8.1.3. Қаржылық есептілікті алу
Тәуліктің аяқталуы бойынша ӨҚТТ ауысымдық есептеуіштерінен алынған ӨҚТТ арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеу туралы ақпарат тәуліктік есептеуішке, одан кейін ӨҚТТ айлық есептеуішіне және сату пунктеріне көшіріледі. Тәуліктік және айлық есептеуіштер ақпараты жүйенің жедел мұрағатына көшіріледі.
«Экспресс» АБЖ жедел мұрағатының ақпаратының негізінде ТЕТ мынадай тәуліктік қаржылық есепті алады:
ТҚС – «Сату пунктері бойынша кіріс түсімдері туралы тәуліктік есеп(терминалдар, ӨҚТТ бойынша);
ТҚҚ – «Сату пунктері тобы бойынша кіріс түсімдері туралы тәуліктік қаржылық құжат» (сату пунктері бойынша, оның ішінде ӨҚТТ қоса алғанда).
Жедел мұрағаттың негізінде мынадай айлық қаржылық есеп алады:
САВ – «Әрбір терминал бойынша жол жүру құжаттарын сату туралы айлық ведомость» (ТЕТ алады);
АҚҚ – «Сату пунктері тобы бойынша кіріс түсімдері туралы айлық қаржылық есеп» (ТЕТ алады);
АЖК – «ҚР барлық жолы бойынша кіріс түсімдері туралы айлық есеп» (қаржылық жол қызметі алады).
Бұл қаржылық есепте сатылған, төленген және қайтарылған жол жүру құжаттарының саны және билет кассаларының, оның ішінде ӨҚТТ бойынша түскен сомасы туралы ақпарат болады.
8.1.4. Ауысымдық есепті алу
Аға билет кассирі күн сайын осы сату пунктіне жататын барлық ӨҚТТ-ға ауысымдық есеп (Р30 G800) алуы керек (бұл ауысымдық есептеуіштерді толтырудан қашу үшін қажет). Осы талаптарды орындау үшін ӨҚТТ сатудың жеке пунктіне бөлінбеуі тиіс.
8.2. Жүйенің жалпы мұрағатына берілетін қаржылық есеп
ӨҚТТ арқылы сатылған, жүйенің жалпы мұрағатына жазылған жол жүру құжаттары туралы ақпарат сатылған ай бойынша қалыптасқан келесі тиісті қаржылық есепке қосылады.
Ішкі қатынастарда жолаушыларды тасымалдау бойынша кіріс түсімдерінің жалпы жиынтығы
ӨҚТТ арқылы сатылған жол жүру құжаттары туралы мәліметтер «қолма-қол және қолма қолсыз есептесу түрлерімен сату» модификациясында қалыптасқан «Кіріс түсімдерінің жалпы жиынтығына» қосылады және қолданыстағы тәртіппен «Жалпы жиынтық» бағаны мен жолында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ішкі қатынастарға тасымалдау ретінде көрсетіледі.
Жол жүру, тасымалдану және пошталық құжаттардың сатылуы
жөніндегі есеп
Сатылу туралы есеп әр теміржол бойынша АТЖ-не қосылған терминалдарда (және сәйкесінше ӨҚТТ-да) қалыптасады.
ӨҚТТ арқылы сатылған жол жүру құжаттарының (билеттерінің) сомасы есепте келесі бағандарда таратылады:
«билеттер бойынша сомасы» - теміржолға тиесілі қозғалыс операциялары бойынша тікелей, жергілікті қатынстарымен нәтижесіне бөлінетін сомасы;
«плацкарт бойынша сомасы» - аталған теміржол вагондарына рәсімделген (фирмалық вагондарда плацкарт сомасының бөлінуімен) плацкарталарына тиесілі сомасы;
«сервистік кызмет көрсету сомасы» - жоғарғы комфортты вагондарда сервистік қызмет көрсету бойынша теміржолға тиесілі сомасы;
«нәтижесі» - плацкарталармен билеттерге байланысты жолға тиесілі сомасы.
Есептің соңында тасымалдауға қатысқан әр мемлекет бойынша нәтижелік бағандары және де «Барлығы» көрсетіледі.
Есепте төлемақыға құнға қосылатын салық жөнінде мәліметтер ескерілмейді.
8.3. Статистикалық есеп
ӨҚТТ арқылы сатылған жол жүру құжаттары туралы ақпарат жүйенің жалпы мұрағатында жазылады, оның негізінде күн сайын мынадай бөлімдер түріндегі статистикалық есеп үшін мәліметтер қалыптастырылады, оның ішіне ӨҚТТ жұмысы туралы және ТЕТ-ке берілетін мәліметтер де бар:
«Жолаушыларды тасымалдау жолдары және осы тасымалдаудан түскен кірістер туралы мәліметтер» DPT, DPN (жолаушылар саны, жұмыстың жолаушы километрі жұмыстары, кіріс);
«DRP жолаушыларды тасымалдау бойынша бөлінген жолдар мәліметтері (ЦЛП үшін);
«Жолдар бойынша кіріс түсімдері туралы мәліметтер» DTH (кіріс);
«Жолаушыларды станциядан кейін жөнелту туралы мәліметтер» STN (жолаушылар саны);
«Жол жүрулер туралы мемлекет мәліметтері»;
«Мемлекет, транзит мәліметтері»;
«Жөнелту туралы мемлекет мәліметтері»;
«Шекара станциялары арқылы жолаушыларды бақылау туралы мәліметтер»;
«ҚР субъектілерінің арасындағы жолаушыларды тасымалдау туралы мәліметтер; «Экспресс» жүйесі (RIP) тапсырады»;
«(DNB) ақылы жолаушыларды тасымалдау жолдары туралы мәлімет». Жеке тұлғалармен рәсімделген жол жүру құжаттарының құны туралы ақпарат қосылады;
«Жолаушылардың ауданаралық хат-хабарлары туралы мәліметтер (RIN)» (жолаушылар саны);
«Жол жүру құжаттарын сату туралы мәліметтер (DSW)» (кіріс).
Осы бөлімдердің негізінде ГВЦ статистикалық есеп қалыптастырылады.
9. ӨҚТТ арқылы жол жүру құжаттарын сату процессіне қатысқан субъектілер қызметтері
9.1. ӨҚТТ арқылы жол жүру құжаттарын сату процесіне қатысқан субъектілердің тізімі
ӨҚТТ арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату бойынша қызмет көрсету үдерісіне мыналар қатысады:
жеке тұлғалар;
ӨҚТТ;
«Экспресс» АБЖ;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Процессингтік орталықтың» төлем жүйесі
Банктік төлем жүйесі;
«Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассасы;
«Жолаушылар тасымалы» АҚ құрылымы;
Қызмет көрсету пунктінің құрылымы.
9.2. Жеке тұлғаның қызметі
ӨҚТТ арқылы жол жүру құжатын рәсімдеу кезінде жеке тұлға мынадай қызметтерді орындайды:
карта есептеушісіне банктік картаны енгізіп, картаны идентификациялау үшін пин-кодты енгізеді;
алыс жолға жол жүру поездарына тапсырыс реквизиттерін енгізеді;
жол жүру реквизиттерін келіседі;
сек және жол жүру билеттерін алады;
ӨҚТТ арқылы жол жүру құжатын рәсімдеу кезінде тапсырыстың номері бойынша жеке тұлға мынадай функцияларды орындайды:
интернет және басқа ӨҚТТ арқылы тапсырысты рәсімдеу немесе төлеу кезінде алынған тапсырыс номерін және тапсырыста көрсетілген жолаушылардың бірінің мәліметтерін енгізеді;
жол жүру құжаттарын алады.
Жеке тұлға ӨҚТТ арқылы рәсімделген жол жүру құжатын қайтарылуды жүзеге асыру үшін кассаға жүгінеді.
9.3. ӨҚТТ қызмет етуі
ӨҚТТ мынадай операцияларды орындайды:
«Экспресс» АБЖ-ға:
электронды құжаттарды рәсімдеу;
жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеу;
тапсырысты Интернет және ӨҚТТ арқылы рәсімдеу және төлеу кезінде алынған тапсырыс номері бойынша жол жүру құжаттарын рәсімдеу;
бас тартудан бас тартуды жүзеге асыру;
ӨҚТТ жұмысы туралы бастапқы және соңғы есептер алу үшін сұраныс қалыптастыру және «Экспресс» АБЖ-дан жауаптар алу;
банктік карта бойынша төлем жүргізу үшін ЦРПП төлем жүйесіне жүгінуді жүзеге асыру;
тапсырыс номері, төлем реквизиттері бар чекті басуды жүргізу;
қатаң есеп бланкісінде жол жүру құжатын басуды жүргізу;
электронды және баспа түрінде бақылау лентасын жүргізеді;
жағдаяттар журналын жүргізеді.
9.4. «Экспресс» АБЖ қызметтері
«Экспресс» АБЖ-ға ӨҚТТ арқылы жол жүру құжаттарын рәсімдеу кезінде мынадай қызметтер орындалады:
электронды құжаттары рәсімделеді (Р10);
қате теру, теріс жауаптар, оң жауаптар туралы жауаптар қалыптастырылады;
жол жүру құжаттары (билеттері) рәсімделеді (Р26 R010);
жүйеде тапсырыстың болуын тексеру үшін тапсырыс туралы анықтама (Р38) қалыптастырылады, егер жол жүру құжаттары (билеттері) ӨҚТТ арқылы рәсімделген жағдайда тапсырыс номері бойынша жүзеге асырылады;
ӨҚТТ арқылы рәсімделген жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтаруды жүзеге асырады;
бастапқы және соңғы есеп қалыптастырылады;
қаржылық, статистикалық есеп қалыптастырылады.
9.5. ЦРПП төлем жүйесінің қызметі
ЦРПП төлем жүйесінде мынадай қызметтер бар:
жеке тұлғаның банктік картасын пайдаланып жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатып алу төлемі бойынша транзакция жүзеге асырылады;
Visa, Visa Electron, MasterCard, Maestro және басқа төлем жүйелерімен төлем операцияларының жасалуы бойынша есептер жүргізіледі;
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның есебіне рәсімделген жол жүру құжаттарының тізіміне сәйкес соманы аудару жүргізіледі;
қайтарылған жол жүру құжаты үшін ақшалай қаражатты жеке тұлғаның банктік картасына қайтару бойынша транзакциялар және есеп айырысулар «Төлем жүйесі» автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады;
«Төлем жүйесі» автоматтандырылған жүйесі мыналарды:
«Экспресс» АБЖ-да жол жүру құжаттына (билетке) берілген тапсырыстың сәйкестендіру нөмірінің енгізілуін;
жол жүру құжатының қайтарылғаны туралы деректердің қалыптастырудың (төлем (банктік) карточкасының нөмірі, авторландыру коды, транзакция сомасы;
қайтарулар жүргізілген күн боынша ӨҚТТ арқылы сатып алынған жол жүру құжаттары (билеттер) үшін ақшалай қаражатты қайтару бойынша жүргізілген операциялар туралы есептің қалыптастырылуын қамтамасыз етуі тиіс.
ЦРПП жүзеге асырады:
қоғамның орталық аппараты бухгалтериясының жауапты қызметкерін «Төлем жүйесі» автоматтандырылған жүйесіне қосу;
төлем жүйесі ережелері шегінде банктік карталармен операциялар;
ӨҚТТ-ның банктік қосымшасын тәулік бойы техникалық қолдау.
5) «ӨҚТТ арқылы сатылған темір жол билеттері бойынша жойылған төлемдер жөніндегі есепті уақтылы қалыптастыру үшін күн сайын 16.00-де аралық жабу жүргізіледі»;
9.6. ҚХБ төлем жүйесінің қызметі
ҚХБ төлем жүйесінің мынадай функциялары бар:
Visa, Visa Electron, MasterCard, Maestro және басқа төлем жүйелерімен жасалған төлем операциялары бойынша есептесулер жүргізіледі:
Қоғам есебінен рәсімделген жол жүру құжаттарының тізіміне сәйкес аударылған сома жүргізіледі;
пайдаланылмаған жол жүру құжатының (билетінің) ақшалай қаражатын жеке тұлғаның банктік картасына қайтару бойынша транзакция және есептесу жүзеге асырылады;
төлем жүйесі ережелерді шегінде банктік карталармен операциялар бойынша талап арыз жұмыстарын жүзеге асырады.
ҚХБ мыналарды жүзеге асырады:
төлем жүйелері ережелері шегінде банктік карталармен операциялар;
аға билет кассирінің және ҚХБ жауапты қызметкерінің қатысуымен ӨҚТТ-дан карточкаларды шығару туралы акті жасап ӨҚТТ-дан ұсталып қалған карталарды шығару (№6 қосымша).
9.7. Қоғамның билет кассасының қызметі
Қоғамның билет кассалары мынадай қызметтерді орындайды:
ӨҚТТ және Интернет арқылы алынған тапсырыс номері бойынша (Р26 R010) жол жүру құжаттарын рәсімдейді;
ӨҚТТ және Интернет арқылы рәсімделген жол жүру құжаттарын қайтаруды жүзеге асырады.
9.8. Қоғам құрылымының қызметі
Қоғамның орталық аппараты Бухгалтериясы мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
бұрынырақ Интернет арқылы төленген және «Интернет арқылы ресімделген тапсырыстар туралы ақпарат» АЖО-дан пластикалық картаға қайтарылған жол жүру құжаттары тапсырыстарының тізімін күн сайын қалыптастырады;
бұрынырақ Интернет арқылы төленген және пластикалық картаға қайтарылған жол жүру құжаттары тапсырыстарының тізімі негізінде «Төлем жүйесі» автоматтандырылған жүйесі арқылы ақша қаражатын қайтаруды жүргізіледі.
Қоғамның жол жүру құжаттарын сатуды ұйымдастыру жөніндегі қызмет (бұдан әрі – Қызмет) жол жүру құжаттарын (билеттерін) ӨҚТТ арқылы сату үшін АРМ-ға орнатылған мынадай есептерді ала алады:
рәсімделген жол жүру құжаттарының (билеттерінің) тізімі;
пайдаланылмаған жол жүру құжаттарының тізімі;
рәсімделген тапсырыстардың тізімі, оның ішінде басылғандар да бар;
сатып алынған, оның ішінде ресімдеуді күтіп тұрған жол жүру құжаттарының (билеттердің) тізімі.
9.9. Аға билет кассирінің қызметтері
ӨҚТТ орналыстыру орындары вокзалдар, станциялар, қоғамдық орындар болып табылады. ӨҚТТ кілттері аға билет кассирінде (немесе Қоғам басшылығы тағайындаған тұлғада) сақталады.
Аға билет кассирі:
Қажет болған жағдайда кілтті ӨҚТТ жұмысқа дайындау үшін техникалық жұмысшыға беруі;
ӨҚТТ қызмет көрсету кезінде бастапқы және соңғы есеп алуы, жол жүру құжаттарының (билеттерінің) бланкілерін толтыруы;
ӨҚТТ үдерісіне бақылау жүргізуі тиіс.
Кілттер №7 қосымшада көрсетілген сервистік кілттерді пайдалану журналына қол қою арқылы беріледі.
Реттеу жұмыстары жүргізіліп болғаннан соң ӨҚТТ-ға қол жеткізу кілттері журналға тиісті белгі қойып аға билет кассиріне тапсырылуы тиіс.
ӨҚТТ-ның кілтін техникалық жұмысшыдан алғаннан кейін аға билет кассирі журналға беру уақыты және қол қойылғандығы туралы тиісті белгі қояды.
Кілттердің барлық түпнұсқалары, кілттерді беру журналы аға билет кассирінің сүргі соғылған сейфінде сақталуы тиіс.
Кілттердің көшірмелері сату пункті учаскесінің бастығында (немесе Қоғамның асшылары тағайындаған басқа тұлғада) сақталуы тиіс.
Кілттердің көшірмелері тек қана түпнұсқалары жоғалған жағдай да ғана пайдаланылуы тиіс.
Қызметкерлер кез келген кілт жоғалған жағдайда техникалық жұмысшы түсіндірме актісін жасауы керек. (ӨҚТТ кілті жоғалғанда оны жабу үшін басқа құралдар қарастырылуы керек).
Актіге кілті жоғалтқан тұлға, ауысымның аға билет кассирі сату пункті учаскесінің бастығы және қосымша техникалық жұмысшылар ауысымының бастығы (кілтті техникалық жұмысшы жоғалтқан жағдайда) қол қоюлары қажет. Жоғалтқан тұлға кілттің құнын қайтаруы тиіс.
Сату пунктінде ӨҚТТ-ның қандай да бір бұзушылығы болған жағдайда аға билет кассирі қызметтік терминалдан ӨҚТТ мәліметі бойынша есеп лауы тиіс.
Ауысым аяқталғаннан соң аға билет кассирі Р30 жұмыс түрі бойынша ӨҚТТ арқылы рәсімделген жол жүру құжаты бойынша есеп ала алады.
ӨҚТТ арқылы рәсімделген жол жүру құжаты бойынша есептер папкаларға тігіліп, ТЕТ талабы бойынша ұсынылуы тиіс.
Ауысымды, тәуліктік, айлық қаржылық есепті сату пунктінде алу аға билет кассирімен жүргізілуі керек.
Аға билет кассирі ӨҚТТ-ғы бланкілердің пайдаланылуын бақлауды қамтамасыз етуі қажет.
Техникалық ақаулар болған кезде ӨҚТТ-ның терминалдарына және басып шығару құрылғыларына техникалық қызмет көрсету туралы ақпарат техникалық ақаулар журналына енгізілуі тиіс (№8 қосымшаны қараңыз) және техникалық жұмысшыға хабарлануы керек.
Аға билет кассирі ұстап калынған карталарды ӨҚТТ-дан алуды карточкаларды ӨҚТТ-дан алу туралы актіні жасай отырып, ҚХБ жауапты қызметкерінің қатысуымен жүзеге асырады (№ 6 қосымша).
9.10. ТЕТ қызметі
ТЕТ, НМУО қызметкерлері жол жүру құжаттарының бланкілерінің шығандарын бақылауды, жол жүру құжаттарының бүлінген бланкілерінің санын салыстыруды жүзеге асырады.
ӨҚТТ жұмысын тексеруді жүзеге асыру үшін аға билет кассирі ТЕТ-ке ЛУ-8 сату кітабын, сондай-ақ мынадай құжаттарды тапсырады:
әр ӨҚТТ-дан ӨҚТТ жұмысы туралы бастапқы және соңғы есептердің ақпараты бар бақылау лентасын басылып шыққан түрін;
бүлінген, басып шығарылған, бірақ жолаушыға берілмеген және басқа да бланкілер;
жол жүру құжаттары бланкілерінің жарамсыздығы себебінен немесе апатты жағдайлардан басылмаған бланкілер.
ТЕТ, НМУО қызметкерлері бланкілердің жұмсалғандығын қолмен есептеу арқылы тексереді:
жол жүру құжаттарының бұзылған бланкілерінің саны;
есептер саны;
ақаулары бар бланкілер саны;
қалып қалған бланкілердің саны;
бір айдың ішінде алынған СВП есебінде басылған аралас есептер саны ТЕТ-ке есеп беру айында тапсырылған ауысымның басы және соңы туралы есеп санына тең.
Аталған сандарда айырмашылығы болған кезде аға билет кассирінен түсіндірме алынуы тиіс және Қоғам басшылығының іздестіруі нәтижесі бойынша тиісті шараар қабылдануы қажет.
ТЕТ, НМУО қызметкерлері аға билет кассирі ТЕТ-ке берілген бұзылған жол жүру құжаттарының санын ӨҚТТ жұмысы туралы соңғы есептік ақпаратымен салыстырады. Бұзылған бланкілердің саны сәйкес келмеген кезде айырмашылық себебін іздестіреді.
Егер бланкілерде ақаулар болса (сызылған, бүлінген, штрих-коды оқылмайтын, жүйеде қабылданған стандартқа сай келмейтін болса және т.б.) олар ӨҚТТ-да пайдаланыла алмайды. Мұндай бланкілер алынуы және оларға актілер жасалуы тиіс. Ақаулары бар бланкілер актіге тіркеледі.
Бланкілер жоғалған жағдайда аға билет кассирі түсіндірме жазбасын жазады, кінәлі болған жағдайда шығынды мойнына алады.
9.11.Техникалық жұмысшылардың қызметтері
ӨҚТТ-ға қол жетімділігі бар техникалық жұмысшылар Қоғамның электромеханиктері және ЦРПП қызметкерлері болып табылады.
Техникалық жұмысшы қажет болған жағдайда аға билет кассирінен кілттерді алып және сервистік кілттерді пайдалану журналына жазып қоюы керек (№7 қосымша).
ӨҚТТ қызмет көрсетуге ӨҚТТ жұмысқа даярлау кіреді: параметрлеріне қалыпқа келтіру, жол жүру құжаттарын (билеттерді) салу және шығару, бақылау жолағын, чек басып шығару жолағын салу, төлем модуліне қызмет көрсету, бастапқы, соңғы, тәуліктік және айлық есептерді алу.
ӨҚТТ қызмет көрсету және ӨҚТТ түрлі орнатуларды жүзеге асыру үшін сервис режиміне кіру қажет.
Аға билет кассирі жоқ болған жағдайда техникалық жұмысшы мынадай жұмыстарды жүргізуі керек:
1) Қоғам электромеханиктері:
бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру (орнату және қайта орнату, қалыпқа келтіру және қайта қалыпқа келтіру);
жол жүру құжаттарын (билеттерін) салу және шығару;
бақылау жолағын, чек басып шығару жолағын толтыру.
2) ЦРПП қызметкерлері:
төлем жүйесіне техникалық қызмет көрсету;
банк модулдерін қалпына келтіру және қайта қалпына келтіру;
ӨҚТТ мен ЦРПП негізгі байламымен арасындағы байланыстың тұрақтылығына бақылау жасау.
Техникалық жұмысшы жұмысы аяқталған соң кілтті аға билет кассиріне береді және сервистік кілттерді пайдалану журналына жазады. (№7 қосымша).
Техникалық ақаулар болған жағдайда техникалық қызмет көрсету туралы ақпараттар техникалық ақаулықтар журналына енгізілуі керек (№8 қосымша).
_________________________
Достарыңызбен бөлісу: |