19
Бұл кӛзқарас негізсіз де емес. Себебі оқу процесінде мұғалімнің рӛлі
үлкен. Солай бола тұра, айтылған пікір бір жақты. Тек педагогикалық талант
пен тәжірибе білімнің сапалы болуын қамтамасыз ете алмайды. Бір де бір
мамандық тек талантқа ғана сүйеніп дамып, ӛркен жая алмайды. Бұл туралы
әдіскер-ғалым А.С.Макаренко: /«Разве мы можем положиться на случайное
распределение талантов? Сколько у нас таких особенно талантливых
воспитателей? И почему должен страдать ребенок, каторый попал к
неталантливому педагогу? Нет. Нужно говорить только о мастерстве, то есть
о действительном знании воспитательного процесса, о воспитательном
умении. Я на опыте пришел к убеждению, что решает вопрос мастерство,
особенное на умении, на квалификации»/
1
- деген ұтымды ой білдіреді.
Бұл тарапты айтылған пікірлердің барлығы әдістеме ғылымының
бірнеше негізге сүйенетіндігін анықтай түседі. Солардың бірі әдебиеттану
ғылымы. Әдебиетті оқытуда негізгі оқу материалы әдебиеттің ӛзі. Мектеп
оқулығында ұсынылған, сыныпта, сыныптан тыс оқылатын шығармалардың
барлығы да «әдебиеттану» деген үлкен ғылымның жемістері.
Әдебиеттану ғылымының проблемалары әдебиеттің тарихилығы,
әдеби кезеңдер, оқылатын шығармадағы тарихи кезең немесе, керісінше
айтқанда, тарихи кезеңнің әдебиеттегі кӛрінісі, әлеуметтік кӛзқарастардың
кӛрінісі, әдеби бағыттар, олардың белсенді кезеңдері, әдебиеттегі дәстүр мен
жаңашылдық, тарихи-әдеби үрдіс, жазушы стилі, қазақ әдебиетінің ұлттық
және әлемдік әдебиеттегі орны туралы кең ой қалыптастыру керек. Әрине,
әдебиетті оқыту әдістемесінде әдебиеттану ғылымының негізгі қағидалары
мен негізгі бағыттары жетекші рӛл атқарып отырады. Әдебиеттану
ғылымдарының заңдылықтары мен даму бағытын дұрыс бағдарлау арқылы
ғана әдебиетті ӛз мәнінде оқыту мүмкіндігі туады.
Әдебиеттанудағы мазмұн мен форманың бірлігі мәселесі әдебиет пәнін
оқытудың да негізгі арқауы болып отырады. Әдеби шығарманы талдауда да,
кӛркем шығарманың образдар жүйесін талдауда да мазмұн мен форма бірлігі
негізгі басты ұстаным болып есептеледі. Мазмұн мен форма тұтастығы
кӛркем шығарманың басты тірегі болуы себепті кӛркем шығарманы жан-
жақты тану, талдау үшін әдебиеттанудың негізгі ұстанымына жүгінуге тура
келеді.
Кӛркем шығармадағы кейіпкерлер, образдар, характерлер, типтер
мәселесі де терең тануды, танытуды қажет етеді. Әдебиеттану ғылымдары-
ның түсіндіруі бойынша тип пен типтендіру мәселесі қалай астасып отырады,
талдаудағы шығармада алынған тип, характер сол шығарманың ӛзіндік
ерекшелігі ме, жоқ болмаса сол әдеби кезеңге, әдеби үрдіске тән ерекшелік пе
мұны да әдебиеттану ғылымы түсіндіріп бере алады. Әдебиет пәні мұғалімі
әдебиеттану ғылымдарынан терең білім алу арқылы, сӛз ӛнерін жете түсінуі,
жете білуі арқылы ӛзі де сӛз зергері, сӛз шебері ретінде кӛркем шығарманы
терең танып, талдай алады, әдеби ұғымдарды, шығармаларды, құбылыс-
тарды, образдарды, детальдарды – жалпы айтқанда кӛркем шығарманың
1
Макаренко А. С. Сочинения / Собр. соч.: в 1 т. – М., 1986. 115 с.
20
барлық компоненттері мен табиғатын салыстырып, саралап, салғастырып
оқушысына да мазмұнды білім қалыптастыруға мүмкіндік алады. Кӛркемсӛз
шеберінің бұл қасиеті суретшінің сан түрлі түстердің ерекше үйлесімін
тауып, әсем ӛрнек жасағаны сияқты немесе шебер орындаушының домбыра
пернелерінде саусақтарын құйқылжытқан қимыл әрекеті сияқты десе де
болады. Кӛркем шығарма тұтастай алғанда антропоцентристік құрылым
болып танылады. Әр кӛркем шығарманың ӛзегінде тілдік құрылым ӛрнектел-
ген. Бұл күрделі құрылымның негізінде мәдени құндылықтардың жүйесі,
адам мен оның эстетикалық бағдары, адамгершілік тұғыры жатыр. Әдебиетті
оқыту әдістемесі осы күрделі құрылымды әрекетке түсіруші, іске қосушы рӛл
атқарады. Әдебиетті оқыту әдістемесі де — антропоцентристік жүйе. Барлық
іс-әрекет пен мақсат адамға бағытталған. Адамның адамгершілік, эстетика-
лық, танымдық әрекеттерін жүйелі ұйымдастыруға бағытталған.
Әдебиетті оқыту әдістемесінің әлеуметтік мәні, әлеуметтану
ғылымдарына қатысы. Жеке тұлғаны, болашақ қоғам адамын қалыптастыру
жолында әдебиетті оқыту әдістемесі қоғамнан тыс әрекет жасай алмайды.
Әдістеме ғылымы тікелей қоғам ӛмірі мен оның қажеттілігін, ортаның
әлеуметтік мәселелерін қоса қамтиды. Себебі мұғалімдік кәсіп әлеуметтік
мамандыққа жатады. Ең әуелі, әдебиетті оқыту әдістемесін ғылым ретінде
қабылдай отырып, болашақ ұстаз қоғамға, әлеуметтік ортаға қызмет етеді.
Белгілі бір орта мүддесін қарастырады, мүддеге сай әрекет етеді. Сол
халықтың ӛз ұрпағын жаңа мазмұнда халықтың ӛзіне қайтарады. Ендеше,
ӛскелең ұрпақ та, ұстаз да әлеуметтік топтың мүшесі; екіншіден, әдебиетті
оқыту әдістемесі ӛзінің материалы – кӛркем шығарманы қарастыру бары-
сында да қоғамның тынысын оқушыға жеткізуші. Әдебиет пәні мұғалімі
кӛркем шығарма негізіне ӛрілген қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді таныта
отырып, ӛмірдің ӛзін танытады, ортаны танытады. Қоғамның игілігіне әрекет
етеді. Осы тұрғыдан келгенде әдебиетті оқыту әдістемесі әлеуметтік ғылым.
Соңғы жылдардағы әдістемелік зерттеулердің әдіснамалық негізіне әлеу-
меттік ғылымдар (социология) ғылымы тірек болуы осыдан. Әлеумет ұғымын
–халық деген түсінікпен қабылдаймыз. Социология ғылымының негізінде де
«социюм» - халық сӛзінің мағынасы жатыр. Ал әдебиеттану ғылымы да,
әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымының ӛзі де халықтан тыс ӛмір сүре
алмайды.
Психология ғылымына қатысы. Әдебиетті оқыту әдістемесінің
әдіснамалық негізінде психология ғылымының рӛлі үлкен.
Әдістеменің психологиямен қатысы екі бағытта ӛрбиді. Біріншіден,
бала жасы мен психологиясы ерекшелігіне қарай кӛркем туындыны қабыл-
даудағы шығармашылық әрекеті мен шығармашылық қабілеті, кӛркем қабыл-
дауына қатыстылығы қарастырылады; екіншіден, оқыту психологиясы тұр-
ғысынан, баланың жасына қарай ақыл-ой дәрежесі, адамгершілік дамуы,
тәрбиесі мен дағдысы тұрғысынан қарастырылады.
Педагогикалық оқу процесі қоғамдық құбылыс ретінде, оқушылардың
меңгеретін білім ауқымы, жалпы және әдеби тұрғыда дамыту мен оқушы
қабілетін, дағдысын қалыптастыруды кӛздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |