Бақылау сұрақтары
1 Әлеуметтік-экологиялық кризиске сипаттама беріңіз.
2 Экологиялық жағдай типтері қандай?
3 Тұрақты даму дегеніміз не?
Тұрақты дамуды қамтамсыз ететін халықаралыК бірлестіктер қандай?
10 Тақырып: Тұрақты даму саласындағы ғаламдық бастамалар
Мақсаты: қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық қарым-қатынастардың маныздылығың қарастыру .
Жоспар:
1. Халық аралық ынтымақтастық .
3. Халықаралық қонференциялар, кездесулер
4.ЕҚТТ-ның (Ерекше Қорғалатын Табиғи Территория) жалпы
мәселелері
Қоршаған орта жэне әлем қауымдастығы. ШЕКОА (Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық Азия)
Орталық Азия аймағында экологияны сауықтырудың басты бағыттары
Әлемдік экологиялық проблемалардың негізі -процесстер мен кұбылыстардың халықаралық деңгейге шығуында жатыр, бұнда адамзат цивилизациясыньің тіршілігінің негізгі эрететін қозғап ѳтіп, ѳзінің шешімің шешуге бүкілэлемдік қауымдастық қатысуын қажет етеді. Осы жерде атап керсету қажет, кейбір табиғи ресурстардьгң халықаралық ерекше статуста екенін элемдік мұхит ресурстары, ауа атмосферасы, Антарктида, ғарыш. Бұл жерде барлық күшті біріктіре отырып, оларды, ұтымды, тиімді, жоспарлы, табиғаттың тепе - теңдігіне экологиялық зиян экелмейтіндей, қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру жолдары мен эдістерін шешуге жұмылдыру керегіне баса кѳңіл аударуға проблемасы қойылып отыр.
Адамзат баласының экологиялық проблемаларды шешуге күш салу қажеттілігін XX гасыр басында В.Н. Вернадский айтқан болатын. Әлемдік даму моделінің нэтижесі дәлелдегендей, мемлекеттер, ұлттар экологиялық проблемаларды шешуге міндетті түрде оте жауапкершілікпен келу керектігі, яғни халықаралық қарым - қатынастың бірнеше негізгі бағыттарын бѳліп кѳрсетуге болады:
Шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында адамзат баласының қолы тимеген жэне экологиялық тепе - теңдікті ұстап тұруға себебін тигізетін табиғи жүйелерді сақтау;
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде табиғи ортаның ассимиляциялық потенциалын қорғау;
Халықаралық экологиялық жауапкершіліктің тиімді жүйелерін жасау (соның ішінде, эскери қимылдар кезінде қоршаған ортаны бүлдіргендегі жауапкершілік).
Аталған бағыттарды іс жүзінде асыру, біршама шамаларды қарастырады, олардың ішінде атап кѳрсетсек, экономикасы дамыған елднрдің артта қалған мемлекеттерге қаржылай жэне техникалық кѳмегі, ресурстарды үнемдеу проблемасы жѳніндегі технологиялық шешімдер, қоғамный қажеттілігін экологиялық таза ѳнімдерге бұру мақсатында экономиканың салаларына құрылымдық ѳзгерістер жасау, экологиялық бағыттағы халықаралық форумдар ұйымдастыру, қоршаган ортаны қорғауда халықаралЫК жауапкершілік механизмдерін құру, экологиялық салық салымдарын енгізу, біріккен стратегиялар мен кондепцияларды жасау, жекеленген табиғи ресурстарды пайдалануды шешу.
Халықаралық ынтымақтастықтың келесі формаларын бөліп көрсетуге болады:
1. Парламентаралық ынтымақтастық, мемлекет арасындағы экологиялық проблемаларды шешуді қамтамасыз жасауға бағытталған, бұнда заңдылық қызметін үйлестіреді. Осында экологиялық заңдар модельдерін жасау қарастырылған, бірақ ұсыныс ретінде.
2. Жекеленген мемлекеттердің атқарушы құрылымдарын, ѳзара қарым - қатынасын ұйымдастыру, Б¥¥ қамқорлығымен жүзеге асатын экологиялық багдарламалар бағытын реттеп отырады.
3. Конвенциялық (арнаулы мәселе жѳніндегі халықаралық шарт) жекеленген территориялармен обьектілердің нақты экологиялық проблемасын шешуге біркелкі тәсілдер.
4. Ғылыми - техникалық ынтымақтастық ғылыми сипатта ѳзара мәліметтер алмасуға бағытталған. Бұнда бірігіп орындау қажет: табиғат қорғау зерттеулерін, кешенді түрде жабдықтар мен қондырғыларды пайдалану, ғылыми жобалар мен сараптама жүргізуді.
Жоғарыдағы келтірілген негізгі халықаралық ьштымақтастықтар қоғамдық ұйымдардың, іскер адамдардың, мемлекетаралық эртүрлі форумдар ѳткізулермен іске асып жалғасып отырады. Бүндай кездесулерде эр елдегі экологиялық жағдайын талқыға түсіп, оны шешудің экономикалық проблемасы кѳтеріледі, содан кейін ғана оны Қаржыландыру жѳнінде шешім қабылданады. Мысалы, Қазақстандағы Арал теңізі немесе Семей атом полигонының зардабын жоюға АҚШ, Англия, Германия, Жапония Мемлекеттерінің қаржылай, техникалық, элеуметтік, гуманитарлық кѳмегін атап айтуға болады.
Екі жақты жэне кѳп жақты келісшдер мең халықаралық конвенциялар эртүрлі елдердің табиғат қорғау күштерін қадағалайды. Бүндай келісім - шарттардагы серіктес болып кѳбінесе кѳрші елдер мен мемлекеттер аймақтағы табиғи ортаны сақтаудың жалпы мүдделері және кейбір ресурстарды бірігіп пайдалану жѳнінде болып түрады. Қырғызстан, Ѳзбекстан, Тэжікстан мемлекеттерімең оңтүстіктегі сырдария ѳзеніне жазғы күндері су жіберу мэселелері жѳнінде келісім - шартқа отырган.
Халықаралық табиғат қорғау ынтымақтастығының тарихы элемдегі жануарлар элемін сақтау жэне пайдалануды реттеу жѳніндегі келісімді жасаудан басталған. Бүдан 127 жыл бүрын 1875 жылы Австро - Венгрия жэне Италия қүстарды қорғау декларациясына қол қойған. 1882 жылы бірнеше Европа мемлекеттері Париж қаласында ауьш шаруашылығына пайдалы қүстарды қорғау жѳніндегі бірінші конвенцияга қол қойды. Халықаралық келісім кѳбінесе балық, кит жэне теңіз жануарларын қорғау үшін жасалады. Солтүстік мүхиттағы балық аулауды реттеу жѳніндегі тэртібі 1882 жылы жасалып, қазіргі таңда осы сала бойынша 70-тен астам келісімдер бар. 1954 жылы теңіз суларының ластануы проблемасы жѳнінде Лондонда 20 ел қойған конвенция, теңізді мүнай ѳнімдерімен ластауды болдырмауға қол қойды. Келісім бойынша мүнай жэне мүнай қоспаларын қол қойған елдердің жағалауларына 80-250 километр қашықтык аралығында тастауға рүқсат етілмейді. Кейіннен осы сферада жаңадан конвенцияларға (1972, 1973 ж.ж.) қол қойды, онда суларға шайынды жэне радиоактивті қалдықтарды тастауға қатаң шаралар қарастырылған. Қазақстан элемнің дамыған елдерімен ғарышты бірігіп пайдалану жѳніндегі келісім -шартқа отырган. Каспий теңізіндегі экологиялық тепе 1 теңдікті жэне ондағы табиғи ресурстарды қорғау жѳнінДе Иран, Ресей, Ѳзбекстан, Түркменстан елдерімей ынтымақтастық шарттарға қол қойған.
Айнала қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың ең алғашқы қадамдары бүдан 32 жыл бұрын басталған болатын. 1970 жылдардың басында, қоғам мен табиғат арасында жеткілікті экология - экономикалық проблемалар адамзатқа әлемдік қауіп туғызатын, оның салдарынан планета биосферасына үлкен өзгерістер болатындыгы белгілі болды.
Қоршаған орта проблемасы, оның қазіргі кең таралуы Стокгольм конференциясынан (1972 ж.) бастау алады. БҰҰ шешіміне сәйкес жеке ұйым құрылған болатын, оған табиғат корғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты элемдік масштабта үйымдастыру міндеті жүктелген еді. Бүл оған коршаған ортаны қорғау саласындағы БҰҰ бағдарламасында ЮНЕП деп аталады. Осы орган түрақты негізде жүмыс жасап жатыр, оның штаб пәтері Найроби (Кения) орналасқан. Айнала қоршаған ортаны қорғау коп қырлы, кешенді проблема екені белгілі, бүған байланысты ЮНЕП кызметіне косымша оның кейбір жеке аспектлерімен келесі
мамандырылған үйымдар, БҰҰ басшылығымен жұмыс істейді: ЮНЕСКО - "Адам және биосфера" бағдарламасы бойынша жүмысты орындайды, адам мен айкала орта байланысы жэне оның элеуметтік - экономикалық факторларының дамуында зерттеулер жүргізеді; ЮНЕСКО БҰҰ мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен бітімгершілік келісім - шарттарын жүргізуге ықпал жасайтын арнайы мамандырылған мекеме. Оның негізі 1946 жылы күрылған. Штаб - пәтері Францияның астанасы Париж каласында орналасқан.
ФАО - ауылшаруашылық ѳнімдерін ѳңдеу және ѳндіруді жақсарту міндетін атқарады, агросфераға инвестиция тартуға, топырақ қүнарлығын арттыру мен жер ресурстарын ұғымды пайдалану қорғау; жаңа және ѳзгеше энергия кѳздерің ѳндіруді, игеруді ықпалын тигізуге көмектеседі. ФАО негізі 1945 жылы құрылған. Бүл мекеменін. Штаб пәтері италияның астанасы Рим қаласында орналасқан.
ВОЗ (Әлемдік деңсаулық сақтау ұйымы) - әлем халықтарынын деңсаулығын қадағалайды, экологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсаты жүктелген, оған тұщы сумен қамтамасыз жасау, тамақ және қалдықтарды жою міндеттері қамтылған. ВОЗ мекемесі 1946 жылы құрылды. Әртүрлі қауіпті ауру түрлеріне қарсы емдеу шараларын іздестіредј халықаралық деңгейдегі санитарлық ережелерді жасайды сондай - ақ емдеу дрілердің сапалық жағын тексередј' Дамушы елдердегі халықтардың деңсаулығын жақсартуға кѳмектеседі. Штаб - пәтері Женева қаласында орналасқан.
ЮНИДО - халықаралық жаңа экономикалық тәртіпті бекіту және ѳнеркэсіптің дамуына оң ықпал жасау мен қолдау жүктелген;
МАГАТЭ - радиациядан қорғану, қауіпсіздік шараларын жасау міндеті бекітілген, бүған радиоактивтік материалдарды айнала ортаға экологиялық зиянын тигізбей тасымалдау мен қалдықтарды жою міндеті тапсырылган. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану ісінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында пайда болған агенттік. Қазіргі кезде бүл агенттік барлық елдердегі атом электр станцияларының қауіпсіздігін қадағалайды. Бұл агенттік 1957 жылы БҰҰ шешімімен қүрылған, штаб - пәтері Вена қаласында орналасқан.
ВМО (Әлемдік метеорологиялық мекеме) - бұл мекеме негізі 1873 жылы құрылған, бірақ 1947 жылдан бастап БҰҰ құрамына енді. ВМО басшылығымен әлемдік ауа райын бақылау қызметі жұмыс істейді, оның негізгі міндеті планетадағы табиғат күштері мен құбылыстары жайлы жалпы
мэліметтер мен бақылау жасау. Бұл ұйым метеорологиялық
бақылау мен зерттеу бағытында халықаралык ынтымақтастықты дамыту, сондай ақ ұлттык метерологиялық қызметтің жұмысын үйлестіру. Штаб -пәтері Женева қаласында орналасқан.
МСОП (Табиғатты жэне табиғи ресурстарды қорғаудағы халықаралық одақ) - бұл одақ ЮНЕСКО жэне ФАО жанындағы халықаралық кеңес пен үсыныс беруші мекемк. МСОП элемдік табиғат қорғау стратегиясын жасадЫ жэне барлық елдерге оны орындау жѳнінде үсыныс береді-
І^јСОП 1948 жылы құрылған. Үйымның орналасқан қаласы Ґлан (Швецария).
Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың халықаралық ьінтьімақтастығы қызметі халықаралық экологиялық қүқығымен реттеледі. Оның негізінде барлық елдер келісіп, кабылдаған принциптер мен нормалар жатыр. Осы принциптердің қалыпасуына маңызды үлес қосқан БҰҰ қоршаған ортаны қорғау проблемасы жѳніндегі Стокгольм конференциясы (1972 ж.), Элемдік табиғат хартиясы макұлдаган (1982 ж.) жэне Халықаралық БҰҰ конференциясы айнала коршаған орта жэне дамыту Рио - де - Жанейро (1992 ж.). Халықаралық ынтымақтастықтың негізгі экологиялық принциптерінің даму тарихын үш кезеңге бѳліп кѳрсетуге болады:
1. Қоршаған орта жѳніндегі Б¥¥ Стокгольм конференциясы (1972 ж.) мемлекеттер жэне халықаралык қоғамдастықтың экологиялық саясатындағы маңызды кезеңі басталуын белгілеп берді. Конференцияның қорытындысы бойынша Декларация қабылданды, бұнда элемдік қауымдастықтың айнала қоршаған ортаны қорғаудың стратегиялық міндеті, жұмыс жасау бағыты анықталды. Стокгольм конференциясы 5 маусымды Халықаралық қоршаған орта қорғау күні деп белгіленді. Конференцияда БҰҰ қоршаған орта жѳніндегі түрақты жұмыс органы кұрылды, оның штаб - пэтері Найроби қаласы (Кения) таңдап алынды. Қабылданған багдарламада негізінен үш бағыт, табиғатты қорғау жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлауда:
қоршаған ортаны бағалау - элемдік бақылау жүйесі;
коршаған ортаны басқару;
-кѳмекші шаралар, коршаған орта сферасында білім беру жэне мамандар даярлау;
Аталған ұйым басқа халықаралык ұйымдардың Қоршаған орта компоненттері - жер, су, атмосфера, ѳсімдік және жануарлар элемін қорғау, сақтау, қалпына келтіру Жѳніндегі жұмыстарды ұйымдастырып үйлестіреді.
Элемдік табиғат хартиясы БҰҰ Бас Ассамблеясы 28 қазан 1982 жылы қабылдаған. Стокгольм конференциясы сияқты, Элемдік табиғат хартиясы Халықаралық қауымдастықтың экологиялык қызметінің басты багыттарың анықтады, бұл мемлекеттердің экологиялык саясаттарын эрі қарай қалыптасуына ѳзіндік үлесін қосты. Ғалымдар мен мамандардың зерттеулері бойынша элемдік табиғат хартиясы қоршаған ортаны қорғау жэне табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың халықаралық құқықтық принциптерін дамыту жолында ілгерілеушілікке қол жеткізеді. Хартияда келесі негізгі принциптер жарияланады:
адам баласы, табиғаттың кұрамдас бѳлігі екенін саналы түрде ұғынады. Сондықтан, табиғатқа құрметпен қарап, оның негізгі принциптерін бұзбауға тиіс;
жер бетіндегі ѳмір тіршілігінің генетикалық негізі қауіке тірелмеу керек. Эрбір түрдің кѳбейіп таралуына жабайы немесе үй жануары болсын,оган жағдай туғызылуы, яғни қажетті тіршілік ортасы сақталсын;
жер бетіндегі барлық региондар, құрлық, теңіз болсын қоргау заңдылықтарына бағынышты болғаны жен, бѳлек қорғалумен қамтамасыз етілуі қажет, ерекше аймақтар - барлық экожүйе түрлері жэне сирек, жойылып бара жатқан флора, фауна тіршілік ортасы;
табиғи ресурстарды қолдауда ысырап етушілікке жол бермеу, олар пайдаланылуы тиіс орынды, табиғат хартиясы принципі талап етуі бойынша биологиялық ресурстар ѳздерінің қалпына келу мүмкіндігі мѳлшерінде ғана пайдаланылғаны жѳн, бірнеше рет қайталанып қолданылатын ресурстар суды қосқанда айналымға жіберген дүрыс.
Хартия мэлімдегендей, табиғи ресурстарды аяусыз жэне ұтымсыз пайдалану нэтижесі, сондай - ақ мемлекеттер мен халықтар арасында тұрақты экология - экономикалыК тэртіпті орнату қабілетінің жоқтығы цивилизация негізій жояды.
Б¥¥ қоршаған орта жэне оны дамыту конференциясы (Рио - де- Жанейро 3-4 маусым 1992 ж.) Рио - де – Жанейро қаласында 114 мемлекет басшылары 1600 мемлекеттік емес ѵйымдар ѳкілдері бас қосты. Бұл XX ғасыр тарихындағы ең қоршаған ортаны қорғау жѳніндегі тарихи конференция болды.
Конференция 5 негізгі құжатты мақұлдады:
деклаларация қоршаған орта жэне оның дамуы;
күн тәртібінде - XXI ғасыр;
- мәлімдеме барлық орман түрлерін сақтау жэне түрақты дамудады басқару принциптері;
конвенция климаттық ѳзгеру проблемасы жѳніндегі;
конвенция биологиялық түрлер туралы.
БҰҰ конвенциясының маңызды қол жеткен келесі факторларды қол жеткен келесі факторларды мойындауды мақұлдады:
қоршаған орта экономикалық даму проблемасы бір -бірімен бѳлек қарастырылмайды;
жер экожүйесін тұтастығын тепе - теңдігін қалпына келтіру, қорғау, сақтау міндетіне байланысты барлық мемлекеттер серіктестік кұрып қызмет жасауы тиіс;
элем, айнала орманды қорғау жэне дамуы ѳзара байланысты жэне бѳлінбейді;
Мемлекеттердің элемдік қауымдастығының экологиялык стратегиялық негізін жасауға тұрақты даму концепциясы ұсынды.
Конференцияда атап корсетілді: тұрақты даму, оның мәнісі, экономикалық даму мен экологиялық проблемаларды бір мезгілде шешу, оған ешқандай альтернатив жоқ екендігі.
Осы конференцияға қатысқан ѳздері міндеттеме алған мемлекет тұрақты даму жолына түсуі тиіс. Адамдардың ТіРШілік ортасы барлық биосфера, біркелкі жэне тұтас жүйені Прайды, сондықтан да тұрақты
экология - экономикалық Қатьінас тек барлық мемлекеттердің келісілген біріккен күші негізінде мүмкін бола алады.
3. Киото хаттамасы. Қазіргі таңда 150 ел Киото хаттамасының мүшесі. Біздің бұл хаттамаға мүшелікке енуінің маңызы зор.
Себебі бұл хаттамаға қосылу еліміз экология мәселелерін шешудің тиімді жолдарын қарастырады. Киото хатмасы негізінен ауа райына әсер ететін үдерістерді реттеу мәселерін кешенді түрде шешу үшін құралғаны белгілі. Әсіресе, бүгінгі жер шарының озонды қабаты жұқарған шағында бұл оте маңызды болып отыр. Ѳйткені, әлемнің кѳптеген елдерінде табиғи құбылыстардың бірден өзгеде осының бір мысалындай кѳрінеді. Арктикадағы, Тибету Альпідегі қалың тоңдардың біртіндеп ери баҫТау| экологиялық апатқа алып келуі ықтимал екендігі Щщ. галымдардың мэселе кѳтеріп келе жатқанына да біраз Оның себебі де жоқ емес. Егер ауа райының кұбылысыца к ј жіберсек, онда соңғы 10-15 жылдың ішінде оның \Ш градусқа дейін жоғарылағанын кѳреміз. Сондықтан да қоғамдастықтың бұл мэселеге кѳз жұма қарауына еіиқаңд^ј қақылары жоқ десе де болғандай.
Алайда басы АҚШ болып біраз елдер хаттамасын бекітуге элі асығар емес. Олардың қашқақ^ түсіну қиын. Бүл құжатты бекіту біріншіден, кѳцТеГ{ экологиялық мэселелерді шешуге кѳмектеседі. Екініг,јдҪв Киото хаттамасына мүше мемлекеттер планета,^ ' ластайтын нысандарды қайта қүру мен жаңғырту ^ қосымша инвестиция тартуга мүмкіндік алады. ^ айтқанда, кѳмірсутегі отынын түтынатын, сондықтац қоршаған ортаны ластайтын жылу-электр станциядары зауыт, фабрикалар ауаны ластау деңгейін азайтатың ЖаЈ технологиялар орнатып пайдалану мүмкіндігін иеленеді.
Үшіншіден, хаттамаға мүше мемлекеттер экологияјщ проблемаларды шешу үшін бір-бірінен халықарлық грац^ мен кредиттер алуына жол ашық. Мысалы, Жапония елцщ™ экологиялық мэселелерін шешуге ақша бѳліп, ЖЭС-ке җда қондырғы орнатуға олар еді. Елбасы Қазақстанды элемдегщ дамыған 50 елдің қатарына қосу туралы мэселе қойып отыр. Ал Киото хаттамасына мүшелікке ѳтуді осы багьта жасалагын оңды қадамдардың біріне санауға негіз бап. Энергетика саласына инвестиция күюдің еліміз аумағыңдагы ғана емес, сонымен қатар, бүкіл ѳңірдегі экологиялық мэселелерді шешуге ықпал жасайтыны түсінікті болса керек. Егер Киото хаттамасына қосыла қалсақ, ауаны ластауға койылатын шектеу болады. Бұл хаттамаға мүше мемлекеттерге ауаға зиянды қалдық шығаруға квота беріледі. Мысалы, Қазақстан бұған дейін ауаны 100 пайыз ластап келсе, хаттамаға кіргеннен кейін оның мѳлшері 60 пайыз кѳлемінде блгіленіп берілуі мүмкін. Мұндай қадам инвестиция тартумен шектеліп қана қоймай, экологиялық мэселелерімізді шешіп алуға оң ықпалын тигізеді. Мэселен, хаттамаға мүше мемлекеттердің ішіндегі Англия, Германия, франция сияқты дамыған елдер жылдан жылға ауаға шығарылатын улы қалдықтардың кѳлемін қысқартып, экономиканы кұраушы ѳндірістердің қуатын арттыруга қол жеткізіп келеді. Мұның бэрі жаңа технологиялардың кен орындарын игеруде кѳмірсутегін мѳлшерден аз пайдаланудың жэне т.б. оңды факторлардың есебінен болады. Қауіпсіздік талаптары орнымен сақталса, атом қуатын тұтыну ауаны мейлінше аз ластайтыны да дэлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Европа елдерінің ѳзі жылу мен электр қуатының 25-28 пайызын атом-электр стансалары арқылы ѳндіреді. Сол сияқты АҚШ-та халық тұтынатын электр қуаты мен жылудың 25 пайызы АЭС-тердің үлесіне тиеді.
Желдің қуатымен жұмыс істейтін станциялар да тиімді. Мэселен, Голландия мен Солтүстік Германия жаңа технологияларға негізделіп салынған, яғни желдің қуатымен жұмыс істейтін станциялардың ѳндірген электр қуатын т¥тынады. Қазақстанда да желді саналатын жерл ер кѳп.
Демек, бұл Киото хаттамасы жаңа технологиялардың ѳмірге келуше оң ықпал ететін болады деген сѳз.
4. ЕҚТТ-ның (Ерекше Қорғалатын Табиғи Территория) жалпы мәселелері
Табиғат байлығын қорғаудың негізгі козі - оны тиімді Пайдалану, қоршаған ортаға адамның тигізетін эсерін белгілі бір дэрежеде шектеу жэне табиғат жағдайларын қалпына келтіру жѳніндегі шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Табиғи ландшафты қорғай отырып, планетамыздағы генофондыны сақтауда, эр түрлі экологиялык зерттеу жұмыстарын жүргізуде табиғат зертханасына айналған ерекше қорғалатын табиғат территорияларының маңызы ѳте зор.
Табиғат комплексін бастапқы қалпында сақтау -мемлекеттің басты мэселелерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-пунктінің 6-бабында жазылған: «Жер жэне оның суы, ѳсімдіктері мен жануарлар дүниесі, т.б. табиғат ресурстары мемлекеттік меншік болып табылады». Сонымен коса Конституцияның 38-бабында біздің де табиғатқа деген міндеттеріміз айтылған: «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға жэне оның табиғат байлықтарын үнемді, ұқыпты қарауға міндетті».
Қазіргі таңда экономикада экологиялық багытты дамыту - экологиялық тепе-теңдіктің қалыптасуына, қоршаған орта сапасының жақсаруына алып келеді. О лай болса, экологияның бір бѳлігі болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аймақтар экологиялык бағытта дамытушы фактор ғана емес, қоғамның элеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына жағдай жасайтын бірден-бір кѳрсеткіш болып табылады.
Қазақстан Республикасы аграрлық бағытта дамушы елдердің қатарына жатады. 1991 жылы еліміздің 272,5 млн. гектар аумағының 218,7 млн. гектарға жері ұжымдар мен азаматтарға жэне ауыл шаруашылық кэсіпорындарына пайдалануға берілген болатын, ал 2001 жылы бүл үлес 93,4 млн. гектарға немесе 3 есеге қысқарды. Осы кездегі ағымдык тенденция ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда байқалады-Мысалы, 1991-2001 жылы аралығында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер кѳлемі 0,8 млн. гектардан 1,2 млн. гектарға кѳтерілді, яғни ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың осу желісі республикамыздың тэуелсіздігімей сипат алады. Егер 1991 жылы елімізде 7 қорық пен 1 г
«Баянауыл ұлттық паркі» болса, соңғы 15 жылдың аралығында 3 мемлекеттік қорық жэне 7 үлттық мемлекеттік парктер ашылды. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың дамуы жѳнінде жэне қоғамдағы экологиялық-экономикалық ролі туралы ҚР Ата Заңында нақты кѳрсетілген.
ЕҚТТ-ды Бүкіл элемдік табиғи жэне мэдени мұра тізіміне, ЮНЕСКО-ның қорғалатын табиғат терреторияларына' жэне «Адам жэне биосфера» бағдарламасына енгізу биоалуантүрлікті сақтаудың ең маңызды жұмысы. Осы жоба жұмыстары 1998 жылдан бері жасалуда.
Қазақстанның табиғат обьектілерінің Бүкілэлемдік мұра тізіміне тіркелгендері: «Солтүстік Қазақстанның далалары мен кѳлдері» (Қорғалжын мен Наурызым қорығы), «Іле Алатауы» жэне «Алтын Емел» мемлекеттік табиғи паркі, «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы.
Бірден бір проблемалық сұрақтардың бірі ЕҚТТ табиғат зоналары бойынша біркелкі таралмауы болып табылады. Сонымен қоса Каспий теңізіндегі жалғыз теңіз сүтқоректісі - итбалықты қорғайтын қорық жоқтың қасы.
Кейінгі уақытта киікті ҚР Қызыл кітабына енгізу ұсыныстары айтылуда. Бірақ киіктердің кошу ерекшеліктері мен оларды сақтау шараларын ескерсек, киіктерді Қызыл кітапқа енгізбеу орынды болар еді. Осындай тұжырымға білім жэне ғылым Министрлігінің Зоология институты да келіп отыр. Біріншіден киіктердің екі популяциясы - Орал жэне Үтсірт киіктері кѳршілес Ресей, Ѳзбекстан, Түркіменстан республикаларына миграцияланады. Бұл мемлекеттерде киік Қьізыл кітапқа енбеген. Осы
шешімді жоғарыдағы елдермен келісім қабылдап жасау кѳзделген. Мұндай жұмысты қазіргі Уақытта орман жэне аңшылық шаруашылық Комитеті атқаРУда. Киіктерді сақтау туралы жоба келісімі мемлекеттік Халықаралық бағыт арқылы жүзеге асуда.
Конвенцияның басты міндеті - кѳптүрлі микроорганизмдерді, ѳсімдіктер мен жануарлар дүниесін экологиялық жүйені сақтап, қорғау болып табылады.
Сонымен қоса «Шѳлденуге қарсы күрес» Конвенциясына, «Мэдени жэне табиғи ескерткіштерді қорғау» Конвенциясыңа жэне СИТЕС Конвенциясына қол қойды. Халықаралық Конвенция мүшесі болып табылатын Қазақстан қазіргі кездің ѳзінде табиғат ресурстарын қорғауды жауапкершілікпен элемдік деңгейде атқаруда.
Осы мақсатты орындауда Конвенция кѳрсеткендей ерекше қорғалатын территориялардың болашағы мен дамуын анықтау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі 2000 жылы «Ерекше қорғалатын табиғат территорияларын 2030 жылға дейін дамыту, орналастыру Конвенциясы» қарастырған.
Қазіргі уақытта ЕҚТТ тѳңірегінде орман жэне аңшылық шаруашылығы Комитеті жэне халықаралық ұйым қолдауымен кѳптеген жобалар жасауда.
Қорыта келгенде айтарымыз, елімізде табиғаттың бастапқы қалпын сақтау жэне дамыту үшін мемлекеттік ерекше қорғалатын табиғи территорияларды қайта кұру жэне ұйымдастыру ісін кеңінен жолға қою керек. Осы жағдайда қайталанбас табиғи ландшафттарды жинаған қорықтар мен ұлттық парктер келесі функцияларға басты назар аударуы тиіс: бұлар тек табиғат байлығын сақтау қоры ғана емес, туристерді тарту арқылы олардан түсетін табыстан еліміздің бюджет саласын толтыру жэне адамдардың табиғатқа кері эсерлерінің алдын алу. Кеңес Одағы жаңа құрылған уақытта сауатсыздықты жоюмен қалай күрессе, қазіргі кезеңде бала бақшадан, мектептен, жоғары оқу орындарынан, жанұядан бастап эрбір кэсіпорында экологиялық сауатсыздыққа карсЫ сондай күрес жүргізуіміз қажет. Экологиялық қауіпсіздік туралы тұжырымдама ар, оны эрі қарай дамытатын заН қабылдануы керек деген ойдамыз.
Еліміздің бірқатар су қоймаларына ерекше қорғалатьШ табиғат аумақтары мэртебесін беру жѳніндегі жоба 90-жылдардың аяғында даярланып, 2004 жылдың ақпан - наурЫ3 айларында ѳмірге енді. Жеті жылға арналып жасалға» аталмыш бастама Қазақстандағы экологиялық жобалардь јщіндегі ең ұзақ мерзімдісі жэне қымбатты болып табылады. ^обаны Б¥¥-ның даму бағдарламасы жэне Қазақстан республикасы Үкіметі арқылы Басты экологиялық қор каржыландырып отыр. Бұған жэне «Атыраубалық», «Жібек жолы компаниясы», «Қазақ аң жэне балық шаруашылығы одағы», «Аджип» компаниясы жэне Германияның экологиялық НАБУ ұйымы ѳз үлестерін қоспақ. Үкімет тарапынан атқарушы- агент - Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты орман жэне аң шаруашылығы комитеті.
Аймақты таңдар кезде мамандар бірқатар негізгі критерийлерге сүйенді. Олар - экономикалық, элеуметтік факторлар. Дегенмен ең бастысы - биологиялық алуантүрлілік деуге болады. Сѳйтіп, таңдау үш аумаққа түсті. Біріншісі- Жоңғар Алатауында орналасқан Алакѳл-Сасықкѳл кѳлдер жүйесі мен Тарбағатай тауы. Алакѳл - ежелден шағалар ұя салатын жер бетіндегі эйгілі қос кѳлдің бірі. Бұдан кейінгі маңызды су қоймаларының бірі - қос құс жолының қиылысында жатқан Теңіз-Қорғалжын кѳлдер жүйесі. Сонымен қатар Каспий теңізі атырабына жататын Жайық ѳзенінің сағасы да құстардың сүйікті мекеніне айналған. Бұл Шығыс Сібір- Африка бағытымен ұшатын күстар үшін қолайлы ѳлке кѳрінеді.
Қазақстан батысында Италия мен Финляндиядан, шығысында Якутиядан жэне Арктика аймағы мен Австралиядан ұшып шығатын құстардың жолында жатыр. Елімізді Азиядағы су құстарының 130 түрі ѳсіп-ѳнеді. Эрбір жарты жыл сайын 50 миллионнан астам құс қысқы
тіршілік мекенінен Қазақстан арқылы жазғы ұя салатын орындарына їшьіп барады. Жэне күзге дейін ұшады. Соның шамамен 20 паиьізы Қазақстан жеріне ұя салады. Эйгілі Рамсар конвенциясы (Иранда) осындай бағалы тіршілік иелерін Сактау мақсатын кѳздейді. Нақтырақ айтқанда, конвенция ясьщда сулы-сазды алқаптарды бүкіл элем бойынша жақсы тілген тіршілік ортасы ретінде тиімді пайдалану кѳзделіп *Р- Конвенция шеңберінде оның ерекше қорғауына алынған халықаралық маңыздагы сулы-сазды алқаптардың тізімі де жасалған. Күні бүгін Рамсар конвенциясына 144 ел бірігіп отыр. Алакѳл мен Теңіз-Қоргалжын кѳлдер жүйесінде қазірдің ѳзінде мемлекеттік мекеме түріндегі қорықтар бар. Оның үстіне олардың аумақтары алдағы уақытта кеңейтілмек.
5. Қоршаған орта жэне элем қауымдастығы. ШЕКОА (Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық Азия)
Осыдан он бес жыл бүрын «Қоршаған орта Еуропа үшін» процесі шеңберінде Люцернде (Швейцария) ѳткен Еуропаның қоршаған орта министрлігінің конференциясындд Орталық жэне Шығыс Еуропа елдерінің Қоршаған ортаны қорғау жѳніндегі іс-қимыл бағдарламасын іске асыру бойынша арнаулы жүмыс тобы қүрылған болатын.
Бүл бағдарлама аймақтарда болтан экономикалық жэне саяси реформалар процесінде қоршаған ортаны қорғау мэселелерінің ықпалдасуына қызмет етті. Бағдарламада неғүрлым күрделі экологиялық проблемаларды шешу үшін нақты басымдықтарды айқындау, саяси, институттық жэне инвестициялық шаралардың оңтайлы кешенін эзірлеу жэне ресурстарды тиімді болу қажеттілігі атап ѳтілді.
Қазіргі уақытта АЖТ-ның жылдық бюджеті шамамен 2 млн. Еуроны қүрап отыр. Дания, Еуропалық Комиссия Нидерланды,Норвегия, Ұлыбритания, Германия жэне Швейцария оның негізгі нэрлендірушілері болып табылады Дэл осы бюджеттен шаралардың іске асырылуын АЖТ хатшылығының ѳзі қадағалайтынжобалар қаржыл андырыл ады. АЖТ жұмысын жетілдіру үшін жобаларды эзірлеу комитеті құрылды. Оның негізгі функциясы табиғат қорғау инвестицияларын жеделдету жэне бірлесе жұмыс істеуді қамтамасыз ету. Нэрлендірушілер халықаралық қаржЬІ институттарының жобаларын іске асыруды жеделдетуге жэЩ әзірлеуге грант түрінде қаржы бѳліп отыр. ЖӘК хатшылығЫ Еуропа қайта қүру жэне даму банкінде (Лондон) орналаскаН-Бұл комитеттің Еуропа елдерінің экологиялық мэселелер111 шешуде нэрлендірушілерді тарту кезінде үлкен мэні бар. ОсЬІ јсомитеттің қолдауымен 1995 жылдан бастап 7 миллиардтан астам АҚШ долларына инвестициялық жобалар тартылды. Негізінен, бұл қаражат Еуропа Одағына мүше елдерге жіберілді.
Ѳткен жылдары АЖТ мен ЖӘК ѳзін икемді жэне практикалық жагынан пайдалы қозғаушы күш екенін кѳрсетті эрі «Қоршаған орта Еуропа үшін» процесій іске асыруда үлкен рол атқарды.
Табиғат қорғау органдары іс-қимылдардың нэтижелілігін біраз арттырған Еуропа жэне шығыс елдерінің қоршаған ортаны қорғау жѳніндегі іс-қимылдар жоспарлары эзірленген жэне іске асырылган болатын. Қазіргі уақытта Еуропа Одағына қосылуға дайын 10 елге пэрменді кѳмек кѳрсетілді.
Шиеленіс аяқталғаннан кейін экологиялық қайта қүрудың модельдік багдарламасы іске асырылған Балкан аймағында да біраз жүмыс жүргізілген болатын.
90-шы жылдардың ортасында Орталық және Шығыс Еуропа елдері Еуропа Одағына кіруге дайындалды және экологиялық саясатты жетілдіру, олардың стандарттарын ЕО талаптарына сәйкес келтіру жөніндегі жұмыс үшін оларға батыс ұйымдарының кең көлемді кѳмегі бѳлінді. Ал енді бұрынғы КСРО аумағындагы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің үлесіне аздаған халықаралық ресурстар ғана тиді. Сол кезде осы елдерде күрделі экономикалық және әлеуметтік жағдай қалыптасқан болатын. Жағдайды «теңестіру» үшін Орхуста 1998 жылы қоршаған орта министрлігінің VI конференциясында Шығыс Еуропа, Кавказ жэне Орталық Азия елдерінің экологиялық стратегиясы бекітілген және оны іске асыруға арнаулы жұмыс тобына мандат берілген 2003жылғы мамырда министрлердің Киев конференциясында ғана рәсімделді.
ШЕКОА аймақ елдерінің он екісі (Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Молдава, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина және Өзбекістан) 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономика негізіңде құқықтық демократиялық қоғамға көшу үшін кажетті заңдар мен институттарды құруға кірісті.
ШЕКОА елдері көпшілігінің экономикасы табиғи ресурстарды шектен тыс пайдалануына, олардың азып тозуына, және нормативтен жоғары пайдалануына, қоршаған ортаның алапат ластануына негізделді. Бұл елдер ѳз табиғат қорғау стратегиялары мен бағдарламаларын жетілдіру үшін бірқатар шараларды қабылдады. Соған қарамастан шешу жолдары экологиялық стратегияға енгізілген және әлі де шешімін таппаған мынандай проблемалар бар:
қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат пен заңнаманы үйлестіру;
қоршаған ортаның ластануын бақылау және алдын алу;
өтпелі түрдегі экономика жағдайындағы табиғи ресурстарды басқару;
секторалдық саясатқа экологиялық талаптардың ықпалдасуы;
сыртқы берешекті, экологиялық конвенцияны коса қаржы тетіктерін дамыту;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы шешімдерді қабылдауда демократиялықты және жұртшылықты ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
Процеске қатысушы елдердің трансшекаралық проблемаларын бірегейлендіру. Үстіміздегі жылдың 5-6 қазанында Париж қаласында Орталық және Шығыс Еуропа үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі арнаулы жұмыс тобының және Жобаларды әзірлеу жөніндегі комитеттің кезекті бірлескен кездесуі өтті.
Мәжіліске Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінің 12 және Еуропа Одағының нәрлендіруші 10 елі және Еуропа Одағына қосылуға дайын әлеуметті 5 елдей өкілдері қатысты. Сондай-ақ жұмысқа халықаралық қаржы ұйымдарының және өңірлік экологиялық орталықтардын өкілдері қатысты.
Бюро мүшелері мен жұмыс тобы тең төрағаларының өкілеттіктері қызметін мерзімдерінің аяқталуына байланыст оларды қайта сайлау жүргізілген болатын.
Осы қызметте қалғысы келген Грузияның ниетіне және осы мәселені шешуді бір жылға көшіру туралы хатшылықтың ұсынысына қарамастан, ШЕКОА елдерінің тең төраға қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі болатындығы туралы консенсуске қол жеткізілді. Сондай-ақ Орталық Азия елдерінен бюро мүшелігіне Тәжікстан өкілі де сайланды. Бұдан өзге, Армения, Әзірбайжан, Молдава және Беларусь елдерінің өкілдері бюро мүшелері болды.
Қазақстан нарықтық экономикаға көшу жағдайында қоршаған ортаны қорғау жүйесін реформалау, Еуропалық Одақ заңнамасымен табиғат қорғау заңнамасын үйлестіру мәселесінде модельдік мемлекет болу ұсынылды. Онда нәрлендіруші елдер бөлінетін қаражатты белуге нақты мүмкіндік пайда болады және ШЕКОА елдеріне және атап айтқанда, Қазақстанға қаражаттың түсуін біраз ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның «Еуропа үшін коршаған орта» процесіне және арнаулы жұмыс тобының жұмысына белсенді қатысуы біз үшін экономиканы, заңнаманы және қоғамды экологияландырудың алға қойылған басымдықтарын іске асырумен байланысты өте маңызды. Бұл экологиялық саясаттың басым бағыттары Үкімет мақұлдаган және Мемлекет басшысының қарауына берілген Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасының жобасында белгіленген. Оларды іске асыру Қазақстанға қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мен жақсартуда, оған шаруашылық және өзге де қызметтің әсер етуін қысқартуда.
Қорыта келгенде айтарымыз, елімізде табиғаттын бастапқы қалпын сақтау және дамыту үшін мемлекеттік ерекше қорғалатын табиғи территорияларды қайта құру және ұйымдастыру ісін кеңінен жолга қою керек.
Табиғаттағы өзгерістерге байланысты болжамдар жасап отыру - ғылымның міндеті. Кез келген архитектуралық, шаруашылық объектілерін, ірі өндіріс орындарын салуды жобалау кезінде олардан келетін экологиялық шығынның бағасын есептеу, табиғат кешендеріне тигізетін әсерін ескеру аса қажет шара ретінде қаралуы керек. Олардың жергілікті тұрғын халықтың денсаулығына тигізетін зардабын анықтау қажет.
Біз бүгін табиғат қорғауды мемлекеттік жүйе органдары арқылы жүргізудің жеткіліксіз екенін жақсы түсінеміз. Табиғат қорғауға еліміздің барлық тұрғындары бірлесе қатысуға тиісті. Табиғатты құрту оңай, ал қалпына келтіру қиын. Сондықтан әркім өз ауласында, өз көшесінде, әрбір ауыл мен қалада, біздің кең байтақ елімізде қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосу керек.
Бүкіл елдің экологиялық ахуалын шешу үшін ғылым жетістіктерін қолданумен бірге өркениетті елдердегі экологиялық білім беру жүйесіндегі жаңалықтардың, жаңа технологиялық багдарламалардың тиімді жақтарын пайдалану қажет.
Табиғат- біздің анамыз. Оны таза ұстау, қорғау, экологиялық орта қалыптастыру біздің еліміз, адам баласы ның келешегі үшін қажет.
Қоғамды экологияландыру
Қоғамды экологияландыру - бұл адамның табиғатпен үйлесiмдiлiгiне қол жеткiзуге бағытталған қоғам көзқарасының жүйесiн қалыптастыру процесi. Оны жүзеге асыру экологиялық бiлiм беру мен тәрбиелеудi дамыту, ғылыми қамтамасыз ету, экологиялық үгiт-насихат және жұртшылықтың қатысуы жолымен жүргiзiледi.
Экологиялық бiлiм беру және тәрбие
Қоғамның экологиялық мәдениетiн қалыптастырудың негiзi ретiнде экологиялық бiлiм берудi дамыту үшiн:
бiлiм берудiң барлық деңгейiндегi оқу бағдарламаларына экология және тұрақты даму мәселелерiн енгiзу жолымен үздiксiз экологиялық бiлiм берудiң жүйесiн қалыптастыру;
мiндеттi және қосымша бiлiм беру жүйесiнiң барлық деңгейi үшiн экология саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
экологиялық бiлiм берудi мемлекеттiк қолдау қажет;
табиғи жүйелердiң экологиялық сыйымдылығы мен олардың тұрақтылық шектерiн айқындау;
экологиялық таза және pecуpc үнемдейтiн технологияларды, өндiрiстердi, шикiзаттың түрлерiн, материалдарды, өнiм мен жабдықты, оның iшiнде ауыл шаруашылығында, әзiрлеу;
биологиялық әртүрлiлiктi, биоқауiпсiздiктiң ғылыми негiздерiн сақтау проблемасын зерделеу;
климаттың ықтимал жаhандық және өңiрлiк өзгерiстерiн және табиғи орта үшiн оның салдарларын зерттеу;
экологиялық қатерлердi айқындаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу;
ластанулардың алдын алу мен жоюдың, қоршаған ортаны оңалту және қауiптi қалдықтарды кәдеге жаратудың құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу;
адамдардың аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерiстерiнiң арасындағы байланысты зерделеу;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жинақталған бiлiмдi жүйелеу және ғылыми зерттеулердi үйлестiру.
Экологиялық қауiпсiздiк саласындағы ғылыми зерттеулердi бюджеттiк бағдарламалар және халықаралық гранттар арқылы мемлекеттiк тапсырыс бойынша ғылыми мекемелер жүргiзедi.
Экологиялық қауiпсiздiктi ғылыми қамтамасыз ету
Экологиялық қауiпсiздiктi ғылыми қамтамасыз ету тұрақты дамуға көшудiң теориялық және технологиялық негiздерiн қалыптастыруды көздейдi және iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердiң мынадай кешенiн қамтиды: табиғи жүйелердiң экологиялық сыйымдылығы мен олардың тұрақтылық шектерiн айқындау;
экологиялық таза және pecуpc үнемдейтiн технологияларды, өндiрiстердi, шикiзаттың түрлерiн, материалдарды, өнiм мен жабдықты, оның iшiнде ауыл шаруашылығында, әзiрлеу;
биологиялық әртүрлiлiктi, биоқауiпсiздiктiң ғылыми негiздерiн сақтау проблемасын зерделеу;
климаттың ықтимал жаhандық және өңiрлiк өзгерiстерiн және табиғи орта үшiн оның салдарларын зерттеу;
экологиялық қатерлердi айқындаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу;
ластанулардың алдын алу мен жоюдың, қоршаған ортаны оңалту және қауiптi қалдықтарды кәдеге жаратудың құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу;
адамдардың аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерiстерiнiң арасындағы байланысты зерделеу;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жинақталған бiлiмдi жүйелеу және ғылыми зерттеулердi үйлестiру.
Экологиялық қауiпсiздiк саласындағы ғылыми зерттеулердi бюджеттiк бағдарламалар және халықаралық гранттар арқылы мемлекеттiк тапсырыс бойынша ғылыми мекемелер жүргiзедi.
Экологиялық үгiт-насихат және жұртшылықтың қатысуы
Халықтың арасында экологиялық ақпарат таратудың экология қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерiн шешуде үлкен ағартушылық-үгiт-насихаттық мәнi бар. Бұл жұмыста орталық, облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдары қатыстырылуы тиiс.
Сонымен бiрге, берiлетiн материалдардың сапасын, жеделдiгiн және өзектiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар қабылдау қажет. Мемлекеттiк органдар олар бойынша ресми материалдар беру арқылы өзектi экологиялық проблемаларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы тиiс. Бұл үшiн интернетте экологиялық сайттар құрып, онда ресми ақпаратты орналастыру, ғылыми мақалаларды, монографияларды жариялауды жалғастыру, экологиялық газеттер мен журналдар басып шығару қажет.
Экологиялық проблемаларды шешуде барлық мүдделi азаматтардың қатысуының тиiмдiлiгiн ескере отырып, мемлекеттiк органдар экологиялық ақпаратқа тиiстi қол жеткiзудi, қоршаған орта қорғау саласындағы шешiмдердi қабылдауды қамтамасыз етуi тиiс. Бұл әдiс сұралатын ақпаратты берумен және қоршаған ортаға айтарлықтай әсер ететiн iрi шаруашылық жобалар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткiзумен қамтамасыз етiлетiн болады.
Экологиялық үгiт-насихатта және ағартушылықта табиғатпен үйлесiмдiктегi салауатты өмiр салтын насихаттауға, экологиялық туризмдi дамытуға ерекше рөл арттылуы тиiс.
Халықаралық конвенциялар бойынша мiндеттемелерге сәйкес үкiметтiк емес экологиялық ұйымдардың әлеуетiн қоғамдық бақылауды жандандыру, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу арқылы экологиялық проблемаларды шешуге, қоршаған ортаның сапасын жақсарту мәселелерi бойынша қоғамдық көзқарасты қалыптастыруға қатысуға бағыттау қажет.
Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту
БҰҰ-ның толыққанды мүшесi бола отырып, Қазақстан жаhандық серiктестiктiң негiзiнде мемлекеттiк экологиялық саясатты тиiмдi жүргiзудiң кiлтi ретiнде халықаралық ынтымақтастықты пайдалануы тиiс.
Қазақстанның әлемдiк қоғамдастыққа барған сайын таныла түскенiн ескере отырып, 1992 жылы Рио-де-Жанейрода негiзi салынған және 2002 жылы Йоханнесбургте өткен Дүниежүзiлiк саммитте расталған тұрақты даму қағидаттары халықаралық қатынастардағы ынтымақтастық пен серiктестiк саясатының негiзi болуы тиiс.
Осы саясаттың негiзгi бағыттары:
халықаралық келiсiмдердiң ережелерiн практикалық iске асыру;
қоршаған ортаның сапасын бағалаудың және жай-күйiн бақылаудың жалпы тәсiлдерiн, әдiстерiн, өлшемдерi мен рәсiмдерiн әзiрлеу;
үйлестiрiлген iргелi және қолданбалы экологиялық зерттеулердi жүргiзу;
экологиялық қауiпсiздiк проблемасын шешуде халықаралық тәжiрибенi пайдалану;
қоршаған ортаны қорғау мен елдiң тұрақты дамуы саласындағы нақты бағдарламалар мен жобаларды шешуге халықаралық ұйымдардың қаражатын тартуды жандандыру.
Мұндай саясатты практикалық iске асыру Қазақстанның дамуы мен қоғамдық құрылымының дамыған демократиялық мемлекеттермен үйлесiмдiлiгi үшiн оған прогрессивтiк қолдау табуға ықпал етуi тиiс.
Маңызды халықаралық экологиялық конвенцияларға және халықаралық деңгейде табиғат қорғау қызметiне республиканың неғұрлым кеңiрек қатысуын қамтамасыз ету үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы барлық әзiрленетiн бағдарламаларда халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары және оларды iске асыру жөнiндегi тиiстi iс-шаралар белгiленуi тиiс.
Техникалық және өзге де көмектi алу оны тиiмдi пайдалануды талдаумен жүргiзiлуi тиiс. Тек қана ақпараттың жеткiлiктi көлемiн қамтамасыз ету және жергiлiктi жағдайларды неғұрлым тереңiрек түсiну үшiн ғана емес, сонымен бiрге, олар табиғат қорғау қызметiн басқару жөнiндегi дағдыларды игеруi үшiн бiрлескен жобаларға қатысуға жергiлiктi сарапшылар мен мекемелердi тарту қажет.
Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асырудан күтiлетін нәтижелер
Осы құжаттың ережелерiн iске асыру республикалық деңгейде iс-шаралар жоспарын әзiрлеудi, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен ұтымды табиғат пайдалану саласында мемлекеттiк қолдау және реттеу шараларын әзiрлеудi және iске асыруды көздейдi.
Осы құжаттың ережелерiн қоғам мен мемлекет қызметiнiң жекелеген салаларына және экология саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзу ерекшелiктерiне қатысты нақтылау Қазақстан Республикасының мемлекеттiк, өңiрлiк және салалық бағдарламаларын әзiрлеу кезiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
Бiрiншi кезеңде (2004-2007 жылдар) Қоршаған ортаны қорғаудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, iске асырылатын, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сақтандыру, өндiрiс және тұтыну қалдықтары, экологиялық аудит туралы мәселелердi реттеуге бағытталған заң aктілері әзiрленетiн, қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бірыңғай жүйесі құрылатын болады.
Бұдан басқа келесi бағдарламалар:
төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған;
2015 жылға дейiн Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөнiндегi;
cу үнемдеу жөнiндегi;
шөлейттенумен күрес жөнiндегi iс-қимылдар;
халықтың iшкi көшi-қоны және экологиялық апат аймақтарының аумақтарын шаруашылық мақсатқа пайдалану;
байырғы ластануларды жою жөнiндегi;
өнеркәсiп және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiндегi;
әскери-ғарыш және сынақ кешендерi полигондары аумағының экологиялық жай-күйiнiң мониторингi жөнiндегi бағдарламаларды iске асыру жоспарлануда.
Мұның бәрi бiрiншi кезеңде қоршаған ортаға төгiндiлер мен шығарындыларды тұрақты деңгейде сақтауға және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын жинақтауға мүмкiндiк бередi.
Екiншi кезеңде (2008-2010 жылдар) қоршаған ортаны қорғаудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жолымен тұрақты даму қағидаттарына сәйкес келетiн және қоршаған ортаның жай-күйiн сапалы жақсартудың үшiншi кезеңiнiң басталуын қамтамасыз ететiн қоршаған ортаны қорғаудың жүйесiн құру процесi толық аяқталуы тиiс.
Yшінші кезеңде (2011 - 2015 жылдар) барлық белгiленген бағдарламаларды аяқтау нәтижесiнде қоршаған орта объектiлерi сапасының нормативтiк көрсеткiштерi және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзiлуi, қоршаған ортаға әсердi азайту қамтамасыз етiлуi, қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесiнiң қалыптастырылуы тиiс
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 316 Қаулысы
Достарыңызбен бөлісу: |