8
ақын-жазушылар шығармашылығы монографиялық тұрғыда оқытылады. 10-
11 сыныптарда шығарманы мүмкіндігінше тұтастай оқыту кӛзделген. Әдеби
талдау жоғары сыныптарда да жүзеге асырылады. Дегенмен, орта буын
сыныптарға қарағанда әлдеқайда күрделі құрылыммен, белгілі бір ӛзекті
мәселеге орайластыра талданады. Қаламгер шығармашылығы монографиялы
түрде оқытылуына байланысты қаламгердің белгілі бір әдеби жанрдағы
ерекшелігі (егер шағын кӛлемдегі эпикалық түр болса) бірнеше шығарма-
сымен не осы саладағы ӛзге қаламгер шығармашылығымен салыстырыла
талдануы мүмкін. Сондай-ақ талдауға нысан болатын кӛлемді туындысы
(роман, роман-эпопея т.б.) әр тарапты проблемалық ұстанымда талдануы
қажет. Орта буында бір ғана шағын шығарманың ішкі құрылым жүйесі,
образдары талданса, жоғары сыныпта талдау нысанына кӛлемді шығарма-
ның тұтас құрылымы, әлеуметтік, саяси мәселенің кӛрінісі, образдар
галереясы, әдеби үдерістегі орны т.б. ауқымды мәселелері алынады. Кӛбіне
белгілі бір кӛтеріліп отырған мәселе тӛңірегінде оқушының ӛзіндік
кӛзқарастары, дәйектемелері, жеке ұстанымдары есепке алынуы керек.
Жасыратыны жоқ кӛбіне, бүгінгі мектеп практикасында жоғары сынып
оқушыларының ӛзі шығарма тӛңірегіндегі баяндаумен шектеліп жүр. Оқушы
тарапынан оқиға желісін баяндау ағаттық емес, тек бұл тәсіл орта буынның
5-6 алғашқы сыныптарына тән оқу әрекеті. Оқушының сӛйлеу тілін дамыту
мақсатында жүзеге асырылатын тәсілдің бірі. Ал жоғары сыныпта оқырман
ретінде, әдеби мәтінді ӛнердің бір перзенті ретінде танып, талғаммен қарау,
шығармадағы кӛтерілген мәселеге азаматтық ұстанымын білдіру, шығарма-
дағы кейіпкерлер әлемін тануда типтік бейне, шынайы ӛмірмен байланыс
тұрғысында баға беру басым болғаны абзал. Сол себепті
жоғары сынып оқу-
шыларына әдебиеттің сыны, оқулыққа енген шығармалар жайлы әдебиет-
танушылардың пікірлері де қоса ұсынылған.
Тәуелсіздік жылдарда жарық кӛрген қазақ әдебиеті бағдарламасынан
бері (1997 жылы 5-9 сыныптарға арналған қазақ әдебиеті бағдарламасының
жобасы)
1
орта буын болып етептелетін 5-9 сыныптар екі салаға жіктеліп
беріліп жүр. Авторларымыз әдебиеттік оқудың ұстанымдарын 5-7 сынып-
тарға топтастырып, 8-9 сыныптан бастап ежелгі дәуір әдебиеті, ХІХ-ХХ ға-
сыр әдебиетін ұсынып келеді. Ал 9 сыныптан басталатын әдебиеттің тарихи
курсында ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап ежелгі дәуір әдебиеті кезеңіндегі
мұралар, хандық дәуір әдебиеті, ХІХ-ХХ ғасыр әдебиет ӛкілдері қайта
ұсынылып келеді. Психолог мамандардың оқушы дамуының кезеңдеріне
қатысты зерттеулері негізінде қалыптастырылған әдеби білімнің екі кезеңі:
5-9, 10-11 сыныптардағы әдеби білім мазмұны сақталғаны дұрыс деген
пікірдеміз. Себебі әдебиеттің тарихи курсын белгілі бір әдеби білім кезеңіне
ғана (10-11сыныптар) топтастырмау салдарынан, оқу материалының
қайталануына жол берілген.
1
Мемлекеттік білім стандарты. – А., 1997.
9
Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары:
1.Әдебиет әдістемесінің басты мән-мазмұнын түсіндіріңіз.
2.Әдеби білім кезеңдері туралы психолог мамандардың пікірін саралаңыз.
3.Әдеби білімнің алғашқы кезеңіндегі қалыптастырылатын оқушының білім,
білік, дағдылары қандай?
4.Әдеби білімнің екінші кезеңіндегі оқушының оқу-танымдық жұмыстары
туралы не білесіз?
Әдебиеттер тізімі:
1. Мемлекеттік білім стандарты. – А., 1998.
2. Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. – А., 1997.
3. Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама.
V – IX, X – XI
сыныптар, - А., 2010.
Қосымша:
1.Богданов О.Ю., Леонова С.А., Чертова В.Ф. Методика преподавания лите-
ратуры. Москва, 1999.
2.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі .-А.,Рауан,1997.
І. 2. ӘДЕБИЕТ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТ, МІНДЕТТЕРІ
1.Әдебиеттің пән ретіндегі ӛзіндік ерекшеліктері.
2.Әдебиет
пәнінің танымдық,
тәрбиелік, тұлға қалыптастырушылық рӛлі.
3.Әдебиетті пән ретінде оқытудың мақсат, міндеттері.
Әдебиеттің пән ретіндегі өзіндік ерекшеліктері. Әдебиет пәнінің оқу
пәні ретіндегі құрылымы күрделі болып саналады. Себебі оның ішкі
мазмұнына кӛркем әдебиет шығармалары, олардың тарихы мен теориясына
қатысты ұғымдар, әдебиеттен ауызша, жазбаша тіл дамыту жұмыстарының
жүйесі, оқушының оқырмандық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қоса
қамтылады. Әдебиетті оқыту оқушының сұранысы мен қабілет, мүмкін-
дігіне қарай бірте-бірте дамып отырады. Біріншіден, әдебиет оқушының
бастауыштан алған біліміне сүйенеді. Шығарманы жүргізіп оқып үйренген
оқушы 5-сыныптан бастап мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра бастай-
ды. Ең бастысы 5-сыныптан бастап сынып жоғарылаған сайын әдебиетті
ӛнердің бір түрі — сӛз ӛнері ретінде тарихи негізін танып, қоғамдық мәні
мен адам, жеке тұлға қалыптастыруға тигізетін әсер ықпалын, барлық адам-
заттық мәселелерді қамтитын биік болмысын тани бастайды.
«Әдебиет — ӛнердің бір саласы. Ол – сӛз ӛнері. Белгілі әдіскер
Қ.Бітібаева «Әдебиет — адам тану құралы» болса
1
, әдебиет пәні — «адам
тәрбиелеу құралы» деген пікір айтады. Ал Ленинградтық әдіскер ғалым
1
Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі.–А., Рауан,1997.