30
Е.Закариянұлы «Қазақ әліппесі» (1910), М.Малдыбаев «Қазақша ең жаңа
әліппе», Қ.Қожықов «Әліппе» ( 1912);
2.Ы.Алтынсарин үлгісін ұстанған оқулықтар: С.Кӛбеев «Үлгілі бала»,
«Үлгілі тәржіме» (1910), О.Алмасов, Т.Меңдешев, К.Бейсембаевтардың ауыл-
дық мектептерге арналған хрестоматиялары, А.Байтұрсынұлының «Оқу
құралы».
1928 жылы қаңтардан латын алфавитінің енуіне байланысты қазақ
мектептерінде екі түрлі әліппені оқыта бастады. Сонымен қатар осы жылдар-
дағы колхоздастыру ісіне қатысты сыныптық сабақ жүйесінің бригадалық
еңбек топтарына ауысуы мектептерде оқу мен оқыту процесіндегі дамуына
елеулі кедергі келтірді. Білім берудегі бұл тоқырау қазақ зиялыларының
назарынан тыс қалмады.
Халық Ағарту Комиссары ретінде А.Байтұрсынов бірінші және екінші
буын мектептері үшін оқу құралдары мен хрестоматиялар түзу ісін арнайы
мәжілісте кӛтерген. Жаңа оқу құралдарын жазу туралы қаулы қабылданған.
Бұл бастамаға қазақ зиялылары: ақын, жазушылар, оқытушылар, білім беру
саласының алғашқы қайраткерлері С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, Т.Шонаұлы,
М.Жұмабаев, Ғ.Болғанбаев, М.Жолдыбаев, Қ.Жұманов, Қ.Тоқтыбаев,
І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ӛ.Тұрманжановтар
қолдау берілген.
Осы бастама негізінде бірнеше оқу құралдарын жазу қолға алынған.
А.Байтұрсыновтың «Әліппе» (1921), М.Дулатов «Қирағат» (1914), «Оқу
құралы» (1921), «Әдебиет танытқыш» (1926), «Әліп би», «Жаңа құрал»
(1926), Т.Шонаұлымен бірігіп жазған оқу құралы (1927), Т.Шонаұлы
«Жаңалық», «Сауаттан», «Жаңа арна» (М.Жолдыбаевпен бірге (1927), «Шала
сауатты ересектер үшін» (1926), М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» (1927),
М.Жұмабевтың «Сауатты бол» (1923), «Педагогика», Ж.Аймауытовтың
«Жаңа ауыл» (1929), Б.Майлин, С.Мұқановтардың «Колхоз – ауыл» (1930),
Ғ.Мүсіреповтің «Жаңа ауыл» (1930), М.Әуезовтің «Жеткіншек» (1930) т.б.
оқулық-хрестоматиялары қазақ әдебиетінің мектептерде жеке пән ретінде
оқытылуына жетекші рӛл атқарды.
Қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтар 20-30 жылдардағы қазақ зиялылары
тарапынан қолдау тапқан жаппай сауаттандыру ісіне де елеулі ықпал етті.
Қазақ әдебиеті пәнінің мазмұнындағы тарихи кезеңдер алғаш
М.Әуезов оқулығында кӛрініс тапты. М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» оқу-
лығында әдеби материалдар жеті бӛлімге жіктеліп ұсынылған:
1. Сыршылдық салт ӛлеңдер;
2. Батырлар әңгімесі;
3. Ел поэмалары;
4. Тарихи ӛлеңдер;
5. Ертегілер;
6. Айтыс ӛлеңдер;
7. ХVІІІ-ХІХ ғасыр ақындары.
ХХ ғасырдың басында жарық кӛрген оқулық-хрестоматиялар қазақ
әдебиетін оқытудың барлық мақсат, міндеттерін ӛтей алмаса да, сол тұстағы
31
саяси-әлеуметтік жағдай мен заман сұранысын қанағаттандырды. Қазақ
әдебиетінің пән ретіндегі жүйесі мен құрылымы, білім мазмұны жылдар бойы
қалыптасты. 1930 жылдардағы қазақ әдебиетінің оқу құралдары әрі оқулық,
әрі әдеби, ғылыми, зерттеу еңбегінің нәтижесі болып табылды. Алғашқы оқу
құралдары жазылған тұста әдебиеттің тарихи курсы толық анықталмаған кез
болатын. Оның үстіне әдебиеттің теориясы қалыптаспаған, сыны жоққа тән
еді. Аумалы-тӛкпелі кезеңде әдеби мұраға деген кӛзқарастың да тұрақтамаған
тұсы болды. Қазақ әдебиетінің алғашқы сынында сыңаржақтық басым еді.
Әдебиет пәнінің ғылыми негіздерін анықтау да күрделі үдерістен ӛтті.
Сондықтан осы кезеңде жазылған әдебиет майданы мәселелері алғашқы оқу
құралдарына енгізіле берді. Сол оқу құралдары ӛз кезегінде орталау оқу
орындарына да қызмет етті.
1930 жылдан оқулыққа қарағанда хрестоматиялық сипаты басым оқу
құралдарын шығару тенденциясы орын алды. Осыдан былайғы уақытта
І.Жансүгіров, С.Сейфоллаұлы, Ә.Мәметкелінінің «Әдебиет құралы» оқулығы
(1932), С.Сейфоллаұлы, Ӛ.Тұрманжанұлының «Кӛркем әдебиет» (1934),
М.Жолдыбайұлы, Ә.Қоңыратбайұлы, М.Қаратайұлының тӛрт жылдық
мектепке
арналған
«Әдебиет
хрестоматиясы»,
Е.Исмайлов
пен
Қ.Бекхожиннің 5-сыныпқа арналған хрестоматиясы, 1937-1938 жылдары
М.Әуезовтің 6-сынып үшін, Д.Әбіловтің 7-сыныпқа арналған, С.Мұқанов пен
Қ.Бекхожинңің 8-сынып үшін, Е.Исмайлов пен Қ.Бекхожиннің 9-сыныпқа
арналған әдебиет хрестоматиялары жарық кӛрді. Бұл хрестоматиялардың
оқушы-шәкірттердің білімін толықтыруға, әдеби- эстетикалық танымын
кӛтеруге зор ықпалы болды.
1940 жылдан бастап әр сыныпқа арналған әдебиет оқулықтары жүйелі
шығарылып тұрды. Оқу бағдарламалары мен оқулықтардың жаңартылып,
әдістемелік жағынан ізденістің күшейіп, жүйелі шығарылуына себеп болған
қырқыншы жалдардағы педагогикалық ғылыми зерттеу институтының
құрылуы еді.
Осы жылдары 5-сыныпқа арналған Ш.Кәрібаевтың әдебиет оқулығы
жарық кӛрді.
1
Оқулықта авторлар шығармалары ұсынылып, соңынан шығар-
ма мазмұнына орай сұрау-тапсырмалар берілген. Оқушыларды мәтінмен
жұмыс жасауға бағыттаған. Аталған оқулық кейін Ш.Кәрібаев пен
С.Тілешованың авторлығымен шыққан
2
. Кейінгі оқулықтарда да сұрақ-
тапсырмалар жетілдірілгені байқалады.
Оқулық авторлары оқулықта берілген материалдардың мән-мазмұнын
анықтау мен талқылауда кеңес дәуірінің ұсынған саясатына үнемі сәйкес
болуды кӛздеп отырады. Сол себепті әлеуметтік жағдай теңсіздігінің себебін
ашып және социалистік ӛмірдің ерекшелігін октябрь революциясының жемісі
ретінде кӛрсетуге бағыттайды.
1
Кәрібаев Ш. Абай (Ӛмірбаяны)// Әдебиеттік оқу кітабы: 5 - класқа арналған. Алматы,
1949. Б 44-51.
2
Кәрібаев Ш. Абай Құнанбаев // Әдебиеттік оқу кітабы: 5 - класқа арналған. Алматы,
1950. Б 3-4.
Достарыңызбен бөлісу: |