14 тақырып: Бюджеттік есеп және есептілік
Мақсаты: Бюджеттік есеп пен есептіліктің негізін анықтап, бюджеттік көрсеткіштерге экономикалық талдау жасау
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:
1. Бюджеттік есеп және есептіліктің негіздері
2.Республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару жөнінідегі есеп беруді ұсыну,қарау және бекіту
3. Бюджеттік көрсеткіштерді экномикалық талдау
Бюджеттік заңнамалармен бюджеттерді атқару жөніндегі есеп беруді қарау мен бекіту қарастырылған. Бюджетті атқару бойынша есеп беруді бюджеттік ақша алушылар мемлекеттік мекемелері мен бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері есептемеліктерінің негізінде бюджетті атқару жөніңдегі тиісті уәкілетті орган дайындайды.
Бюджетті атқару жөніндегі барлық есеп берулерді құру негізі болып бюджеттік есеп табылады. Бюджеттік есеп - ол бюджеттік операциялар жөнінде ақшалай түрде ақпараттарды жинау, тіркеу және қорытудың ретке салынған үздіксіз деректі жүйесі. Бюд-жеттік есепті жүргізу тәртібін бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тағайындайды.
Ауыстырмалық операциялар мен олардың есебі Үлттық банкте ашылған Бірыңғай қазынашылық шотта жүргізіледі. Бүл шот бақылаулық шоттар мен мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы бюджет қүралдарының қалдықтарын қүрайды. Бюджеттік кодекске сәйкес тек қана бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылатын мемлекеттік мекемелердің шоттары келесілер:
бюджеттік ақшалармен жасалатын операциялардың есебі үшін арналған бюджеттік шот;
тауарларды (жүмыстарды, қызметтерді) өткізуден алатьш ақшалардың мемлекеттік мекемелер қарамағыңда қалатъш-дарының түсуі мен жүмсауының есебі үшін арналған шот;
жеке және заңды түлғалардан қайырымдылық пен демеу-шілік түрде түсетін ақшалардың түсуі мен жүмсауының есебі үшін арналған шот;
мемлекеттік мекемелердің уақытша иелігіне түсетін ақшаларды есепке алу үшін арналған депозиттік шот;
бюджеттік инвестициялық жобаны күту үшін арналған ше-тел валютасындағы арнайы шот;
бюджеттік инвестициялық жобаның шетел валютасындағы арнайы шотқа ¥лттық валютадағы шот;
бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мерзімін-де ақшаларды есепке алу мен пайдалану үшін арналған жаңғырмалы шот;
шетел валютасымен операциялар жүргізу үшін арналған шетел валютасьюдағы шот;
мемлекеттік мекеменің айрықша шыгыстарын жүргізуге қажетті ақшаларды есепке алу мен жүмсау үшін арналған нақтылық қаржыландыру шоты.
Осы шоттардың мәліметтері бойынша бюджетті атқару жө-ніндегі есептемелердің барлық түрлері қүрылады. Есептемелер-ді дайындаушылар бойынша бюджетті атқару жөніндегі есеп берулер төрт түрге бөлінеді. Олар:
мемлекеттік мекемелердің есеп беруі;
бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің есеп беруі;
бюджеті атқару жөніндегі уәкілетті органның есеп беруі;
үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың есеп беру-лері.
Барлық есеп берулер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қүрылады және үсынылады. Республикалық бюджетті атқару жөніндегі есеп берудің қүру мен үсыну тәртібін ҚР Президенті тағайындайды.
Республикалық бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті ор-ган өткен қаржы жылғы республикалық бюджетіі атқару бойынша жылдық есепті ҚР Үіаметіне, бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекетгік қаржылық бақылау органына ұсынады. Бұл республикалық бюджетті атқару жөніндегі жыддық есеп беру бекітілген, анықталған, түзетілген республикалық бюджетті жөне оның кассалық атқаруьш көрсетуі тиіс. Есепке қосымша ретін-де түсіндірме хат және бюджеттің түсімдері бойынша атқаруы мен республикалық бюджеітік бағдарламаларды іске асыру мен олардың тиімділігінің бағалауы жөнінде аналитикальіқ есеп қоса тіркеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |