Ќазаќстан Республикасы Ўлттыќ Банкініѕ



жүктеу 190 Kb.
Дата29.12.2019
өлшемі190 Kb.
#25359



Бақылау

2016ж.15.02.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 17 маусымдағы

№ 112 қаулысымен

бекітілді



Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі


инвестициялық стратегия
(Өзгерістер мен толықтырулар:

  1. ҚРҰБ БҚ № 159 2015ж.16.09.

  2. ҚРҰБ БҚ № 49 2016ж. 28.01.)



1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегия (бұдан әрі – Стратегия) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқарудың негізгі қағидаттары туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 292 қаулысына сәйкес әзірленді.

2. Стратегия Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) алтынвалюта активтерін (бұдан әрі – АВА) басқарумен байланысты стратегиялық мақсаттарын және қызметіне шектеулерді айқындайды. Стратегияның ережелерін Ұлттық Банктің Басқармасы жылына кемінде 1 (бір) рет қарайды.

3. Активтердің өтімділігін және сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ кірістілікті ортамерзімді және ұзақмерзімді перспективаларда ұлғайту АВА-ны басқарудың мақсаттары болып табылады.




2. Стратегияда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

4. Стратегияда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) активтерді активтік басқару – бұл басқарудың портфель кірістілігінің ауытқу өзгермелілігінің мәні (tracking error) 0,5 (нөл бүтiн оннан бес) пайыздан асатын түрі;

2) активтерді пассивтік (индекстік) басқару – бұл басқарудың портфель кірістілігінің ауытқу өзгермелілігінің мәні (tracking error) 0,5 (нөл бүтiн оннан бес) пайыздан аспайтын түрі;

3) ақша нарығының құралдарымен жүргізілетін операциялар – репо, кері репо операциялары, депозиттер;

4) аударылатын активтер портфелі – аударым жоспарланған портфельдің талап ететін өлшемдеріне сәйкес қалыптастырылатын уақытша портфель;

5) базалық валюта – АВА басқару кірістілігін бағалау мақсаты үшін пайдаланылатын валюта;

6) балама құралдар – ұзақмерзімді перспективадағы кірістілікті арттыруға арналған активтердің сыныптары (дамушы нарықтардың (Emerging Market equities) акциялары, кірістілігі жоғары облигациялар (High Yield Bonds), абсолюттік кірістілік өнімдері (Absolute Return), хедж-қорлар (Hedge Funds), хедж-қорлардың қорлары (Fund of Hedge Funds) және Қорлардың қорлары (Fund of Funds), жеке капитал (Private Equity), тәуекелі жоғары бағалы қағаздар (Distressed Securities), жылжымайтын мүлікке салынатын инвестициялар (Real Estate), инфрақұрылымдық инвестициялар (Infrastructure), тікелей инвестициялар (Strategic investments and co – investments);

7) композиттік индекс – белгіленген кірісі бар бағалы қағаздар индекстерінің индексі;

8) кредиттік рейтинг – Standard and Poor's, Fitch және Moody’s халықаралық рейтингтік агенттіктер беретін борыштық қаржы құралдары, эмитенттер, қарсы әріптестер бойынша кредит тәуекелі деңгейінің көрсеткіші;

9) кірістілік ауытқуының өзгермелілігі (tracking error) – портфельдің нарықтық тәуекелінің эталондық портфельге қатысты портфель кірістілігінің эталондық портфель кірістілігінен ауытқуының өзгермелілігін көрсететін негізгі көрсеткіш;

10) кірісі белгіленген бағалы қағаздың (портфельдің) дюрациясы – қағаз өтелгенге дейінгі орташа алынған мерзім. Бағалы қағазды (портфельді) өтеуге кірістілік көтерілген/төмендеген жағдайда бағалы қағаздың (портфельдің) құны шамамен қаншалықты төмендейтінін/көтерілетінін көрсететін көрсеткіш;

11) қолма-қол валюта – кастодиан банктердің ағымдағы шоттарындағы және мамандандырылған шоттарындағы (overnight шоттар) қолма-қол ақша, ақша қалдықтары;

12) құрылымдық өнім – активтер мен міндеттемелердің түрлі қаржы құралдарының бірігуі болып табылатын комбинациясы;

13) оригинатор – бағалы қағаздардың шығарылу барысына және олардың инвесторлар арасында бөлінуіне басшылықты жүзеге асыратын заңды тұлға;

14) портфель – қаржы құралдарының жиынтығы, оның ішінде қолма-қол валюта;

15) тәуекелдерді хеджирлеу – қаржы тәуекелдерін және ықтимал шығындарды төмендету мақсатында түрлі қаржы құралдарының көмегімен белгілі бір активтерді сатып алу немесе сату арқылы портфельді құру процесі. Ұлттық Банкте тәуекелдері хеджирлеу Стратегияда белгіленген АВА-ны эталондық бөлуге толық немесе ішінара қайтып келу арқылы жүргізіледі. Хеджирлеу мақсатында қажет болған жағдайда барлық туынды құралдары пайдаланылады. Стратегия инвестициялау үшін рұқсат еткен кез келген құрал хеджирлеу объектісі болып табылады;

16) туынды құралдар – форвард мәмілелері, своп мәмілелері, форвардтық пайыздық мөлшерлеме (ФРА) туралы келісім, опцион, фьючерс және осы мәмілелердің комбинациясын білдіретін басқа операциялар;

17) үстеме кірістілік – нақты қол жеткізілген кірістілік деңгейі мен эталондық портфель кірістілігі деңгейінің арасындағы айырма;

18) эталондық портфель – инвестордың стратегиялық мүддесін білдіретін құралдар жиынтығы. Эталондық портфельдің кірістілігі активтерді басқарудың кірістілігін бағалау кезінде шама болады. Эталондық портфель ретінде әлемнің жетекші қаржы компаниялары не Ұлттық Банк әзірлеген және бақылайтын индекстер пайдаланылады.

19) транзиттік кезең – портфельдерге қатысты қолданылатын және оларды талап етілетін өлшемдерге сәйкес келтіру мақсатында белгіленетін уақыт кезеңі;

20) арнайы мақсаттағы компания (special purpose vehicle) – инвестордың немесе инвесторлар тобының мүддесі үшін және (немесе) солардың атынан инвестицияларды жүзеге асыру үшін құрылған компания немесе әріптестік.




3. АВА басқару жөніндегі жалпы стратегия

5. АВА өтімділік портфелінен, инвестициялық портфельден, стратегиялық портфельден, дамушы нарықтар портфелінен, балама құралдар портфелінен және алтын портфелінен тұрады.

Өтімділік портфелінің, инвестициялық портфельдің және аллокирленбеген металл шоттардағы алтын портфелінің бір бөлігінің жалпы көлемі АВА жалпы көлемінің кемінде екіден бір бөлігінен тұрады.

6. Жекелеген активтердің кірістілігі АВА басқару тиімділігінің көрсеткіші болып табылмайды.

Тәуекелдерді азайту және күтілетін кірістілікті жақсарту мақсатында иелену уақыты ішінде кері кірістілігі бар активтерді сатуға рұқсат етіледі.

7. АВА инвестициялау мынадай қаржы құралдарына жүзеге асырылады:

1) қолма-қол валюта;

2) дисконтты бағалы қағаздар, депозиттік сертификаттар (CD) және коммерциялық қағаздар (CP);

3) мемлекеттік (тәуелсіз), агенттік борыштық міндеттемелер, оның ішінде орнатылған опциондарымен, халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері, корпоративтік борыштық міндеттемелер, эталондық портфельге кіретін елдердің мұндай міндеттемелерді орындауда мемлекеттік кепілдік көзделген муниципалдық борыштық міндеттемелері;

4) ұзақмерзімді кредиттік рейтингі тиісінше Standard&Poor’s немесе Moody’s бойынша А- /А3 төмен емес немесе қысқамерзімді рейтингі тиісінше Standard&Poor’s немесе Moody’s бойынша А-2/Р-2 төмен емес қарсы әріптестермен валюталық және алтын депозиттер (салымдар); ағымдағы шоттардағы қолма-қол ақша қалдықтарын ақша нарығының рейтингі АААm (Standard&Poor’s) немесе Аaa (Moody’s) қорларына немесе ақша нарығының рейтингі АААm (Standard & Poor's) және/немесе Aaa (Moody's) қорларына қойылатын барлық талаптарды орындайтын қорларына инвестициялау;

5) туынды құралдар;

6) дамыған елдердің акциялары;

7) құрылымдық өнімдер;

8) балама құралдар;

9) айырбасталатын облигациялар.

8. АВА инвестициялау қаржы құралдарымен мынадай операцияларды жүргізу арқылы жүзеге асырылады:

1) ұзақмерзімді кредиттік рейтингі А- (Standard&Poor’s) немесе А3 (Moody’s) төмен емес, инвестициялауға рұқсат етілген, нарықтық құны мәміленің мәміле жасау күнгі сомасының 100 (бір жүз) пайызынан төмен емес мемлекеттік (тәуелсіз) бағалы қағаздар кепілге берілген, қарсы әріптестермен репо және кері репо операциялары;

2) валюта айырбастауға байланысты операциялар;

3) алтын сатып алу/сату операциялары;

4) туынды құралдармен операциялар ұзақмерзімді кредиттік рейтингі А- (Standard&Poor's) немесе А3 (Moody's) төмен емес қарсы әріптестермен ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте туынды құралдардың мерзімдері бойынша мынадай шектеулер қолданылады: форвардтар – 1 (бір) жыл, опциондар және своптар – 15 (он бес) жыл, фьючерстер – шектеусіз;

5) ұзақмерзімді кредиттік рейтингі А- (Standard&Poor's) немесе А3 (Moody's) төмен емес қарсы әріптестермен ғана кредиттік-дефолт своп келісімшарттарымен (credit default swaps) және басқа кредиттік туынды құралдармен операциялар.

Инвестициялық портфель үшін мұндай операцияларға Ұлттық Банк Төрағасының немесе оның Ұлттық Банктің монетарлық операциялар және активтерді басқару бөлімшесіне (бұдан әрі – монетарлық операциялар және активтерді басқару бөлімшесі) жетекшілік ететін орынбасарының жазбаша рұқсатымен тек кредиттік тәуекелдерді хеджирлеу үшін жол беріледі.

Кредиттік-дефолт своптардың (credit default swaps) стандартты нысандары, жасау талаптары мен тәртібі ISDA Халықаралық своптар және деривативтер қауымдастығының (International Swap and Derivatives Association) құжаттамасына және CSA қосымшаларына (Credit support annex) қарай айқындалады. Қазақстан Республикасының банктеріне кредиттік-дефолт своптарды сатып алуға тыйым салынады.

6) кредиттік рейтингіне шектеу қойылмаған қарсы әріптестер (немесе кастодиандар) арасында бір мезгілде активтер жеткізілген кезде жүзеге асырылуы мүмкін «төлемге қарсы жеткізу» қағидаты бойынша қаржы құралдарымен мәмілелер.

9. Мемлекеттік бағалы қағаздың Standard&Poor’s немесе Moody’s кредиттік рейтингі болмаған жағдайда мемлекеттік бағалы қағазға кредиттік рейтинг берілгенге дейін эмитент елдің тәуелсіз рейтингін қолдануға рұқсат етіледі.

10. Валюта активтерінің ұлғаюына немесе азаюына байланысты Ұлттық Банктің шоттарынан валюта активтерінің барлық түсімдері және аударымдары өтімділік портфелі арқылы жүзеге асырылады.

10-1. АВА портфельдерінің арасында активтерді аудару, өткізуге арналған активтердің атауларын және олардың көлемін айқындау Ұлттық Банк Төрағасының немесе Ұлттық Банк Төрағасының монетарлық операциялар және активтерді басқару бөлімшесіне жетекшілік ететін орынбасарының рұқсатымен монетарлық операциялар және активтерді басқару бөлімшесінің ұсынымы бойынша жүзеге асырылады. Осы мақсаттар үшін мерзімі 1 (бір) айдан аспайтын аударылатын активтердің уақытша портфелі транзиттік кезеңі көрсетіле отырып қалыптастырылады, оның активтерін инвестициялау Стратегияның 8-тармағында көзделген қаржы құралдарымен операциялар арқылы жүзеге асырылады.

11. Туынды құралдар АВА портфельдерін эталондық бөлуге жақындату арқылы әлуетті шығындардың тәуекелін хеджирлеу үшін және сол сияқты Стратегияда белгіленген шектеулер шеңберінде активтік позициялар ашу үшін пайдаланылады.

12. Стратегияда белгіленген лимиттер мен шектеулердің болуы ықтимал АВА портфелінің (портфельдің бір бөлігінің) тәуекелдерін хеджирлеу Ұлттық Банк Басқармасының шешімі негізінде жүзеге асырылады.

13. Репо немесе кері репо операцияларының ең көп мерзімі 3 (үш) айдан аспайды. Валютадағы депозитті (салымды) орналастырудың ең көп мерзімі 3 (үш) айдан аспайды.


4. Өтімділік портфелінің өлшемдері

14. Өтімділік портфелі ақша-кредит саясатын іске асыру, өтімділіктің жоғары деңгейін және сақталуын ұстап тұру, валютаға қысқамерзімді сұранысты қанағаттандыру және сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мақсатында операциялар жүргізуге арналған. Үстеме кірістілік алу өтімділік портфелінің активтерін басқару мақсаты болып табылмайды.

15. Өтімділік портфелінің дюрациясы 1 (бір) жылдан аспайды.

16. Өтімділік портфелінің базалық валютасы АҚШ доллары болып табылады.

17. Өтімділік портфелінің көлемі мынадай өлшемдерге сәйкес келеді:

1) орындау мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аз болатын міндеттемелерді есептегенде 1 (бір) миллиард АҚШ долларынан кем болмауға тиіс;

2) алдағы 6 (алты) айда мемлекеттік сыртқы борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдердің көлемінен кем болмауға тиіс. Осы шектеу күнтізбелік тоқсанда бір рет (әрбір тоқсанның оныншы жұмыс күні) тексеріледі.

Егер өтімділік портфелінің нарықтық құны көрсетілген өлшемдерге сәйкес келмесе, осындай сәйкессіздік анықталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өтімділік портфелі толықтырылады.

18. Өтімділік портфелінің активтері қажет болған кезде кредиттік рейтингі А- (Standard & Poor's) және/немесе A3 (Moody's) төмен емес елдердің қолма-қол валютасына, мемлекеттік (тәуелсіз) борыштық міндеттемелеріне, кредиттік рейтингі ААА (Standard & Poor's) және/немесе Aaa (Moody's) төмен емес халықаралық қаржы ұйымдарының агенттік борыштық міндеттемелеріне, борыштық міндеттемелеріне, қысқамерзімді кредиттік рейтингтері А-1 (Standard&Poor’s) немесе P-1 (Moody’s) төмен емес депозиттік сертификаттарға (CD), коммерциялық қағаздарға (CP), депозиттерге инвестицияланады. Депозитке орналастырудың ең көп мерзімі 1 (бір) айдан аспайды.

19. Құралдардың сыныптары бойынша өтімділік портфеліндегі ең көп ауытқулар Стратегияның 1-қосымшасының 3-кестесіне сәйкес айқындалады.

20. Өтімділік портфелінің активтері қажет болған кезде АҚШ долларынан өзгеше еркін айырбасталатын валюталарға, Қытай Халық Республикасының, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына кіретін елдердің ұлттық валютасына инвестицияланады. АҚШ долларымен номинирленген активтердің үлесі өтімділік портфелі көлемінің 70 (жетпіс) пайызынан кем болмайды. Осы талап бұзылған жағдайда монетарлық операциялар және активтерді басқару бөлімшесі бұзушылықты 3 (үш) жұмыс күні ішінде жояды.


5. Инвестициялық портфельдің өлшемдері

21. Активтердің кірістілігін сақтау және қысқа және ортамерзімді перспективада ұлғайту инвестициялық портфельдің мақсаттары болып табылады. Күнтізбелік бір жылдан тұратын кезең ішінде үстеме кірістілік алу инвестициялық портфельді басқару тиімділігінің бағасы болып табылады.

22. Инвестициялық портфельдің базалық валютасы Стратегияның 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген валюталар қоржыны болып табылады.

Валюталар қоржынын айқындау күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күніндегі валюта бағамдары бойынша жүзеге асырылады.

Валютадағы барынша рұқсат етілетін ауытқу Стратегияның 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

23. Инвестициялық портфель активтерінің ең төменгі кредиттік рейтингі А- (Standard&Poor's)/А3 (Moody's) және одан жоғары болады. Егер актив бойынша кредиттік рейтингтің мәні А- (Standard&Poor's)/А3 (Moody's) төмен төмендесе, монетарлық операциялар және активтерді басқару бөлімшесі осы актив бойынша позицияны 1 (бір) ай ішінде жояды.

24. Инвестициялық портфельдің эталондық портфелі мынадай композиттік индекс болып табылады:

45 (қырық бес) пайыз – ML US Treasuries, 0-3 Yrs (G1QA);

20 (жиырма) пайыз – ML 0-3 Year All Euro Government Index, DE, FR, NL, AT, LU, FI (EBDF);

10 (он) пайыз – ML UK Gilts, 0-3 Yrs (GBL0);

10 (он) пайыз – ML Japanese Governments, 0-3 Yrs (G1YA);

5 (бес) пайыз – ML Australian Government Index, 0-3 Yrs (GJBT);

5 (бес) пайыз – ML Canadian Government Index, 0-3 Yrs (GBCJ);

5 (бес) пайыз – ML South Korean Government Index, 0-3 Yrs (GBSK).

25. Инвестициялық портфельдің дюрациясы эталондық портфельдің дюрациясынан +30 (отыз) пайыз/-40 (қырық) пайыз шегінде болады.

26. Инвестициялық портфельге кіретін туынды құралдарды есептегенде оның кірістілігі ауытқуының күтілетін өзгермелілігі (expected tracking error) әрбір айдың соңғы жұмыс күніндегі жылдық 2 (екі) пайыздан аспайды, оның ішінде туынды құралдардың үлесі әрбір айдың соңғы жұмыс күніндегі жылына 0,7 (нөл бүтін оннан жеті) пайыздан аспайды. Көрсетілген шектеуден асып кеткен жағдайда, монетарлық операциялар және активтерді басқару бөлімшесі оны 5 (бес) жұмыс күні ішінде жояды.

27. Инвестициялық портфельдегі ең жоғары ауытқу әрбір валюта бойынша құралдар сыныптары бойынша Стратегияның 1-қосымшасының 1-кестесіне сәйкес айқындалады.

Бұл ретте туынды құралдармен операциялардың түрлері бойынша рұқсат етілген көлемдер Стратегияның 1-қосымшасының 2-кестесінде айқындалады.

28. Тікелей және кері РЕПО операциялары көлеміне шектеу қойылмастан жүзеге асырылады.

29. Инвестициялық портфельдегі ең жоғары ауытқу ұзақмерзімді АА-(Standard&Poor's)/Aa3(Moody's) және одан төмен кредиттік рейтингі бар, эталондық портфельге кірмейтін корпоративтік бағалы қағаздарға арналған әрбір валюта бойынша Стратегияның 3-қосымшасының 1-кестесіне сәйкес айқындалады.

30. Инвестициялық портфельдегі ең жоғары ауытқу ұзақмерзімді АА-(Standard&Poor's)/Aa3(Moody's) және одан төмен кредиттік рейтингі бар, эталондық портфельге кірмейтін елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелеріне арналған әрбір валюта бойынша Стратегияның 3-қосымшасының 2-кестесіне сәйкес айқындалады.

31. Кредиттік тәуекелдерге шектеулер Стратегияның 11-тарауына сәйкес белгіленеді.


6. Стратегиялық портфельдің өлшемдері

32. Орта және ұзақмерзімді перспективада активтердің кірістілігін қамтамасыз ету және АВА әртараптандыру стратегиялық портфельдің мақсаттары болып табылады.

33. Стратегиялық портфельдің мақсаттарына сәйкес оның нәтижелерін бағалау 3 (үш) – 5 (бес) жылдық кезең үшін жүзеге асырылады.

34. Стратегиялық портфельдің көлемі АВА көлемінің 30 (отыз) пайызынан аспайды. Бұл шектеуден асып кеткен жағдайда монетарлық операциялар және активтерді басқару бөлімшесі оны асып кеткен сәттен бастап 3 (үш) айдың ішінде жояды.

35. Стратегиялық портфельдің базалық валютасы АҚШ доллары болып табылады.

36. Акцияларды қоспағанда, стратегиялық портфель активтерінің ең төменгі кредиттік рейтингі ВВ (Standard&Poor's)/Ва2 (Moody's) және одан жоғары болады.

Егер актив бойынша кредиттік рейтингтің мәні ВВ (Standard&Poor's) немесе Ва2 (Moody's) төмен түссе, монетарлық операциялар және активтерді басқару бөлімшесі осы актив бойынша позицияны 3 (үш) ай ішінде жояды.

37. Алынып тасталды.

38. Алынып тасталды.

39. Ықтималдық 95 (тоқсан бес) пайыз болғанда 1 (бір) айдағы тәуекелге қатысты шама (VaR) стратегиялық портфель көлемінің 10 (он) пайызынан аспайды. Осы шектеуден асып кеткен жағдайда монетарлық операциялар және активтерді басқару бөлімшесі оны 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жояды.

40. Стратегиялық портфель үшін мынадай бөлу активтерді нысаналы бөлу болып табылады:

1) 50 (елу) пайыз – Инвестициялық деңгейдегі ауқымды корпоративтік бағалы қағаздар (Global Investment Grade Corporates);

2) 50 (елу) пайыз – Дамушы нарықтардың облигациялары (Emerging market debt).

41.Алынып тасталды.

42. Инвестициялық деңгейдегі ауқымды корпоративтік бағалы қағаздардың мандаты үшін BofA Merrill Lynch Q847 Custom Index (Q847) индексі эталондық портфель болып табылады.

Кредиттік рейтингі ВВВ- төмен болмайтын мемлекеттік бағалы қағаздардан тұратын, Standard&Poor's, Moody's және Fitch кредиттік рейтингтерінің орташа деңгейі ретінде есептелген The BofA Merrill Lynch Q846 Custom Index (Q846) индексі дамушы нарықтар облигацияларының мандаты үшін эталондық портфель болып табылады.

43. Корпоративтік бағалы қағаздар үшін бір эмитенттің құралдарына Стратегиялық портфельдің 5 (бес) пайызынан аспайтындай инвестициялануы мүмкін.

44. 2014 жылғы 30 маусымға дейін сатып алынған құрылымдық өнімдер бойынша құрылымдық өнімнің эмитенттері және/немесе оригинаторлары әрбір айдың соңғы жұмыс күніндегі нарықтық құнның бағасын (Bid бағасын) ұсынады.

45. Құрылымдық өнімдер тәуекелдерді хеджирлеу және кірістілікті ұлғайту үшін пайдаланылуы мүмкін.

46. Активтермен (ABS), жылжымайтын мүлікпен (MBS) қамтамасыз етілген бағалы қағаздарды және халықаралық қаржы ұйымдары және рейтингі A+ (Standard&Poor’s)/А1 (Moody’s) төмен емес тәуелсіз агенттіктер шығаратын құрылымдық өнімдерді сатып алуға рұқсат етіледі.

47. Ақша ағындары және/немесе өтеудің негізгі сомасы валюталық, шикізат нарықтарына және/немесе акциялар нарықтарына не кредиттік оқиғаларға байланысты болатын құрылымдық өнімдерді сатып алуға тыйым салынады.

48. Құрылымдық өнім бойынша кемінде екі қарсы әріптестің нарықтық бағасы болған кезде құрылымдық өнімді сатып алуға рұқсат етіледі, бұл ретте соңғы баға белгілеу күні сатып алған күніне дейін 10 (он) жұмыс күнінен аспайды .

49. Құрылымдық өнімді өтеуге дейін ең көп рұқсат етілетін мерзім 15 (он бес) жылды құрайды.

50. Стратегиялық портфельдегі құралдардың түрлері бойынша ең жоғары ауытқу Стратегияның 4-қосымшасына сәйкес айқындалады.



7. Дамушы нарықтар портфелінің өлшемдері
51. Дамушы нарықтар портфелінің активтері орталық банктері олардың жергілікті валютасын және Қазақстан теңгесін сатып алу/сату (айырбастау) жөніндегі келісімдерді көздеген елдердің валюталарынан қалыптастырылады. Портфельдің көлемі АВА көлемінің 10 (он) пайызынан аспайды.

52. Портфельдің активтері В- (Standard&Poor's)/В3 (Moody's) және одан жоғары ең төменгі кредиттік рейтингі бар құралдарға инвестицияланады.



8. Балама құралдар портфелі
53. Балама құралдар портфелінің мақсаты ұзақ мерзімді перспективада активтердің кірістілігін қамтамасыз ету және АВА әртараптандыру болып табылады. Балама құралдар портфелінің мақсатына сәйкес оның тиімділігін бағалау 10 (он) жылдан астам кезеңде жүзеге асырылады.

54. Балама құралдар портфелін басқаруды «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Корпорация) жүзеге асырады.

55. Балама құралдар портфеліндегі инвестицияларды жүзеге асыру кезінде Корпорация осы Стратегияда және осы Стратегияның шектеулері ескеріле отырып әзірленетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекітетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтері балама құралдарының портфелін басқару жөніндегі инвестициялық стратегияда (бұдан әрі – Балама құралдардың портфелін басқару жөніндегі инвестициялық стратегия) белгіленген шектеулерді сақтайды.

56. Балама құралдардың портфелін басқару жөніндегі инвестициялық стратегияда балама құралдар және акциялар үшін нысаналы бөлуге кіретін құралдардың түрлері бойынша ең көп ауытқулар (бұдан әрі – ең көп ауытқулар) мынадай шектерде белгіленеді:


Құралдардың түрі



Нарықтық құны (пайызбен)

ең төмен

ең жоғары

Жеке капитал (Private Equity) және жеке капитал қорларының қорлары (Funds of Private Equity Funds)

0

50

Хедж-қорлар (Hedge Funds) және хедж-қорлардың қорлары (Fund of Hedge Funds)

0

50

Жылжымайтын мүлікке инвестициялар (Real Estate) және инфрақұрылымдық инвестициялар (Infrastructure)

0

30

Дамыған елдердің акциялары

0

15

Балама құралдардың портфелін басқару жөніндегі инвестициялық стратегияда Корпорацияның басқаруындағы активтердің нарықтық құнының мөлшеріне қарай ең көп ауытқулар Стратегияның осы тармағында белгіленген шекте белгіленеді.

Уақытша бос активтер мемлекеттік (тәуелсіз), агенттік борыштық міндеттемелерге, оның ішінде қоса берілген опциондары бар, халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелеріне, корпоративтік борыштық міндеттемелерге, қолма-қол ақшаға, депозиттерге (салымдарға), туынды құралдарға инвестицияланады.

57. Балама инвестициялар нарығында мәмілелер жасау кезінде бір хедж-қорға (Hedge Fund) және жеке капитал қорына (Private Equity Fund) инвестициялау балама құралдар портфелінің 10 (он) пайызынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.

57-1. Балама құралдар портфелінің активтерін қорлардың қорларына (fund of funds) инвестицияларды жүзеге асыру үшін және қорларға тікелей инвестициялау жолымен беру кезінде арнайы мақсаттағы компаниялардың (special purpose vehicle) акциялары мен үлестерін сатып алу арқылы инвестициялауға жол беріледі.

58. Балама құралдар портфелінің көлемі АВА-ның аударым жасау кезіндегі көлемінің 15% (он бес) пайызынан аспайды.


9. Алтын портфелінің өлшемдері

59. Алтын портфелі ішкі («Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығында (филиалында) (бұдан әрі – Орталық) орналастырылған) және сыртқы (Қазақстан Республикасынан тысқары орналастырылған) алтыннан тұрады.

60. Алтынмен салынған активтерді басқару мақсаты валютадағы активтердің халықаралық қаржы нарықтарындағы тартымдылығының ықтимал төмендеуінен сақтау және қорғау болып табылады. Үстеме кірістілік алу алтынмен салынған активтерді басқару мақсаты болып табылмайды.

61. Сыртқы алтынның тұрақты ең аз көлемі 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) трой унциясы деңгейінде тұрады.

62. Алтындағы депозиттің ең жоғары мерзімі 1 (бір) жылдан аспайды. Активтермен қамтамасыз етілген алтындағы депозиттің ең жоғары мерзімі
5 (бес) жылдан аспайды. Инвестициялау үшін Стратегияда рұқсат етілген АА-(Standard&Poor's)/Aa3(Moody's) және одан жоғары ұзақмерзімді кредиттік рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар қамтамасыз ету ретінде болады.

63. Алтынды Қазақстан Республикасынан нақты әкетуге байланысты операциялар (ішкі және сыртқы алтынның арақатынасының өзгеруі) Ұлттық Банк Төрағасының өкімі негізінде жүзеге асырылады.

64. Алтынды Орталықтағы шоттарға есепке ала отырып ішкі нарықта сатып алған кезде осы алтын Ұлттық Банктің ішкі алтын позицияларына жатқызылады, ал Қазақстан Республикасынан тысқары ашылған шоттарға есепке алған кезде Ұлттық Банктің сыртқы алтын позицияларында есепке алынады.

65. Сыртқы алтын көлемінің 25 (жиырма бес) пайызына дейін алтынның бағасына байланысы бар, AAA(Standard&Poor's) немесе Ааа(Moody's) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі және өтеу мерзімі 10 (он) жылдан аспайтын бағалы қағаздарға инвестициялауға рұқсат етіледі.



10. Сыртқы (басқаруға белгіленген) лимит

66. Сыртқы басқаруға берілген активтер АВА портфельдерінің біріне кіреді. Корпорацияның басқаруындағы активтерді қоспағанда, активтерді сыртқы басқаруға беру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бөлігін сыртқы басқаруға (Asset Management) беру тәртібі мен шарттары туралы ережені бекіту туралы» 2011 жылғы 25 ақпандағы № 8 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.



11. Кредит тәуекелінің лимиті

67. Ұлттық Банк тізбесін Ұлттық Банк айқындайтын қарсы әріптестермен операциялар жүргізеді. Кредиттік тәуекелдің Ұлттық Банктің қарсы әріптестері үшін белгіленетін лимитінің ең көп мөлшері Ұлттық Банктің қарсы әріптестерімен және кастодиандарымен операциялар бойынша кредиттік тәуекелді басқару тәртібін реттейтін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес белгіленеді.

68. Қарсы әріптестер үшін белгіленген лимиттер мәмілелер бойынша есеп айырысуларды аяқтаудың қарсы әріптестердің кінәсі бойынша кешіктірілуіне байланысты жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде немесе мерзімді мәмілелерді жапқан күннен кейін келесі жұмыс күні Ұлттық Банктің қарсы әріптестерімен және кастодиандарымен операциялар бойынша кредиттік тәуекелді басқару тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіге сәйкес белгіленген шектеулерге сәйкес келтіріледі. Мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздардың ұзақмерзімді кредиттік рейтингі төмендеген, сондай-ақ қарсы әріптестердің туынды құралдармен аяқталмаған операциялар бойынша кредиттік рейтингі Стратегияның 7 және 8-тармақтарында белгіленген деңгейден төмен болған жағдайда, рейтинг төмендеген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде осы позицияларды және мәмілелерді Стратегияның талаптарына сәйкес келтіру жөніндегі шаралар қабылданады.

69. Корпорацияның басқаруына берілген активтерді қоспағанда, сыртқы басқаруға берілген активтермен жүргізілетін операцияларды ең төменгі кредиттік рейтингісі Стратегияда белгіленген шектеулерге сәйкес келетін қарсы әріптестер жүзеге асырады.



12. Есептілік

70. Монетарлық операциялар және активтерді басқару бөлімшесі АВА басқару жөніндегі мынадай есептілікті дайындайды:

1) күн сайын:

инвестициялық портфель және өтімділік портфелі бойынша: портфельдердің дюрациясы мен кірістілігінің көрсеткіштерімен бірге валюталар бөлігінде әрбір портфель бойынша нарықтық құны;

балама құралдар портфелін қоспағанда, басқа портфельдер бойынша: кірістілік көрсеткіштерімен бірге әрбір портфель бойынша нарықтық құны; балама құралдар портфелі үшін кірістілік көрсеткіштерімен бірге нарықтық құны ай сайынғы негізде беріледі;

2) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-на дейін Ұлттық Банк Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына және қажет болған кезде, Ұлттық Банктің мүдделі бөлімшелеріне мынадай ақпараты бар АВА басқару жөніндегі есепті береді:

есепті кезеңде Стратегияда белгіленген шектеулер бойынша бұзушылықтардың болуы;

қаржы нарықтарының жай-күйі және олардың АВА портфеліне әсер етуі, экономикалық шолу;

инвестициялық портфель бойынша: кірістіліктің ауытқуы өзгермелілігінің (tracking error) көрсеткіштері, дюрацияның көрсеткіштері, кірістілік қисығындағы бөлулер, секторлық бөлу және инвестициялық портфельдің валюталары бойынша бөлу; портфельдің, эталондық портфельдің кірістілігі және есепті кезеңдегі үстеме кірістілік; инвестициялау тактикасына шолу;

стратегиялық портфель бойынша: құралдардың түрлері бойынша бөлу, валюталар мен елдер бойынша бөлу, кірістілік және тәуекел көрсеткіштері (VAR тәуекелі бойынша шамасы);

өтімділік портфелі бойынша: құралдардың түрлері бойынша бөлу, валюталар мен елдер бойынша бөлу, кірістілік және тәуекел көрсеткіштері (дюрация);
алтын портфелі және дамушы нарықтар портфелі бойынша: кірістілік көрсеткіштерімен бірге нарықтық құны;

балама құралдар портфелі бойынша: құралдардың түрлері бойынша бөлу, кірістілік көрсеткіштері.

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің алтынвалюта

активтерін басқару жөніндегі

инвестициялық стратегияға

1-қосымша

1-кесте

Инвестициялық портфельді сектор бойынша бөлу


Активтердің түрі



Нарықтық құны (туынды құралдар үшін - олардың базалық активтерінің нарықтық құны, пайызбен)

ең төмен

ең жоғары

Эталондық портфельге кіретін елдердің мемлекеттік (тәуелсіз) борыштық міндеттемелері, қолма-қол ақша.

70

100

Эталондық портфельге кірмейтін елдердің мемлекеттік (тәуелсіз) борыштық міндеттемелері, агенттік борыштық міндеттемелер, оның ішінде орнатылған опциондарымен, халықаралық қаржы ұйымдарының корпоративтік борыштық міндеттемелері, коммерциялық бағалы қағаздар (CP), эталондық портфельге кіретін елдердің мұндай міндеттемелерді орындауда мемлекеттік кепілдік көзделген муниципалдық борыштық міндеттемелері.

0

30

Депозиттер (салымдар). Депозиттерге орналастырылған РЕПО-дан түскен қаражат.

0

30

Туынды қаржы құралдары (Tracking Error бойынша шектеумен реттеледі)

0

30

2-кесте
Инвестициялық портфельдегі туынды құралдармен операциялардың түрлері бойынша рұқсат етілген көлемдер



Операциялардың түрі



Операциялардың көлемі

(олардың негізінде жатқан құралдардың нарықтық құны, пайызбен)



ең төмен

ең жоғары

Форвард операциялары

0

100

Фьючерстерді сатып алу/сату

0

100

FRA (болашақ пайыздық ставка туралы келісім)

0

100

Своптар

0

50

Опциондық келісім-шарттарды сатып алу

0

50

Опциондық келісім-шарттарды сату

0

20

Басқа туынды құралдар

0

20

3-кесте


Құралдардың сыныптары бойынша өтімділік портфеліндегі

ең жоғары ауытқулар



Активтердің түрі



Нарықтық құны (пайызбен)

ең төмен

ең жоғары

Кредиттік рейтингі А- ( Standard & Poor's) және/немесе A3 ( Moody's) төмен емес елдердің қолма-қол валютасы және мемлекеттік (тәуелсіз) борыштық міндеттемелері

70

100

Кредиттік рейтингі ААА (Standard & Poor's) және/немесе Aaa (Moody's) халықаралық қаржы ұйымдарының агенттік борыштық міндеттемелері, борыштық міндеттемелері

0

30

Қысқа мерзімді кредиттік рейтингілері А-1 (Standard & Poor’s) немесе P1 ( Moody’s) төмен емес депозиттік сертификаттар (CD), коммерциялық қағаздар (CP)

0

30

Депозиттер (салымдар). Депозиттерге орналастырылған РЕПО-дан түскен қаражат. Депозитке орналастыру мерзімі 1 айдан аспайды

0

30

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің алтынвалюта

активтерін басқару жөніндегі

инвестициялық стратегияға

2-қосымша

1-кесте


Валюталар қоржыны


Активтер валютасы

Қоржындағы үлесі

(пайызбен)



USD

45

EUR

20

GBP

10

JPY

10

AUD

5

CAD

5

KRW

5

2-кесте


Валютадағы ең жоғары жол берілген ауытқулар


Активтер валютасы

Ауытқу

(пайызбен)






USD

+/- 10




EUR

+/- 10




GBP

+/- 5




JPY

+/- 5




AUD

+/- 5




CAD

+/- 5




KRW

+/- 5



Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің алтынвалюта

активтерін басқару жөніндегі

инвестициялық стратегияға

3-қосымша

1-кесте
Инвестициялық портфельдегі АА-(Standard&Poor's)/ Aa3(Moody's) және одан төмен ұзақмерзімді кредиттік рейтингі бар, эталондық портфельге кірмейтін корпоративтік бағалы қағаздарға арналған әрбір валюта бойынша ең жоғары ауытқулар


Активтердің түрі

Нарықтық құны

ең төмен

ең жоғары

Ұзақмерзімді кредиттік рейтингі А-/А3-тен АА-/АА3-ке дейін қоса алғанда, корпоративтік бағалы қағаздар 

0

10

оның ішінде ұзақмерзімді кредиттік рейтингі А-/А3-тен А/А2-ге дейін қоса алғанда, корпоративтік бағалы қағаздар 

0

4

2-кесте
Инвестициялық портфельдегі ұзақмерзімді АА-(Standard&Poor's)/ Aa3(Moody's) және одан төмен кредиттік рейтингі бар, эталондық портфельге кірмейтін елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелеріне арналған әрбір валюта бойынша ең жоғары ауытқулар




Активтердің түрі

Нарықтық құны, пайызбен

ең төмен

ең жоғары

Ұзақмерзімді кредиттік рейтингі А-/А3-тен АА-/АА3-ке дейін қоса алғанда, елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері

0

15

оның ішінде ұзақмерзімді кредиттік рейтингі А-/А3-тен А/А2-ге дейінгі қоса алғанда, елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері

0

6

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

алтынвалюта активтерін басқару

жөніндегі инвестициялық стратегияға

4-қосымша

Стратегиялық портфельдегі құралдардың түрлері бойынша

ең көп ауытқулар

Құралдардың түрі



Нарықтық құны (пайызбен)

ең төмен

ең жоғары

Инвестициялық деңгейдегі ауқымды корпоративтік бағалы қағаздар (Global Investment Grade Corporates)

40

60

Дамыған елдердің акциялары (Global Equity)

0

5

Дамушы нарықтардың облигациялары (Emerging market debt)

40

60

Құрылымдық өнімдер

0

10

Инвестициялық портфель үшін рұқсат етілген құралдар

0

30

жүктеу 190 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау