14
мәдениетін жетілдіруге ұйытқы болу, оқушылардың кӛркем шығарманы ӛз
бетімен оқуға деген қажеттілігін туғызу.
Осы міндеттерді айқындай отырып, қазақ әдебиетін оқыту ӛз алдына
бірнеше мақсат қояды:
Танымдық мақсат: әдебиет пәні арқылы қоршаған орта сырлары,
адамдық құндылықтар, адамгершілік, ізгілік, мінез-құлық, іс-әрекеттерді
саралап тану, шығармадағы кӛтерілген басқы тақырып пен қамтитын жанама
тақырыптарын, шығарманың негізгі ой-түйінін, авторлық ұстанымды таны-
ту, кӛркем шығарма арқылы оқушының дүниетаным белсенділігін арттыру,
оқушылардың сезімталдық, байқағыштық, аңғарымпаздық, сӛйлеу, ойлау
қабілеттерінің дамуына мүмкіндік жасау.
Тәрбиелік мақсаты: әдебиеттің тәрбиелік қызметі аса ауқымды.
Әдебиет адамтану құралы ретінде оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге жол
ашады. Әдебиет арқылы адамзаттық сананы, ізгілік дүниетанымды, елжан-
дылық пен ұлтжандықты, отандық мәдениет пен имандылық, еңбексүйгіштік
қасиеттерге тәрбиелеуге болады. Туған халқының тілі, оның әдебиетіне деген
ұлттық сезімдерін тәрбиелеуге, бүкіл адамзат қауымының тілі, әдебиетіне
деген қызуғышылығын туғызуға, тіл мәдениетін қалыптастыруға болады.
Әдебиет пәні арқылы тәрбие түрлерінің барлығын дерлік қамтуға мүмкіндік
мол.
Дамытушылық мақсат: оқушының кӛркем шығарманы сезімталдықпен
қабылдауын, образды ойлау жүйесі мен шығармашылық қиялдауды, логика-
лық ойлау жүйесін дамыту, оқырмандық мәдениетті қалыптастыра отырып,
кӛркем шығарманы ӛз бетімен оқуға деген рухани қажеттілік пен сұранысын
дамыту, жүйелі ойлау мен сӛйлеу дағдыларын дамыта отырып, ӛзіндік дүние-
таным мен кӛзқарасын қалыптастыру. Эстетикалық талғамын, қазақ әдеби
тілін сауатты
қолдана алу қабілетін, оқушының шығармашылық қабілетін, тіл
мәдениеті мен сӛздік қорын дамыту.
Дидактикалық мақсаттар аясында әдебиет пәнін оқытудың міндеттері
де саралана түседі. Атап айтқанда:
Кӛркем шығарма мазмұны мен құрылысындағы кӛркем заңдылық-
тарды терең танып, ӛмірлік шындық пен кӛркем шындықтың ара жігін
ажырата білуге уйрету;
Кӛркем шығарманың тақырыптық-идеялық бірлігін таныту, сюжет-
тегі, образ жасалуындағы типтік байланысты ұғындыру, әдебиеттану ғылы-
мына кіріспе
теориялық білім қалыптастыру;
Қазақ әдебиетінің ұлттық болмысын жан-жақты ұғынып, түрлі ұлттар
әдебиетіндегі ұқсастықтарды ажырата білуге, басқа ел әдебиетінің кӛрнекі
үлгілерімен салыстыра білуге үйрету, ӛзіндік талғамын қалыптастыру.
Қазақ әдебиетінің ғылыми негізі жайлы алғашқы түсінігін қалыптас-
тыру; автордың кӛркем әлемін таныту, шығармашылық бейнелілікті, шығар-
маның кӛркем компоненттерін талдап таныту арқылы рухани-эстетикалық
талғамын қалыптастыру.
15
Әдебиеттің ӛзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, ондағы
дәстүр мен жаңашылдық, әдеби кезеңдер, оның адамзат тарихымен тығыз
байланысы
туралы білімдерін қалыптастыру;
Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді танып, туған әдебиеттің ұлттық
ерекшелігі, халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының кӛрінісін, жанрлық, стиль-
дік ерекшеліктерін, кӛркем туындының идеялық-адамгершілік мәнін түсін-
діру, адамзат әдебиеті мен мәдениетіндегі ұлттық әдебиеттің орны туралы
ұғымдарын
толықтыру, жетілдіру.
Әдебиеттану ғылымы, сыны, оның мақсаты, міндеті, әдебиеттің –
тұлға қалыптастырудағы маңызы туралы білім беру.
Түптеп келгенде қазақ әдебиетін оқытудағы басты мақсат – жан әлемі
жетілген, рухани түсінігі мол жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалып-
тастыру болмақ.
Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары:
1. Жалпы білім беретін мектептердегі әдебиет пәні мақсатының танымдық,
тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін саралаңыз.
2. Әдебиетті оқыту әдістемесін «Кӛркем тарихы», «Ӛмір оқулығы» дәреже-
сінде оқып-үйретудің ӛзіндік ерекшелігі қандай?
3. Әдебиетті ӛмірмен байланыстыра оқыту міндеттері туралы ой ӛрбітіңіз.
Әдебиеттер тізімі:
1. Мемлекеттік білім стандарты. – А., 1998.
2. Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. – А., 1997.
3. Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама.
V – IX, X – XI сыныптар.–А., 2010.
4. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1985.
Қосымша:
1. Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1969.
І. 3. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ
НЕГІЗДЕРІ
1.Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымы, оның сүйенетін негіздері.
2.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің зерттеу нысаны.
3.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні басқа ғылымдар аясында.
4.Әдебиетті оқыту әдістемесінің басты ұстанымдары.
Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымы, оның сүйенетін негіздері.
Барлық ғылыми пәндер адамның таным, білігін қалыптастырудағы әсер-
ықпалымен ерекшеленеді. Әр ғылым саласы бұл міндетті ӛзінің материа-
лының кӛлеміне, зерттеу тәсіліне байланысты шешеді. Солай бола тұра,
қоғамдағы әр ғылым саласының негізгі бастау кӛзінде тұтастық байқалады.
Білім саласы деген ұғымның ӛзі алғашқы бастау алатын бұлақ кӛзі мен сол