219
Үшіншісі, әдебиеттану мен сынның, шешендік ӛнер теориясын, кӛркем
әдебиеттің мүмкіндіктерін қарастыратын әдеби-әдістемелік бағыт. Біздің
тоқталмағымыз, әдебиет пәнінің оқушылардың сӛйлеу тілін дамытудағы
мүмкіндіктері жайлы болмақ.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінде оқушылардың сӛйлеу тілін мен
жазба тілін дамыту мәселелерін қарастырған әдіскерлер (Ә. Қоңыратбаев,
А.Кӛшімбаев, Р.Құтхожина, Қ.Бітібаева, Т.Жұмажанова, т.б.) тіл дамыту
жұмыстарының әдіс-тәсілдерін кӛрсететі.
А.Кӛшімбаев: «Мектепте оқылатын барлық пәндер сияқты әдебиет
сабақтарында да оқушылардың ауызша сӛйлеу тіліне талаптар қойылып
отырады» дей келе, оқушылардың сӛйлеу тілін дамыту әдіс-амалдарын
сипаттайды
1
. Әдіскердің ұсынған әдіс-амалдары:
1.Мәнерлеп оқу.
2.Мұғалімнің ауызша не жазбаша түрде берген сұрақтарына байыпты,
дәл, толық жауап
қайтара білуге дағдыландыру;
3.Оқылған шығарманың сюжетін баяндап айтып беру.
4.Әдебиеттік шығарма кейіпкерлерінің мінездемесін ауызша баяндап
айтып беру.
5.Оқытудың мазмұнын ауызша әңгімелеп айтып беру.
6.Оқушының сабақ мазмұнын ауызша баяндап айтып беруі.
Байқап отырғанымыздай әдіскердің ұсынған әдіс-амалдарының денін
ауызша мазмұндау жұмыстары құрайды. Ауызша мазмұндау жұмыстарының
оқушының сӛйлеу тілін дамытудағы тиімділігі жӛнінде Ә.Қоңыратбаев та кӛп
тоқталады. Әдіскер-ғалым ауызша мазмұндау жұмыстарындағы кейбір
олқылықтарды айта отырып, мұғалімдер тарапынан ауызша мазмұндау
жұмыстарын оқушыға қатысты ӛрістете жүргізу талаптарын қояды.
Р.Құтхожина тіл дамыту бағытындағы бірнеше жұмыс түрлерін
кӛрсетеді
2
:
1.Сӛздікпен жұмыс.
2.Мазмұндау: а) мәтінге жуық
мазмұндау; ә) мәтін мазмұнын
қысқартып (тезис түрінде) мазмұндау; б) мәтіндегі сӛйлеуші жақсы ӛзгертіп
(бірінші жақтағы баяндауды үшінші не екінші жақта) мазмұндау; в) мәтіннен
қажетті үзінділерді бӛліп мазмұндау; г) ауызша мазмұндау; д) сұрақ-жауап.
3.Кӛркем мәтінге жоспар құру: а) жай жоспар; ә) күрделі жоспар.
4.Шығарма жаздыру: а) белгілі бір әдеби тақырыпқа
шығарма жаздыру;
ә) сурет бойынша шығарма жаздыру; б) оқушылардың ӛзі байқаған, кӛрген-
білгендері бойынша шығарма жаздыру; в) инсценировкалар құрастыру т.б.
Әдіскер Т.Жұмажанова да осы аталған
әдіс-тәсілдерді атайды
3
.
Байқап отырғанымыздай оқушылардың сӛйлеу тілін дамытуға бағыт-
талған әдіс-тәсілдердің біразы 60 жылдардағы
әдістемелік еңбектерде аталып,
1
Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. А., Мектеп, 1969. 202-203 б.
2
Құтхожина Р. Қазақ әдебиетін оқыту/методикалық нұсқау/ 6 класс. А., Мектеп,
1984. 6-б.
3
Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., Білім. 2009. 131-133бб.