері, жолаушының жөнелтілу күні мен уақыты, жөнелтілу және бару станциялары, келу поезінің номері (поезд келу станциясына өзге номермен жеткен жағдайда), поездің келу орнына жету күні мен уақыты, вагон номері, вагон үлгісі, қызмет көрсету класы вагонның ыңғайлылық белгілері;
әрбір құжат бойынша мыналар көрсетіледі: орынның номері, жол жүру құны, тариф үлгісі («толық» немесе «балаларға арналған»), әрбір жолаушы туралы мәлімет (жолаушының тегі, аты және әкесінің аты).
Мысалы:
-
Тапсырыс номері
|
78832840002863
|
Берілген күні
|
31.01.10 14.41
|
Поезд
|
002Т
|
Жөнелтілу станциясы
|
Астана
|
Бару станциясы
|
Алматы-2
|
Жүру күні
|
01.02.10
|
Жүру уақыты
|
22.08
|
Жету күні
|
02.02
|
Жету уақыты
|
08.45
|
Вагон үлгісі/классы
|
К
|
Вагон номері
|
10
|
Орын саны
|
1
|
Орын номері
|
04
|
Тапсырыс құны
|
6000 теңге
|
1 жолаушы туралы мәлімет
|
|
Кәрімов=Ербол=Серікұлы
|
толық
|
Жол жүру құны
|
6000 теңге
|
|
|
Жеке тұлғаға тапсырыстың реквизиттерімен танысу және жол жүру құжаттарының (билеттерінің) дұрыс жазылғандығын растау ұсынылады.
Растаған жағдайда ӨҚТТ тапсырыстың жол жүру құжатын басып шығаруды «Экспресс» АБЖ-ға тиісті сұранымды қалыптастыру және жөнелту арқылы жүргізеді.
Ол болмаған жағдайда ӨҚТТ бастапқы бетке қайта шығарды.
5.3. Жеке тұлғалардың жол жүру құжаттарын билет кассалары арқылы рәсімдеуі кезіндегі іс-әрекетінің жүйелігі
Жеке тұлға тек ӨҚТТ сату үдерісінде апатты тәртіпте түсіп қалғанда, сонымен қатар, жол жүру құжаттарын (билеттері) басып шығармағанда ғана кассаға жүгінеді. Жол жүру құжаттарын Қоғамның билет кассасында ӨҚТТ берген чекте көрсетілген 14 белгілі тапсырыс номері бойынша рәсімдеу Қоғам кассаларында жеке тұлғаға жол жүру құжаттарын (билеттерін) Интернет арқылы банктік карталармен төлеу қызметімен рәсімдеуге ұқсас.
6. «Экспресс» АБЖ-де жүзеге асырылатын процесстер
6.1. ӨҚТТ-нан «Экспресс» АБЖ-не алыс жерге жүретін поездарға электронды құжаттарды рәсімдеу өтінімдерін қалыптастыру
Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату жол жүру құжаттарын (билеттерін) Интернет арқылы сату технологиясы пайдаланылып жүзеге асырылады.
Алыс жерге жол жүру поезында жол жүруге тапсырысты рәсімдеу кезінде ӨҚТТ Р10 жұмыс түрі бойынша электронды құжатты рәсімдеуге «Экспресс» АБЖ-ға сұраныс қалыптастыруды жүргізеді. Бір тапсырыста әрбір жолаушы үшін жеке кемінде 4 жол жүру құжаты рәсімделе алады.
6.2. «Экспресс» АБЖ-де тапсырысты өңдеу
ӨҚТТ-дан «Экспресс» АБЖ-не түскен сұранымды өңдегеннен кейін мынадай жауаптар қалыптастырылуы мүмкін:
теру қателігі;
теріс жауаптар (жолаушының сұранымда ұсынылған талабы қанағаттандырылмаған);
оң жауаптар (жауаптар толығымен жолаушының талаптарын қанағаттандырады).
Орындарды қанағаттанарлықсыз іздеген жағдайда «Экспресс» АБЖ-ға орындарды сатып алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарлама беріледі:
аталған вагонда талап етілген орындар саны жоқ;
берілген шектерде талап етілген орындар саны жоқ;
талап етілген төменгі орындар саны жоқ;
талап етілген жоғарғы орындар саны жоқ;
«бір купеде» деген талапты қанағаттандыру мүмкін емес;
вагонның купе бөлігіндегі талап етілген орындар саны жоқ (плацкарт вагондары үшін);
бір бөлікте талап етілген орындары саны жоқ (плацкарт вагондары үшін);
«ерлер» купесінде талап етілген орындары саны жоқ;
«әйелдер» купесінде талап етілген орындар саны жоқ;
«аралас» купеде талап етілген орындар саны жоқ;
Орындар тек түрлі вагондарда ғана бар.
Тиісті жауап алған кезде ӨҚТТ аталған ақпаратты жеке тұлғаға экранға шығарады. Жеке тұлғаның кері қайтуға, жол жүру ережелеріне қойылатын қосымша талапты жою не болмаса түзету және сатып алуға тапсырысты рәсімдеуді жаңадан жүргізуге мүмкіндігі бар.
Теру қателері енгізу тапсырысындағы синтаксистік және логикалық бақылау кезінде берілуі мүмкін.
Жеке тұлғаның барлық талаптарын қанағаттандырған жағдайда «Экспресс» АБЖ электронды құжаттарды қалыптастырады. Сонымен қатар, терминалдық қаржылық есептеуіштеріне ақпарат енгізу жүргізілмейді.
Электронды құжаттар негізінде ӨҚТТ басып шығару құрылғысын пайдаланып қатаң есеп беру бланкілерінде банктік карталар арқылы төлем жүргізілгеннен кейін жол жүру құжаттары (билеттері) рәсімделеді.
Әрбір электронды құжаттың ақпараты электронды құжаттың мұрағатына жазылып отырады.
Ақпаратты электронды құжат мұрағатына жазу «Экспресс» АБЖ бағдарламасы қалыптастырылатын тапсырыстың номеріне (жол жүру туралы ақпараты бар бірегей номері) сәйкес жүргізіледі. Тапсырыстың номері 14 цифрдан тұрады.
Электронды құжаттардың мұрағатына жазылған ақпараттың негізінде «Экспресс» АБЖ ӨҚТТ-ға жол жүруге тапсырысты орындауды растаушы болып табылатын электронды құжаттың ақпаратымен жауап қалыптастырады.
6.3. ӨҚТТ арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеу
Егер жол жүру құжаты (билет) ӨҚТТ арқылы рәсімделсе, онда «Экспресс» АБЖ-ға Р26 R010 жұмыс түрі бойынша жол жүру құжаттарын рәсімдеуге сұраным қалыптастырылады.
Рәсімделген жол жүру құжатының ақпараты жол жүру құжаттарының мұрағатын (ЖҚМ), жүйенің жалпы мұрағатына және талдамалық мәліметтер базасына (ТМБ) енгізіледі.
Әрбір электронды құжат бойынша электронды құжаттар мұрағатына мынадай ақпарат енгізіледі: жол жүру құжатын беру белгілері, жол жүру құжатын берудің датасы (күні, айы, жылы) және жол жүру құжатын беру уақыты (сағат, минут), беру кезіндегі терминалдың технологиялық номері, жол жүру құжатын беру кезіндегі жүйедегі тапсырыс номері, жол жүру құжаты бланкінің номері.
Терминалдың қаржылық есептеуішінің ақпаратын түзету мынадай тәртіпте жүргізіледі.
Қолданыстағы «ҚОЛМА-ҚОЛ ЕМЕС СОМА» есептеуішіне әрбір электронды құжаттан рәсімдеу кезінде билеттің және плацкартың тарифтік құны (ішкі қатынас үшін ҚҚС қоса алғанда), қызмет көрсету сомасы (оларды көрсеткен жағдайда), төсек-жабдық қажеттілігінің құны (оларды берген жағдайда) енгізіледі.
Қолданыстағы «БККА» («Банктік карталар бойынша комиссиялық алымдар») есептеуішіне әрбір электронды құжаттан орынды резервке қою және құжаттағы адамның жалпы санына есептелген (теңгеде) жол жүру құжаттарын (билеттерді) ӨҚТТ арқылы рәсімдеу қызмет үшін алынған алым сомасы енгізіледі.
Жол жүру құжаттарын (билеттерді) ӨҚТТ арқылы рәсімдеу қызмет үшін алым жинау «Экспресс» жүйесінде сақталмаған комиссиялық алым кестесінде белгіленген көлемде әрбір орынға алынады.
6.4. Жол жүру құжаттарын тапсырыс номірі бойынша ӨҚТТ арқылы рәсімдеу
Егер тапсырыс Интернет немесе басқа ӨҚТТ арқылы төленген болса, тапсырыстың 14 белгілі номерін және тапсырыстағы жолаушылардың бірінің жеке басын куәландыратын мәліметтерді енгізгеннен кейін ӨҚТТ «Экспресс» жүйесіне жүйеде тапсырыстың болуын тексеру үшін Р38 W X жұмыс түрі бойынша тапсырыс туралы анықтама алуға сұраным қалыптастырады.
Тапсырыс номеріне (14 цифр) сәйкес электронды құжаттардың мұрағатында осы тапсырыстың ақпаратына сәйкес жазба анықталады.
Егер электронды құжаттар мұрағатында сұранымда көрсетілген тапсырыстың номеріне сай келетін номер жазбасы табылмаса қате терілгендігі туралы хабарлама беріледі.
Осы тапсырыс бойынша жол жүру құжаттарын (билеттерін) бері белгілері болған жағдайда рәсімдеуде мүмкін емес.
Егер осы тапсырыстың ақпараты бар жазба электронды құжаттардың мұрағатында табылса, анықтаманың ақпараты қалыптасады және ӨҚТТ экранына шығарылады және жеке тұлға келіскен жағдайда ӨҚТТ Р26 R010 жұмыс түрі бойынша жол жүру құжатын (билетті) рәсімдеуге «Экспресс» жүйесіне сұраным қалыптастырады.
«Экспресс» жүйесіндегі қаған үдерістер де жол жүру құжаттарын Интернет арқылы рәсімдеу кезіндегідей (6.3-т) жүргізіледі.
7. «Экспресс» АБЖ-нен берілетін жол жүру құжаттарының
(билеттердің) тізімі, есептер
7.1. Рәсімделген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) тізімін және Интернет және ӨҚТТ арқылы төленген және рәсімделген құжаттардың саны және сомасы бойынша есепті қалыптастыру
«Экспресс» АБЖ-да күн сайын өткен тәулікке билет кассаларында және ӨҚТТ-да рәсімделген, Интернет және ӨҚТТ арқылы төленген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) тізімі (бұдан әрі – рәсімделген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) тізімі) қалыптастырылады. Рәсімделген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) тізімін алу үшін Қоғамның орталық аппаратының Бухгалтериясындағы жауапты қызметкерінің ЖК-да тиісті АРМ орнатылуы тиіс, оған АРМ-мен жұмыс істеу үшін тиісті логин мен пароль берілуі керек.
Рәсімделген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) тізіміне өткен тәуліктің 00 сағат 00 минутынан 24 сағат 00 минутына дейінгі кезеңде кассаларда және ӨҚТТ арқылы рәсімделген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) тізімі жатады.
Рәсімделген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) тізімі талдамалы мәліметтер базасының (ТМБ) ақпараты негізінде қалыптастырылады.
Рәсімделген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) тізімінің нысаны №1 қосымшада көрсетілген.
Тақырыбында мына сөздер басылады: «Интернет және ӨҚТТ арқылы рәсімделген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) тізімі, ____ т.ж. бойынша ХХ.ХХ.ХХХХ ж. (күні, айы, жылы)».
Тақырыптың астына тізімнің берілген датасы мен уақыты басылады.
Сол жақ жоғарғы бұрышында берілген ақпараттың көзі – «Экспресс» АБЖ» жазылады.
Рәсімделген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) тізімі мынадай бағандардан тұратын кесте нысанынан тұрады:
«Тапсырыстың датасы мен уақыты» деген 1-бағанға тапсырысты Интернет және ӨҚТТ арқылы рәсімдеу датасы мен уақыты енгізіледі. (датасы – 6 цифр, уақыты - 4 цифр);
«Терминал» деген 2-бағанға тиісті тапсырыстың жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеген терминалдың (2 цифр, 1 әріп, 2 цифр) технологиялық номер енгізіледі;
«Тапсырыс индикаторы» деген 3-бағанға тапсырыстың индикаторы (14 цифр) енгізіледі;
«Жөнелтілу датасы» деген 4-бағанға жолаушының жөнелтілген датасы (4 цифр – күні, айы) енгізіледі;
«Рәсімделген орындардың саны» деген 5-бағанға тапсырыста рәсімделген орындар саны (2 цифр) енгізіледі;
«Тапсырыс сомасы» деген 6-бағанға тапсырыстың жалпы құны (7 цифр) енгізіледі.
«Ескерту» деген 7-бағанға қазіргі сәтте толтырылмайды.
Рәсімделген жол жүру құжаттарының (билеттер) тізімінің соңында тапсырыстардың, рәсімделген орындардың жалпы саны және өткен тәулікте Интернет және ӨҚТТ арқылы рәсімделген жол жүру құжаттарына (билеттеріне) Қоғамның есеп шотына аударылуы мүмкін ақшалай қаражаттың жиынтық сомасы, сондай-ақ, жоғарыда аталған ақпаратты Интернетке және ӨҚТТ-ға бөлген екі жол бар «Тізім бойынша жиынтық» деген жиынтық жолы болады. Жолаушының сұранымы бойынша бір жиынтық жолы бойынша Интернет және ӨҚТТ арқылы төленген жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша жекелеген тізімін қалыптастыру мүмкіндігі бар. Сату пунктері бойынша аралық жиынтықтар беру мүмкіндігі бар.
Рәсімделген жол жүру құжаттарының (билеттер) тізімі тапсырыстардың жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеу күні мен датасы бойынша қалыптастырылады.
ЦРПП-да ҚХБ және Қоғамның карта-есептері жүргізіледі, төлем карталарының көмегімен төленген жолаушылар тасымалы қызметіне төлемдердің аударылғанын тіркеу жүргізіледі. ЦРПП-да күн сайын транзакция бойынша күннің жабылуынан кейін клирингті файл және ӨҚТТ арқылы сатылған темір жол билеттеріне төлем жүргізу бойынша есеп қалыптастырылады (№2 қосымша). Клирингті файл «Жолаушыларды тасымалдау» АҚ-мен және басқа да банктердің төлем желілерімен есептесу үшін ҚХБ-ға қайта жіберіледі. ӨҚТТ арқылы сатылған темір жол билеттеріне төлем жүргізу бойынша есеп ақшалардың түсуінің толықтығы мен өз уақытында түсуін бақылау үшін «Жолаушыларды тасымалдау» АҚ-ға жіберіледі.
ҚХБ белгіленген мерзімде клиенттердің шот-карталарынан Қоғамның есеп-шотына аударуды жүргізеді. ҚХБ күн сайын Қоғамға түскен ақшаны бақылау үшін жүргізілген транзиттерді бөлшектеп, ақшаны клиенттердің шот-карталарынан оның есептеу шотына аудару туралы үзінді береді.
Күн сайын «Экспресс» АБЖ-ға берілетін тізімнен басқа кассаларда және ӨҚТТ арқылы рәсімделген және Интернет және ӨҚТТ арқылы төленген жол жүру құжаттарының (билеттері) саны мен сомасы бойынша тиісті айға есеп (жол жүру құжаттарының (билеттері) саны мен сомасы бойынша есеп) қалыптастырылады, Қоғамның орталық аппараты Бухгалтериясының жауапты қызметкерінің ЖК-на тиісті АРМ орнатылуы керек, АРМ-мен жұмыс істеу үшін тиісті логин мен пароль беріледі.
Жол жүру құжаттарының (билеттері) саны мен сомасы бойынша есепке Қоғамның кассасында есептік айдың бірінші күнінің 00 сағат 00 минутынан есептік айдың соңғы күнінің 24 сағат 00 минутына дейінгі кезеңде рәсімделген жол жүру құжаттары туралы ақпарат қосылады.
Жол жүру құжаттарының (билеттері) саны мен сомасы бойынша есеп күн сайын талдамалық мәліметтер базасының (ТМБ) ақпаратының негізінде бір айға өсу нәтижесімен қалыптасады.
Рәсімделген жол жүру құжаттарының (билеттері) саны мен сомасы бойынша есептің нысаны №3 қосымшада көрсетілген.
Тақырыбында мыналар басылады: «________ станциясы бойынша ХХХХ жылғы айға Интернет және ӨҚТТ арқылы төленген, рәсімделген жол жүру құжаттарының саны мен сомасы бойынша есеп».
Есептің тақырыбының астында есеп берудің датасы мен уақыты басылады.
Сол жақ жоғарғы бұрышында берілген ақпарат көзі – «Экспресс» АБЖ» басылады.
Жол жүру құжаттарының (билеттері) саны мен сомасы бойынша есеп мынадай бағандары бар кесте түрінде болады:
«Дата» деген 1-бағанда есеп беру айының күнтізбелік датасы (4 цифр – күні, айы) енгізіледі;
«Тапсырыстың саны» деген 2-бағанда станцияда тиісті тәуліктің 00 сағат 00 минутынан 24 сағат 00 минутына дейінгі кезеңдегі рәсімделген тапсырыстардың саны (2 цифр) енгізіледі;
«Рәсімделген орындар саны» деген 3-бағанға станцияда тиісті тәуліктің 00 сағат 00 минутынан 24 сағат 00 минутына дейінгі кезеңдегі рәсімделген орындар саны (2 цифр) енгізіледі;
«Тапсырыстардың жиынтық сомасы» деген 4 бағанға барлық тапсырыс бойынша тиісті тәуліктің 00 сағат 00 минутынан 24 сағат 00 минутына дейінгі кезеңдегі рәсімделген жол жүру құжаттарының жиынтық сомасы енгізіледі;
«Ескерту» деген 5-баған қазіргі сәтте толтырылмайды.
Рәсімделген жол жүру құжаттарының (билеттері) саны мен сомасы бойынша есептің соңында рәсімделген тапсырыстардың, орындардың жалпы саны және Интернет және ӨҚТТ арқылы төленген барлық тапсырыстары бойынша айдың өткен күндерінің жиынтық сомасы бар «Есеп бойынша жиынтығы» деген жиынтық жолы, сондай-ақ жоғарыда аталған ақпаратты Интернет және ӨҚТТ үшін бөлген тағы да екі жол беріледі.
Тұтынушының сұранысы бойынша бір жиынтық жолағы бар Интернет (оның ішінде ЦРПП сайтында бөлек) мен ӨҚТТ арқылы төленген жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша жекелеген тізім мен есеп қалыптастыруға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар, сату пунктері бойынша аралық жиынтық беру мүмкіндігі бар.
Рәсімделген жол жүру құжаттарының (билеттері) саны мен сомасы бойынша есеп беру айы датасының өсу тәртібінде қалыптастырылады.
7.2. Қайтарылған жол жүру құжаттарының (билеттерінің) тізімін қалыптастыру
«Экспресс» АБЖ-да күн сайын әрбір сату тармағы бойынша өткен тәулікке қайтарылған Интернет және ӨҚТТ арқылы төленген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) тізімі қалыптастырылады. Рәсімделген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) тізімін алу үшін Қоғамның орталық аппараты Бухгалтериясының жауапты қызметкерінің ЖК-на тиісті АРМ орнатылуы тиіс, АРМ-мен жұмыс істеу үшін тиісті логин мен пароль беріледі.
Аталған тізім рәсімделген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) тізіміне ұқсас қалыптастырылады, бірақ «рәсімделген орындар саны» деген бағанның орнына «қайтарылған орындар саны» деген баған орналастырылады.
Рәсімделген және қайтарылған жол жүру құжаттарының жалпы және жекелеген тізімдерін қалыптастыру мүмкіндігі бар.
7.3. ӨҚТТ арқылы рәсімделген жол жүру құжаттары бойынша есеп
Тіркеу және есеп беру топтары банктік карталар бойынша төлеген, ӨҚТТ арқылы немесе билет кассаларында рәсімделген, оның ішінде Интернет-технологияны пайдаланып рәсімделген жол жүру құжаттары туралы ақпараты бар «Интернет арқылы сатып алынған, рәсімделген жол жүру құжаттары туралы есеп» алады.
Есеп мынадай бағандардан тұрады (№4 және №5 қосымша):
«терминалдың немесе сату пунктінің номері» - номерлердің тізімі, оның ішінде ӨҚТТ номерлері;
«берілген электронды билеттер саны» - ӨҚТТ арқылы сатып алынған, Интернет арқылы банк карталар бойынша (бұзылмаған) төленген жол жүру құжаттарының саны. Аталған санға сонымен қатар, ӨҚТТ бойынша ауысым есебінде «сату саны» көрсеткіші де жатады;
«Интернет арқылы сатып алынған, берілген жол жүру құжаттарының тарифтерінің сомасы» – Интернет арқылы банктік карталар бойынша (бұзылмаған) жол жүру құжаттарының сомасы. Аталған сомаға сонымен қатар, ӨҚТТ бойынша ауысым есебіндегі «қолма қолсыз сома» да жатады, ол ӨҚТТ арқылы төленген банктік карталар бойынша сомаға + №4 және №5 қосымша көрсетілген есептермен бірге «Интернет арқылы сатып алынған жол жүру құжаттары тарифінің сомасына» тең болуы керек;
«электронды билеттерге берілген комиссиялық алым сомасы» - Интернет арқылы банктік карта бойынша (бұзылмаған) төленіп сатып алынған жол жүру құжаттарын сатуға алынған сома. Аталған сомаға сонымен қатар, ӨҚТТ бойынша ауысым есебіндегі көрсеткіші де жатады;
«банктік карталар бойынша рәсімделген билеттер саны» – ӨҚТТ арқылы сатып алынған жол жүру құжаттары. Бұл көрсеткішке сонымен қатар, ӨҚТТ бойынша ауысым есебіндегі «сату саны» көрсеткіші де жатады.
Есепті Р30 жұмыс түрі бойынша мынадай модификациялардан алады:
ауысым есебі – ӨҚТТ орналасқан сату пунктіндегі терминалдан алады; бұл есеп бойынша «ауысым жабылады» және тәуліктік есеп алу үшін ақпарат ӨҚТТ бойынша тәуліктік есептеуішке ауыстырылады. Ауысым есебі «Кассирдің есебі» бланкісінде немесе А4 қағазының парағында басылады;
өткен тәулікке тәуліктік есепті – ауысымдық есепті бергеннен кейін және соңғы күнтізбелік күні – 24:00-де (осы ӨҚТТ немесе осы сату пунктінің барлық ӨҚТТ бойынша) ала алады;
өткен тәуліктің тәуліктік есебін (осы ӨҚТТ немесе осы сату пунктінің барлық ӨҚТТ бойынша) ала алады;
өткен айдың айлық есебін – ағымдағы тәуліктің басындағы жағдай бойынша бір күннің кез келген уақытында (осы ӨҚТТ немесе осы сату пунктінің барлық ӨҚТТ бойынша) ала алады;
өткен айдың айлық есебін – есеп беру кезеңінің кез келген уақытында (осы ӨҚТТ немесе осы сату пунктінің барлық ӨҚТТ бойынша) ала алады.
8. Қаржылық, статистикалық есептілік
8.1. Жедел қаржылық есептілік
8.1.1. ӨҚТТ жұмысы туралы бастапқы есеп
Аға билет кассирі ӨҚТТ жұмысы туралы бастапқы есепті мынадай жағдайларда алады:
жол жүру құжаттары (билеттері) бланкілерінің жаңа партиясын алып келгенде;
ӨҚТТ бойынша соңғы есепті алғаннан кейін бұзылу (апатты) жағдай туындаған кезде.
ӨҚТТ жұмысы туралы бастапқы есеп бақылау лентасында (қағаз немесе электронды) басылады.
Бастапқы есептің ақпараты мынадай реквизиттерден тұрады:
алып келінген бланкілердің саны;
жүйедегі тапсырыстың номері;
есеп алудың датасы мен уақыты;
ӨҚТТ жұмысы басталған жол жүру құжаты (билеті) бланкісінің номері (бланкінің номері бірыңғай болуы керек);
ӨҚТТ номері (ВЦ коды, сату пунктінің номері, сату жолы);
бір тәуліктің ішінде алынған ӨҚТТ жұмысы туралы есептер саны;
анықтама алған жұмысшының логині.
8.1.2. ӨҚТТ жұмысы туралы соңғы есеп
Аға билет кассирі ӨҚТТ жұмысы туралы соңғы есепті мынадай жағдайларда алады:
бұзылу (апатты) жағдай туындаған кезде;
жол жүру құжаттары (билеттері) бланкілерінің жаңа сериясын алып келу қажеттілігі кезінде;
айдың соңғы күнінің тәулігін ауыстыру алдында (жұмсалған бланкілердің саны мен ӨҚТТ бойынша ақша сомасы «Экспресс» АБЖ-ның айлық есебімен сай келуі үшін).
ӨҚТТ жұмысы туралы соңғы есеп бақылау лентасында (қағаз және электронды) басылады.
ӨҚТТ үшін ӨҚТТ жұмысы туралы соңғы есепті осы сату пунктіне жататын басқа терминалдан алуға болады.
ӨҚТТ жұмысы туралы соңғы есептің ақпараты мынадай реквизиттерден тұрады:
қолма қол алынған сома (қазіргі уақытта нольдер);
қолма қолсыз есептесу бойынша алынған сома – рәсімделген жол жүру құжаттары сома, алыс жол жүруге рәсімделгендерді қоса алғанда;
комиссиялық алым сомасы – ӨҚТТ арқылы жол жүру құжаттарын рәсімдеуге комиссиялық алым сомасы;
жұмсалған бланкілер саны – сатылған жол жүру құжаттарының – бұзылған жол жүру құжаттарының + ауысымның басталуы және соңы туралы анықтама саны;
рәсімделген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) бланкілерінің саны;
бұзылған жол жүру құжаттарының (билеттерінің) саны;
қалған бланкілердің саны (өз-өзіне қызмет көрсетудің транзакциялық терминалының өзімен қарастырылады, бұл санға сонымен қатар, «Экспресс» жүйесіне енгізілмеген, ақауы бар бланкілер де қосылады);
жүйедегі тапсырыстың номері;
беру датасы мен уақыты;
ӨҚТТ-ның соңғы жұмсалған бланкісінің номері (соңғы есеп басылған);
ӨҚТТ номері 6 белгіден тұрады (ВЦ коды, сату пунктінің номері, сату жолы);
тәулік ішінде алынған ӨҚТТ жұмысы туралы есептердің саны;
ӨҚТТ жұмысы туралы соңғы есепті алған қызметкердің логині.
Соңғы есепті алғаннан кейін аға кассир осы ӨҚТТ бойынша ЛУ-8 жол жүру құжаттарын сату кітабын толтырады және Тіркеу және есеп беру тобына (бұдан әрі – ТЕТ) береді.
Достарыңызбен бөлісу: |