А. И. Хасанова Әлеуметтік экология және тұрақты даму



жүктеу 2,47 Mb.
бет4/9
Дата14.11.2017
өлшемі2,47 Mb.
#155
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары:

1 Денсаулыққа анықтама берініз

2 Адамдардың денсаулығы неменеге байланысты?

3 Адам денсаулығы деген не?

4 Қоғам денсаулығы деген не?

5 Денсаулық денгейлері деген не?

6.Аллергия , аллергенді заттар деген не?

7 Тақырып: Табиғи ортаның қазіргі жағдайы

Мақсаты: Ғаламдықэкологиялық проблемаларының негізі құраушыларың аңықтау.

Жоспар:

1. Атмосфераның қасиеттері және оның адамға әсері

2. « Парниктік» немесе «жылулық» эффект мәселесі

3. Озон мәселесі

4 Қышқылдық жауын –шашындар мәселесі

5 Адамзат және топырақ мәселесі


1.Атмосфера –ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе.Ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестерінің жүруінің шарты және меторологиялық режимнің негізгі факторы. Атмосферадағы жекелеген компонеттердің қатынасы оның радиацияға ,жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы, су буы және әртүрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін және жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды . Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда Жер бетіндегі орташа жылдық температура +15 С емес,-18 С болар еді.

Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдам араласуы мен үлкен ара қашықтыққа орын ауыстыруы, басқа сфералармен ,әсіресе мұхитпен байланысы жатады.

Ерте кезден –ақ ауаның ластануына қарсы шаралар қолға алына бастаған. 19 ғасырда Англияда ірі қалаларда,Лондонда көмірді отын ретінде пайдалануға шектеу қойды. Адам ауаның құрамына кіретін негізгі химиялық элементтер – азот пен оттегінің концентрациясына елеулі әсер етпейді. Бұл газдардың концентрациясының өзгермеуі олардың концентрациясының жоғары болуына байланысты. Адамның атмосфераға әсерінің байқалуы, оның биосфералық процестерге белсенді түрде араласа бастауынан, ормандарды жою, жерді жырту, эрозия, құрғату, суару, қалалар мен өндіріс орындарын және т.б салу нәтижесінде басталды.

Атмосфераға шығарылатын химиялық заттардың ішінде бірінші орында көмірқышқыл газы тұр. Бұл қосылыс ұзақ өмір сүреді және атмосферада жиналуға қабілетті.

Көміртегі оксидінің көп мөлшері өте қауіпті бірақ ол тұрақсыз.

Химиялық белсенділігінің жоғары және тұрақты көп мөлшерде 150-200 млн т шығарылуына байланысты күкірт диоксиді немесе күкіртті ангидридтің қауіптілігі зор. Оның сумен қосылыстары адам мен жануардың тыныс алу жолдарын тітіркендіріп ,зақымдайды. Ұзақ уақытқа созылған улану қан айналымының бұзылуы мен өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Күкіртті газ әсіресе өсімдіктер үшін қауіпті. Олар адам мен жануарларға қарағанда бұл газға өте сезімтал.

Күкіртті ангидридтен басқа атмосфераға күкірттің басқа да зиянды қосылыстары келіп түседі. Оларға күкіртсутек жатады. Бұл газдың жоғары концентрацияларымен улану өкпенің ісуіне, тыныс алу параличне және өлімге әкеліп соқтырады. Табиғатта ол көбінесе су қоймаларда, шайынды суларда, ақуыздардың бактериалды ластану өнімі ретінде минералдық бұлақтарда кездкседі.

Күкірт пен оның қосылыстары атмосфераға табиғи және антропогенді әсер нәтижесінде шығарылады.

Күкірт пен оның қосылыстарының атмосфераға табиғи жолмен шығарылуының 3 негізгі көзі бар. Атмосфераға антропогенді күкірттің келіп түсуі отынды жағумен байланысты.

Атмосфераның басқа ластаушыларының ішінен азот тотықтарының, көмірсулардың, бинзо пирен, хлор, фтор және басқа қосылыстардың маңызы зор. Бұлардың көпшілігі жылу балансының өзгеруі немесе озонның бұзылуы арқылы әсер етеді.

2.Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеруі нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын – парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ көмірқышқыл газы болып табылады. Көмірқышқыл газының парниктік эффектіге қосатын үлесі әр түрлі мәліметтер бойынша 50%-дан 65%- ға дейін жетеді. Басқа парниктік газдарға метан, фреон, азот оксидтері, озон және т.б. газдар жатады.

Жер бетіне негізінен жылулық жылулық емес, көрінетін сәулелер ағыны түседі . Бұл сәулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді.

Мәліметтер бойынша парниктік газдардың әсерінен соңғы жүз жылдықта Жердің орташа жылдық температурасы 0-0,3 С ға артқан. Атмосфердағы парниктік газдардың мөлшерінің екі еселенуі ХХ1 ғасырдаың екінші жартысында болуы мүмкін. Бұл ғасырда планетаеың орташа жылдық температурасы 1-3,5 С ға артуына әкеледі.

Көмірқышқыл газының атмосфераға түсуінің негізгі техногенді көзі – органикалық отынды жандыру болып табылады. Қазір тек жылу энергетикасынан атмосфераға шамамен жылына бір адамға 1 т көміртегі немесе Жер шарына жылына 6 млрд т бөлініп шығады.

Атмосферадағы көміртегінің мөлшерін кемітетін негізгі факторлар фотосинтез бен мұхиттң сіңіруі болып табылады.

Мұхит адам қызметінің нәтижесінде түзілген көмірқышқыл газының 50%-ын сіңіреді. Соңғы кездегі зерттеулер бойынша техногенді процестермен қатар, парниктік газдарды шығару көзі экожүйелердің өзі болып табылатынын көрсетті. Осыған юайланысты парниктік эффекті мәселесін шешу көбінесе табиғи-экожүйелік деңгейде қойылып отыр.

3 Атмосфераның озон мәселесіеің адам қызметіне қатысты өзара байланысты 2аспектісі бар : жоғары қабаттағы бұзылу, және жер маңы кеңістігіндегі конйентрациясының артуы .

Озон қабаты полюстерде 9-30 км, экваторда - 18-32 км. биіктікте орналасқан .Ондағы озонның концентрациясы 0,01-0,06 мг/м. Егер қабаттағы озонды таза күйде бөліп алса, оның қалыңдығы 5-3 мм құрайды . Озонның мөлшері сантиметрмен немесе Дипсон бірлігімен есептеледі.

Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегі молекулаларының ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі . Бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуынан озон түзіледі .Бір уақытта озон молекулаларының ыдырап , оттегіне айналу процесі жүреді . Реакция жүруінің шарты ультракүлгін сәулелерінің болуы және олардың инфрақызыл жылулық сәулелерге айналуы болып табылады.

Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабаттарындағы озон мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде бұл кему 3% құраған .Мәліметтер бойынша озонның 1% ға кемуі терінің қатерлі ісігімен ауру деңгейін 5-7%-ға арттыруы мүмкін.

Озонның ең көп мөлшері Антарктидаүстінде жойылған . Мұнда соңғы 30 жылда озон мөлшері 40-50% кеміген . Озонның концентрациясының кемуі нәтижесінде түзілген кеңістікті « озон тесіктері» деп атайды. « Тесіктің » көлемі жылына 4% артып отыр. Сонымен қатар «көшіп жүрнтін тесіктер» пайда болуда . олар алғаш рет осы ғасырдың 80 жылдары байқалған .

Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар болып есептеледі.Озон қабаты интенсивті түрде көктемде бұзыла бастайды. Себебі қыстағы төмен температура мен бұлттылықтың артуы фреондардың құрамындағы хлордың бөлініп шығуына әкеледі. Озон қабатының бұзылуының тағы бір себебі ретінде атмосфераға оттегін бөліп шығаратын негізгі фактор ретінде ормандардың жойылуы аталады.

Сонымен қатар ,Антарктиданың үстінде озонның тарылуына әкелетін жоғары қарай бағытталған жерлердің болуы туралы да пікірлер бар .

Атмосфераның төменгі қабаттарында озон күшті антитоксикант және бактерисцид болып табылады. Ол жағымсыз иістерді ,кейбір концерогенді заттарды бұзуға қабілетті.Бірақ жоғары концентрацияда озон күшті у болып табылады. Адамда ол тыныс алуды қиындатады , көзді тітіркендіреді, өсімдіктердің ассимиляйиялық аппаратын зақымдап ,хлорофилді бұзады.

4 Қышқылдық жауын-шашындардың пайда болуының негізгі себебі күкірттің қос оксидімен ластану болып табылады .Қышқыл жауынның түзілуіндегі күкірт қос оксидінің үлесі 70%. Алғашқы қышқыл жауын 1907-1908 жылдары Англияда байқалған.Қышқыл жауын-шашын топыраққа ,су экожүйелеріне , өсімдіктерге , архитектур ескерткіштеріне ,ғимараттарға және т.б. зиянды әсер етеді.Топыраққа келіп түскен қышқыл жауын катиондардың қозғалғыштығы мен шайылып кетуін арттырады , редуценттердің , азотфиксаторлардың және басқа да топырақ ортасының ағзаларының белсенділігін төмендетеді.

Су қоймаларына түскен қышқыл жауын судың қышқылдығы мен кермектігін арттырады . Көптеген гидробионттар аталған көрсеткіштердің өзгеруіне өте сезімтал.

Қышқыл жауын –шашын мен оның компонеттері әсіресе ормандарға орасан зор зиян келтіреді . Қышқыл жауын –шашын өсімдіктерден биогендерді, қанттар ,ақуыздар , аминқышқылдарын ығыстырып , зақымдайды.

Олар қорғаныш ұлпаларды зақымдап , ағзаға потогенді бактериялар мен саңырауқұлақтардың ену мүмкіндігін арттырады. Мұның нәтижесінде фитоценоздардың өнімділігі төмендеп ,кейде толық жойылып кетуі мүмкін.

Қышқыл жауындардың өсімдіктер үшін зиянды әсері топырақ арқылы да байқалады.Бұл әсер алюмений мен ауыр металдардың қозғалғыштығының артуы нәтижесінде болады. Бос алюмений жас тамырларды зақымдайды. Оларда инфекциялардың ену ошақтарын түзеді, ағаштардың уақытынан бұрын қартайуына әкеледі.Әсіресе қылқан жапырақты ормандар күшті зақымданады. Атмосфераның ластануына жоғары дәрежеде сезімталдығымен қыналар сипатталады. Олар әдетте ең бірінші болып ,экожүйеден жойылады және қоршаған ортаның қолайсыз әсерінің индикаторы болып табылады.



4.Топырақтың адам үшін манызы өте зор. Литосфера - жер қабатының сыртқы қабаты. Оның ішінде жер қыртысы құрлықта 50-70 км дейін , мұхит астында төменгі шегі 5-10км шамасында . Литосфера -қоршаған табиғи ортаның ең маңызды бөлігі Ол көлемі мен бет пішіні топырақ жамылғысымен ,өсімдіктермен кен қазбаларымен орналасуымен сипатталады .

Жер бетінің үстіңгі қабатын топырақ деп атайды. Топырақ бұл ауа райының ,өсімдіктердің ,жануарлардың ,жергілікті жер бедерінің күрделі өзара әрекеттестігі нәтижесінде қалыптасқан

Дене.Топырақтың ең маңызды қасиеттерінің бірі оның құнарлылығы .Яғни өсімдіктерді органикалық және минералды заттармен қамтамасыз ету қабілеті.Топырақ 3 фазадан:

Қатты,сұйық ,газ тәрізді заттардан тұратын орта .

Топырақтану ғылымының негізін қалаушы орыс ғалымы В.В Докучаев Ол бірінші рет топырақ және топырақ құрылымы ұғымдарының анықтамасын берді .

Топырақтағы заттардың миграциясы мен трансформациясына байланысты топырақ құрамы бірнеше қабаттарға немесе горизонттарға бөлінеді.

Ең жоғарғы, органикалық заттардың шіруінен пайда болған өнімнен тұратын қабат ең негізгі құнарлылығы жоғары горизонт болып маналады . Оны гумус немесе Қара шірік деп атайды.

Гумус немесе қарашірік жиынтығы деп крахмал, йеллюлоза, ақуыз қосылыстарын ыдырататын микроорганизмдер әсерінен пайда болатын өсімдіктекті және жануартекті қалдықтарды айтады.Гумус жинақталған үстіңгі құнарлы қабат қалыңдығы көбіне 20см –ден аспайды.Топырақтың физикалық ,химиялық қасиетінің қалыптасуында ерекше қызмет атқаратын жәндік-жауынқұрт.Жауынқұрттың массасы шамамен 0,5 гр .1 шаршы метр топырақта олардың саны 50 –ге жуық болады .Бір жылдың 200 күнінде олар өз денелері арқылы 50 тоннадай топырақты, құрғақ шөптерді , жапырақтарды ,көңді т.б. заттарды өткізіп топырақты құнарландыра түседі.Жерді жырту ,тырмалау т.б. әрекеттер зат айналым тепе-теңдігіе бұзып, топырақтың құнарсыздануына себебін тигізеді.

2 Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей немесе жанама түрде өз ықпалын тигізіп келеді.Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақ ластануының түрлері:

Физикалық, химитялық және биологиялықө болады. Физмкалық ластану радиоактивті заттарға байланысты. Биологиялық ластану деген ауру туғызатын микроорганизмдердің қоршаған ортада болуы.Химиялық ластану топырақта тірі ағзаларға қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы. Түсті металл кендерін ашу, таза металлдар алу процестерінен шыққан өнімдер және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауылшаруашылығында улы химикаттар көп қолданылған және өндіріс дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінің құрамында , қан құрамында болатыны байқалған.

Жер ресурстарын ең негізгі тұтынатын саланың бірі ауылшаруашылығы.Ауылшаруашылығында құрлықтың 30% дан астамы игерілген .Ауылшаруашылығында жер ресурстарын жарамсыз түрге айналуына себеп болатын жағдайлар:

1.Топырақ эрозиясы-су немесе жер қыртысының түгелдей немесе жартылай бүлінуі, топырақ құнарлылығының төмендеуі.

2. Агротехниканы дұрыс қолданбағандықтан негізінде ауыспалы егіс болмауынан .

3.Құрғатымсыз жерді суландыру ,топырақтың су астында қалуы , екінші ретті тұздану,

4. Топырақтың техникада қолдануда бүлінуі , төсенәш қабаттарындағы жыныстардың араласуы.

5. Топырақтың химиялық ,радиациялық ластануы.

Жел эрозиясы 2-ге бөлінеді: шаңды дауыл ; күнделікті жел эрозиясы.

Су эрозиясы: су тасқын апаты, беттік эрозия, жыралық эрозия, айғыздық эрозия

Жерді қайта құнарландыру деп бүлінген жерлердің өнімділігін және қоршаған ортаның жағдайын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстардың жиынтығы .

Жерді қайта құнарландырудың мақсаты : жер мен оның қойнауын ұтымд ыпайдалану, табиғат ресурстарын сақтау , өндіріс дамыған аудандарда халықтың санитарлық –гигиеналық жағдайларын қамтамасыз ету .

Жерді қайта құнарландырудың обьектлері мыналар : жер асты және жер үсті тау кен жұмыстарын жүргізгенде пайда болатын ойпаңдар , қазба жұмыстар мен өндіріс орындарының

қалдықтары , құрылыс салып жатқан аудандардағы құбырлар ,т.б. жұмыстарды жүргізгенде бұзылған жер беті жатады.

Жерді қайта құнарландыру 2 саты арқылы жүргізіледі : техникалық және биологиялық .

Адам үшін қажетсіз ағзаларды жоюға және санын кемітуде қолданылатын заттарды пестицидтер днп атайды. Бұл заттардың барлығы ксенобиотиктер , яғни тірі ағзалар мен тұтас алғандағы биосфера үшін бөгде заттар болып табылады. Пестициттерге мына препараттар жатады: өсімдіктерді жою үшін қолданылатын – гербицидтер , бунақденелер – инсек-

тицидтер , саңырауқұлақтар - фунгицидтер , кенелерге-акарицидтер , балдырларға- альгицидтер және т.б. Пестийидтерге сонымен қатар , ағзалардың физиологиялық функцияларын өзгертетін немесе оның жекелеген мүшелеріне әсер ететін заттар да жатады.Дефолианттар - өсімдіктердің жапыоағын түсіретін , дефлоранттар- өсімдіктердің гүлдерін жою үшін , репеллент- жануарларды қорқыту үшін ,аттрактанттар – жануарларды өзіне тарту үшін ,фумиганттар – дизенфекция мақсатында ауыл шаруашылық танаптары немесе ғимараттарлы түтіндету үшін қолданылады.

Соңғы жылдары улық дәрежесі жоғары ,бірақ тіршілік периоды қысқа пестицидтерге сұраныс артуда . Пестицидтерді мәдени шаруашылықтың нәтижесі деп қарастыру қажет. Оларды адам қолдан жасаған жасанды жүйелерде немесе өздігінен реттелу механизмдері бұзылған табиғи экожүйелерде қолданады . Оларды қолдану толығынын дерлік мына ауруларды безгек ,кене энцефалиті,туляремия және т.б. жоюға мүмкіндік береді

. Қоршаған ортаның радиациялық ластануы.

Казiргi кезеңнің өзектi мәселелерiнің бiрi- радиациялық ластану болъш қалып отьтр. Радиоактивтi ластанумен күресу тек алдьин алу сипатында ғана болады. Себебi табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдiстерi де, басқа да механизмдерi де жоқ. Қоректiк тiзбек бойынша тарала отырып (өсiмдiктерден жануарларға) радиоактивтi заттар азық-түлiк өнімдерiмен бiрге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейiн жиналуы мумкiн. Қазвқстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшерi жасалды. Семей полигонында 1949-дан 1989 жылға дейiн 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-i жер астында және 26-ы жер бетiнде жүргiзiлген. Олар Қазақстан территориясының бiраз бөлiгiнiң радиациялық ластануына әкелдi. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан кейiнгi ең үлкен иондаушы сәулелену дозасын алған. Радиациялық әсерге байланысты туған аурулар туралы мәлiметтер 1989 жылға дейiн құпия сақталып келдi. Ресми емес көздердiң мәлiметтерiне сүйенсек лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған мың адамды құрайды. Қазақстан территориясында радиациялық ластану себетттерiне мыналар жатады: Семей ядрлық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивтi материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсiп орындары, ғаламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерiн шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтiлiк, радиоактивтi қалдықтар


Бақылау сұрақтары:

1 Экологиялық мәселелер қоршаған ортаға қандай өсер етеді?

2Жылулық эффект мәселесі неде?

3 Адам денсаулығына қандай әсер етеді?

4. Озонның тіршілікке қандай манызы бар?

5 Қышқыл жауындар қандай әсер етеді?

6. Адам денсаулығын сақтау үшін экологиялық қандай іс - шаралар жасау керек?

7. Топырақтың адамзатқа манызы қандай?



8Тақырып: Тұрақты даму проблематикасы және негізгі міндеттері.

Мақсаты: Тұрақты даму идеологиясының қалыптасуының тарихы

экономикалық және әлеуметтік-экологиялық алғышарттарың анықтап танысу.Міндеттерімен проблематикасың анықтап талдау.



Жоспар:

1.Тұрақты даму идеологиясының қалыптасуы.

2 Дамудың философиялық түсініктемелері.

3Орнықты қоғамның моделі, оның белгілері және қызмет атқару принциптері мен міндеттері.


Қазақстан Республикасының орнықты дамуы –мемлекеттің экологиялық саясатының мақсаты. Қазақстанның дұниежүзілік қаумдастықтың кен ауқымды және көп векторлы орнықты даму процестеріне барған сайың кенірек араласуы, орнықты даму саласыңдағы бағдарламалық құжаттардың анықтау мен қабылдануы.

«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму» мемлекттік бағдарламасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатының және табиғатты орынды қолданудағы басты мақсаттары: қоршаған орта сапасының тұрақтануы, адамның өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз ету, келешек ұрпақтар үшін табиғи қорларды сақтау.

Қоршаған орта сапасының тұрақтану саласындағы саясаты бағытталған:


  • мемлекетті табиғи қорлармен қолдану, басқару және иелікке алу функцияларымен қамтамасыз етуге;

  • өнімнің бірлігіне табиғи қорлардың шығының қысқарту және экономиканың қорларсыйымдылығын азайтуға;

  • табиғи қорларды орынды қолдану арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге;

  • қоршаған ортаның күй жағдайын талдауға, себепті-тергеулі және объективті өлшемдерді табуға.

Қазақстан өзінің геологиялық, демографиялық, табиғи-қорлық және климаттық ерекшеліктерді, өтетін дәуірдің экономикалық және әлеуметтік мәселелерді есепке алып, ұлттық экологиялық саясатты құрайды.

Елде биологиялық әр түрліні үйлестіріп қолдану және сақтау бойынша әрекет жоспары және Ұлттық стратегиясы жасалынған.

Елдің қоршаған ортаны қорғау мәселелердің шешуіне комплекстік келудің демонстрациясы ретінде, Қазақстандағы БҰҰДБ қолдауымен өнделген, Тұрақты даму концепциясы және 21 Қазақстандық Шақыру қағазы болуға тиісті. Осы бағытта қызметті белсендіру мақсатымен, 2000 жылы ҚР Үкіметі БҰҰДБ-мен бірге «2003-2004 ж.ж. тұрақты даму үшін басқаруды күшейту» ұзақмерзімді Бағдарламаны қабылдады. Бағдарламаның мақсаты - мекемеаралық және сектораралық тосқауылдарды жою, интеллектуалды, ақпаратты және эксперттік потенциалды өсіру болады.

«21 Жергілікті шақыру қағаздары» «21 Қазақстандық Шақыру қағазының» компоненттері бола алады - тұрақты даму принциптерінде негізделген, бөлек әкімшілік аудандары (обылыстар, қалалар, аймақтар) үшін, өнделген және бекітілген экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары.

2.Дамудың философиялық түсініктемелері.

Орнықты даму концепциясының дамуы «адамзаттың қазіргі заманға мұқтаждықтарын өтей отырып, келешек ұрпақтардың сыбағасына нұқсан келтірмеу, олардың өзінің өмірлік қажеттіктерін өтеу мүмкіншіліктеріне қауіп төндірмеу», - деп түсінеді. Мұны, қоршаған ортаның кейбір параметрлерінін, мысалы негізгі физикалық константалардың /ауаның, судың, топырақтың құрамы, жер бетінің механикалық қасиеттері және т. б.\, биосфераның генофондының, өзінің байырғы келбетін өзгертпеген негізгі экожүйелердің ауқымды бөліктерінің, халық денсаулығынын, уақыт өткен сайын өзінің тұрақты мәндерін сақтауы, деп түсіну қажет.

3. Орнықты қоғамның моделі, оның белгілері және қызмет атқару принциптері мен міндеттері.

Орнықты дамудың принциптері, дүниетаным мен құндылықтар жұйесің қалыптастыру, экономиканы экологияндыру , сала аралық әріптестікті дамыту, түтынүды шектеу, кедейшілікті жою. Орнықты даму саласындағы негізгіміндеттер және қимылдардың бағыты: Экономикалық өсуді нығайту ; кедейшілікті жою және тіршілікке қажетті сенімді қаражат көздерін қамтамасыз ету: түтыну мен өндірудің орнықсыз модельдерін өзгерту: халықтың денсаулығың нығайту: экологиялық проблемалардың ауқымын тарылту: энергия ресурстарына қол жеткізу және энергияны нәтижелі пайдалану: қаржы мен технологиялар беру: халықаралық басқару жұйесің нығайту.


Бақылау сұрақтары:

1.Тұрақты даму деген не?

2.Тұрақты дамудың принциптері мен міндеттері қандай?

3.Дамудың философиалық түсініктемелерің анықта.



4. Экономикалық және әлеуметтік-экологиялық алғышарттарының тұрақты

9 Тақырыбы: Тұрақты даму концепциясы

Мақсаты: і тұрақты даму тарихымен мақсаты, міндеттері, мәселелері манызы

Жоспар:

1. Тұрақты даму, мақсаты, міндеттері, мәселелері

2.Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық қарым-қатынас.
Тұрақты даму дегеніміз - келесі ұрпақтардың өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру мүмкіндіктеріне зиян тигізбей, бүгінгі күн қажеттіліктерін қанағаттандыратын даму үрдісі. Тұрақты даму табиғи қорларды олардың байлығы мен біртұтастығы толық сақталатындай етіп тиімді пайдалануға бағытталған. Ол адам дамуы мәселелеріне денсаулық, тамақтану, жұмыс бастылық, пен тағы да басқа мәселелердің бірқатарын ескере отырып кешенді түрде қарау қажет деген ұғымды білдіреді.

Тұрақты дамуды қамтамасыз етудің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызамыз:

  • Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру;

  • Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиімді жүйесін құру;

  • Табиғи қорларды теңестірілген пайдалану негіздерін қалау.

Экологиялық мәселелерге байланысты осы міндеттердј іске асыру, тұрақты даму мәселесін шешу жолдары болып табылады.

Жер бетіндегі тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді. Тұрақты даму мәселесін шешу үшін, ең қарапайым тәсілі әр адамның экологиялық сауатсыздығың жоюдан бастау керек. Адамның ең негізгі мақсаты - биосфераны қорғау және сақтап қалу.

Қазіргі кезде экология ерекше маңызға ие. Жер бетінде халық санының өсуі, көптеген елдердің индустриялды дамуы, табиғат ресурстарын пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінм өсіре түсуде. Кейбір елдерде қоршаған ортаның жағдайының нашарлауы соншалық, адамдар денсаулығына кері әсер ете бастады. Осының бәрі қоғамды қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл аударуға, табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға, сондай-ақ оның ресурстарын үнемі пайдалануға итермелейді.

Адамзат табиғатқа тек оның жағдайын нашарлату арқылы ғана әсер етпеу керек, шамалы табысқа бола оларды жыртқыштықпен жұмсауға, қоршаған ортаны адамдар барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайды. Осыған байланысты алдыңғы кезекте, табиғатты пайдалану, экологиялық сараптау мен жобалауды кең қолдану, сондай-ақ табиғатты пайдаланудың обьективтік-экономикалық механизмін жасау проблемалары туындайды. Осылар қалыптасқан экологиялық жағдай адамдарды қиындықтар мен дағдарыс туралы сөз қылуды қойып, өздерінің ұлғайған тәбеттерін тежей отырып және табиғат ананың мүмкіндіктерімен есептесе отырып нақты істерге көшуге итермелеуі тиіс.

Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық даму кезеңдерінде орый алып отырды.

Өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезенінде адамзаттың табиғатқа кері әсерінің нәтижелері, ғаламдық сипатқа ие болды.

Экологиялық мәселенің мәні - табиғаттағы калыптасқан тепе - теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Адамзат қоғамының үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды.

Мұндай дамуды тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана сезімі, оладың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.

Жоғарыда айтылып өткендей, адамзат қоғамның алдында тұрған экологиялық мәселеллер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды.

Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі-биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр.



Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамуды тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды.

1987 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние Жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «Қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Осында алғаш рет «Тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.

1992 жылдың маусым айында Рио-де-Женейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік Қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты конференциясы «Тұрақты даму» конференциясын және «XXI ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Солардың ішінде негізгі мәселелеріне тоқтала кетсек:

  • Кедейлікпен күрес. Еңбек ақыны қамтамасыз етуі, кедейлердің өзін- өзі қамтасыз етуі мен бай елдердең тәуелділігін кеміту. Еңбекке жарамды халықтың санын арттыру. Табиғат ресурстарын сақтау және тұрақты даму. Білім беру жүйесін жетілдіру. Отбасын жоспарлау.

  • Тұтынудың құрылымын өгерту: Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.

  • Халық және тұрақтылық: 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны 5,5 миллиард астам болды. Ғалымдардың болжауынша 2020 жылы 8 млрд.-қа жетеді.

  • Адам денсаулығын сақтау мен жақсарту: Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады.

Тұрақты тұрғын жерлер (Урбанизация).

  • Атмосфераны қорғау: Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі- энергияны өндіру мен тұтыну;

  • Ормандарды жоюмен күрес: Топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуан түрлілігін сақтауда маңызды роль атқарады. Үкіметтерге ормандардың тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру қажет.

  • Шѳлдену мен құрғақшылықпен күрес;

  • Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану;

  • Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану;

Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру;

  • Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою;

  • Радиоактивті қалдықтарды жою;

  • Балалар мен жастардың тұрақты дамудағы ролі;

  • Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру.

Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. XXI ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа-райының өзгеруінің, ресурстарды пайдалану артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әртүрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтасыз етуі керек. Экологиялық білім беру - адамзаттың тұрақты дамуының кажетті шарты.

Сонымен қатар конферецияда мәлімдеме мен екі концепция – климаттың өзгеруінің алдын алу мен биологиялық алуан түрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды. Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бүл үшін экологиялық, экономикалық жэне әлеуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен ретінде қарастыру керек.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты белгіленді». Республика президенті Нұрсұлтан Әбішүлы Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға Жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді Қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді.

1992-1998 жылдары аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып, ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты. Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйытқысы болды.

Қазіргі кезде экономикалық мәселелерді интеграциялау іс- шаралары іздестірілуде.

Бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз етуді ету;

Суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;

Жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруга, биологиялық алуан түрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс - шараларды қабылдау.

Биологиялық алуан түрлілікті сақтау концепциясында сәйкес биологиялық алуан түрлілікті қорғаудың Ұлттық баяндамасы қабылданады.

Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымең байланысты мәселелерге мыналар жатады:

Қаржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі;

Экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану;

Тұрақты дамуды ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету. Бұл мәселелердің біздің Республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызы ерекше. Бұл мәселелерді шешудің міндеттері «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік» концепциясында қарасатырылған (Қазақстан Республикасының Президентінің шешімімен бекітілген, 30 сәуір 1996 жыл). Республиканың экологиялық қауіпсіздігі дегенде ең алдымен қоршаған ортаға антропогенді немесе табиги әсердің нәтижесінде жеке адамға, табиғат пен мемлекеттің өмірлік маңызды қажеттіліктерін нақты және мүмкін болатын қауіптен қорғауды қамтамасыз ету процесін түсінеміз. Экологиялық қауіпсіздік жүйесіне биосфера мен сыртқы антропогенді және табиғи факторлар арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұруға бағытталған медициналық, биологиялық, экологиялық, құкықтық іс-шаралардың жиынтығы жатады. Алда тұрған маңызды мәселенің бірі адамды қоршаған ортаға мүмкін болатын шекті экологиялык қысымды, яғни экожүйелердің өзара байланыстары, қарым-қатынастары, олардың біртұтастығы сақталатын антропогенді факторлардың әсер етуінің максималды деңгейін анықтау болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстан территориясының көптеген бөліктері күшті антропогенді әсерге ұшыраған. Арал маңы аймағы экологиялық қатер аймағы болып табылады. Мұнда шаруашылық қызметінің нәтижесінде қоршаған орта ұайтымсыз өзгерістерге ұшыраған, Аралдың экожүйесі бұзылып, халықтың денсаулығының төмендеуі мен өлімнің артуы байқалып отыр.

Қазақстан Республикасының «Экологиялық қауіпсіздігінің стратегиялық мақсаты мен міндеттеріне» экологиялық білім және тәрбие беру жүйесін жасау дамыту жатады.

Жалпы тұрақты дамуды тежейтін, экологиялық қауіп төндіретін табиғатқа антропогенді әсер ету. Қазіргі кезде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым - қатынасы күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы, адамның табиғатқа жүргізетін ықпалын күшейтті. Әсіресе XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптаса бастады. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игерілді. «Табиғат заңына бағынбаймыз, оны өз игілігімізге қолданамыз, бермесін тартып аламыз» деген көзқарас пайда болды. Мұның барлығының жер бетіне тигізген әсерін табиғаттың өзіне тән құбылыстардан – табиғи өзгеріс пен, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті.



Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе ғылыми- техникалық өрлеумен тікелей байланысты. Ғаламат жаңалықтармен бірге өндірістің жедел дамуы, зауыттардың еселеніп салынуы, жер құнарының тас- талқанын шығарған 1953- 1962 жылдардағы тың игеру, қазақ жеріндегі сынақ алаңдары күнделікті тіршілікке араласып, жетістігімен қатар апатын да ала келді.

Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайы ғаламдық шеңберде проблема тудыратын мәселеге айналып отыр. Кеңес дәуірінде ірі өндіріс орындарының күрт дамуына байланысты табиғат мәселлелерін ескермей, тек қана мол өнім алуға көңіл алып, ал табиғаттың ерекшелігін ескермей, көптеген зиян әкелгенін енді ғана біліп отырмыз.

Жалпы ірі өндіріс орындарын дамыту 3 фактор байланысты:

  1. Шикізат көзі

  2. Адам күші

  3. Су ресурстары

Осы үш фактордың арақатынасын сақтамай ірі өнеркәсіп орындарын дамыту мүмкін емес. Біздің ірі өндір орындарының барлығында жоғарыда аталған экологияық шарттар ескерілмеген. Ірі өндіріс орындарынан шығатын ул газдар, ауыр металдар, өндіріс орындарынан шыққан лас су көздері, өндіріс орындарының айналасындағы халықық денсаулығына, топырақтың, ауаның құрамының өзгеруі үлкен әсер етуде. Қазақстандағы қазіргі қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Қазақстандағы 182 миллион гектар жайылымның 11 миллионы (60 %) әр түрлі деңгейде зиян шегіп отыр. Миллиондаған гектар орманды алқаптар жойылып кетті. Ауыл экологиясының нашарлауы негізінен шаруашылық көзінің қалыптасқан жүйесінің бұзылуына байланысты болып отыр. Мәселені шешуде Елбасының ауыл мәселесін күн тәртібіне қоюы халықтың қызу қолдауын тапты. Елімізде экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия, отын өнеркәсібінің жедел және көп мөлшерде дамуы да қатты әсер етуде.

Жыл сайын Қазақстан су қоймаларына химиялық қоспалармен ластанған 6 миллиард м3 ағын су құйылады, млн. тонна зиянды заттар ауа қабатына сіңеді, 200 млн. қатты қалдықтар қоқысқа тасталады. Басқа да шикізат кѳздер игеру ауаны ластаумен қатар жүргізілуде. Республикада қазіргі кездегі қалыптасқан экологиялық мәселелер байланысты бірнеше өнеркәсіптік аймақтардың экология жағдайына тоқтала кетейік:

Батыс Қазақстан өнеркәсіптік экологиялық аймағын Каспий маңы ойпаты, мұнай өндіру мен өңдеу, металлур құрылыс материалдарымен және тағы да басқа салала маманданған Атырау, Маңғыстау, Орал, Ақтөбе облыста кіреді. Бұл аймақтағы негізгі мәселелер - Табиғи ортаның мұнаймен ластануы, адам денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, биокѳптүрліліктің жойылуына әкелуде.

Шығыс Қазақстан ѳнеркэсіптік аймағына - Шығыс Қазақстан облысының аудандары жатады. Қазақстан Республикасы ѳнеркәсібі жоғары дамыған, түсті жэне кара металлургия, энергетикалық кешені, полиметалл кендері шоғырланған аймақ. Бұл аймақтағы негізгі мэселелер -қоршаған ортада ѳндірістік қалдықтардың жиналуы, атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградацияға үшырауы айқын кѳрінуде. Тек Ѳскемен бойынша эуе кеңістігіне тарайтын 60% осы түрлі-түсті металлургия кэсіпорындарының үлесіне тиеді.

Солтүстік Қазақстан ѳнеркэсіптік аймағына -Республикамыздың солтүстігі Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары кіреді. Бұл аймақтағы мэселе азық-түлік жэне жеңіл ѳнеркэсібі маңызды орын алады. Мұндагы экологиялық мэселелер халықтың

элеуметтік-экономикалық жағдайы мен денсаулығына орасан зор эсер етуде. Жыл сайын улы қалдықгардан келетін шығын 300 миллион АҚШ доллар, ауаның ластануы 266 миллион АҚШ долларды кұрайды. Егістік жерлеріміздің улы химикаттармен ластануы да заңды алаңдаушылықты тудырады. Ауыл шаруашылығының зиян кестеріне қарсы күресте биологиялық жэне агрохимиялық эдістерге баяу кѳшуіміз кері эсер етуде.

Аталған фактілердің барлыгы Қазақстандағы экологиялық жағдайының нашарлығын кѳрсетеді. Сондықтан Да Қазақстан үкіметі қоршаған ортаның тұрақты дамуын Қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін берік кұқықтык фгетас қалайтын құжаттардың кең шеңберін эзірледі жэне Қабьілдады.
жүктеу 2,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау