Абай атындағы республикалық мамандандырылға дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты



жүктеу 2,38 Mb.
Pdf просмотр
бет25/83
Дата12.09.2022
өлшемі2,38 Mb.
#39215
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   83
Қазақ әдебиеті 9-сынып

ҚОҒАЛЫ КӨЛДЕР, ҚОМ СУЛАР 
Қоғалы көлдер, қом сулар 
Қоныстар қонған өкінбес. 
Арыстандай екі бұтын алшайтып, 
Арғымақ мінген өкінбес. 
Кілең бұздай кілшейтіп, 
Көбелер киген өкінбес. 
Жұпарын қардай боратып, 
Арулар құшқан өкінбес. 
Торы төбел ат мініп, 
Той тойлаған өкінбес. 
Құрама шапшақ көп қымыз 
Құйып ішкен өкінбес. 
Екі арыстап жау шапса, 
Оқ қылқандай шаншылса, 
Қан жусандай егілсе, 
Аққан судай төгілсе, 
Бетегелі Сарыарқаның бойында 
Соғысып өлген өкінбес! 
АЙНАЛАЙЫН АҚ ЖАЙЫҚ 
Айналайын Ақ Жайық, 
Ат салмай өтер күн қайда?! 
Еңсесі биік боз орда 
Еңкейе кірер күн кайда?! 
Қара бұлан терісін 
Етік қылар күн қайда?! 
Күдеріден бау тағып, 
Кіреуке киер күн қайда?! 
Күмбір, күмбір кісінетіп, 
Күренді мінер күн қайда?! 
Толғамалы ақ балта 
Толғап ұстар күн қайда?! 
Алты құлаш ақ найза 
Ұсынып шаншар күн қайда?! 
Садақ толған сайгез оқ 
Масағынан өткеріп, 
Басын қолға жеткеріп, 
Созып тартар күн қайда?! 
Кетбұғадай билерден 
Кеңес сұрар күн қайда?! 
Еділдің бойын ен жайлап, 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Шалғынға бие біз байлап, 
Орындықтай қара сабадан 
Бозбаламен күліп-ойнап, 
Қымыз ішер күн қайда?! 
Озушылар, озмаңыз, 
Озсаңыз, бізім бетке бармаңыз! 
Бізім бетке барсаңыз
Есақай, Қосай - екі ұл 
Алдыңызға жыр құшақлай 
Жылай шықса, не айтарсыз?! 
Оларға айтарыңыз сол болсын: 
Жәмішіден қос айтып, 
Жараға мамық тосатып, 
Келе жата дегейсіз. 
Ол айтқанға тимесе, 
Бұрынғылар түскен жүрі жол 
Бұрылып оңға түсті дегейсіз!.. 
***** 
АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ
(1675-1768 ж.ж.) – Оңтүстік Қазақстан 
өңіріндегі Қаратауда туған, 1768 жылы Семей облысының Абай ауданындағы 
Жүрекжота деген жерде қайтыс болған. Жорық жырауы, әскербасы, қоғам 
қайраткері. 
Қазақ халқы басынан кешірген ұлы күйзелістер кезінде өмір сүрген 
Ақтамберді 17 жасынан бастап қалмақтармен, Орта Азия билеушілерімен 
болған шайқастарға қатысады. Бұл соғыстарда ол батылдығымен 
ерекшеленеді, кейінірек әскербасылық қабілетімен де көзе түседі. Талай-
талай ұрыстарда ысылып, батыр атанған Ақтамберді жырау тарихқа «Ұлы 
апат жылдары» болып енген оқиғалардың ішінде жүрді. Жоңғарларға қарсы 
ұлт-азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі болды. 
Жоңғар мемлекетін талқандап, Қазақстанның шығыс өңірін жау 
қолынан босатқаннан кейін, Ақтамберді жырау қазақтарды ежелгі ата-
бабалары өмір сүрген қоныстарына орналастыруға белсене атсалысты. 
Ақтамберді өз қарамағындағы қазақ руларын отырықшылыққа 
үйретуге тырысты. Бұл бағытта арық қазуды, бөген салуды ұйымдастырып, 
қазақтарды егін шаруашылығына үйретуді қолға алады. 
Ақтамберді жырау туындылары негізінен нақыл-өсиет түрінде келеді. 
Олардан көшпелі қазақ халқының ой-арманын, мақсат-мүдделерін білуге 
болады. Көшпенділердің өміріндегі үй жануарлары, әсіресе жылқының орны 
мен рөлі туралы ой -толғаулары өзгелерден биік туады. Ол жылқы малын «ер 
қанаты» дей келе, оны жауға қарсы шапқан батырдың серігі ретінде 
суреттейді. 
Ақтамберді жырларының арқауы батырлыққа үндеу, жауға қарсы 
соғысқа жігерлендіру болып табылады. Ол жоңғарлардың билігінде қалған 
қазақ далаларын азат етуді, қазақ халқының өрлеуін, жоңғар басқыншыларын 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
толығымен жеңуді армандайды. Көптеген өлеңдерде қазақ халқын жауға 
қарсы жан аямай күресуге шақырады. Ақтамберді жыраудың сұрапыл 
соғыстар кезінде туындаған өлеңдері XVIIIғасырдағы қазақтардың 
жауынгерлік өр рухын дәріптейді. 

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау