А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет96/103
Дата24.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24826
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   103

221 
 
бағытталған жаттығуларды да әдебиетті оқыту әдістемесі аясында жүргізуге 
әбден  болады.  Ендігі  кезекте  оқушылардың  сӛйлеу  тілін  дамытудың 
ұстанымдарын саралайық.  
Оқушылардың  сөйлеу  тілін  дамытудағы  жетекші  ұстанымдар. 
Әдебиет пәнінде оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту белгілі бір ұстанымдарға 
негізделеді.  Олар: 
-оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту жұмыстарын әдебиеттің кӛркемдік-
эстетикалық,  интеллектуалды-танымдық,  тәрбиелік    қырларын  тұтас  қамти 
отырып  жүргізу ұстанымы
-тіл  дамыту  жұмыстарын әдебиетті  оқыту  кезеңдерінің  барлық  мақсат-
міндеттерін  ӛзара  бірлікте,  әдеби  материалды  терең  танып  қабылдауға 
бағытталған жұмыстармен кіріктіре жүргізу ұстанымы;   
-оқушылардың  сӛйлеу  қызметін  әдебиетті  оқыту  үдерісінде  әртүрлі 
әдіс-тәсілдермен түрлендіре жүргізу ұстанымы; 
- оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту жұмыстарын бастауыш, орта және 
жоғары  сыныптарда  жеңілден  күрделіге  қарай  дамыта,  түрлендіре  жүргізу 
ұстанымы;  
- тіл дамыту жұмыстарын нақты, ӛмірлік жағдаятқа жақын жаттығулар 
мен  ӛнер  түрлеріне  ұштастыратын  практикалық  жаттығуларға  негіздей 
жүргізу ұстанымы;  
-  оқушының  сӛйлеу  тілін  дамыту  жұмыстарын  үздіксіз,  жүйелі  түрде 
жүргізілу  ұстанымы; 
- тіл дамыту жұмыстарын қазақ тілі сабақтарымен және ӛзге пәндермен 
ӛзара байланыста жүргізу ұсанымы. 
Әдебиет  пәні  оқушылардың  бір  қатар  шығармашылық    еңбекті 
үйренуіне  жағдай  туғызады.  Кӛркем  шығарма  ӛзегіндегі  күрделі  танымдық, 
адамгершілік  мәселелерге  оқушылардың  ӛзіндік  ой  қорытып,  сын-пікірін 
білдіруіне  қатысты  танымдық-зерттеушілік  жұмыстарына,  жоба  жұмыста-
рына,  ауызша,  жазбаша  әртүрлі  жұмыс  даярлауына  ықпал  етеді.  Сондықтан 
оқушылардың  шығармашылық  еңбегінің  кӛбі  әдебиет  пәнін  оқу  барысында 
қалыптасуы заңдылық.   
Әдебиет  пәні  аясында  оқушылардың    тілін  дамыту  жұмыстарының 
негізгі бағыттарын былайша саралауға болады: 
1.Кӛркем  шығарма  мәтінімен  жүргізілетін  фразеологиялық-сӛздік 
жұмыстары. 
2.Оқушыларды  шығарманың  жанрлық  ерекшелігін  танып,  шығарма-
дағы  монологты  баяндауды  ӛзіндік-шығармашылық  деңгейде  қайта  баяндау 
дағдысын қалыптастыру жұмыстары. 
3.Оқушылардың  диолгтік  қарым-қатынас  үдерісінде  тілдік  қызметін 
ұйымдастыру жұмыстары.  
4.Тіл дамыту жұмыстарына ықпал ететін тілдік жағдаят туғызу. 
5.Тіл  дамыту  жұмыстарына  ықпал  ететін  пән  аралық  байланысты 
орнату.  


222 
 
Сөйлеу  тілін  дамыту  бағытындағы  оқушы  құзіреттіліктері.  Орта 
буын  сыныптарда  тіл  дамыту  жұмыстары  барысында  қалыптасатын  оқушы 
құзіреттілігі: 
Бірінші  талап  –  шығарманың  кӛркем  әлемі  мен  образдар  жүйесінің 
болмыс-бітімін, қаламгердің шығармашылық ӛрісін танытатын лексикалық 
қорды игеру. Әрине бұл үздіксіз жүргізілетін жұмыс. Әдебиет пәнінде кӛркем 
мәтінді  талдау  үдерісінің  алғашқы  кезеңі  кӛркем  шығарма  тілінің 
қаншалықты  түсінікті  болғанын  анықтауға  арналады.  Мұны  әр  мұғалім  ӛз 
тәжірибесіне сүйене жүргізеді. Кӛбіне сӛздік жұмыстары жүргізіледі.  
Сӛздік жұмыстарын жүргізудің де кӛптеген амал-тәсілдері бар. Күрделі 
сӛздер, сӛз оралымдары, тұрақты тіркестер, түсініксіз сӛздерді (кірме сӛздер, 
неологизмдер,  архаизмдер)  кӛпмағыналы  сӛздер  т.б.  оқушылардың  ӛздеріне 
алдын-ала  анықтатып,  оларға  мұғалімнің  анақтама  беруі  немесе    сынып 
бойынша  сӛздіктерге  (түсіндірме  сӛздік,  аударма  сӛздік,  фразеологиялық 
сӛздік  т.б)  сүйене  отырып  түсініктеме  жазуы;  жекелеген  сӛздерге  сино-
нимдік, антонимдік балама қоя отырып анықтау, кейбір сӛздерге мақал-мәтел  
келтіру, фразеологиялық тіркес жазу т.б. тапсырмалар, амал-тәсілдер белгілі. 
Әрине,  лексикалық,  фразеологиялық    сӛздік  жұмысы  сӛздердің  мағынасын 
танумен шешілмейді. 
 Оқушының  сӛздік  қорының    молаюы,  сӛйлеу  тілінің  дамуы  сол 
сӛздердің  тілдік  айналымға  енуімен  тікелей  байланысты.  Ал  ол  жұмысты 
ӛрістете  жүргізу  мұғалімнің  шығармашылығын  талап  етеді.  Кейбір 
мұғалімдер  әдебиет  пәнінде  арнайы  сӛздік  жұмыс-дәптерін  қоса  жүргізе 
жүріп, әр сабақта  оқушыларды шығармашылық тапсырмалармен дамытуды 
кӛздейді. Үздіксіз жүргізілген жұмыс тиісті жемісін де береді. 
Екіншіден,  баяндау  түрлері  мен  үлгілерін  білу:  аналитикалық  баяндау 
түрі,  әдеби-баяндау,  хабарлама  түрінде,  сұрақтарға  байыпты  жауап  түрінде, 
әдеби-ӛмірбаяндық әңгіме, қаламгердің шығармашылық келбетін танытатын 
әңгіме түрінде  ойын кӛркем жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. 
Үшіншіден,  жазушының  дүниетанымы  мен  шығармашылығын,  белгілі 
бір  кезеңнің  ерекшелігін  танытатын  қоғамдық-философиялық  және  ғылыми 
терминдерді,  кӛркем  мәтінді  талдау  үдерісінде,  әдебиеттану  мен  сын 
саласында  қолданылатын  әдеби-теориялық  терминдерді  меңгеру  теориялық 
қисындармен қарулану.  
Тӛртіншіден,  тілдің  кӛркемдік  айшықтарын,  мақал-мәтелдер  мен 
афоризмдерді, фразеологиялық тіркестерді сӛйлеу қызметінде қолдана білу. 
   Бесіншіден,  сӛйлеу  тілінің  нақты,  тұжырымдылығы  және  айтушы 
ойының композициясы логикалық бірізділікке құрылу талабы қойылады. Сӛз 
сӛйлеу — әсем, шебер орындаумен тамырлас. Ол ой әлемімен үйлесуі қажет.  
   Алтыншыдан,  стильдік  нормаларды  білу,  әдеби  нормада  сӛйлеу 
(қателерді  болдырмай,  тілге  варваризм  сӛздерді  қоспай,  белгілі  бір  сӛздерді 
қайталамай сӛйлеу) дағдыларын қалыптастыру. 
Жетіншіден,  сӛйлеу  кезінде  тыңдаушысын  ӛз  ойына    ерте  білу, 
коммуникативті қатынас орната білу, әсер ету қабілетін дамыту. 


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау