А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет103/103
Дата24.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24826
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103

236 
 
жазылатын  шығарма,  ойтолғау,  эссе,  кӛркем  суретке,  сахналық  қойылымға, 
сценарийге жазылатын шығарма түрлері.  
Мектепте  осы  аталғандардың  біразы  қолданылып  жүр.  Кейінгі 
жылдары сабақтың қорытынды кезеңінде не сыныптан тыс уақытта ойтолғау 
жазу  жиірек  орындалып  жүрген  жазба  түрі  ретінде  танылып  келеді.  Бұл 
құптарлық  жұмыс  түрі.  Ойтолғауды  белгілі  бір  тақырып  аясында  сыныпта 
жан-жақты талдау жұмысынан кейін орындаған тиімді. Ойтолғау оқушының 
шығарма  талдау  не  белгілі  бір  мәселені  талқылау  кезінде  алған  әсерін 
суытпай  ізінше  жазылғаны    жақсы.  Ойтолғаудың  кӛлемі  шағын  келеді, 
оқушының  ӛзіндік  пайымы  мен  әсері  жазылады.  Мұндай  шағын  кӛлемдегі 
жазба  жұмыс  түрі  оқушыны  жалықтырмайды  әрі  ойын  шашыратпай 
ықшамдап жазуға үйретеді.  
Соңғы  жылдары  мектептерде  ішінара  жазылып  жүрген  жазба 
жұмысының  бірі  –  эссе.    Эссе  –  белгілі  бір  мәселе  тӛңірегінде  субьективті 
кӛзқарасты  танытатын,  құрылым  жағынан  еркін  жазылатын  шағын  кӛлемді 
жазба  жұмысы.  Эссе  тілі  образды  келеді,  афоризмдер  кӛбірек  ұшырасады. 
Эсседе  оқушы  кӛбірек  ӛзіндік  кӛзқарасы  мен  әсерін  жазуға  бейім  болады. 
Эссені  –  ойтолғау  деп  түсіну  басым.  Негізі  эссе  әдебиетте  белгілі  бір  жанр 
ретінде  қалаптасқан.  Эссе  жанрында  жазылған  кӛркем  дүниелер  кӛп.  Ал 
эссені    ойтолғау  деп  қана  тану  жанрдың  ӛзіндік  ерекшеліктерін  ескермеуге 
соқтырады.  Оның  үстіне  ойтолғау  жазуға  қойылатын  негізгі  шарттар  мен 
талаптар  анықталмаған.  Әзірге  ойтолғау  сабақтың  мақсат-мүддесіне  қарай 
еркін  түрде  жазылады.  Жазба  жұмысының  бір  түрі  ретінде  эссені  мектеп 
практикасына  енгізу  тиімді  әрі  оқушылардың  ӛзіндік  кӛзқарастары  мен 
таным дүниесін, шығармашылық әсерін  түсінуге кӛп септігін тигізеді.  
Рецензия – шығармаға, авторға қатысты жазылатын жазба жұмысының 
түрі.  Кӛбіне  қаламгер  шығармасы  оқылып,  талданғаннан  кейін  оқушының 
ӛзіндік  кӛзқарасын,  жеке  пікірін,  бағасын  білу  үшін  жазылады.  Оқушының 
сыншылдық,  сарапшылық,  жазушылық  қабілетін  қалыптастыруға  жәрдем-
деседі.    Оқушы  шығарманың  жетістігі  мен  кемшілігін  сараптай  отырып, 
кейде ӛзіндік ұсыныстарын да жазуына болады. Рецензия кӛлемі аз да, кӛп те 
болуы мүмкін. Кейбір рецензиялар әңгіме болып отырған шығарма мен оның 
авторы  аясынан  асып,  әдебиеттану  саласының  кейбір  мәселелерін,    кӛркем 
әдебиет  пен  ӛнердің,  т.б.  саланың  толып  жатқан  мәселерін  қамтиды.  Ондай 
рецензиялар  ғылыми-зерттеу  жұмысына  ұласуы  мүмкін.  Рецензия  ең 
алдымен ғылыми, обьективті түрде, түсінікті тілде жазылуы керек. Оқушыны 
рецензияны кӛп шұбалтпай түйінді ойын жинақтап жаза білуге үйрету керек.   
Аннотация  негізінде  кітапқа,  топтама,  жинаққа  жазылады.  Қысқаша 
мәлімет  беру,  оқырманға  таныстыру  мақсатында  жазылатыны  белгілі.  Ал 
әдебиет  пәнінде  оқушылардың  жазба  жұмысының  бір  түрі  ретінде  де 
қолдануға  болады.  Мәселен,  оқушыларға  ӛзі  сыныпта  не  сыныптан  тыс 
оқыған  кітаптарына,  жекелеген  шығармаларға  аннотация  жазуды  тапсыра 
отырып,  олардың    оқыған  шығарма  туралы  пікірлерін  тұжырып,  қысқаша 
жаза  білуге  үйретуге  болады.  Оқушылар  ӛзі  тоқталып  отырған  кітаптың 
жазылу  тарихынан  қысқаша  мәлімет  келтіруі,  кейде  басқа  әдебиеттерге 


237 
 
сілтеме  беруі  мүмкін.    Жазба  жұмысының  мұндай  түрлерінің  нұсқалары 
сыныпта  оқушыларға  таныстырылып,  ӛзіндік  белгілері  мен  ерекшеліктері 
кӛрсетілуі тиіс.   
Хат  жаздыру  да  жазба  жұмысы  ретінде  әдебиет  сабағында  еркін 
қолданылатын  жазба  жұмысының  бірі.  Авторға,  кейіпкерге,  қоғамға  т.б. 
сабақ  мақсатына  лайықты  таңдалған  адресентқа  хат  жаздыруға  болады.  Хат 
кӛптен  белгілі  жазу  үлгісі  болғанымен,  оқушыларға  ӛзіндік  ойын, 
кӛзқарасын,  кейбір  ішкі  сезімдерін  еркін  жеткізуге  мүмкіндік  туғызатын 
жазба түрі ретінде танылады.  
Оқушылардың  жазба  тілін  дамыту  жұмыстарын  күнделікті  оқу 
үдерісінде жүргізу  аса  маңызды.  Әдебиет  –  кӛркем  ӛнер  пәні  болуы  себепті  
сабақ  үдерісінде  мәнерлеп  оқу,  оқушыға  лирикалық  шығармаларды  кӛркем 
қабылдату, мәтіннен үзінді оқу, сұрақ-жауап әдістері арқылы мәтінге жақын 
баяндату,  эвристикалық  әдіс  арқылы  мәтінмен  жұмыс  жүргізу  күнделікті 
сабақ  үлесіндегі  іс-амалдар  болып  есептеледі.  Сонымен  қатар,  әр  сабақта 
мәтінге  қатысты  жазба  жұмыс  амалдарын  жүргізіп  отыру  оқушылардың 
жазба  тілін  дамытуға  бірден-бір  кӛмектесетін  іс-әрекет.  Жасыратыны  жоқ, 
әдебиет  сабақтарында  кӛбіне  сұрақ-жауап  әдісіне  басымдық  беріліп, 
оқушылар  ауызша  жауап  берумен  ғана  шектелетін  жағдайлар  жиі 
ұшырасады.  Сабақ  кезеңінде  оқушылардың  топпен  жазба  жұмыстарын 
жүргізуі    оқушылардың  үлкен    ықыласын  тудырады.  Мәтін  тӛңірегіндегі 
берілген  тапсырманы  жеке  орындай  отырып  жинақтау,  ӛзі  жазған  дүние-
лерінің  нәтижесін  топта  салмақтау  оқушыға  шығармашылық  қанағат 
сезімдерін  туғызады.  Мұның  ӛзі  шығармашылықтың  бастау  кӛздері  десе  де 
болады. Ал, оқушыға жеке жазба тапсырмаларын орындату оқушының тиянақты 
білімін  тексеруге    кӛп  мүмкіндік  береді.  Әдебиет  сабақтарында  жазба  жұмыс-
тары  әр  тақырыптың  орайында  үздіксіз  жүргізіліп  отыруы  керек.  Бір  академия-
лық  сағаттың  ӛзінде  әр  сабақ  сайын  оқушыларды  жазуға  жұмылдыру  (тіпті  бес 
минут кӛлемінде болсын) міндетті саналса, оқушылардың жазба тілінің дамуына 
жәрдемі тиері анық.  
Оқушылар  арасында  жазба  тіл  мен  сӛйлеу  тілінің  әр  қилы  дамуы 
байқалады. Ӛз ойын ауызша еркін жеткізіп тұрған оқушыдан «енді осы ойларың-
ды    дәптерге  түсір»  деп  тапсырсаңыз,    ӛзі  айтқан  ойын  жазып  беруге  келгенде 
қиналады.  
Ойды  сауатты  жазба  тілде  жеткізу  қарапайым  сӛйлем  жазудан,  ой 
құраудан  басталады.  Оқушыларға  сабақ  үстінде  шағын  тапсырмаларды  берудің 
маңызы  зор.  Оқушы  әуелі  сауатты  баяндап  жазу  тілін  меңгеруі  қажет.  Сауатты 
жаза  білу:  орфографиялық,  пунктуациялық  (үтір,  сызықша,
  қос  нүкте,  үтірлі 
сызықша,  тӛл  сӛз  бен  автор  сӛзінде  келетін    тыныс  белгілер)  ережелерді 
сақтап  жазуға  дағдылану,  стильдік  қателерді  жібермей  ӛз  ойын  еркін 
жеткізуден  басталады.  Баяндау  тіліне  тӛселген  оқушы,  сипаттау,  мінездеу, 
суреттеу тіліне де бірте-бірте дағдыланады.  
Жазба  жұмыстарын  (мазмұндама,  шығарма)  тек  тоқсанда  бір,  екі  рет 
жүргізілетін  жұмыс  түрі  ретінде  қарап,    жылына  тӛрт-бес  рет  жаздыру  еш 
нәтиже   кӛрсетпесі  анық.  Сондықтан  әр сабақта жазба жұмыстарын  түрлен-
діре пайдалудың маңызы зор.  


238 
 
Тұжырымдай  айтқанда,  жазбаша  сӛйлеу  –  коммуникативті-шығар-
машылық әрекеттің бір түрі. Оқушылардың тұлғалық жетілуіне ықпал ететін, 
шығармашылық  қалыптасуына  жағдай  жасайтын  осы  жазбаша  сӛйлеу 
әрекетін  дамыту  әдебиет  пәнінің  басты  мақсат-міндеттерінің  бірі.    Оқушы-
лардың  жазба  тілін  дамыту  олардың  танымды  қабілетін  шыңдау  барысында 
жүзеге  асады
.  Жазба  жұмысының  бірі  мазмұндама,  шығармаға  ойтолғау,  эссе, 
рецензия,  аннотация,  мінездеме,  хат  үлгілерін,  хабарлама,  дәйектеме,  жоба 
жұмыстарын жаздыру, әр сабақта  үлкенді-кішілі баяндау мәтіндерін  сипаттама, 
суреттеме,  мінездеме  түрлерін  жаздыру  оқушылардың жазбаша  сӛйлеу  әрекетін 
дамытуға кӛмектеседі. Жазба жұмыстарын  орта буын сыныптардан жүйелі қолға 
алып, жоғары
 сыныптарда дамыта   жүргізу жәтиже береді.  
 
Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары
 
1. 
Мектепте жүргізіліп жүрген мазмұндама мен шығарма түрлерін саралаңыз. 
2.  Әдістемелік  еңбектердегі  оқушылардың  жазба  тілін  дамыту    жолдарын 
нұсқайтын әдіс-тәсілдерді  саралаңыз. 
3.  Шығарма  жаздыру  әдістемесінен  жазылған  еңбектердегі  кӛзқарастарға 
сипаттама жазыңыз. 
4.  Бір  тақырыпқа  шығарма  жазыңыз,  сабақ  үдерісінде  оны  талдауға  дайында-
лыңыз. Қандай талаптарға сүйенгеніңізді материалмен түсіндіріңіз.  
5. Оқушылардың жазба тілін дамыту мақсатында  тапсырмалар жасаңыз.  
 
Әдебиеттер тізімі:  
1.Мақпырұлы  С.  Қазына/Әдеби  мақалалар,  зерттеулер,  әдістеме/А.,  Арыс.  2004 
258-287 бб. 
2.Крундышев А.А. Сочинение как вид самостоятельной работы. — М., 1987.  
3.Леонов С.А. Развитие речи учащихся на уроках литературы. — М., 1988.  
4.Литвинов В.В. Сочинения в старших классах средней школы. — М., 1975.  
5.Павлов И.П. Уроки обучающего сочинения в старших классах. — М., 1960.  
6.Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикалсы. А., Мектеп, 1969 217 б. 
7.Дайрабаев Е. Мектепке шығарма жаздыру методикасының кейбір мәселелері, - 
А.,  1963,-56 б. 
8.Тілешова С. Әдебиет сабақтарында жүргізілетін жазу жұмыстары (4-8кл.),- А.,  
Мектеп, 1971,-66-68бет. 
 
Қосымша:  
1.Рыбникова М.А. Очерки по методике литературного чтения. — М., 1985.  
2.Озеров Ю.А. Экзаменационное сочинение на литературную тему. — М., 1995. 
3.Развитие  речи  учащихся  IV-X  классов  в  процессе  преподавания  литературы  в 
школе. — М., 1985.  
4.Голубков В.В. Методика преподавания литературы. — М., 1962.  
5.Калганова Т.А. Сочинения различных жанров в старших классах. — М., 1997.  
6.Әбдібекқызы  Қ.  Оқушылардың  кӛркем  шығармашылық  қабілетін  дамыту/ 
кӛмекші құрал/ А., Рауан. 1994 -18 б. 
 


239 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
Негізгі әдебиеттер: 
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 
2.  Қазақстан  Республикасында  Білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2004. 
3. Мемлекеттік білім стандарты. А., 1998. 
4.  Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. А., 1997. 
5.  Қазақ  әдебиеті  пәні  бойынша  қазақ  мектептеріне  арналған  бағдарлама. 
Ү—ІХ, Х-ХІ сыныптар. А., Рауан, 1999. 
6.  Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. 5-9, 
10-11 сыныптар. Астана  Рауан, 2013. 
7.  Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., Мектеп, 1985. 
8.  Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., Мектеп. 1969. 
9.  Ақшолақов Т. Кӛркем шығармаға талдау жасау. А., Мектеп, 1993. 
10.  Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., Рауан, 1997. 
11.  Жұмажанова  Т.  Әдебиеттен  кластан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастырудың 
ғылыми-әдістемелік негіздері. А., 1995. 
12.  Голубков В. Методика преподавания литературы. М., 1962. 
13.  Никольский В. Методика преподавания литературы в средней школе. М., 
Просвещение, 1971. 
14.  Методика преподавания литературы (под ред. З.Я.Рез) М., 1985. 
 
Қосымша әдебиеттер: 
1.Нұрмаханов Ж. Лириканы оқыту. Алматы, 1992. 
2.Маранцман  Б.,  Чирковская  Т.  Проблемное  изучение  литературного 
произведения в школе. М., Просвещение, 1977. 
3.Рез З. Изучение лирических произведений в школе М., 1968. 
4.Кудряшев  Н.  Взаимосвязь  методов  обучения  на  уроках  литературы.  М., 
1969. 
5.Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. А., Мектеп, 1979. 
6.Дайырова Ә. Орта мектепте І.Жансүгіров творчествосын оқыту. А., 1969. 
7.Қалиев С. Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту. А., 1974. 
8.Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., 1981. 
9.Мақпыров С. Әдебиеттен шығарма жұмыстары. А., 1987. 
10.Мәшһәр  Жүсіп  Қ.  Кӛркем  сӛздің  құдыреті  (Мектепте  қазақ  әдебиетін 
оқыту). Павлодар, 2000. 
11.Прессман Л. Кабинет литературы. М., 1975. 
12.Бадырақов Қ. Жоғары кластарда қазақ әдебиетінен тапсырма жүйесі. А., 1977. 
13.Рубинштейн С. Воспитание читательских интересов школьников. М., 1950. 
14.Құрманбаева Г., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері. А., 1999. 
15.Мырзағалиев  Қ.  Қазақ  әдебиетінен  ІХ  класта  шолу  тақырыбын  оқытуға 
методикалық нұсқау. Орал, 1984. 
16.Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. А., 1994. 
17.Жұматаева Е. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. А., 1999. 


240 
 
18.Карпов И.П., Н.Н.Старчина. Открытый урок по литературе (5-11 кл.) М., 2002. 
19.Оберпихина Г.А. Сочинение на литературную тему (мет. пособие). М., 1999. 
20.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М., 1998. 
21.Мәшһүр Жүсіп Қ. І.Жансүгіровтің «Құлагер» дастанын оқыту. «Қазақ тілі 
мен әдебиеті» журн. №8, 2002. 
22.Жұмажанова Т.Қ. Қазақ әдебиетінен оқу-әдістемелік күнтізбелік жоспары, 
6-7 сынып. Алматы, 2003. 
23.Әрінова  Б.А.  Қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесінің  ғылым  ретінде  қалып-
тасуы мен дамуы. Монография. Алматы. Жазушы, 2004. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


241 
 
МАЗМҦНЫ 
 
    КІРІСПЕ................................................................................................................  3 
 
І. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» .............................................................   
 

  І.1. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мазмҧны, әдеби білім 
кезеңдері............................................................................................................. 
 

  І.2. Әдебиет пәнін оқытудың мақсат, міндеттері....................................... 

  І. 3. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері................... 
15 
  І. 4.  Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихы............... 
24 
  І.5. Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ әдебиетін оқыту бағдарламаларының 
мазмҧндық ерекшеліктері.............................................................................. 
 
41 
 
 
 
ІІ. «Әдебиетті оқыту әдістемесінің»  мазмҧны мен қҧрылысы,  
әдебиет сабағы.................................................................................................. 
 
 
 
46 
  ІІ.1 Әдебиет сабағын жоспарлау: әдебиет пәнінен кҥнтізбелік жоспар 
және сабақ жоспарлары. Сабақ жіктемесі.................................................. 
 
46 
  ІІ.2  Қазақ әдебиетін оқыту әдіс-тәсілдер жҥйесі және әдістер 
жіктемесі............................................................................................................ 
 
68 
  ІІ.3.  Әдеби шығарманы кӛркем қабылдау  жолдарын 
ҧйымдастыру.................................................................................................... 
 
92 
   ІІ. 4.  Кӛркем шығарманы талдау — оқушының белсенді 
әрекеті................................................................................................................. 
 
108 
  ІІ. 5.  Кӛркем шығармаларды оқытуда  жаңа технологияларды 
қолдану.............................................................................................................. 
 
121 
 
 
 
ІІІ. Мектептегі әдебиет курсының негізі – кӛркем шығарманы оқыту..... 
 
 
141 
  ІІІ. 1.  Кӛркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне  байланысты 
оқып-ҥйрену ..................................................................................................... 
 
141 
  ІІІ.2. Лирикалық шығармаларды оқыту жолдары.................................. 
156 
  ІІІ.3. Эпикалық шығармаларды оқыту...................................................... 
184 
  ІІІ. 4. Драмалық шығармаларды оқыту жолдары....................................  203 
 
 
 
ІV. Әдебиетті оқу ҥдерісінде  тіл дамыту жҧмыстары............................ 
 
 
216 
 
ІV.1. Оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту жолдары................................  216 
 
ІV. 2. Әдебиетті оқу ҥдерісінде оқушының жазба тілін 
дамыту............................................................................................................... 
 
229 


242 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жҧмақаева Береке Дәулетханқызы 
 
 
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі  
  
 
Редакторы:  О.Б.Кулумбаев 
Компьютерлік  қалыптаушы: С.Е.Смағұлова 
Көркемдеуші: А.Қалибекұлы 
 
 
 
Басуға 05.01.2015 ж. қол  қойылды. Пішімі 60 х 84/
8.
 
Офсеттік қағаз. Компьютерлік терілім. 
Әріп түрі  «Times/New Roman» Riso басылымы. 
Шартты баспа табағы 9,7 
Таралымы 50 дана. 
Тапсырыс № 294 
 
«Қыздар университеті» баспасы . 
050000, Алматы, Гоголь кӛшесі 116 үй 

жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау