Абай атындағы республикалық мамандандырылға дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты



жүктеу 2,38 Mb.
Pdf просмотр
бет24/83
Дата12.09.2022
өлшемі2,38 Mb.
#39215
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   83
Қазақ әдебиеті 9-сынып

ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ
(1490–1523) — жырау, қолбасшы, батыр. 
Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші 
Ноғай ордасында әскери қолбасшы болды. Дешті Қыпшақты көп аралаған, 
Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери 
жорықтарға қатысқан. Доспамбет жырау тайпааралық ұрыстардың бірінде 
1523 жылы Астрахан маңында қаза тапты. Доспамбет жырау жырларынан 
оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. 
Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында 
қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып 
отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол заманды қайтып 
келмес бақытты өмір ретінде толғайды. «Айнала бұлақ басы таң», «Тоғай, 
тоғай, тоғай су», «Азау, азау дегенің», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, 
қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық» т. б шығармалары бар. Жырау өткен 
өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер 
ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды. Олардың да ертең еліне 
қорған, тірек болуын қалайды. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан 
рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен 
толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі 
мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік 
қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-
бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді. Доспамбет жырау 
шығармалары қазақ поэзиясы тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді 
ырғағымен ерекшеленеді. Жырау айтайын деген ойының қуатын еселеп 
арттыру үшін қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымдылықпен 
пайдаланып, ойдың әсерлілігі мен, өткірлігін күшейте түседі. Доспамбет 
жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар жырау, Махамбет 
сынды өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер еткені байқалады. Бұл дәстүр 
толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Жыраудың шығармалары 
біздің заманымызға толық жетпеген. Оның жырларының көпшілігі жорық 
үстінде қолма-қол айтылған. Сондықтан ел жадында сақталғандары ғана 
бізге жеткен. Осы азғана жырларының өзінен-ақ оның жырды түйдек-
түйдегімен ағытатын дауылпаз жырау болғаны аңғарылады. Доспамбет 
жыраудың жырлары ертеректе 1893 жылы М. Османовтың «Ноғай уа құмық 
шығырлары» атты жинағына енген. Кейін 1896 жылы 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
В. Радловтың «Халық әдебиетінің үлгілері» деген жинағына басылды. 
Оның жырлары «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «XV-XVIII 
ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды», т. б. сан алуан 
хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді. 

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау