Абай атындағы республикалық мамандандырылға дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты



жүктеу 2,38 Mb.
Pdf просмотр
бет23/83
Дата12.09.2022
өлшемі2,38 Mb.
#39215
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83
Қазақ әдебиеті 9-сынып

БИ ТЕМІРГЕ БІРІНШІ ТОЛҒАУ 
Аспанды бұлт құрсайды - 
Күн жауарға ұқсайды. 
Көлдерде қулар шулайды - 
Көкшіліден ол айуан 
Соққы жегенге ұқсайды. 
Көп ішінде бір жалғыз 
Көп мұңайып жылайды - 
Күйбендескен көп жаман 
Сөзі тигенге ұқсайды! 
Алп, алп басқан, алп басқан 
Арабы торым өзіңсің, 
Жазылы, алтын, қол кескен 
Алдаспаным өзіңсің! 
Білерді білмес не демес, 
Сұлтан ием, сен менің 
Бармай тапқан Қағбамсың! 
Алтынды кесе сары бал 
Алсам, мен саған ұсынармын
Тал мойныма қол артсаң, 
Күліктен бек ұнармын. 
Көбең семіз торыңмын, 
Көп құлыңның бірімін. 
Жақсыңнан мені кем көрдің, 
Жаманыңмен тең көрдің. 
Жақсыңнан мені кем көрсең, 
Жаманыңмен тең көрсең, 
Ұялы берікке қос артып, 
Сен есенде, мен сауда 
Ырысымды сындайын, 
Сегіз қиыр шартараптан іздермін! 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Еділден аққан сызашық 
Біз көргенде тебінгіге 
Жетер-жетпес су еді - 
Телегейдей сайқалтып, 
Жарқыраған беренді 
Теңіз етсе, Тәңірі етті! 
Жағасына қыршын біткен тал еді - 
Жапырағын жайқалтып, 
Терек етсе, Тәңірі етті! 
Тебінгінің астынан 
Ала балта суырысып, 
Тепсінісіп келгенде 
Тең атаның ұлы едің, 
Дәрежеңді артық етсе, Тәңірі етті!! 
Тобылғының берегі 
Иіл болып беріш бітсе, 
Айбар болар терегі. 
Атаның ұлы жақсыға 
Малынды бер де басың қос
Бір күні болар керегі. 
Бостаны бар-ды теректің, 
Болаты бар-ды беректің, 
Тұсыңдағы болған нартың қорлама, 
Тұсыңдағы болған нартың қорласаң
Табылмас-ты керекте. 
Айдын шүйсең - тарлан шүй, 
Көтерілген сона құтылмас. 
Жауға кисең - берен ки, 
Егеулеген болат өте алмас. 
Есендікте малыңды бер де батыр жи, 
Басыңа қыстау іс түссе, 
Дұспанның қолы жете алмас! 
Бар күшіңді сынамай, 
Балуандармен күреспе - 
Таң боларсың әлемге, 
Сөз боларсың күлемге. 
Ақылсыз достыдан 
Ақылды дұспан артық-ты, 
Дұспаныңнан бір сақын. 
Елі ішінде айқасып, 
Ойнап жүрген достарыңнан мың сақын. 
Жоғары қарап оқ атпа
Жуық түсер қасыңа. 
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа, 
Күндердің күні болғанда, 
Сол жаман айғақ болар басыңа. 
Жақсы да келер бұ көпке, 
Жаман да келер бұ көпке, 
Түгел іс қойып болмас бір кепке. 
Сен - алтынсың, мен - пұлмын
Сен - жібексің, мен - жүнмін, 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Сен - сұлтансың, мен - құлмын, 
Сен - сұңқарсың, мен - қумын, 
Жемсауыңа келгенде, 
Сұлтан ием, сом жүрегім аяман! 
Саған дұспан - маған жау, 
Керекті күні алдында 
Ғазизленген сұлтан жаным аяман!! 
***** 

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау