Тақырыбы: ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасынң ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайдағы алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқау беру журналы.
Сабақ мақсаты: а) ЕТ кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Б) Төтенше жағдайларда әрекет ету ережелерін үйрету. Көзді ьалдырмау жаттығуларын үйрету.
В) ЕТ кабинетінде тәртіп сақтауға, жұмыс кезінде қоғам мүлкіне асқан жауапкершілкпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар. Сдайд шоу.
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі баяндау, әңгіме түрінде.
Сабақ типі: Кіріспе сабақ
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
ЕТ кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Көзді талдырмау жаттығуларын жасауды үйрету.
Өртсөндіргіш құралдарын пайдалануді меңгерту.
ТҚ журналын толтыру.
Сабақты қорытындылау
Техникалық құралдармен жабдықталғандықтан және токпен жұмыс жасайтын құралдарды пайдаланатындықттан кабинет – арнаулы кабинет болып саналады. Сондықтан, оқушылардың өмірін, денсаулықтарын сақтау мақсатында, мектептің дүние-мүліктерін бүлдірмей қолдану мақсатында арнайы ережелер қарастырылған. Бұл ережелермен оқушы жыл басында міндетті түрде тансуы керек. Оқушылармен осы ережелермен танысып, бұлжытпай орындауға міндетті. Мұғалім ережелерді таныстыру керек және олардың орындалуын қадағалау қажет. Компьютердің адамға тигізетін әсерлерін түсіндіру керек. Егер оқушылар зақымданған жағдайда алғашқы көмек көрсетілуі керек.
Қауіпсіздік техникасы ережелері.
Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:
Жалпы;
ДК - де жұмыс істеу алдындағы;
Жұмыс кезіндегі;
Апатты жағдайдағы;
Жұмыс аяқталғандағы:
Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:
Сымдарды, жалғаушы ашаларды, розеткаларды, штекерлерді қозғауға; жабдықты мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.
ДК-де ылғалды қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды.
Қорабы немесе сымдары зақымданған ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
ДК-мен қатар үстел үстіне портфель, сөмке, кітап қоюға тыйым салынады. Үстел үстінде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс.
Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды.
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жұмыс істеп отырған оқушылардың көңілін алаңдатуға, басқа жұмыспен айналысуға болмайды.
ДК-де жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік талаптары:
Қоректендіру көзіне қосылған ДК-ді мұқият қарап, оңашалануының және компьютер корпусы мен сымдарының ақауы жоқ екеніне көз жеткізу керек.
Сымдары жұмыс кезінде байқаусыззда ілініп кететіндей болып салбырап тұрмағанына көңіл аудару керек.
Жұмыс орнын тексеру және пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керектігін ескеру керек.
ДК жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
ЭЕМ жұмысы кезінде көздің экраннан оңтайлы арақашықтығын (60-70 см) сақтау қажет. Жұмыс істеуге ыңғайлы, тиімді қашықтық – 50 см.
Сыныпқа сырттан кірген мұғалімдер мен үлкен кісілерге оқушылардың тұруының қажеті жоқ.
Көздің талуы немесе шаршауы жағдайында оқушылар орнынан тұрмай-ақ көздің талуын немесе шаршауын басатын бірнеше жаттығу орындауына болады.
Оқушылар электр тогымен зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін, өртсөндіргішпен жұмыс істеу тәсілдерін және өрт сөндіру тәсілдерін білуі тиіс.
Оқушылар көздің талуы және шаршауын болдырмайтын жаттығуларды білулері керек.
Апат (төтенше) жағдайындағы қауіпсіздік талаптары:
ДК жұмысы кезінде ақау байқалса, күйген иіс немесе бөгде дыбыс пайда болса, компьютер жұмысын бірден тоқтатып, аппаратураны ток көзінен ажыратып, мұғалімге немесе кабинет меңгерушісіне хабарлау керек.
Қажет болғанда өрт сөндіруге көмектесу керек.
Қажет болғанда, электр тогынан зақымданғандарға дәрігерлік алғашқы көмек көрсету керек.
Компьютерлік сыныпта өрт болған жағдайда, оны су шашып сөндіруге болмайтынын білуі тиіс. Құмды немесе көбікті өртсөндіргішті пайдалануға болады.
Егер зақымданған кісі электр тогының әсерінде болса, онда оны жалаңаш қолмен қозғауға болмайтынын білуі тиіс. Электр тогын өткізбейтін материал пайдаланып, зақымданған адамды босатып алу керек.
ДК жұмысын аяқтағандағы қауіпсіздік талаптары:
Мұғалімнің айтуы бойынша аппаратураны ток көзінен ажырату керек.
Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі жасау керек.
Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:
Адамның электр тогымен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:
Токтан ажырату (таратушы тақтадағы тумблерді ажырату) керек.
Электр тогын өткізбейтін қолда бар құралдарды пайдаланып, зақымданған адамды ток әсерінен босату керек.
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Зақымданған адамды мұқият қарап шығып, зақымдану дәрежесіне қарай оған көмек көрсету керек.
Күйген кездегі көмек көрсету:
Адам күйікке шалынған жағдайда:
Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі беру керек.
Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.
Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Талып қалғандағы көмек көрсету:
Адам талып қалған жағдайда:
Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға ұрып жатқызу керек.
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Тынысы тоқтап қалғандағы көмек көрсету:
Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:
Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек.
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.
Көзді талдыртпау және шаршатпау жаттығулары:
Бірнеше ондаған минут қозғалмай отырып компьютермен ұзақ уақыт бірсарынды жұмыс істеген кезде жағымсыз сезім, дене ұйығандай болып, шаршау пайда болады, көз талады. Осыларды болдырмау үшін сабақ барысында 1-2 рет (оқушы жасына байланысты) келесі жаттығуларды орындау керек.
Көздің талуын болдырмау жаттығулары:
Қарау бағытын өзгерту: алысқа-мұрын ұшына, солға –оңға, төмен-жоғары.
сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра бұрып қарау.
Көзді жұмып, қолмен жауып, 1-1,5 минут отыру.
Шаршауды болдырмау жаттығулары:
Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта басты айналдыра бұру.
Басты кезекпен екі жаққа бұру.
Саусақтарды жұмырыққа жұму, қолдың ұшын босаңсыту.
Оңға-солға бұрылып, қолды сермеп, керіліп-созылу.
Алғашқы көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы.
Медициналық жабдықтар мен дәрі атаулары:
|
Қажеттігі:
|
Дербес пайдаланылатын антисептикалық таңу жабдықтары
|
Жарақатты таңу үшін
|
Қан тоқтатуға қажет буу таспасы
|
Қан тоқтату үшін
|
Жабысқақ пластырь
|
Жарақат таңу, бекіту үшін
|
Дәе (3 дана)
|
Жарақатты таңып байлау үшін
|
Пакеттегі мақта (3 дана)
|
Көзді жуып-сүрту, жарақатты өңдеу үшін
|
Йод
|
Жарақатқа, терідегі ісіктерге, сызаттарға және т.с.с. айналдыра жағу
|
Марганец-қышқыл калий тұзы (марганцовка)
|
Терінің жарақаттанған жеріне жағу үшін
|
Бриллиант көгінің 1%-тік спирттік ерітіндісі
|
Жарақатқа, терідегі ісіктерге, сызаттарға және т.с.с. айналдыра жағу
|
Мүсәтір спирті
|
Мақтаға 2-3 тамшы тамызып, талып ақлған адамның мұрнына иіскету үшін
|
Кордиамин
|
Орталық нерв жүйесін, жүрек және тыныс алу әрекеттерін жандандыру үшін: 25 тамшы (бір ішкізгенде 1 шай қасық)
|
Резеңке қолғап (1 жұп)
|
Электр тогымен зақымданған кісіні босатып алу үшін.
|
Сынып журналында және еңбек қауіпсіздігі бойынша оқушылар нұсқамадан өткізу (инструктаж) журналында тиісті тіркеулер жасау қажет.
Техникалық қауіпсіздік және тәртіп сақтау ережелерімен оқушылар толық танысқаннан кейін, арнайы журналға қол қояды. Бұл оқушының ережелермен танысып, оларды бұлжытпай орындайтындарына кепіл болады. Егер тәртіп бұзылған жағдайда оқушы жауапқа тартылады. Журналда әр оқушының олрындары (компьютер нөмірлері) де көрсетіледі.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.
Тақырыбы: Қайталау. Microsoft Office пакеті.
Сабақ мақсаты: а) Оқушылардың өткен оқу жылы бойынша алған білімдерін пысықтау, еске түсіру.
Б) Microsoft Office пакетінің қолданылуын қайталау, құжат құру, безендіру жұмыстарын еске түсіру. Оқушылардың жадын жаңарту.
В) Құжатты безендіруде эстетикалық талғаммен жұмыстануға, компьютер мүмкіндіктерін максималды пайдалануға, Microsoft Office пакетінің барлық функцияларын қолдануға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Практикалық жұмыс жазылған карточкалар
Сабақ түрі: Білімді тексеру сабағы.
Сабақ әдісі: Компьютерде қайталауға арналған практикалық жұмыс орындату
Сабақ типі: Қайталау сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Өткен жылғы тақырыптарға шолу
Компьютерде практикалық жұмыс орындату.
Оқушылардың жұмысын бағалау
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Өткен жылы Microsoft Office пакетінің құрамымен таныстық. Оның ішінде біз Microsoft Word мәтіндік редакторының және Microsoft Excel кестелік процессорының мүмкіндіктерін қарастырған болатынбыз. Атап айтқанда Microsoft Word мәтіндік редакторында мәтіндік құжат құру, мәтінді безендіру, беттерді форматтау т.с.с. жұмыстарды орындадық. Ал Microsoft Excel кестелік процессорында электрондық кестелермен жұмыс жасап, Microsoft Excel-дің қосымша мүмкіндіктерін, атап айтқанда графикалық мүмкіндіктерін, логикалық функцияларды қолданудағы артықшылықтарын қолдану тәсілдерін меңгердік. Алдағы уақытта Microsoft Office пакетінің презантациялар жасап, оны демонстрациялауға арналған қосымшасы Microsoft PowerPoint-пен танысатын боламыз. Бүгінгі сабақта өткен жылғы меңгерген білімдеріңді қайталау мақсатында Microsoft Excel мен Microsoft Word – ты қолданып орындайтын практикалық жұмыс беремін. Жұмыс сабақ соңында бағаланады.
Практикалық жұмыс.
Сабақ соңында оқушылардың жұмысы тексеріліп, бағаланады.
Үйге тапсырма Өткен жылғы лекцияларын қайталап келу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.
Тақырыбы: PowerPoint: қолданылуы, іске қосу, компоненттері.
Сабақ мақсаты: а) PowerPoint программасының қолданылу мақсатын, оны іске қосу мен жұмысты бастауды үйрету.
Б) PowerPoint программасын қолдану аймағын анықтауды, программаны іске қосу мен компоненттерін ажырата білуді үйрету.
В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамыту.
Сабақ көрнекілігі: PowerPoint программасы терезесі
Сабақ түрі: Көрнекілікті түсіндірмелі баяндау сабағы
Сабақ әдісі: Көрсету арқылы түсіндіру
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматссыңдар ма?
Өткен сабақта біз 10-кластың материалы бойынша Microsoft Office тақырыбын қайталап өттік. Word-та, Excel-де берілген практикалық жұмысты орындадыңдар. Бүгін Microsoft Office пакетінің тағы бір программасы PowerPoint – пен танысатын боламыз. Сонымен бүгінгі тақырып PowerPoint: қолданылуы, іске қосу, компоненттері.
Microsoft Office пакетінің PowerPoint қолданбасы - әртүрлі баяндамалар жасаған кезде, жобаларды, идеяларды, суреттеп, таныстыруға арнап презентациялар құрғанда көпшліктің зеійінін, ойын көрсетіліп тұрған нәрсеге аударуға үлкен мүмкіндік береді.
PowerPoint программасы – электронды презентация (слайд-шоу) құруға арналған. Электрондық презентациялардан басқа проекторға арнап пленкалар шығаруға немесе оны қағаздық тасуышта да шығарып көрсетуге болады.
PowerPoint программасының әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін.
Презентация құру негізінен текст пен обьектілерді слайдта тиімді тәсілмен орналсатырудан тұрады.
PowerPoint-та кез келген презентация жасау мынадай әрекеттер тізбегін орындаудан тұрады:
Презентация құру, тексті енгізу және редакторлеу, слайдтардың кезектесуін реттеу.
Презентация жоспарын құру. Жоспарды қажетіне қарай өзгерту.
Қажетіне қарай жеке слайдтарды форматтау.
Презентацияларға обьектілер қосу.
Презентациядағы ауысуды, анимацияларды, эффектілерді, сілтемелерді қолдану және өзгерту.
Үлестірмелі материалды және баяндамашыға арналған ескертулерді әзірлеу.
Слайдаралық уақытты анықтау және қолдану.
Презентацияны демонстрациялау.
Ал PowerPoint программасын іске қосу үшін мынадай командалар орындалады:
Пуск-Программы- Microsoft PowerPoint
Осы команда орындалған соң экранға PowerPoint-тың диалог терезесі ашылады. Мұнда жаңа презентация құруды бастауға немесе бұрын сақталған презентацияны ашуға болады. PowerPoint-та презентация құруды алғаш үйренушілер жаттығу үшін Мастер автосодержания көмегімен презентация құруға болады.
(Програманы іске қосуды компьютерде демонстрациялап үйге программа терезесінің компонентерін түсіндіріп өтемін. )
Бекіту сұрақтары:
Microsoft Office пакетінің PowerPoint қолданбасы не үшін қажет?
Презентация неден құралады?
Презентация құрған кезде қандай әрекеттер орындалады?
PowerPoint қалай іске қосады?
PowerPoint-тың терезесінің Word, Excel терезелерінен қандай айырмашылығы бар?
Үйге тапсырма лекцияны оқып келу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар
Тақырыбы: Слайдтар. Слайдтардың ауысуын реттеу. Жүйелеу.
Сабақ мақсаты: а) Оқушыларды слайдтармен әртүрлі режимдерде жұмыс істеуге үйрету
Б) Презентация құруда слайтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын арттыру. Жүйелі жұмыстануға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: PowerPoint программасы.
Сабақ түрі: Практикум элементтері бар, баяндап түсіндіру
Сабақ әдісі: Компьютерде көрсете түсіндіру
Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге есептер шығару
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Өткен сабақ бойынша мынадай қайталау сұрақтары?
Microsoft Office пакетінің PowerPoint қолданбасы не үшін қажет?
Презентация неден құралады?
Презентация құрған кезде қандай әрекеттер орындалады?
PowerPoint қалай іске қосады?
PowerPoint-тың терезесінің Word, Excel терезелерінен қандай айырмашылығы бар?
Бүгінгі сабағымызда слайдтармен жұмыс жасау тәсілдерін меңгереміз.
Алдымен түсіндіріп өтіп, сосын тақырыпты бекіту үшін компьютерде берілген жаттығуларды жасап жаттығасыңдар. Практикалық жұмыс келесі сабақта берілетін болады.
Сонымен, презентация жекелеген слайдтардан тұрады дедік. Яғни, презентациямен жұмыс слайдтармен жұмыс жасаудан тұрады. Слайдтарды қарап шығудың PowerPoint-та мынадай 5 режимі бар. Әрбір режимнің өзінің ерекшеліктері бар.
Обычный режимі.
Бұл режимде слайд оң жақта, текстері сол жақта, ал ескертпелер төменде орналасады. Мұнда тексті сол жақ панельде де, слайдтың өзінде де редакторлеуге болады.
Структура режимі.
Бұл режимде слайдты безендіру күрделі де, ал текстпен жұмыс керісінше оңай жасалады. Ескертпелерді де енгізуге болады.
Слайдтар режимі.
Жеке слайдтармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Басқа режимде тұрғанде слайдта маусты екі рет шертсе, слайдтар режиміне ауысуға болады.
Сортировщик слайдов режимі.
Экранда бірнеше слайдтармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Мұнда жаңа слайд қосуға, слайдтардың орнын ауыстыруға, т.б. әрекеттер жасауға болады. Ескерте кететін нәрсе, текст өңделмейді, обьект қойылмайды.
Показ слайдов режимі.
Слайдтарды толық экрандық күйде көру үшін қолданылады. Қарауды тоқтату үшін Esc пернесін басады.
Презентацияны жобалау.
Презентацияны құруда мынадай тәсілдер қолданылады.
Безендіру стилі бар, дизайн шаблондарын пайдалану.
Бұрын құрылған презентацияның дизайнын қолдану. (мысалы кейбір мекемелерде бір стиль қолданылады. Мұндай жағдайда қайта-қайта безендіру жұмысын жүргізбес үшін бұрынғы презентацияның безендірілуі қолданылады)
Жаңадан бастау, алдымен текст енгізілдеі де, содан соң дизайнмен жұмыс жүргізіледі.
Word документінң құрылымын импорттау арқылы.
Дизайн шаблондарын қолдану.
Презентация құрғанда дизайн шаблондарын қодану үшін, мына командалар орындалады: Файл-Создать командасын орындап, Создать презентацию терезесінде Шаблоны оформления бетін ашу керек. Қажет шаблонды таңдап, ОК батырмасын шерту керек. Таңдаған шаблон слайдқа қолданылады.
Ал Презентации бетінде әртүрлі дайын презентациялар бар. Мұнда тек өзіңнің деректеріңді енгізе қоюға болады.
Безендіру шаблоны мен презентация түрінің айырмашылығы мынада: шаблонда тек дизайн сақталады, Ал презентация түрінде деректерді орналастыру облыстары да сақталады, яғни құрылым қолданылады.
Егер презентация құру дизайн шаблонын қолдану немес бос презентация құрудан басталса, онда Создание слайда терезесі ашылады. Бұл терезеде жаңа слайдтың эскизін таңдауға болады. Таңдалған эскизді редакторлеу кезінде өзгертуге болады.
Бірінші слайдпен жұмысты аяқтаған соң, келесі слайд құру үшін құралдар тақтасындағы Создать слайд батырмасын шертеді. Создание слайда терезесі ашылады. Бұл терезеде алдымен слайдтың эскизін таңдау керек.
Дайын презентация дизайнын қолдану үшін слайдта маустың оң жағын шертіп, Применить шаблон оформления пунктін таңдау керек. Сол аттас терезе ашылады. Папка өрісінде презентация орналасқан папка атауын көрсетіп, Тип файла өрісінде Все файлы PowerPoint таңдап, документтер ішінен қажет презентацияны белгілеп, Применить батырмасын шертеді.
Презентацияға басқа презентация дизайнын қолданғанда оның мазмұны өзгермейді.
Қажет болғанда басқа слайдты презентацияға қоюға болады. Ол үшін Вставка-Слайдов из файла командасын орындайды. Обзор батырмасын шертіп, қажет слайд орналасқан файлды таңдайды. Слайдтарды көрсету үшін Показать батырмасын шертеді. Қажетті слайдты белгілеп, Вставить батырмасын шертеді. Немесе барлық сллайдты қою үшін, Вставить все батырмасын шертеді. Бұл жағдайда слайдта орналасқан текст, обьектілер түгелімен көшіріледі.
Тақырыпты меңгертуге арналған жаттығу.
Мастер автосодержанияны қолдану.
1. PowerPoint-тың диалог терезесінде Мастер автосодержания – ны таңдаңыз.
2. Мастер көмегімен бірінші қадамда презентация түрін, екінші қадамда ұсыну тәсілін, үшінші қадамда көрсету форматын, төртінші қадамда толықтыруларды енгізіп, Готово батрымасын шертіңіз.
3. Вид-Слайды командасын немесе экранның сол жақ төменгі шетіндегі Режим слайдов батырмасын шертіп, слайдты қараудың слайдтар режимін іске қосыңыз.
4. Вид-Структура командасын немесе экранның сол жақ төменгі шетіндегі Режим структуры батырмасын шертіп, слайдты қараудың структура режимін іске қосыңыз.
5. Вид-Сортировщик слайдов командасын немесе экранның сол жақ төменгі шетіндегі Режим сортировщик слайдов батырмасын шертіп, слайдты қараудың сортировщик слайдов режимін іске қосыңыз.
6. Вид-Страницы заметок командасын немесе экранның сол жақ төменгі шетіндегі Режим страницы заметок батырмасын шертіп, слайдты қараудың страницы заметок режимін іске қосыңыз.
7. Вид-Показ слайдов командасын немесе экранның сол жақ төменгі шетіндегі Режим страницы заметок батырмасын шертіп, слайдты қараудың показ слайдов режимін іске қосыңыз. Слайдты қарауды уақытынан бұрын тоқттату үшін Esc пернесін қолданады.
Слайдтар режимінде жұмыс.
8. Режим слайдов батырмасын шертіп, слайдтар режиміне көш. Қажетті слайдқа көшу үшін айналдыру жолағын пайдаланып, слайдты тауып, слайдта маусты шерт.
9. Өңдейтін обьектіні таңдау үшін текстің немесе тақырыптың өрісінде шерт. Өріс ерекшеленеді, содан соң мұндағы тексті өзгертуге, редакторлеуге болады. Сонымен бірге, өрістің өлшемін маркерлерді қозғау арқылы өзгертуге болады. Өрісті жою үшін Delete пернесін бас. Айтылғандарды жасап көр.
10. Тексті Word-тағыдай тәсілмен форматтауға болады.
Сортировщик слайдов режимінде жұмыс.
11. Режим сортировщик слайдов батырмасын шертіп, слайдты қараудың сортировщик слайдов режимін іске қос.
12. Слайдты таңдау үшін, сол слайдта бір рет шерт.
13. Бірнеше слайдты таңдау үшін, Ctrl пернесін басулы күйде ұстап, слайдтарды таңда.
14. Слайдты жою үшін, алдымен оны белгілеп, Delete пернесін бас.
15.Таңдалған слайдты басқа орынға маус арқылы тасымалдап, ауыстыруға болады.
16. Слайдтың көшірмесін алу үшін, орын ауыстыру кезінде Ctrl пернесін басулы күйде ұстау керек.
Слайдқа ескертпелер қосу.
Режим страницы заметок батырмасын шертіп, слайдты қараудың страницы заметок режимін іске қос.
Текстік өріске курсорды қойып, ағымдағы слайдқа ескертпе мәтінін енгіз.
Презентацияға безендіру шаблонын қолдану.
Презентацияның кез келген слайдында маустың оң жағын шертіп, шыққан динамикалық менюден, Применить шаблон оформления пунктін таңда.
20. Сол аттас терезе ашылады. Папка өрісінде С:\Program Files\Microsoft Office\Шаблоны\Дизайны проезентаций папкасын көрсетіп, Тип файла өрісінде Шаблоны презентацийt таңдап, шаблондар ішінен қажет шаблонды белгілеп, Применить батырмасын шертеді. Безендіру шаблоны барлық слайдқа қолданылады.
Презентацияның слайдтарының эскиін өзгерту.
Презентацияның эскизі ауысатын слайдында маустың оң жағын шертіп, шыққан контекстік менюдің Разметке слайда пкнутін таңдау керек.
Ашылған терезеде слайд макеттері көрсетіледі. Қажетін таңдап, Применить батырымасын шерту керек. Макет тек қана ағымдағы слайдқа қолданылады.
Оқушылар тапсырманы орындап, жұмыс жасаға жаттығады. Үйге тапсырма компьютерде презентация құрып дағдылану. Көрсетілген операцияларды жасап жаттығу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.
Тақырыбы: Слайдтар. Слайдтардың ауысуын реттеу. Жүйелеу.
Сабақ мақсаты: а) Оқушыларды слайдтармен әртүрлі режимдерде жұмыс істеуге үйрету
Б) Презентация құруда слайтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын арттыру. Жүйелі жұмыстануға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: PowerPoint программасы.
Сабақ түрі: Практикалық сабақ
Сабақ әдісі: Компьютерде практикалық жұмыс орындату
Сабақ типі: Білімді пысықтау сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Оқушыларға практикалық тапсырма беру
Орындаған тапсырмаларын бағалау
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Өткен сабақ бойынша мынадай қайталау сұрақтары?
Microsoft Office пакетінің PowerPoint қолданбасы не үшін қажет?
Презентация неден құралады?
Презентация құрған кезде қандай әрекеттер орындалады?
PowerPoint қалай іске қосады?
PowerPoint-тың терезесінің Word, Excel терезелерінен қандай айырмашылығы бар?
PowerPoint қолданбасында слайдтарды қараудың қанша режимі бар?
Слайдтарды қараудың режимдеріне жеке-жеке сипаттама беру керек.
Презентацияны жобалаудың қандай тәсілдері бар?
Мастер автосодержания не үшін қажет?
Слайдтың безендіруін қалай өзгертуге болады?
Слайдтың макетін қалай өзгертуге болады?
Өткен сабақта біз презентацияны Мастер автосодержания көмегімен, құрып оған безендіру элементтерін қолдануды үйрендік. Бүгінгі сабақта сендерге мынадай практикалық жұмыс беріледі.
Практикалық жұмыс.
PowerPoint прораммасында әртүрлі мерекелік открыткалардың презентациясын жасау.
Сабақ соңында оқушылардың жұмыстар тексеріліп, бағаланады.
Үйге тапсырма тақырыпты қайталау, компьютерде программамен жұмыс жасап жаттығу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.
Тақырыбы: Слайдтар. Слайдтардың ауысуын реттеу. Жүйелеу.
Сабақ мақсаты: а) Оқушыларды слайдтардың безендірулерін өзгерте білуге үйрету
Б) Презентация құруда слайтарды эстетикалық талғаммен безендіре алу үшін, безендіру тәсілдерін жүйелі түрде меңгерту.
В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын арттыру. Жүйелі жұмыстануға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: PowerPoint программасы.
Сабақ түрі: Лекция
Сабақ әдісі: Лекция оқу, пікірлесу, түсіндіру
Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жаңа тақырып бойынша өздік жұмыс
Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Өткен сабақтар бойынша мынадай қайталау сұрақтары.
Microsoft Office пакетінің PowerPoint қолданбасы не үшін қажет?
Презентация неден құралады?
Презентация құрған кезде қандай әрекеттер орындалады?
PowerPoint қалай іске қосады?
PowerPoint-тың терезесінің Word, Excel терезелерінен қандай айырмашылығы бар?
PowerPoint қолданбасында слайдтарды қараудың қанша режимі бар?
Слайдтарды қараудың режимдеріне жеке-жеке сипаттама беру керек.
Презентацияны жобалаудың қандай тәсілдері бар?
Мастер автосодержания не үшін қажет?
Слайдтың безендіруін қалай өзгертуге болады?
Слайдтың макетін қалай өзгертуге болады?
Енді бүгін жаңа сабақ, Слайд үлгісін модификациялау.
Презентацияның ұсынылуын келесі тәсілдермен өзгертуге болады.
Түстік схеманы өзгерту арқылы
Слайд үлгісін редаторлеу арқылы
Колонтитулдар қосу арқылы
Фон қосу немесе алып тастау арқылы
Түстік схеманы өзгерту.
Бұл тәсілді қолданудың оңай жолы презентацияның бастапқы фоны үшін PowerPoint-тың бір безендіру шаблонын таңдап, содан соң фонды немесе түстік схеманы өзгерту.
Түстік схеманы өзгертер алдында презентацияның неге арналғанына мән беру керек. Пленка шығару үшін ашық түстер жақсы. Қара фон күңгірт жердегі экранда жақсы көоінеді. Ашық фон мен қара текст жақсы жарықталған жерде анық байқалады.
Сонымен түстік схеманы өзгерту үшін Формат-Цветовая схема слайда командасын орындайды. Цветовая схема терезесі ашылады. Бос презентацияның түстік схемасы өзгертілмейді, ол үшін алдымен безендіру қолдану керек.
Таңдалған түстік схеманы ағымдағы слайдқа немесе барлық слайдқа қолдануға болады. Просмотр батырмасын шертіп, жаңа безендіруді көруге болады. Қажетті нұсқаны таңдап, ағымдағы слайдқа қолдану үшін Применить батырмасын, барлық слайдқа қолдану үшін Применит ко всем батырмасын шертеді.
Егер дайын схемалардың бірде-біреуі ұнамаса, өзің схема құруға болады. Ол үшін, ойыңдағы схемаға ұқсас схеманы таңдап, Специальная астарлы бетін ашады. Өзгертуге қажетті түсті таңдап, Изменить цвет батырмасын шертеді. Цвет фона терезесі ашылады. Қажет түсті таңдап, ОК батырмасын шертеді. Жасалған түстер схемасын, келесіде қолдану үшін Стандартная тобына қосып, сақтап қоюға болады.
Слайд үлгісін өзгерту.
Дизайн шаблонында слайд үлгісі қолданылады. Ол текстік және графикалық обьектілерді, шрифт стилін, слайд фонын анықтайды. Кейбір шаблондарда жай слайдтардың үлгісі титулды слайдтың үлгісінен өзге болады.
Үлгіні өзгерту, ол қолданылып жасалған барлық слайдты өзгертеді. Мысалы, барлық слайдқа эмблема қою үшін, эмблеманы үлгіге қойса жеткілікті. Слайдтар үлгісін ашу үшін Вид-Образец слайдов командасын орындайды немесе Shift пернесін басулы күйде ұстап тұррып, Режим слайдов бастырмасын шертеді. Содан соң қажетті өзгертулерді енгізеді.
Слайдқа төменгі колонтитулдар қою.
Слайдтар үлгісіне төменгі колонтитулдар аймағы кіреді. Колонтитулда дата, слайд номері немесе басқа да информациялар көрсетіледі.
Колонтитул барлық слайдта көрсетіліп тұрады. Колонтитул диалог терезесін ашу үшін Вид-Колонтитулы командасын орындайды.
Дата мен уақыт үшін Автообновление немесе Фиксировано параметрлерін таңдайды. Автообновление параметрі өзгеріп тұратын уақытты, Фиксировано параметрі өзгермейтін тұрақты уақытты қамтамасыз етеді. Ағымдағы слайдқа номер қою үшін Номер слайда өрісіне белгі қояды. Нижний колонтитул өрісіне белгі қойып, колонтитулға қосымша текстік мәліметтер енгізуге болады.
Фон таңдау.
Дизайн шаблоны түстік схема мен фонды өзгертеді. Слайдқа орналастырылған кез келген текст пен обьект, фон үстіне орналасады. Фон ретінде суреттерді, графикалық обьектілерді де қоюға болады.
Фонды өзгерту үшін Формат-Фон командасын орындайды. Фон диалог терезесі ашылады. Жекелеген слайдтар үшін Исключить фон образца белгісін орнатуға болады. Бұл жағдайда үлгінің фонындағы графикалық обьектілер таңдалған слайдқа орналастырылмайды. Үлгінің фондық обьектілерін шығарып тастағанда, слайдтың безендірілуі басқа слайдтардың безендерілуіндей болады да , бірақ графикалық обьектілер мен төменгі колонтитул жойылады.
Фонның құю түсін өзгерту үшін, стрелкасы бар батырманы шертеді. Авто пунктінде шерту үнсіз келісім бойынша берілген түспен толтыруды жүзеге асырады. Басқа түс ашылған терезедегі бар түстердің ішінен таңдалады. Оның ішінде қажетті түс табылмаса, Другие цвета пунктін таңдауға болады. Ал Способы заливки пунктін таңдау арқылы, құю тәсілдерін таңдауға болады.
Бұл терезеде Градиентная, Текстура, Узор және Рисунок астарлы беттері бар. Градиентті құю түстердің біртіндеп ауысуын жүзеге асырады. Текстура әртүрлі материалдардың беттерін көрсетеді. Узор компьютердік өрнектерді ұсынады. Рисунок фон ретінде сурет қоюға мүмкіндік береді.
Өздік жұмыс.
1. Мастер автосодержания көмегімен презентация құрып ал.
А Түстік схеманы өзгерт.
В Өзің түстік схема құрып, оны қслайдқа қолдан.
С Слайдтар үлгісін ашып, тақырыптың шрифтісін өзгерт.
Д Слайдтар үлгісін ашып, эмблема ретінде слайдтардың бәріне кез келген сурет қой.
Е Ағымдағы уақыт пен өзің атың жазылған төменгі колонтитул енгіз.
Ж Жекелеген слайдтар үшін оның фондық түсін өзгерт.
З Жекелеген слайдтар үшін слайд үлгісінің обьектілерін алып таста.
Бекіту сұрақтары:
Түстік схеманы өзгерту тәсілі қандай?
Слайд үлгісін қалай өзгертуге болады?
Слайдқа төменгі колонтитул қалай қойылады?
Колонтитулда қандай информациялар болады?
Фон түсін қалай өзгертеді?
Үйге тапсырма лекцияны оқып, компьютерде орындап жаттығу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар
Тақырыбы: Презентацияны обьектілермен жабдықтау.
Сабақ мақсаты: а) Оқушыларды слайдтарға әртүрлі обьектілер қою жолдарын меңгерту.
Б) Презентация құруда слайтарға кез келген обьектілерді қиындықсыз қөоя алатындай дағдыларын қалыптастыру.
В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын арттыру. Жүйелі жұмыстануға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: PowerPoint программасы.
Сабақ түрі: Лекция
Сабақ әдісі: Лекция оқу, пікірлесу, түсіндіру
Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жаңа тақырып бойынша өздік жұмыс
Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
Түстік схеманы өзгерту тәсілі қандай?
Слайд үлгісін қалай өзгертуге болады?
Слайдқа төменгі колонтитул қалай қойылады?
Колонтитулда қандай информациялар болады?
Фон түсін қалай өзгертеді?
Жаңа сабақ Обьектілерді презентацияға қою.
PowerPoint-та слайдқа қойылған әрбір элемент: текст, кесте, сурет, диаграмма, дыбыс немесе видео обьект болып табылады.
Обьект қою.
Обьектіні безендірілген слайдқа қою жеңіл. Обьектіні екі рет шерту, обьект құратын немесе редакторлейтін сәйкес қосымшаны шақырады.
Картинка қою.
Вставка-Рисунок-Картинки командасын орындайды немесе картинка қоюға арналған жері бар слайдтың безендірілуінде екі рет шертеді. Ары қарай картинка қою Word-тағыдай жүреді. Айта кететін нәрсе PowerPoint-та картинканың түсін өзгертуге болады. Яғни, картинканың кейбір түстерін басқа түске бояуға болады.
Дыбыс пен видео.
PowerPoint-та дыбыстар мен видеороликтерді слайдты демонстрациялау кезінде ойнатуға болады. Кейбір дыбыстар Эффекты анимации панелінде келтірілген. Басқа дыбыстар мен клиптерді Вставка командасынан табуға болады.Клип қойылған соң слайдта белгісі пайда болады. Клипті ойнату үшін белгіде екі рет шертеді.
Диаграмма қою.
Диаграмманы Excel-де құруға болады. Егер құрылған диаграмма болса, оны PowerPoint-қа слайдқа енгзуге болады. Диаграманы PowerPoint-та құру үшін, Вставка-Диаграмма командасын орындайды. Ары қарай диаграммамен жұмыс Excel-дегідей жүреді.
Word-тан кесте қою.
Егер кесте Word-та құрылған болса, оны PowerPoint-қа қою үшін, көшірмесін алмастыру буфері арқылы алып, слайдқа орналастыруға болады. Үш баған мен төрт жолдан үлкен кесте онша көрнекі көрінбейді. Сондықтан қарапайым кестелермен жұмыс жасаған дұрыс. Презентацияға Word кестесін қою үшін, Вставка-Рисунок-Таблица Microsoft Word командасын орындайды. Содан соң қажетті қатар саны мен жол санын енгізеді. ОК батырмасын шерткен соң, PowerPoint-тың құралдар тақтасы мен меню командалары Word программасының элементтеріне ауысады. Енді кестемен Microsoft Word-тағыдай жұмыс жасауға болады.
Өздік жұмыс.
1. Мастер автосодержания көмегімен презентация құрып ал.
А Слайдтың біріне картинка қой.
В Слайдқа қойылған каринка түсін өзгерт.
С Слайдқа Word кестесін орналастыр.
Д Слайдтың біріне дыбыстық файл қос.
Е Показ слайдов режимінде дыбыстық файлды ойнатып көр.
Ж Слайдқа диаграмма орналастыр. Диаграмманың элементтерін өзгертіп жаттық.
З Слайдқа видео файл қой. Оны Показ слайдов режимінде ойнатып көр.
Бекіту сұрақтары:
PowerPoint-та обьект деп нені есептейді?
Слайдқа картинка қоюдың жолы қандай?
Слайдқа диаграмма қалай қойылады?
Word-тан кесте қою тәсілі қандай?
Үйге тапсырма лекцияны оқып, компьютерде орындап жаттығу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар
Тақырыбы: Анимацияларды жүйелеу
Сабақ мақсаты: а) Ауысу, анимация ұғымдарымен таныстыру.
Б) Презентациға арнайы эффектілер: ауысуды, анимацияны қолданып, баптауды үйрету.
В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамыту, жоспарлы жұмыс істеуге үйрету.
Сабақ көрнекілігі: Power Point программасы
Сабақ түрі: Лекция
Сабақ әдісі: Лекция оқу, түсіндіру
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру, сұрақтар қою
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Үйге берілген тапсырма Слайд үлгісін модификациялау, слайдтарды обьектілермен жабдықтау.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар.
Түстік схеманы өзгерту тәсілі қандай?
Слайд үлгісін қалай өзгертуге болады?
Слайдқа төменгі колонтитул қалай қойылады?
Колонтитулда қандай информациялар болады?
Фон түсін қалай өзгертеді?
PowerPoint-та обьект деп нені есептейді?
Слайдқа картинка қоюдың жолы қандай?
Слайдқа диаграмма қалай қойылады?
Word-тан кесте қою тәсілі қандай?
Жаңа сабақ Анимацияны жүйелеу.
Электронды презентация (Slide show) – компьютер мониторында немесе үлкен сыртқы экранда проектор арқылы көрсетіледі. Компьютермен көрсеткен кезде презентацияға арнайы эффектілер қосуға болады.
Ауысу (переход) – слайдтың экранда пайда болуына әсер ететін арнайы эффект.
Слайдқа сонымен бірге анимация да қоюға болады. Бұл кезде слайдтың экранға шығуы бірнеше қадамнан тұрады.
Ауысуды Сортировщик слайдов режимінде Сортировщик слайдов құралдар тақтасы арқылы қоюға олады. Бұл режимде анимация тек текстке қойылады, басқа обьектілерге слайдтар режимінде қойылады.
Ауысуды қосу және өзгерту.
Ауысуды қолдану және өзгерту үшін слайдты (слайдтарды) белгілеп, Эффекты при смене слайдов тізімін ашып қажетті ауысуды қолданады. Ауысудың көбі бір-бірінен тек бағыты бойынша өзгеше болып келеді.
Ауысу белгісі қолданылған слайдтың сол жақ төменгі шетінде пайда болады. Белгіні шерту ауысуды кішірейтілген слайд көшірмесінде көруге мүмкіндік береді.
Жылдамдықты және ауысу уақытын реттеу.
Ауысудың әрбіріне өзінің алдын ала қойылған жылдамдығы болады. Смена слайдов терезесінде ауысудың жылдамдығын өзгертуге болады, басқа ауысуды таңдауға болады немесе ауысуға бірге жүретін дыбыстық эффект қосуға болады.
Анимацияны қосу.
Ауысу эффектілері слайдтар арасында, ал анимация эффектілері слайд ішінде қолданылады. Әрбір тақырыпты, маркерленген пунктті немесе басқа обьектіні слайдқа жекелей қосуға болады.
Бірге қойылатын анимациялар тобынан дайын эффектілерді сортировщик слайдов режимінде қолдануға болады. Слайдты (слайдтарды) белгілеп, Готовые эффекты тізімінен анимация түрін таңдайды. Таңдалған эффект слайдтың барлық текстіне (тақырыптан басқа) қолданылады.
Егер негізгі текстке анимация қойылса, қарап шығу кезінде слайдқа ауысқанда тақырып тексті, фондық обьектілер және графиктер көрінеді. Қалған обьектілерді шығару үшін маусты шертіп отыру керек.
Анимация тобының тағы бір тобы контекстік меню арқылы қойылады. Сортировщик слайдов режимінде слайдта маустың оң жағын шертіп, дыбыс қосылған текстік анимацияларды қоюға болады.
Анимацияны баптау.
Анимацияны баптау құралдары дыбысты және слайдтың жекелеген графикалық элементтерін безендіру үшін қолданылады. Эффекты анимации құралдар тақтасын ашу үшін слайдтар режиміне көшіп, форматтау панеліндегі Эффекты анимации батырмасын шертеді.
Слайдтарды жасырып қою.
Көптеген презентацияларда тек қажеттін қарай көрсетілетін, басқа уақытта жасырулы тұратын слайдттар болады. Слайдты алдымен құрып, содан соң жасырып қоюдың артықшылығы қажет болмаса көрсетпей кетуге болатындығы.
Сортировщик слайдов режимінде жасыру қажет слайдты белгілеп, құралдар тақтасындағы Скрыть слайд батырмасын шертеді. Слайд номерінде ноль символы пайда болады. Слайдты қайта шығару үшін осы батырманы қайта шертеді.
Презентация кезінде кез келген слайдта маустың оң жағы шертіп, контекстік менюдің Переход-По заглавию командасын орындайды. Бұл көшу тәсілі презентация кезінде ыңғайсыз болғандықтан, көшу үшін Сілтемелерді қолданған жөн.
Басқа слайдтарға сілтеме (ссылка) жасау.
Гиперсілтемелер – Интернеттегі WEB-беттердегі сияқты презентацияда да қолданылады. Гиперсілтемеде шерту басқа слайдқы, басқа презентацияға немесе Интернеттегі WEB-бетке көшуді жүзеге асырады.
Гиперсілтеме қою үшін алдымен гиперсілтеме ретінде қолданылатын тексті немесе сөзді белгілеп алады да, үстінде маустың оң жағын шертеді. Настройка действия пунктін таңдайды. Гиперсілтемені іске асырудың екі тәсілі бар: шерту арқылы немесе маус көрсеткішін апару арқылы. Екі тәсілдің екеуі де бірдей жұмыс атқарады. Қайсысын қолданса да айрмашылығы жоқ. Перейти по гиперссылке белгісін қойып, ауысу қажет слайдты таңдайды. Нақты бір слайдқа көшу үшін тізімнен Слайд пунктін таңдап ашылған терезеде қажет слайдты таңдайды.
Бекіту сұрақтары:
Ауысу дегеніміз не ?
Аусуды қаллай қоюға және өзгертуге олады?
Аимация не үшін қолданылады?
Анимацияны қалай қоюға және өзгертуге болады?
Слайдты жасырып қоюдың қандай қажеттелігі бар?
Слайдты қалай жасырып қояды?
Гиперсілтеме не үшін қажет қалай қоямыз?
Тапсырма: Оқушылар таңдаған тақырып бойынша толық презентация жасайды.
Таңдауға ұсынылатын тақырыптар:
Менің мектебім.
Менің класым.
Менің отбасым.
Менің достарым.
Менің елім.
Менің қалам.
Менің мамандығым?
Менің балалық шағым?
Менің демалыс сәттерім?
Оқушылар билет жасалған тақырыптардытаңдау арқылы тапсырма алып, 4 сабақ бойы әзірлеп, материалдармен толықтырып, бесінші сабақта демонстрациялайды.
Үйге тапсырма: Презентацияға қажетті материалдарды әзірлеу, презентацияны жасау.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.
Тақырыбы: Гиперсілтемелер. Гиперсілтемемен жұмыс жасауға практикалық жұмыс.
Сабақ мақсаты: а) PowerPoint-та презентация құрғанда гиперсілтемелерді қолдануға үйрету.
Б) Гиперсілтемемен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
В) Оқушылардың эстетикалық ьалғамдарын қалыптастыру.
Сабақ көрнекілігі: Карточкалар
Сабақ түрі: Практикалық жұмыс
Сабақ әдісі: Компьютерде практикалық жұмыс орындату
Сабақ типі: Қайталау, пысықтау сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Практикалық жұмыстың орындалу барысымен оқушылаврды таныстыру
Компьютерде практикалық жұмысты орындату
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Біз бүгін гиперсілтемелерді қолдануға практикалық жұмыс орындаймыз.
Практикалық тапсырма:
PowerPoint-та қарапайым тест программасын құр.
Бірінші слайдта тест сұрақтарының номерлері орналассын.
Номер басылғанда сол номерлі сұрақ ашылатын болсын.
Жауап вариантын таңдаған кезде, дұрыс болса «Жарайсың! Дұрыс.» деген, әйтпесе «Қателестіңіз!» деген жауап шығуы тиіс.
Тесті жалғастыру үшін, кейін сұрақтар номері жазылған слайдқа қайта келу керек.
Ұсынылатын тест сұрақтары:
1) Информацияның өлшем бірлігі:
А КилоБут
*В Байт
С Километр
D Мегадрайв
2) Дербес компьютерді іске қосу батырмасы:
A 110 v
*B Power
C Reset
D Turbo
3) Обьектіні ерекшелеу үшін не қолданылады:
A Обьектіде маустың оң жағын бір рет шерт
B Обьектіде маустың оң жағын екі рет шерту
C Обьектіде маустың сол жағын екі рет шерту
*D Обьектіде маустың сол жағын бір рет шерту
4) Маустың оң жақ батырмасы не атқарады:
A Программаны іске қосады.
*B Контекстік менюді ашады
C Менюдің пунктін таңдайды
D Enter пернесі қызметін атқарады
5) Компьютерді сөндіру алдында:
A Розеткадан шнурды айыру керек
B Sleep пернесін басу керек
C Қажет емес файлдарды жою керек
*D Барлық программаларды жабу керек
6) Компьютерді ток көзінен қай уақытта айыру керек:
A Экранға заставка шыққан кезде
B Экран түсі қара болған кезде
C Экранда маус курсоры көрінбеген кезде
*D Экранда «Теперь питание компьютера можно отключить» жазуы пайда болғанда
7) Компьютердің жұмысын басқаратын негізгі құрылғысы:
A Маус
B Монитор
*C Жүйелік блок
D Пернетақта
8) Компьютер нені өңдеуге арналған:
A Абстракцияны
*B Ақпаратты
C Мотивацияны
D Цифрларды, белгілерді, иероглифтерді
9) Компьютерге ақпарат енгізу құрылғыларын ата:
*A Сканер және маус
B Принтер және трекбол
C Маус, пернетақта және кілемше
D Шина және пернетақта
10) 1 байт көмегімен қандай ақпарат өрнектеледі:
A 1 немесе 0-ден тұратын
*B 1 символдан тұратын
C 1 сөзден тұратын
D 255 символдан тұратын
11) Пернетақтаның атқаратын қызметі:
*A Ақпаратты символдық түрде компьютерге енгізу
B Кез келген ақпаратты компьютерге тез енгізу
C Тек қана командалар енгізу
D Дискіден оқу
12) Ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін не қолданылады:
A Жедел есте сақтау құрылғысы
B Тұрақты есте сақтау құрылғысы
*C Сыртқы есте сақтау құрылғысы (дискета, қатқыл диск т.б.)
D Аталғандардың бәрі
13) Қатқыл диск қандай көлемде бола алады:
A 1,44 Мб
B 700 Мб
*C 40 Гб
D 128 Мб
14) Диск қандай болады:
*A Магнитті
B Қатты
C Жұмсақ
D Сұйық
15) Пернетақтада қандай пернелер тобы бар:
A Әріптік-цифрлық
B Түзету пернелері
*C Курсорды басқару пернелері
D Қосымша әріптік пернетақта 16) Пернетақта регистрін ауыстыратын перне:
A Shift
B Scroll Lock
*C Alt+Shift немесе Ctrl+Shift
D Caps Lock
17) Enter пернесі:
A Болдырмау пернесі
*B Енгізу пернесі
C Курсорды келесі абзацқа көшіру пернесі
D Курсорды келесі жолға көшіру пернесі
18) Қате символды өшіру пернесі:
A Enter
B Insert
*C Delete
D Пробел
19) Caps Lock индикаторы жанып тұрған кезде:
A Тек орыс әріптері енгізіледі
B Арнайы символдар енгізіледі
*C Бас әріптер енгізіледі
D Shift пернесін басқан кезде бас әріптер енгізіледі
20) Функционалдық пернелер қандай қызмет атқарады:
A Функцияның мәнін есептейді
*B Әр перне әртүрлі программада әртүрлі қызмет атқарады
C Мәтінді форматтайды
D Терезелермен жұмыс атқарады
Үйге тапсырма гиперсілтемелер.
Практикалық жұмыстарын пароль қойып сақтау керек. Келесі екі сабақта жалғастырады. Төртінші сабақта тексеріледі. Жұмыстары сол кезде бағаланады. Жұмыстың гиперсілтемелерінің жасауы, безендірілуі қаралады.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар
Тақырыбы: Мәліметтер қоры: қолданылуы, негізгі ұғымдар. Microsoft Access.
Сабақ мақсаты: а) Деректер базасы ұғымымен таныстыру. Негізгі ұғымдар мен қолданылу мақсатын түсіндіру.
Б) Деректер базасымен жұмыс жасауды Microsoft Access қолданбасы негізінде оқыту.
В) Оқушылардың күрделі мәліметтермен жүйелі түрде реттеу арқылы жұмыстануына үйрету.
Сабақ көрнекілігі: Microsoft Access қолданбасы
Сабақ түрі: Лекция
Сабақ әдісі: Лекция оқу, түсіндірмелі баяндау
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар беру
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар мА?
Бүгін жаңа сабақ бастаймыз. Мәліметтер қоры: қолданылуы, негізгі ұғымдар. Microsoft Access.
Сендер деректер базасы ұғымымен 8-кластан таныссыңдар.
Деректер базасы – обьектілер мен адамдар туралы ақпараттар жиинағы.
ДБ құрылымы өрістерден құралады. Әрбір өрісте әртүрлі ақпараттар сақталады. Телефон анықтамасы мысалы деректер базасы болып табылады. Мұнда мынадай өрістер болады. Фпмилиясы, аты, әкесінің аты, адресі және телефон номері. Бір адам туралы ақпарат мұндай деректер базасында жазба деп аталады.
Microsoft Access сияқты ДБ басқаратын күрделі программалар бірнеше таблицаларды біріктіріп және байланыстырып реляциялық деп аталатын деректер базасын құруға мүмкіндік береді.
ДБ-да әрбір дерек көздерінің мәліметтері жекелеген таблицаларда сақталады. Әртүрлі таблицалармен жұмыс кезінде таблицалар арасында байланыс орнатылады.
Белгілі бір шартты қанағаттандыратын деректерді іздеу және іріктеу үшін запрос құрылады. Зарпостар сонымен бірге бір уақытта бірнеше жазбаларды жаңартуға және жоюға мүмкіндік береді.
Таблицада деректерді көру, енгізу және өзгерту үшін формалар қолданылады. Форма таблицада деректерді стандартты және қолданушы құрған макет арқылы экранға шығарады.
Деректерді талдау үшін немесе белгілі бір түрде басып шығару үшін отчет қолданылады. Мысалы, деректерді біріктіретін және олрадың итогын есептеп баспаға шығаруды отчет жүзеге асырады.
Кейбір операцияларды автоматты түрде орындау үшін макростар қолданылады. Макростар форма ашу, отчетты басу сияқты жиі орындалатын әрекеттерді автоматты түрде орындау үшін қолданылады.
ДБ терезесінде оның барлық обьектілерімен жұмыс жасауға болады. Бір типті обьектілерді көру үшін сәйкес қосымшаны таңдау керек. Оң жақтағы батырмалар арқылы бар обьектілерді өзгертуге немесе жаңадан құруға болады.
ДБ жобалау.
Таблица, форма жалпы кез келген обьектілерді құру үшін ДБ-ның құрылымын жасау керек. ДБ-ның дұрыстығы оның құрылымына тікелей тәуелді.
ДБ жобалау кезеңдері.
ДБ-ның арналу мақсатын анықтап алу керек. ДБ-сы оны қолданатын барлық қолданушының талаптарын орындай алуы керек. Ол үшін ДБ-ң тақырыптарын, отчетын, формаларын дұрыс анықтай алуы керек.
ДБ-да болу керек таблицалардың құрылымын құрып алу керек. Таблицаны жобалаған кезде мынадай принциптерді ескеру керек:
Таблицадағы ақпараттар қайталанбауы керек. Таблицалар арасында да қайталану болмауы керек. Бір ақпарат тек бір таблицада сақталса, оны тек бір жерде ғана өзгерту керек болады. Бұл жұмыстың тиімділігін арттырады.
Әрбір таблицада тек бір тақырыптағы ақпарат сақталуы керек. Әр түрлі мәліметер бір біріне тәуелсіз әртүрлі таблицаларда жазылса, өңдеу жеңіл болады.
Таблицадағы қажетті өрістерді анықтап алу керек. Әрбір таблица жеке тақырыптарға арналады. Ал таблицадағы жеке өрсітер таблицаның тақырыбы бойынша жекелеген мәліметтерді қамтиды. Өрістерді құрған кезде мыналарды есте сақтау керек.
Әрбір өріс таблица тақырыбымен байланысты болуы керек.
Таблицаға өрнектің нәтижесі болып табылатын деректержі қосуға болмайды.
Таблицада барлық қажетті ақпарат болуы керек.
Бір өрісте тек бір мәнді ақпараттар жазылуы керек. (мысалы, аты жөнді бір өріске жазғаннан көрі аты және фамилиясы деген екі өріске бөліп жазған дұрыс болады)
Түйінді өрістерді беріңіз. Реляциялық ДБ-да таблицалар бір бірімен байланыстырылады. Бұл байланыс түйінді өріс арқылы қойылады. Түйінді өріс – мәндері қайталанбайтын өрістер.
Таблицалар арасындағы байланысты анықтау керек. Деректерді таблицаға бөлгеннен соң және түйінді өрісті анықтаған соң әртүрлі таблицалардағы деректердің байланысу схемасын таңдап алу керек. Бұл үшін таблицалар арасында байланыс орнату керек.
ДБ құрылымын тағы бір тексеріп, кемшіліктерін қарап шығу керек. Мұны таблицаға деректерді енгізбестен бұрын қарап шығу керек.
Деректерді қосып және ДБ-ның басқа обьектілерін құрыңыз. Егер таблица құрылымы барлық қойылған талап тарын қанағаттандырса, деректерді енгізуге болады. Содан соң кез келген запрос, форма, отчет сияқты обьектілерді құруға болады.
Үйге тапсырма лекцияны оқып келу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.
Тақырыбы: Мәліметтер қоры: қолданылуы, негізгі ұғымдар. Microsoft Access.
Сабақ мақсаты: а) Деректер базасы ұғымымен таныстыру. Негізгі ұғымдар мен қолданылу мақсатын түсіндіру.
Б) Деректер базасымен жұмыс жасауды Microsoft Access қолданбасы негізінде оқыту.
В) Оқушылардың күрделі мәліметтермен жүйелі түрде реттеу арқылы жұмыстануына үйрету.
Сабақ көрнекілігі: Microsoft Access қолданбасы
Сабақ түрі: Лекция
Сабақ әдісі: Лекция оқу, түсіндірмелі баяндау
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар беру
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар мА?
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
Деректер базасы дегеніміз не?
Деректер базасының негізгі обьектілері нелер?
Запрос деген не, не үшін қолданылады?
Отчет деген не, не үшін қолданылады?
Форма деген не, не үшін қолданылады?
Макрос деген не, не үшін қолданылады?
Деректер базасын құру үшін алдымен не істеу керек?
ДБ жобалау қандай кезеңдерден тұрады?
Бүгін сабақты әрі қарай жалғастырамыз. Мәліметтер қоры: қолданылуы, негізгі ұғымдар. Microsoft Access.
ДБ құру.
Microsoft Access-те ДБ-сын құрудың екі тәсілі бар.
Бос ДБ-сын құрып алып, оған таблцалар , формалар немесе т.б. обьектілерді қосуға болады.
Екінші тәсілі мастер көмегімен барлық обьектілері бар типі анықталған ДБ-сын құрып алуға болады.
Екі тәсілді қолданғанда да кез келген уақытта ДБ-сын өзгерту мүмкіндігі болады.
ДБ-сын жаңадан құрған кезде Файл новой базы данных терезесі пайда болады. Мұнда ДБ-ның аты мен құрылатын ДБ-ның файлы орналасатын жерін көрсету керек. Microsoft Access-тің ДБ-ның файлы .mdb кеңейтілуімен сақталады. ДБ-ның көшірмесін алу үшін оны басқа жерге түгелдей көшіріп алу керек. Себебі Файл-Сохранить как командасы ДБ-ның жекелеген обьектілерін ғана сақтайды.
Microsoft Access-тен шығу кезінде деректердің өзгерісі автоматты түрде сақталады. Тек кез келген обьектінің құрылымы өзгергенде ғана өзгерісті сақтау туралы диалог терезесі пайда болады.
Таблицамен жұмыс.
Таблица нақты сұрақтарға сәйкес мәліметтерді сақтайды. Мысалы, Товары таблицасында тек товар туралы мәліметтер сақталуы керек. Ал Поставщики таблицасы товар жеткізуші компаниялар туралы деректерді қамтиды. Деректер қайталанбас үшін әртүрлі деректерді әртүрлі таблицаларда орналасуы керек. Таблицада деректер бағандарда (өріс) және жолдарға (жазба) орналастырылады.
Таблицамен жұмыстың екі режимі бар. Конструктор және таблица режимін құралдар тақтасындағы батырманы шерту арқылы таңдауға болады.
Таблица конструкторы режимінде жұмыс жасағанда таблицалар құруға, оған жаңа өрістер қосуға, жоюға және таблица өрістерін баптауға болады.
Өріс қосу үшін таблицалар терезесінің жоғары бөлігінде өріс атын енгізіп, оның типін көрсетеді. Өріс атын өзгерту үшін Имя поля бағанында оның атын өзгерту керек.
Дерек типі өріске қандай деректер өріске қандай деректер енгізуге болатынын анықтайды. Мысалы, ақша типті өріске мәтіндік деректерді енгізуге болмайды.
Деректер типін қою қою үшін немесе өзгерту үшін Тип данных бағанын таңдап, ашылған тізімнен қажетті дерек типін таңдайды.
Түйінді өріс таблицада таблицалар арасындағы байланысты қою үшін қолданылады. Кілтті (түйінді өрісті) анықтау үшін қажет өріс жазылған жолды белгілеп, құралдар тақтасындағы Ключ батырмасын шертеді.
Таблица режимінде таблицаға деректерді қосуға, өңдеуге және қарауға болады. Сонымен бірге емлесін тексеріп, таблицадағы деректерді басып, жазбаларды іріктеп, сұрыптап, таблицаның құрылымын өзгертіп, бағандарды қосып, жоюға болады.
Таблицаға жазба қосу үшін Новая запись батырмасы қолданылады. Бұл батырма баыслған кезде таблица соңында бос қатар пайда болады.
Жазбаны жою үшін жазба өрісін таңдап құралдар тақтасындағы Удалить запись батырмасын шертеді.
Таблицадағы қатарларын бір немесе бірнеше бағандардың мазмұны бойынша сұрыптауға болады. Бұл үшін сұрыптау жүретін өрісті белгілеп, өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптау тәсілін таңдауға болады.
Фильтрлеу (іріктеу) формада тек кейбір жазбаларды көруге мүмкіндік береді. Іріктеу қажет деректерді белгілеп Фильтр по выделенному батырмасын шертеді. Фильтрді түзету үшін Изменить фильтр батырмасын шертеді. Фильтрлеудің толық шартын қою үшін Запись-Фильтр-Расширенный фильтр командасын орындайды. Ал қарапайым немесе кеңейтілген фильтрді қолдану үшін құралдар тақтасындағы Применить фильтр командасын орындайды.
Деректер типтері.
Деректер типтері өріске қандай дерек енгізілетінін анықтайды. Microsoft Access төмендегідей деректер типтерімен жұмыс жасайды.
Текстовый - текст немесе есептеуге қолданылмайтын сан, мысалы телефон номері.
Поле МЕМО - түрлі түсініктерді беру үшін қолданылады.
Числовой - есептеуге қолданылатын сандық деректер.
Дата/Время - пішінге байланысты календарлық деректерді немесе уақытт енгізуге болады.
Денежный - математикалық есептеулерде қолданылатын сандар және ақша бірліктері.
Счетчик - Access автоматты түрде толтыратын тізбекті сандардан тұрады. Бірінші жазбаға 1, екіншіге 2 т.с.с. беріледі. Бұл өрістің сандарын өзгертуге болмайды.
Логический - свойство поля панелінде берілген пішінге байланысты екі мәнді сақтау үшін қолданылады. (да/нет, true/fаlse).
Поле обьекта OLE - Microsoft Access таблицасына енгізілген немесе байланыстырылған обьект (мысалы, Excel таблицасы, Word құжаты, сурет, дыбыстық файл немесе т.с.с.).
Гиперссылка - гиперсілтеме адресін көрсететін әріп немесе цифрдан тұратын жол.
Мастер подстановок – пайдаланушы тізімнен деректер таңдап алуға мүмкіндік беретін өріс құруға болады.
Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |