А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет98/103
Дата24.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24826
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103

226 
 
мағынасын  түсіндіріңіз.  Берілген  фразаны  пайдалана  отырып,  сӛйлем 
құраңыз.    
3-тапсырма:  Бас,  кӛз,  жүрек,  ниет,  тілек,  сӛз,  жол,  қол  сӛздерін 
пайдалана  отырып,  фразалық  тіркес  құраңыз.  Осы  сӛздерді  бірнеше  (кӛп) 
мағынада қолданып кӛріңіз.  
4-тапсырма:  Бір  күні  Абылай  хан  ақылы  асқан  билермен  кеңес  құрып 
отырғанда: 
—  Дүниеде  тозбайтын  нәрсе  бола  ма?  Ӛлмейтін  жан  бола  ма?  Осыны 
тауып беріңдер де, менен қалағандарыңды алыңдар , — депті хан. 
Сонда отырғандардың біреуі: 
— Тас  тозбайды,  темір  тозбайды,  асқар  тау  ӛлмейді, аққан  су  ӛлмейді 
деп,  біреуі  оны,  біреуі  мұны  айтыпты.    Бұл  сӛздер  Абылай  ханның  кӛңіліне 
қона қоймапты. Сонда түптегі Қыпшақ, Таймас Жұдас деген бір кісі тәмам 
билер гуілдесіп отырғанда ләм-лим деп тіл қатпай, сӛз тыңдапты. Сонан бір 
орайы келгенде орнынан ұшып тұрып Абылай ханның алдына шарт жүгініп 
былай депті: 
— Алдияр тақсыр! Бұлардың айтып отырғандары тозатын нәрселер, 
ӛлетін  нәрселер.  «Тозбасты  ұста  соқпаған,  ӛлместі  құдай  жаратпаған» 
демей ме? Міне, мен не тозбайтынын, не ӛлмейтінін айтып берейін. Құдай 
дескен  құда  болады,  құшақтасқан  дос  болады.  Дос  болғанда  бірінен  бірі 
жүйрік ат алады, қыран құс алады, түзу  мылтық алады. Жүйрік ат ӛледі, 
қыран  құс  ұшады.  Түзу  мылтық  қисаяды.    Достық  сондаймен  тозады. 
Тӛсекте  бас  қосылсын,  тӛскейде  мал  қосылсын  деп  құда  болады.  Кит 
саларда бір дау, мал берерде екі  дау,   үйге енгізерде үш дау, ұзатарда тӛрт 
дау  болар.  Осы  даулардың  бәрі  де  тозады.    Бірімен  бірінің  құдалығы  да 
тозады.  Құдай  қосқан  құда  емес,  құшақтасқан  дос  емес.  Бірінен  бірі  жан 
аямайтын, кӛрмесе сағынып тұратын екі тату болады. Тозбайтын сол екі 
татудың достығы.  
Қара жердің ӛлгені ... ... ...  
Асқар таудың ӛлгені... ... ...  
Ағын судың ӛлгені... ... ... ... 
Ай мен күннің ӛлгені... ... ... 
Ӛлмегенде не ӛлмейді? 
 Мәтіннен сӛйлеуші сӛзінің әсеріне қарай, сӛз лексикасына байланысты 
мәтіннің астарлы ойын қорытыңыз. Жұмбақтың шешуін тауып кӛріңіз.  
5-тапсырма: 
Жақсымен жолдас болған, 
Ел ұстанған тілектей болады, 
Қыз ұстаған жібектей болады. 
Жадыраған жаздай болады, 
Айдын кӛлдегі қаздай болады. 
Отау ортасындағы оттай болады. 
От ортасындағы шоқтай болады
Тұрағы алтын шырақтай болады, 
Тұяғы асыл пырақтай болады(Бӛлтірік шешен). 


227 
 
          Ӛлең  мәтінен  теңеулерді  айшықты  сӛз  оралымдарын  теріп  жазыңыз. 
Оларды тақырыпқа қарай топтаңыз. 
6-тапсырма:  Тӛмендегі  ұсыныс-пікірге  бағдар  жасай  отырып,  ӛзіңіздің 
сӛйлеген кездегі дауыс ырғағыңыздың кемшілігін ажыратыңыз. Топ алдында 
сӛз сӛйлеуге  жоспарлы түрде дайындалыңыз.  
Егер  тыңдаушылар  сіз  әлгінде  ғана  айтқан  сӛзіңізді  қайталап 
айтуыңызды  жиі  ӛтінсе:  ӛз  сӛзіңізді  фонетикалық  жағынан  мүшелеп 
айтуға жаттығыңыз.  Ӛз сӛзіңіздің ырғағы мен бунағына назар аударыңыз. 
Сӛйлем  аяғындағы  екпінге,    фразалық  тіркестің  соңындағы  екпінге  мән 
беріңіз.  
Егер  жұрт  алдында  сӛз  сӛйлеуге  именсеңіз,    сӛз  сӛйлеу  рӛлін  ойнап 
кӛріңіз.  Аудиторияда  нақты  әрі  қатты  дауыстап  сұрақ  қойыңыз. 
Пікірталастарға қатысыңыз.  
Егер  он минуттық сӛзден кейін-ақ тамағыңыз қарлығып, ауырсынса-
ңыз,  маңдайыңызға,  ұртыңызға,  сӛйлеу  мүшелеріне,  кеудеге,  ішке  діріл 
туғызу  арқылы  массаж  жасаңыз.  Күнбе-күн  сӛйлейтін  сӛзіңіздің  мӛлшерін 
ұлғайту арқылы жаттығу жасаңыз.  
Егер  сӛзіңізден  тыңдаушыларыңыздың  назары  біраздан  кейін  ауытқи 
бастаса,  сӛзіңіздің  ырғағын    жоғары-тӛмен  алмастырып  отыруға,  сӛздің 
екпіндік құрылымын реттеуге күш салыңыз.  Сӛзіңізде сұрақ-жауап тәсілін 
қолданыңыз.  Бір фразаны бірнеше рет әртүрлі  логикалық мәнде, мағынада 
айтуға жаттығыңыз.  Үнтаспаға басып  бірнеше рет қайталап тыңдаңыз. 
Егер  сӛзіңізде  бір  сӛзді  (не  бір  дыбысты)  бірнеше  рет  қайталап 
қолдана  беретін  әдетке  үйір  болсаңыз,    ӛз  сӛзіңізді  жіті  бақылаңыз,  
Сӛзіңіздің  қандай  бӛлігінде  сол  әдетіңіз  қайталанатынына  баса  назар 
аударыңыз.  Сӛздің  ырғағы  мен  екпінін  алмастырыңыз.    Әдет  қылған 
дыбыстардың  орнына    ырғақтық  ишара  жасауға  немесе  үзіліс  жасауға 
тырысып кӛріңіз. Үнтаспамен жаттығыңыз. 
Болжалды түрде үлгіге ұқсату тапсырмалары:  
1-тапсырма:  Сӛз  айшығын  құраңыз,  аяқтаңыз.  «Біз  келешекке  сенеміз,  
себебі…»,  «Біз білімді жастарға сенеміз, себебі…» «Мұғалім ұрпақ тәрбие-
сіндегі басты тұлға, ӛйткені… Сӛз соңындағы ырғақ пен түйінді эмоциялық 
жағдайға қалыптастырыңыз. 
2-тапсырма:  Әдеби  шығармадағы  кейіпкерге  берілген  портретті  үлгі 
ете отырып, ӛзіңіз қалаған  кейіпкердің портретін ауызша жасап кӛріңіз.  
3-тапсырма:  Оқылған  кӛркем  шығармадағы  кейіпкерге  берілген 
мінездеу үлгісін ала отырып, ӛз сыныптасыңызды не құрбыңызды мінездеңіз.  
Жағдаят құруға бағытталған риторикалық ойындар:          
1-тапсырма:  Ата-аналар  жиналысында    тәртібі    қиын  балаға  мәселесі 
талқылануда  (Ситуациялық  жағдайды  ӛзіңіз  ойластырыңыз).  Ата-аналар 
арасындағы  таласты шебер сӛзбен шешуге тырысып кӛріңіз.  
2-тапсырма: Ӛз сыныптастарыңызды немесе құрбыларыңызды «бақыт» 
ұғымы туралы пікіріңізге иландырыңыз, сендіріңіз.  
3-тапсырма:  Сіз  достар  клубын  ашқыңыз  келді.  Құрамына  кіретін 
жандар  «нағыз  дос»  ұғымына  анықтама  беру  арқылы  ғана    ӛкілеттілік 


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау