Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
бар, жүзің
бар демей, турасын кесіп айтатын қайсарөжет би Есім ханның
кейбір озбыр жөн-жосықсыз іс-әрекеттеріне қарсы шығады. Оның бұл мінезі
ханға да жаға бермейді. Сөйтіп хан мен бидің арасы суи бастайды. Жиембет
ханнан іргені аулақтатып, қол астындағы елге өзінше билік жүргізе бастайды.
Мұны білген хан оның соңына түсіп, куғынға салады. Сонда бір кездесуде
Жиембет жырау Есім ханға былай депті:
Еңсегей бойлы Ер Есім!
Есім сені есірткен,
Есілде менің кеңесім... (толық нұсқасы төменде берілген)
Міне содан бері бұл толғау ел жадында сақталып, жатқа жырланып
бізге жеткен.
Хан мен би арасындағы сол бір келіспеушілік өрши түседі. Бұл
жанжалға енді мынадай бір жесір дауы кеп жалғасады. Ол былай:
Қасым
ханның атасы Тәуекел өліп, оның Ақторғын дейтін әйелі жесір калады.
Ақторғын өзі сұлу, келбетті, әрі ақылды болса керек. Қасым ағасының жылы
өткен соң Ақторғын жеңгесін әмеңгерлікпен өзі алмақ ойда жүреді. Ал,
Ақторғын болса, өзі сүйетін Жолымбет нағашысының бір батыр насат
інісімен көңіл қосып жүріп, жүкті боп қалады. Мұны сезген Қасым хан енді
бұрынғыдан бетер қаһарланады. Жиембеттің батыр інісі Жолымбетті
қарауындағы
мың
сан
қолымен
шүршіт
соғысына
айдайды.
Әлгі батыр жігітті зынданға салады. Жиембет биді ойрат соғысынан қолға
түскен құлдарға косып, жер аудармақ болады.
Хан бұйрығы
бойынша Жолымбет батыр өз сарбаздарымен шығысқа аттанып, алты ай
дегенде зор жеңіс, мол олжамен оралады. Жүздеген пенде-шүршітті ханға
әкеп сыйға тартады. Есім хан бір жағынан Жолымбеттің бұл ерлігіне риза
болса да, екіншіден іштей оған деген өшпенділігін тастамайды, қайта өршіте
түседі. Бір айтыс тартыста Жолымбеттің
көзін жоймақ боп оны әуелі
зынданға тастатып, артынан дарға асылсын деп, жұртқа жар салады. Осы
жарлықты есіткен Жиембет би дар басына жетеді, сөйтеді де анадай
жерде би, батырлар ортасында тұрған Есім ханға тура барып былай деп зәрлі
де, қаһарлы жырын термелейді:
Өмірің қатты, Есім хан,
Бүлік салып бұйырдың.
Басын бер деп батырдың,
Қанын ішіп канбаққа,
Жанын отқа салмаққа,
Атадан жалғыз ол емес,
Хан ие, ісің жол емес!
Жолбарыстай Жолымбет,
Құрбандыққа қол емес!
Жол тосып алып кетіпті,
Қалмақтан алмақ сыйыңды,
Қаһарыңды басқалы,
Қалың елім жиылды.
Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
Бастап
келген өзге емес,
Жиембет сынды биіңді,
Малын салып алдыңа,
Әр саладан құйылды.
Он екі ата Байұлы,
Бір Тәңіріге сыйынды.
Жиембет жырау осылай дегенде, хан Есім райынан қайтып, дар
алдында тұрған Жолымбетті босаттырып жібереді.
- Жырауым, - дейді хан Жиембетке қарап - мен өзіңді сыйлап бір
өтінішіңді қабыл алдым. Енді сіз де бұрынғы райыңыздан қайтарсыз?! -
Қайтпағанда ше, хан ием, - деп би екі бүктелген бұзау тісті қамшысын төсіне
басып оған ризалық білдіреді. Ханның Жолымбет батырды жазадан
құтқарып, оның ағасы Жиембет биді риза етуінде үлкен мән бар-тын. Жесір
даулап бір батырды дарға асқанша, оның қарамағындағы қалың бұқара елді
өзіне каратып, билік
ауқымын бұрынғыдан да кеңейту, нығайту еді. Ол ең
алдымен осыны ойлады. Егер осылай шешімге келмеген күнде, Жиембет
жырау оның бұл озбырлығын бүкіл Жайық жағалауындағы елге жайып
жіберуі мүмкін еді. Есім хан сөйтіп дегеніне жетеді.
Дау-дамай саябыр тауып, ел арасы мамыражай тыныштық қалыпқа
келеді. Бірер жыл өткізіп алып Есім хан тағы да
Жиембет бидің соңына
түседі, ондағы мақсаты, Жиембет би ықпалында жүрген елдерді өзіне
түгелдей каратып алып, өзінің хандық құзырын бұрынғыдан да кеңейту
болатын. Оның бұл ойы Жиембет биді биліктен тайдырмайынша іске
аспайтын еді. Сондықтан ол өзінің жендеттерін
жұмсап Жиембетті қолға
түсіреді де, оны Қиыр Шығысқа жер аудартып жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: