А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет102/103
Дата24.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24826
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103

234 
 
А.Кӛшімбаев  жазу  жұмысының  алдына  қойылатын  міндеттердің  ең 
бастысы  оқушыны  ӛз  бетімен  іздене  алуға,  кітаппен  жұмыс  істей  білуге, 
ӛмірден  кӛрген,  тұшынған  мәселелеріне  байланысты  пікіp  түйіп,  ой 
тұжыруға  үйрету  екенін  айта  келіп,  шәкірттерді  шығарма  жазуға  үйретудің 
кейбір жолдарын ұсынады: 
-  тиісті  мағлұматты  оқушы  үндемей  отырып  ойлап,  іштей  қайталап, 
кейін ӛзінше мазмұндап шығу; 

 ӛмірмен байланысты жазу, оқушының мектептегі, жиналыстағы сӛзі, 
баяндау хаты, ic қағаздарын жазу, экскурсия, саяхат есебі

 кітапқа аннотация жазу
1

Ал  шығарма  жазу  әдістемесін  арнайы  зерттеген  ғалым  Е.Дайрабаев 
шығарманың оқушылардың шығармашылық ici, тӛл еңбегі екенін басты назарда 
ұстап,  жазба  жұмысының  белгілі  бip  тақырып  бойынша  ауызша  не  жазбаша 
құрастырылған ӛзіндік  топшылау мен пікіp екендігін дәлелдейді
2

Жазба  жұмысы,  соның  ішінде  шығарма  жаздыру  мәселесі  жӛнінде 
Р.Сүлейменова,  С.Тілешова,  Р.Құткожина,  С.Рахметова,  С.Мақпырұлы, 
Ә.Мұхтарова т.б. әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. 
Жазба жұмыстарын оқу үдерісінде жүргізу мәселесін арнайы қарастырған 
С.Тілешова  болды.  Әдіскер  негізінен  кӛркем  шығарманың  мазмұны  мен 
құрылымын  меңгеруге  байланысты  жазу  жұмыстарының    әдістемесі  ретінде 
қарастырды.  С.Тілешова  8-10  сыныптарда  жазылатын  шығарма  нысаны  белгілі  
бір    дәуірде  ӛмір  шындығына  байланысты  туған  оқиға,  кӛркем  бейне  болып 
есептелетінін,  оқушы  алған  тақырыбын  бүтіннің  бӛлшегі  етіп  кӛрсетуге 
талпынатынын  айта  келіп,  оқушыларды  шығарма
  жазуға  тӛселдіру  кезеңінде  
мәтіннің тақырыбы бойынша: сұрақ қойып, жауап алу, жоспар құру, кітаптан 
фактілерді  ipiктеп,  ӛзіндік  пікір  білдіру  сияқты    жұмыстардың  орындалуын 
ұсынады. 
3
 
С.Мақпырұлы шығарма жазуда ескеретін басты талаптарды кӛрсетеді: 
1.тақырыпты дұрыс таңдап алу
2.оқушының  ӛзі  әңгімелеп,  бағалап  отырған  кӛркем  туындының 
тақырыбы мен идеялық мәнін дәл, айқын аша білу
3.талдаудың жүйелі болуы; 
4. шығарманың  сауатты  жазылуы  (пунктуациялық,  емлелік,  стильдік 
қателердің болмауы).  
С.Мақпырұлы  «Қазақ  әдбиетінен  шығарма  жұмыстары»  еңбегінде 
шығарма  жұмысының  жоспарын  тиімді  кұру  жолдарына  біршама  назар 
аударады.  Автор  «шығарма  жұмысына  жоспар  міндетті»  деген  кӛзқарастың 
біржақтылығын  айта  келе,  жоспар  құруда  кететін  кемшіліктерге  тоқталады.  
Ол  еркін  тақырыптағы  шығарма  тіл  байлығын,  «кӛңіл  сергектігі  мен  қиял 
                                                           
1
 Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикалсы. А., Мектеп, 1969 217 б. 
2
 Дайрабаев Е. Мектепке шығарма жаздыру методикасының кейбір мәселелері,-
Алматы: 1963,-56 б. 
3
 Тілешова С. Әдебиет сабақтарында  жүргізілетін жазу жұмыстары (4-8кл.),- Алмат: 
Мектеп, 1971,-66-68бет. 
 


235 
 
жүйріктігін»,  логикалық  ойлау  қабілетінің  молдығын  талап  ететіндігін 
дәлелдейді.  Мәселен, еркін тақырыптағы шығарманы талдаумен, хат түрін-
дегі (эпистолярлық) жазба енгізу қырымен ерекшеленетіндігін айтады
1

Әдістемелік  еңбектерді  талдай  келе  байқағанымыз:  оқушылардың 
жазба  тілін  дамытудың  негізгі  түрі  ретінде    мазмұндама  мен  шығарма 
жұмыстары  аталады  әрі  олардың  түрлері  сараланады.  Мазмұндама  мен 
шығарма    жұмыстарын  жаздыруға  қойылатын  талап-шарттар,  жазба  жұмы-
сында  кездесетін  кемшіліктер,    оны  бағалау  жолдары  қарастырады.  Жазба 
тілді  дамытудың  шағын  кӛлемді  түрлеріне,  жаттығу    түрлеріне  кӛп  кӛңіл 
бӛлінбейді. 
Әдістемелік  еңбектерде  шығарма  жұмыстарының  түрлерін    (тақырып-
тық,  публицистикалық,  әдеби-шығармашылық)  топтап,  олардың  ӛзіне  тән 
белгілері  аталғанымен,  шығарманың  түрлері,  олардың  бір-бірінен  айырма-
шылығын  ажыратып  тану  жағы  әлі  де  жетімсіз  екені  байқалады.  Мәселен, 
тақырыптық  шығармалардың  ӛзін  бірнеше  түрге  жіктеуге  болады.  Мектеп 
практикасында  оқу  материалы  бойынша  ең  кӛп  берілетін  шығарма  түрі  – 
белгілі бір кейіпкерді, образды ашуға арналады. Ал осы кейіпкерді автордың 
сомдауы  қандай  кӛркемдік  тәсілдермен  жүзеге  асқан  немесе  кейіпкер 
тұлғасының жасалу жолдарын анықтап жазу жағы кемшін түседі.  Оқушылар 
кӛбіне  автор  қолданған  кӛркемдік  тәсілдерге  мән  бермей,    образды  ӛзіндік 
топшылаумен  (жақсы  адам,  жаман  кейіпкер  т.б.)  жадағай    жеткізеді,  кӛбіне 
жалпылыққа,  баяндауға  ұрынып  жатады.  Оның  бір  себебі  сыныптық 
сабақтарға  талдау  жұмыстарының  жетімсіздігінен,  оқушылардың  әдеби-
теориялық    мәселелерге  жете  кӛңіл  бӛлмеуінен  туындайды.  Оқушыларды 
жазба жұмысына тӛселдіру жұмыстарының жеткіліксіздігінен.  
Оқушылардың жазба тілін  дамыту  амалдары.  Оқушылардың  жазба 
тілін дамыту жұмыстарын бірнеше топқа жіктеуге болады:  
-  Репродуктивті:  қысқаша  мазмұндап  жазу,  толық  мазмұндап  жазу, 
ішінара мазмұндау, баяндаушы жақты алмастыра мазмұндап жазу, тапсырма 
түрлерімен күрделендіре мазмұндап жазу түрлері; 
 -  Репродуктивті-бағалаушы:  ӛзіндік  түсініктемелер  мен  сараптамалық 
ой  қосу  талап  етілетін    шығарма  элементтері  кірістірілген  мазмұндама-
шығарма  түрлері.  Бұл  қатарға  рецензия,  аннотацияларды  да  жатқызуға 
болады.  
- Әртүрлі жанрға жазылатын шығарма түрлері: бір ғана  мақал-мәтелге, 
жұмбаққа,  суретке  немесе  бір  құбылысты  бақылау  барысында  жазылатын 
шағын кӛлемдегі шығарма түрлері. 5-6 сыныптарда (ауыз әдебиеті үлгілерін) 
ӛту  барысында  сабақтың  шығармашылық  кезеңіне  берілетін  тапсырма  түрі  
ретінде жүзеге асыруға болады. 
-  Кӛркем  шығармашылық  элеметтері  бар  шығарма  мен  мазмұндама: 
Шығарма  кейіпкері  туралы  әңгіме,  ертегі-шығарма,  әңгіме-шығарма, 
аяқталмаған  әңгіме  желісіне,  кейіпкерлер  образына  ӛзіндік  болжам  түрінде 
                                                           
1
 Мақпырұлы С. Қазына/Әдеби мақалалар, зерттеулер, әдістеме/А.,Арыс. 2004 258-
287 бб. 


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау