2008 ж. 2008 ж. «БҰҚар жырау ауданының жастары – 2008-2010 Ж. Ж.»



жүктеу 185 Kb.
Дата02.02.2020
өлшемі185 Kb.
#28074



«Бекітемін» «Бекітемін»

Бұқар жырау ауданының әкімі Аудандық мәслихаттың хатшысы __________________ Е.Нашаров _________________ А. Жүніспеков

«____» ______________ 2008 ж. «____» __________________ 2008 ж.

«БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫ – 2008-2010 Ж.Ж.»

АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМА


Ботақара кенті

МАЗМҰНЫ

беттер



  1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ........................................................................................................................................................................4-5




  1. КІРІСПЕ..............................................................................................................................................................................................................5




  1. ПРОБЛЕМАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ.............................................................................................................................6-7




  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.........................................................................................................................7




  1. БАҒДАРЛАМАҢЫ ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР МЕН МЕХАНИЗМДЕР....................................................................7-8




  1. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ..................................................................................................................9




  1. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР..........................................................................................................9




  1. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ..........................................................................................10


«Бұқар жырау ауданының жастары -2008-2010 ж.ж.» аймақтық бағдарламасының

КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ

Аудан әкімінің орынбасары Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы

__________________ А.ӘЛИ _________________ О. Цыганков

Ішкі саясат бөлімінің бастығы Қаржы бөлімінің меңгерушісі

_______________ Қ. Балапанов _________________ М. Исабаев

Мәдениет және тілдерді дамыту Экономика және бюджеттік

бөлімінің меңгерушісі жоспарлау бөлімінің меңгерушісі

___________________ М. Шибаева _________________ Б. Муталяпова

Жұмыспен қамту және әлеуметтік Білім беру бөлімінің меңгерушісі

бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі

______________________ Н. Алексеева _____________________ Д. Исетова

Қорғаныс ісі жөніндегі бөлімінің бастығы «АМБ» КМҚМ директоры

_________________________ Ө. Әбілов _____________ Б. Мұздыбай


Ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы

___________________ Ж. Айтпаева
1. АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ


Бағдарламаның атауы

«Бұқар жырау ауданының жастары -2008-2010 ж.ж.»

Дайындауға негіз

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  2. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі №581 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы

  3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы» №73 өкімі

  4. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы

  5. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдын 6 акпаңдағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

  6. Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

  7. 2007 жылдың 14 желтоқсандағы Қарағанды облыстық мәслихатының III сессиясымен бекітілген «Қарағанды облысының жастары – 2008-2010 ж.ж.» облыстық бағдарламасы.

Бағдарламаны дайындағандар

Бұқар жырау ауданының ішкі саясат бөлімі

Бағдарламаның мақсаты

Бұқар жырау ауданындағы жастар проблемаларын шешу үшін мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өзара қарым-қатынастары. Жас азаматтың әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына және қоғам мүддесі үшін оның шығармашылық әлеуетін толықтай іске асыруына саяси – құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, ұйымдық ахуалдар мен кепілдіктерді нығайту.

Бағдарламаның пәрменділік мерзімі

2008-2010 жылдар

Бағдарламаны қаржыландыру мөлшері

2008 ж. – 1 млн. 100 мың тенге

2009 ж. – 1 млн. 200 мың тенге

2010 ж. – 1 млн. 200 мың тенге


Бағдарламаның міндеті

  • Бұқар жырау ауданында жастар саясатын алға бастыруға және дамытуға мүдделі барлық күштерді жұмылдыру және үйлестіру;

  • Жастардың нақты проблемаларын шеші жолдары мен тетіктерін қалыптастыру;

  • Жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

  • Жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету;

  • Жастардың әлеуметтік мәні бар бастамаларын жүзеге асыру;

  • Балалар мен жастардың бейкәсіпкерлік ұйымдарының әлеуметтік мәні бар бастамаларына белсенді қолдау көрсетуді қамтамасыз ету, өмір сүріп қызмет етулеріне тиімді жағдай жасау;

Бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтижелер

  • Жас азаматтардың ойдағыдай әлеуметтенулеріне және олардың мемлекет өміріне жауапты түрде қатысуларына жағдай жасау;

  • әлеуметтік ахуалды жақсарту және жастардың мұқтажды бөлігіне көмек көрсету, олардың әлеуметтік – экономикалық барабар дамуларына жағдай жасау;

  • жасөспірімдердің интеллектуалдық және шығармашылық әлеуеттерінің, рухани-имандылықтарының өсулеріне тікелей әлеуметтік мәні бар жастардың проблемаларын шешуде мемлекеттік басқару органдары, балалар мен жастардың бейкәсіпкерлік ұйымдарын жұмылдыру, жастардың әлеуметтік – тұрмыстық және тұрғын үй ахуалдарын жақсарту, олардың арасында құқық бұзушылық пен бейәлеуметтік және девианттық құбылыстарды алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу.

  • Жұмыспен қамтылу кепілдігі;

  • Дарынды жастарды қолдау;

  • Жас жанұяларды қолдау.


2. КІРІСПЕ
«Бұқар жырау ауданының жастары – 2008-2010 ж.ж.» атты аймақтық мақсатты бағдарлама Қазақстан Республикасының 2004 жылғы шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» №581 Заңына және 1999 жылғы 28 тамыздағы №73 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты Концепциясына сәйкес жасалды, ол Бұқар жырау ауданының барлық мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық органдарын Бұқар жырау ауданының аумағында тұратын жас азаматтардың қалыптасуы мен дамуына әлеуметтік – экономикалық, құқықтық және ұйымдық жағдай жасау үшін жұмылдыруға бағытталған.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру мемлекеттік жастар саясатын қалыптастырып жүзеге асыруға жастардың тікелей ат салысуын көздейді. Жасөспірімдердің өз өмір жолын таңдап алуына, оның материалдық деңгейі мен әлеуметтік ахуалына қарамастан табыстарға қолжеткізуіне мол мүмкіндік тудыру үшін мемлекет жағдай жасау керек. Тек сонда ғана – жастардың өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру бойынша жастардың мемлекеттік саясатының негізгі міндеті пәрменді бола алады.

«Бұқар жырау ауданының жастары» аймақтық бағдарламасы біздің аймақта мемлекеттік жастар саясаты мәселелерін 2007 жылға дейін шешуге мүмкіндік береді. Бағдарлама кешенді сипат алған, оны жасау барысында жастардың ерекше әлеуметтік топ ретіндегі ерекшеліктері мен спецификалары ескеріледі. Оның міндеті – жас азаматтардың табысты түрде әлеуметтенулеріне және олардың мемлекет өміріне жауапкершілікпен араласуларына бағытталған мемлекеттік жастар саясатының негізгі қағидаттары бойынша бірыңғай көзқарас қалыптастыру .
3. ПРОБЛЕМАНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АХУАЛЫНА САРАПТАМА

Аудандық статистика басқармасының мәліметі бойынша Бұқар жырау ауданының 14 пен 29 жас аралығындағы жас азаматтар саны 16093 адамды құрайды, немесе халықтың жалпы санының 24,8 %.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жастар саясаты саласындағы сұрақтарына қөніл бөлінген, оның ішінде: қоғамдық тұрақтылық, ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, жастар арасында қазақстандық біртұтастық пен жалпықазақстандық патриотизмді қалыптастыру; қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қолдау көрсету; жастар арасында кадр саясаты бойынша сұрақтарға көмек көрсету; салауатты өмір салты мен спортпен шұғылдануды насихаттау.

Жастардың дамуы жөніндегі негізгі мәселе ретінде жастардың жұмыспен қамтылуы мен жас азамттарды жұмысқа орналастыру, сонымен қатар қалыптасқан экономикалық қарым-қатынастар жүйесінде жастардың әлеуетін іске асыруға жағдай жасауды атап айту керек.

2007 ж. жұмыспен қамту қызметіне 776 адам жүгінген, олардың 731 жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы – жұмыссыз жастарды кәсіби дайындау, біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау болып табылады. Жыл басынан бері кәсіптік оқуға 121 жұмыссыз жастар жіберілді (жұмыссыз жастарды кәсіби дайындау, біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау курстарына жіберілгендердің 80,6 %). Жастарды жұмыспен қамтамасыз етуді қолдауды, олардың әлеуметтік- экономикалық жүзеге асырылуы, қазіргі заманғы нарықтық ахуалға бейімдеу мен қолдау жүйесін қалыптастырудың кәсіби өсуіне жағдай жасаудың мемлекеттік қолдауы ретінде кәсіпкерлік қызметті дамытуды баса ескерген жөн. Білім беру сапасын арттыру және аудан жастарының аудан өміріне белсенді араласулары жастарды жұмысқа орналастыру проблемаларын шешуде басты роль атқарады. Жастардың ауылды жерден кету проблемасы да сақталуда. Ауыл жастарының қалаға көшулерінің негізгі себебі оқу мен жұмыс іздеу.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру жастардың толыққанды дамуларының өзекті мәселесі болып табылды. Әлеуметтік проблемалардың шиеленісуі, білім деңгейінің төмендігі жастар денсаулығына өз әсерін тигізуде. Жастар арасында аурулардың көбеюі болашақ ұрпаққа деген үрейді күшейтеді.Ерекше қоғамдық назар аударуды қажет ететіні – ол жыныстық қатынас арқылы тарайтын аурулардың жастар арасында кең етек жаюы. Есірткіні тамыр арқылы қолдану ВИЧ-инфекциясының тарауының негізгі себебі болып отыр.

01.12.2007 жылға 3 балалар мен жасөспірімдер наша паталогиясымен дәрігерлердің есебінде тұр, былтыр осы уақытта – 16 болатын. Бұл саладағы ахуалдың өзгеруі мемлекет тарапынан көп күш жұмсауды талап етеді. Бүгінгі күні халықтың болашақтағы денсаулығы әлеуметтік – экономикалық ахуалмен анықталады, әйтсе де кейбір аурулардың алдын алу үшін кешенді шара қолдану, салауатты өмір салтын қалыптастыру қажет. Осы проблемаларды шешудің тиімді бір жолы – жастардың спортпен шұғылдануларына жағдай жасау, салауатты өмір салтын белсенді насихаттау. Ол үшін аудан аумағында 3 БӨМ, онда 200 бала, 8 БЖСМ филиалы, онда 600 бала, қызық үйірмелер бойынша,онда 7500 оқушы, 3 аулалық клуб ашылды. Қылмыс деңгейі төмендеуде. (2005 ж. - 42% қылсмыс, 2006 ж - 29% қылмыс, 2007 ж. - 25% қылмыс).

Жастардың өзіндік жүзеге асырылуына жағдай жасау жастардың интеллектуалдық және шығармашылық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат дарынды жастарды қолдау мен әрі қарай дамытуға жол ашады. Қазіргі кезде дарынды жастарды анықтау шеңберінде оқушылардың арасында қоғамдық, табиғи, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша ең жақсы ғылыми жұмыстарға олимпиадалар, конкурстар өткізілуде. Ғылыми жұмысқа да жағдайлар жасалуда – жаңа ақпараттық технологияларға кедергісіз ену, ғылыми еңбектерді жариялау, әр түрлі конференциялар мен семинарларға қатысу.

Мемлекеттік жастар саясатын ойдағыдай жүргізудің мызғымас бір бөлігі - оның ақпараттық - әдістемелік қымтамасыз етілуі. Ауданда жастар саясатын аудандық «Сарыарқа»газеті насихаттайды.

4.БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
Бұқар жырау ауданының жастарының проблемаларын шешу үшін мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының белсенділігін ынталандыру, жас азаматтың қалыптасуына және дамуына, қоғам мүддесі үшін оның шығармашылық әлеуетін неғұрлым толыққанды жүзеге асыруына саяси – құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, ұйымдық жағдай жасау Бағдарламаның мақсаты болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері:



  • Бұқар жырау ауданында жастар саясатын алға бастыру және жетілдіруде барлық мүдделі күштерді біріктіру және үйлестіру;

  • Жас ұрпақтар мәселесін шеші механизмі және жолдарын қалыптастыру;

  • Жас ұрпақты құқықтық және заң тұрғыда қорғау;

  • Әлеуметтік көмек және қолдау көрсету;

  • Жас ұрпақтың әлеуметтік және пысықтық деңгейін арттыру;

  • Балалар және коммерциялық емес жастар ұйымдарының бастамашылық және пысықтық деңгейін арттыру, қоғамның әлеуметтік өміріне жол таңдауға жағдай жасау.


5.БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ ЖӘНЕ БАСТЫ ЖОЛДАРЫ
Бағдарлама 2008-2010 жылдарға арналған кешенді ұйымдық –атқарушылық шараларды және мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарына жауап беретін келесі басымдықтар бойынша нақты шараларды жүзеге асыруды көздейді:

  1. Жас азаматтарға әлеуметтік- экономикалық қолдау көрсету.

  2. Жас азаматтарға жан-жақты тәрбие және білім беру. Жастарды ақпараттық қамтамасыз ету.

  3. Әлеуметтік көмек жүйесін және жастардың қазіргі кезге бейімделуін қалыптастыру.

  4. Салауатты өмір сүру салтын арттыру, денсаулықтарын сақтауды қамтамасыз ету.

  5. Жастардың имандылық, мәдени, рухани жүйесін қалыптастыру және жетілдіру.

  6. Жастар саясатының инфрақұрылымын дамыту.

Бағдарлама мақсаты жастардың азаматтық қалыптасуы мен әлеуметтік жетілуі үшін саяси-қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық тұрғыда жағдай жасау, нарық жағдайда әлеуметтендіру.

Бағдарламаны жүзеге асыру тетігі, Бағдарламаның шаралар жоспарында көрсетілген шараларды сатылап жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін жастармен жұмыс атқаратын барлық мүдделі құрылымдарды жұмылдыра отырып үйлестіру. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында ең басым жағы жастардың әлеуметтік-экономикалық дамыту, оның ең осал бөлігін әлеуметтік бейімдеу, жастардың кәсіпкерлік, тәрбиелеуге қиын жасөспірімдермен жұмыс атқару саласындағы әлеуеттерін қолдау үшін жастарға әлеуметтік қызмет көрсететін қызмет ұйымдастыру және т.б. жұмыспен қамту және еңбек саласында мемлекеттік жастар саясатын мына негізгі бағыттарда жүзеге асыру көзделіп отыр:



  1. кәсіпкерлікпен шұғылданатын жастардың дамуына жан-жақты көмек көрсету.

  2. еңбек отрядтардың әрекеттері.

Осыған байланысты жастардың мәселесін шешу жолында тұжырымды әрекеттер және мемлекеттік құрылымдары тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуі көзделіп отыр:

  • жас отбасыларының және жастардың пәтермен қамтамасыз ету тетіктерін қарастыру;

  • жанұялық проблемалар бойынша консультациялық жүйені дамыту;

  • ауыл жастарының әлеуметтік жағдайға бейімделуі үшін әлеуметтік қызмет құру;

Жастардың білім және ғылым саласындағы құқытары мен мүдделерін қамтамасыз ету ауыл жастарына арналған дайындық – бейімдеу курстарының жұмыстарын ұйымдастыру; жас ғалымдардың инновациялық бастамалық ғылыми-зерттеу жобаларын қолдау, сонымен қатар жастардың білім алу проблемалары бойынша ғылыми-практикалық семинарлар өткізу.

Жастарды және жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру БАҚ-та жастар тақырыптарына арналған тұрақты рубрикалар мен телехабарларды қолда мен дамыту арқылы жүзеге асыру қарастырылуда; жастар саясатының өзекті мәселелер бойынша әдістемелік және ұсынымдық басылымдар шығару салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту нашақорлықтың маскүнемдіктің, темекі тартудың алдын алу және бұқаралық спортты дамыту жөнінде семинар мен конференциялар өткізу арқылы жүзеге асыруы ескерілген.

Бағдарламаның елеулі бағыттарының бірі ретінде Қазақстан жастарының арасында азаматтық пен патриотизмді дамытуды баса атап өткен жөн. Осы бағытта атқару барысында әскери-патриоттық тәрбие бойынша айлық, әскери жиындар, фестивальдар өткізу жоспарлануда.

6.ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ ҚОРДАСЫ
Бағдарламаны қаржылау көзі аудандық бюджет бөлген қаржы көлемінде жүзеге асырылады, 2008 ж.- 1 млн.100 мың теңге, 2009 ж. – 1млн.200 мың теңге, 2010 ж. – 1 млн. 200 мың теңге және заңға қайшы келмейтін басқа деректерден. 2008-2010 ж.ж. бағдарламаның қаржы көлемі аудандық айғақ болжау бюджетімен нақтыланады.

7.БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
Бағдарламаны іске асыру барысында жастарға әлеуметтік-экономикалық жағдай жасалады, әлеуметтік құқық қорғау шаралары қолданылады. Бағдарлама білім мен қоғамдық жастар бірлестіктерінің жұмысына жаңа біртұтас әрі нақты мағына береді.

Бағдарламаны жүзеге аысрудан күтілетін негізгі жағымды нәтиже ретінде жастардың әлеуметтік қорғауды қалыптастыруға жағдай жасауды атап өткен жөн:



  • алдын алу консультациялық шаралар түрінде әлеуметтік көмек көрсету;

  • жастар арасында қылмыстың азаюына ықпал ету;

  • жастар арасында жұмыспен қамтуды арттыру.



8.«Бұқар жырау ауданының жастары 2008-2010 ж.ж.»

аймақтық нысаналық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өткізілетін шаралар жоспары


р/р

шаралар

Аяқтау нысаны

Орындалуына жауаптылар

орындалу мерзімі

Болжамды шығын

Қаржыландыру көзі

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

1. ЖАС АЗАМАТТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

1.

Жастардың жұмыс нарқына сараптама және болжам жасау, олардың еңбек, кәсіпкерлік, кіші және орта кәсіпкерлік саласындағы мүдделері мен сұранымдарын зерделеу.

Ақпарат

Кенттер мен селолық округтер әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Тоқсан сайын

2008-2010 ж.ж.



-

-

-

Қаржыландыруды қажет етпейді

2.

Әлеуметтік қорғалмаған категориясын бөле отырып, жұмыссыз жастар бойынша ақпарат базасын қалыптастыру:

  • табысы аздар;

  • 21 жасқа дейінгі жастар;

  • балалар үйінде тәрбиелеушілер, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, 23 жасқа дейінгілер;

  • жалғызілікті, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналар;

  • ҚР-ның заңнамаларындағы қалыптасқан тәртіпке сәйкес, үнемі күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған тұлғаларды ұстап отырған азаматтар;

  • Қарулы Күштер қатарынан босатылған тұлғалар;

  • Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босаған тұлғалар;

  • Реприанттар;

  • Жетім балалар, ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар санатынан ауданның білім беру мекемелерін бітірп шыққандарды жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Ақпарат

Кенттер мен селолық округтер әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, ішкі саясат бөлімі, білім беру бөлімі

Тоқсан сайын

2008-2010 ж.ж.



-

-

-

Қаржыландыруды қажет етпейді

3.

Төмендегілерді есепке алу жөніндегі ақпараттар базасын жасау және жалғастыру:

  • жастар мен жасөспірімдерді кәсіби бейімделікке баулу және жұмысқа орналастыру саласында жұмыс атқаратын кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар;

  • жұмыспен қамтамасыз етудің жеке меншік агенттіктері.

Олармен тығыз байланыс: бірлесіп жиналыстар, семинар өткізу

Ақпарат

Кенттер мен селолық округтер әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, ішкі саясат бөлімі, білім беру бөлімі

Тоқсан сайын

2008-2010 ж.ж.



-

-

-

Қаржыландыруды қажет етпейді

4.

Жастарды қоғамдық жұмыстарға жұмылдыру.

Ақпарат

Кенттер мен селолық округтер әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жыл сайын

-

-

-

Ауданның жергілікті бюджетінде ескерілген қаржы көлемінде.

5.

Кәсіби бағыттық жұмыстарды жүргізу,кәсіби оқу, қайта дайындау және біліктілігің жетілдіру курстарын ұйымдастыру, консультациялық қызмет көрсету, оның ішінде жұмыс істейтін және жұмысы жоқ жастардың арасында аудан мен мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық даму болашағы мен басымдылығын ескере отырып,кәсіпкерлік қызметке баулу.

Ақпарат

Кенттер мен селолық округтер әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, ішкі саясат бөлімі, білім беру бөлімі

Үнемі

-

-

-

Ауданның жергілікті бюджетінде ескерілген қаржы көлемінде.

6.

Ауылда кәсіпкерлікпен айналысуды дамыту ауыл жастарына қолдауына Аудан әкімінің грантын беру

Ақпарат

Ішкі саясат бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі

Жыл сайын

2008-2010 жж.

(жоспар бойынша)


200

200

200

Аудандық бюджет

7.

Жастардың жұмыспен қамтылуы және кәсіпкерлік салаларында ақпараттық-әдістемелік семинарлар дайындап өткізу

Есеп

Ішкі саясат бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі

Жарты жылда

1 рет


2008-2010 жж.

(жоспар бойынша)



10

10

10

Аудандық бюджет

8.

«Жұмыс орыны жәрмеңкесін» өткізу

Ақпарат

Кенттер мен селолық округтер әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2008-2010 жж.

-

-

-

Ауданның жергілікті бюджетінде ескерілген қаржы көлемінде.

9.

Ауыл жастарының кәсіпкерлікпен, өндіріс жабдықтарымен, ғимараттармен қамтамасыз етуді қолдау.

Ақпарат

Кенттер мен селолық округтер әкімдері, кәсіпкерлік бөлімі

Үнемі

-

-

-

Ауданның жергілікті бюджетінде ескерілген қаржы көлемінде.

2. ЖАС АЗАМАТТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ЖАН ЖАҚТЫ БІЛІМ БЕРУ.

ЖАСТАРДЫ АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

1.

Мектептер мен мектептен тыс ортада үйірмелер, секциялар, ұйымдар торабын кеңейту

Есеп

Кенттер мен селолық округтер әкімдері, білім беру бөлімі, БЖСМ, дене шынықтыру және спорт бөлімі

Үнемі

-

-

-

Спонсорлық демеуші қаржылар есебінен

2.

Еңбек нарқының талаптарына сай жастар мен жас өспірімдерге арнайы, кәсіби және жоғарғы білім алуға бағыт беру

Есеп

Кенттер мен селолық округтер әкімдері, білім беру бөлімі, аудандық қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Үнемі

-

-

-

Қаржыландыруды қажет етпейді

3.

Жалпы білім беру мектептерінде оқушыларды және тәрбиелеушілерді мына бағдарламалар бойынша оқытып тәрбиелеу:

  • кәсіпкерлік экономикасының негіздері;

  • құқық негіздері;

  • өнегелі тәрбиелеу;

  • жағымсыз қылықтарға: темекі тартуға, ішімдікке, таксикоманияға, нашақорлыққа қарсы тұру;

  • оқушылар меншік түріне қарамастан аудан өнідірісінде, ұйымдары мен мекемелерінде өндірістік практика өтеулерін ұйымдастыру

Ақпарат

Кенттер мен селолық округтер әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, білім беру бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі бөлім, АМБ (СӨС), кәсіпкерлік бөлімі

2008-2010 жж.

-

-

-

Ауданның жергілікті бюджетінде ескерілген қаржы көлемінде.

4.

Жастарға кәсіпкерлікті, шағын және орта кәсіпкерлікті ұйымдастыру бойынша әдістемелік материалдар мен ұсынбалар дайындау.

Ақпарат

Кәсіпкерлік бөлімі

II жартыжылдық 2008-2010 жж.

-

-

-

Ауданның жергілікті бюджетінде ескерілген қаржы көлемінде.

5.

Дарынды оқушылар мен жастарға жекелей ақша көмегін бөлу.

Есеп

Кенттер мен селолық округтер әкімдері, білім беру бөлімі, мәдениет және тиілдерді дамыту бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі

Жыл сайын

2008-2010 жж.

(желтоқсан)


-

-

-

Ауданның жергілікті бюджетінде ескерілген қаржы көлемінде.

6.

Болашақ ұрпақ және жастар жайында өзекті тақырыптарды жарыққа шығарған корреспонденттік жұмыстарға конкурс

Ақпарат

Ішкі саясат бөлімі

Жыл сайын

2008-2010 жж.

(жоспар бойынша)


10

10

10

Аудандық бюджет

7.

«Бұқар жырау ауданының жастары- 2008-2010 жж.» бағдарламасының жүзеге асырылуы барысы жайлы БАҚ-ы арқылы аудан халқына ақпарат беру.

Ақпарат

Ішкі саясат бөлімі

Жарты жылда

1 рет


2008-2010 жж.

-

-

-

Қаржыландыруды қажет етпейді

8.

Жастар ісі жөніндегі аудандық Кеңестің отырысын өткізу

Кеңес шешімі

Ішкі саясат бөлімі

Тоқсан сайын

2008-2010 жж.



-

-

-

Қаржыландыруды қажет етпейді

3. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖАҒДАЙҒА БЕЙІМДЕЛУІ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

1.

Балалар мен жастарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету


Жастардың әлеуметтік бейімделуі, кәсіптік психологиялық, педагогикалық, құқықтық және басқа да көмек көрсету.

Жастарға әлеуметтік-психологиялық, құқықтық және басқа да проблемалар бойынша көмек көрсету.



Кенттер мен селолық округтер әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, білім беру бөлімі

2008-2010 жж.

-

-

-

Ауданның жергілікті бюджетінде ескерілген қаржы көлемінде.




Жастарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету бойынша әлеуметтік қызмет құру.


Мұқтаждыларға дер кезінде психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

Жұмыспен қамту саласында кәсіби-бағдарламалық жұмыстар жүргізу, курстар ұйымдастыру, консультативтік қызмет көрсету.



Ішкі саясат бөлімі, білім беру бөлімі, аудандық қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі



















Жастарға қажетті құқықтық көмек көрсету.


Жас қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында өз мүдделері жайлы келісу кезінде қолданыстағы заңнамалар төңірегінде еңбек келісім-шартын жасау барысында консультация беру.

Ішкі саясат бөлімі

Ішкі саясат бөлімі, білім беру бөлімі, аудандық қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

















Өмірдің қиын-қыстау жағдайына тап болған кәмелетке толмаған жастар үшін консультациялық қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік қызмет.


Жастардың жұмыс нарқына бейімделуіне механизмдер жасау, жастардың еңбек нарқында әлеуметтік бәсекелігін арттыру.

Жастардың құқықтық білімділігін, олардың құқықтық қорғалуын көтеру.


2.

Жастарға арналған «Сенім» сенімділік телефонының жұмысы

Дағдарысты, тартысты, проблемалы жағдайға душар болған жастардың, олардың әлеуметтік бейімделуі, толық мәнді өмірге оралулары

Ішкі саясат бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

2008-2010 жж.

-

-

-

Ауданның жергілікті бюджетінде ескерілген қаржы көлемінде.

3.

Тікелей көмек көрсету үшін табысы аз жанұядан шыққан кәмелетке толмағандар бойынша ақпарттар базасын жасақтау

Мониторинг

Кенттер мен селолық округтер әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, білім беру бөлімі

Үнемі

2008-2010 жж.



-

-

-

Қаржыландыруды қажет етпейді

4.

Ауыл жастарының аудандық форумын өткізу

Форум өткізу

Ішкі саясат бөлімі

Жыл сайын

2008-2010 жж.

(жоспар бойынша)


150

150

150

Аудандық бюджет

4. ЖАСТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

1.

Денсаулық фестивалін өткізу

Ақпарат

Кенттер мен селолық округтер әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ішкі саясат бөлімі, білім беру бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі

Жыл сайын

2008-2010 жж.

(жоспар бойынша)


15

15

15

Ауданның жергілікті бюджетінде ескерілген қаржы көлемінде

2.

Жастарды салауатты өмір салтына шақыратын шаралар, акциялар, семинарлар, конференциялар, шығуларды өткізу (жеке жоспар бойынша)

Ақпарат

Ішкі саясат бөлімі, білім беру бөлімі, АМБ (СӨС), мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, БЖСМ, дене шынықтыру және спорт бөлімі

Жыл сайын

2008-2010 жж.

(жоспар бойынша)


130

130

130

Аудандық бюджет

3.

Бұқар жырау ауданының жастары арасында бұқар жырау ауданы әкімінің кубогына мини-футболдан жарыс өткізу

Ақпарат

Ішкі саясат бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі

Жыл сайын

2008-2010 жж.

(жоспар бойынша)


20

20

20

Аудандық бюджет

4.

Туристер слетін өткізу

Ақпарат

Ішкі саясат бөлімі,білім беру бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі

Жыл сайын

2008-21010 жж.

(жоспар бойынша)


10

10

10

Аудандық бюджет

5.

Аз қамтамасыз етілген отбасылардың кәмелетке толмаған жасөспірімдер және жағдайлары төмен отбасы балалардың қатысу үшін ЖСШМ, білім мекемелерінде үйірмелер санын көбейту.

Ақпарат

Ішкі саясат бөлімі,білім беру бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі

Жыл сайын

2008-2010 жж.

(қазан -қараша)


-

-

-

Аудандық бюджет

6.

Жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жастармен бірлесіп қоғамдық тәртіп сақтау еркін отрядтар ұйымдастыру; Құқықтық тәрбие жөнінде факультативтік сабақтар, лекциялар өткізу; Қаңғыбастық және қараусыздық, оқумен қамтылған балалар мен жасөспірімдерді болдырмау және алдын алу жөнінде рейдтер өткізу; Жасы кәмелетке толмағандармен кинолектории және т.б. шаралар өткізу

Ақпарат

Кенттер мен селолық округтер әкімдері, ішкі саясат бөлімі, білім беру бөлімі, әлеуметтік сала бөлімі, АІІБ,

Жыл сайын

I жартыжылдық

2008-2010 жж.


-

-

-

Қаржыландыруды қажет етпейді

5. ЖАСТАРДЫҢ ИМАНДЫЛЫҚ, МӘДЕНИ, РУХАНИ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ

1.

Әскери-патриоттық шаралар ұйымдастыру.

Есеп

Кенттер мен селолық округтер әкімдері, ішкі саясат бөлімі, білім беру бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі бөлім

Үнемі

2008-2010 жж.



-

-

-

Ауданның жергілікті бюджетінде ескерілген қаржы көлемінде

2.

Ақпарат әскери-патриоттық, бұқаралық қорғаныс айлығын өткізу

Ақпарат

Кенттер мен селолық округтер әкімдері, ішкі саясат бөлімі, білім беру бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі бөлім

Жыл сайын

2008-2010 жж.

(жоспар бойынша)


20

20

20

Аудандық бюджет

3.

Аудан мектептерінің оқушылары арасында «Ұлан» әскери-спорттық ойынын өткізу

Ақапарат

Қорғаныс істері жөніндегі бөлім, кенттер мен селолық округтер әкімдері, білім беру бөлімі

Жыл сайын

2008-2010 жж.



-

-

-

Ауданның жергілікті бюджетінде ескерілген қаржы көлемінде

4.

Мектептерде және әскери бөлімдер базасында жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізуді ұйымдастыру

Ақпарат

Кенттер мен селолық округтер әкімдері, ішкі саясат бөлімі,білім беру бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі бөлім

Үнемі

2008-2010 жж.



-

-

-

Қаржыландыруды қажет етпейді

5.

Қазақстан Республикасының Отан қорғау күніне арналған «Ән шырқаймын, туған жер!» аудандық фестивалін өткізу

Ақпарат

Ішкі саясат бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі бөлім, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Жыл сайын

2008-2010 жж.

(жоспар бойынша)


10

10

10

Аудандық бюджет

6.

Туған жердің тарихын білу, жастарда патриоттық сезімді дамыту мақсатында Қазақстанның үлкен қалаларына туристтік сапарларды ұйымдастыру

Ақпарат

Ішкі саясат бөлімі

Жыл сайын

2008-2010 гг.

(жоспар бойынша)


270

270

270

Аудандық бюджет

7.

«Жастар және әскер» аудандық акция өткізу

Ақпарат

Ішкі саясат бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі бөлім, білім беру бөлімі

(жоспар бойынша)

10

10

10

Аудандық бюджет

8.

Бұқар жырау ауданының мекетептері арасында КТК (КВН) ойындарын өткізу

Ақпарат

Ішкі саясат бөлімі, білім беру бөлімі

Жыл сайын

2008-2010 гг.

(жоспар бойынша)


30

30

30

Аудандық бюджет

9.

7 шілде Жастар күнін өткізу

Ақапарат

Ішкі саясат бөлімі

Жыл сайын

III тоқсан

2008-2010 жж.

(жоспар бойынша)



25

25

25

Аудандық бюджет

10.

Жастардың ғылым, мәдениет, өнер, білім және т.б. салаларында жеткен жетістіктері үшін аудан әкімінің премиясы

Ақпарат

Ішкі саясат бөлімі

Жыл сайын

2008-2010 жж.

(жоспар бойынша)


100

150

150

Аудандық бюджет

11.

ҚР Конституция Күніне арналған акция өткізу

Ақпарат

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Жыл сайын

2008-2010 жж.

(жоспар бойынша)


15

15

15

Аудандық бюджет

12.

«Жас қанат» орындаушылар мен жүргізушілердің аудандық конкурсын өткізу

Ақпарат

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Жыл сайын

2008-2010 жж.

(жоспар бойынша)


20

20

20

Аудандық бюджет

13.

Мемлекеттік тілді білу бойынша өзге ұлт өкілдеріне арналған конкурс өткізу

Ақпарат

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Жыл сайын

2008-2010 жж.

(жоспар бойынша)


15

15

15

Ауданның жергілікті бюджетінде ескерілген қаржы көлемінде

14.

Танымдылық-интеллектуалдық ойындар, дебаттар, кездесулер өткізу.

Ақпарат

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, білім беру бөлімі, жастармен жұмыс жасау орталығы

Жыл сайын

2008-2010 жж.




-

-

-

Ауданның жергілікті бюджетінде ескерілген қаржы көлемінде

6. ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ИНФРАСТРУКТУРАСЫН ДАМЫТУ

1.

Жастар ұйымдарына ғимарат, үй-жай бөліп беру қарастырылып құрамдарды ақысыз қолдау мәселесіне ықпал жасалсын

Ақпарат

Кенттер мен селолық округтер әкімдері




-

-

-

Спонсорлық демеуші қаржылар есебінен

2.

Балалар-жасөспірімдер ұйымдарының және жастар қоғамдық бірлестіктерінің жастар тақырыбы бойынша көрме өткізу

Ақпарат

Ішкі саясат бөлімі, білім беру бөлімі

Жыл сайын

2008-2010 жж.

(жоспар бойынша)


10

10

10

Аудандық бюджет

3.

Ауданның белсенді жастарын оқыту мақсатында жазғы лагерьлер өткізу

Ақпарат

Ішкі саясат бөлімі

2008-2010 жж.

(жоспар бойынша)



30

30

30

Аудандық бюджет




Барлығы:










1,100

1,200

1,200




Ескерту: бағдарлама қаржы көлемінде жүзеге асырылады, қажет болған жағдайда бағдарламаларға салынған қаржылар ішінара

ауыстырылуы мүмкін.

жүктеу 185 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау