Кӛк сҥт. Қаймағы алынған нәрі аз сүт.
Қатырған сҥт. Мұздатып ұзақ сақтайтын сүт.
Майдың сҥті. Қаймақтан сары май айырғанда іркіліп шығатын қышқыл сүт. Оны кейде сол күйі сусын ретінде ішкен, кейде қайнатып ақірімшік жасаған.
Ірімшік. Жаңа сауылған жылы сүтті мәндірмен (кей жерде мәйек дейді) ұйытып, одан кейін суалғанша қайнатады. Қайнауы жеткен ірімшік қызыл сарытүске айналады. Содан кейін оны сүзіп алып, дорбаға салып, желге, күнге қойып кептіреді. Кепкен ірімшік бұзылмайды, кӛп сақталады. Қонақ дастарқанына қойылатын ӛте дәмді, сүйкімді де бағалы ас. Кепкен ірімшікті түйіп жент жасайды, тұш бауырсақтың үстіне себеді, майға қосып жейді. Қызыл ірімшіктің сарысуынан шайға тістейтін жақсы тамақ жасалған, ол тәтті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |