ЛАБОРАТОРИЯДА САБАҚ ӚТКІЗУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ
Сабақ ӛткізу тәртібі
Лабораторияда сабаққа кіріспес бұрын студент келесі ережелерді білуі қажет:
Жұмыс орнын таза және реттеп ұстау;
Лабораториялық жұмысқа арнайы дәптер ұстап, оны сабаққа дайындық деректермен толтыру;
Сабақ басталғанша тапсырмамен танысып, мақсатын ұғынып, тиісті материалдарды қарау, жұмыс орнын дайындап, реактивтердің са- пасын және аспаптар мен жабдықтарды тексеру;
Талдау жұмысын түрегеп тұрып ӛткізу;
Жұмыс үстелінде ешқандай артық нәрсе ұстамау;
Лабораторияда сыртқы киіммен жұмыс жүргізуге болмайды, тек қана таза ақ қалат киілуі тиіс;
Химиялық ыдыстармен су ішуге қатаң тиым салынады;
Талдау жұмысын орындағанда ыдыстарды, реактивтерді, сүтті әдістемелік нұсқауға сәйкес қолдану;
Лабораториялық ыдыстарға реактивтің аты және дайындалған күні кӛрсетіліп, қағазбен жапсырылуы керек;
Лабораторияға келіп түскен реактивтердің аты, химиялық фор- муласы, кӛлемі, мемлекеттік стандарт нӛмірі, мінездемесі (химиялық таза, тәжірибелік, техникалыққ партияның нӛмірі, дайындалған күні, пайдалану ұзақтығы болуы қажет. Этикеткасы жоқ реактивтерді сақтау- ға және лабораториялық талдау жұмыстарына қолдануға болмайды;
Реактивтер белгілі бір орында тұру қажет;
Реактивтерді қолданғанда ӛте ептілікті сақтау қажет құрғақ реактив салынған және ерітінді құйылған ыдыстарды жабық ұстап, оларды тек қолданған кезде ашу ыдыстарды жапқан кезде тығындарын ауыстырып алмау қажет, ӛйткені олар ластанып, пайдасыз болады күміс ерітіндісінің қалдығын (мысалы, ірімшіктегі тұзды анықтағанда және тағы басқалардың желдеткіш шкафтағы әдейі құтыларға құю ертіндісі бар ыдыстан реактив алғанда, жапсырылған қағазға (жапсырмасы бар сынақ ертіндіні тамбайтындай қылып ұстау) ыдыстан ертінді алғанда тығынды қолда ұстап, немесе ертіндіге малынған жағы үстелге тимейтіндей қылып қою барлық жағдайда реактив пен сүтті, (тек, қанша мӛлшерде алу керектігі) кӛрсетілген жағдайда болмасақ ең аз мӛлшерде алу бюреткаларды ертіндімен толтырғанда, түтікшемен сүтті және ертіндіні ӛлшеп алғанда, жалпы қабылданған ережені қатаң сақтау;
Қағаздарды, сүзгіштерді, сынған ыдыстарды арнайы ыдыстарға тастау қажет;
Талдау аяқталған соң, жұмыс орнын тәртіпке келтіру (ыдыстар- ды жуып, реактив пен аспаптарды орын-орнына қою және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |