Зертханадағы техникалық қауіпсіздік
Жұмыстың қауіпсіздік ережесін игеру. Сабақты бастағанша құ- рал-жабдықтармен танысу.
2 Ажыратқыш пен аспаптарды оқытушының рұқсатынсыз жағып сӛндірмеу. Құрал-жабдықтармен электр сымдарының қауіпсіздігін ба- қылау. Құралды немесе аспаптарды жұмысқа қосарда, студенттерге ескерту.
Тапсырманы орындағанда лабораторияда жұмыссыз жүрмеу, ӛйткені, сіз жолдастарыңыздың назарын аударып, аспаптар бақылаусыз қалуы мумкін.
Реактивтердің дәмін татып тексеруге болмайды.
Ыстық заттарды тек қана асбест торына қою керек.
Күшті қышқылдарды және сілтілерді пайдаланып талдау жүргіз- генде: шыныдағы қышқылдар мен сілтілерді тек қана, кәрзенкемен немесе сыртқы қорабымен тасымалдау қышқылдар мен сілтілерді ӛлшегенде, басқа ыдысқа құйғанда, араластырғанда, сонымен қатар қатты натрды ұсақтағанда сақтандырғыш кӛзілдірігін, резеңкелі қолғап және халаттың сыртынан резиңкелі алжапқыш киюлері қажет лабараторияда концентратты күкірт қышқылының үш күндік қана қоры болуы керек. Қалған қышқылдың бәрін реактивтік қоймада сақтау керек қышқылды арнайы қондырғыға тек шұңғыма арқылы құю керек, қышқылды араластырғанда, қышқылды суға (керісінше емес) шыны таяқшамен араластыра тұра құю қажет, ӛйткені қышқылдың салмағы судан ауыр. Қышқыл араластыратын колбаларды суы бар тегенелерге қондыру керек қышқылды түтікшеге ауызбен сормай, резеңкелі сорғышты қолдану керек. Ең жақсысы, қышқылды, амин спиртін мӛлшерлегіш арқылы ӛлшеп алу сүттің майлылығын анықтайтын түтікшелерді тығындағанда және сілкіп араластырғанда шүберекпен орау қажет. Ең қауыпсізі, кӛп талдау ӛткізгенде шыны түтікшелерді арнаулы қорапшаларға жайғастырып сілку; елеусіз жағдайда май ӛлшегіш сынғанда, жұмыскерлерді қышқылдан сақтандыру үшін, центрифуганы қақпағынан басқа жамылғы қабы болуы қажет май кӛрсеткішін санағанда, май ӛлшегішті орамалға оралған жуан жағынан ұстау керек ӛлшегіштен май кӛрсеткішін алғанда, оны ӛзіне ия болмаса жанындағыларға қаратпай ұстау қажет май ӛлшегішті, қышқылмен толтырғанда және жуғанда жоғарыда кӛрсетілген нұсқауларды сақтау қажет май ӛлшегіште қолданылған күкірт қышқылы мен хром қоспаны, ыдыстарды жуу үшін, түтікше арқылы тығыны бар арнайы шыныларға
кұю керек: бұл реактивтерді су құбырларына тӛгуге тиым салынады үстелде қышқылға арналған автоматпен қатар құрғақ сода, және оның
,% ертіндісі болуы керек.
Егер, қышқыл қолға немесе бетке тисе, ол жерді таза сумен жу- ып, сосын соданың әлсіз ертіндісімен және тағы таза сумен шаю керек. Егер ертінді киімге тисе, ол жерді құрғақ содамен бастапқы қалпына келтіріп, сумен жуып тастау керек. Қышқыл еденге, үстелге, қондырғы- ға тисе, оны да құрғақ содамен қалпына келтіріп, сумен жуып, тазалап сүрту керек.
Ыдыс жууға арналған хром қосындысымен жұмыс істегенде де қышқылға арналған тәртіптерді сақтау керек.
Центрифуганы айналдырғанда сындырып алмау үшін, оған май ӛлшегіштерді бір-біріне қарама-қарсы етіп жайғастыру қажет.
Егер центрифуганың ішінде май ӛлшегіш сынса оның дискіле- рін сода ертіндісімен, сумен жуып, құрғатып сүрту керек.
Аммиак, қышқыл және басқа да ұшқыш зиянды ертінділерді жұмыс үстелінде ашуға болмайды, осының бәрін тек желдеткіш шкаф- тарда ӛткізу керек.
Сынап тұздары бар ертінділерді кез келген жерге тӛгуге болмайды, оларды арнаулы шыны ыдыстарға құю қажет, ӛйткені сынап тұздары шойын құбырларымен реакцияға түсіп, сынатын болады.
Құрғақ хлорлы известі және оның ертіндісін жақсы жабылған ыдыста, қараңғы құрғақ жерде сақтау керек.
Түткішелердегі ертінділерді қайнатып жұмыс істегенде, олар- дың ашылатын жағын ӛзіңе немесе жолдастарыңа қаратпау керек.
Майдың ылғалдығын экспресс әдісімен анықтағанда, майдың шашырамауын бақылаңыз, ӛйткені ол тек нәтиженің дәлдігіне кері әсе- рін тигізуімен қатар, бет пен қолды күйдіруі мүмкін.
Парафинді еріткенде, жалындап жанып кетпеуі үшін, темпера- турасын бақылап тұру керек.
Консервілеуші заттары бар сүттің сынамасын иіс-сезім кӛрсеткіштері арқылы бағалауға болмайды.
Егер, реактив ретінде жалындап жанатын заттар қолданылатын болса (бензин, эфир, спирт) қыздыру аспаптары метрдей қашықта тұруы қажет.
Электрсымдары мен құрал-жабдықтардың талапқа сай болуын бақылап, ажыратқыш пен электр аспаптарды жұмысқа қосу керек.
21 Жанармай сұйықтары жалындап жанған жағдайда тез ӛшіріп, электр аспаптарын сӛндіріп, ӛртті сӛндіру әрекетін жасау қажет. Зертханада ӛрт сӛндіргіштер және басқада ӛртке қарсы құралдар болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |