А. А. Какимова «Есеп және қаржы»


тақырып: Мемлекеттік және мемлекеттің кепіліндегі қарыз алу



жүктеу 469 Kb.
бет26/51
Дата04.01.2022
өлшемі469 Kb.
#36097
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
Мемлекеттик бюджет

10 тақырып: Мемлекеттік және мемлекеттің кепіліндегі қарыз алу

Мақсаты: Бюджет тапшылығына және профицитіне сипаттама беріп, тапшылықты қаржыландыру көздерін, профицицтті пайдалану бағыттарын анықтау.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:

1. Бюджеттің теңгерушілігі. Бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру көздері. Бюджеттің профициті және оны пайдалану бағыттары

2. Қарыз алу саясаты мен механизмі.

3. Үкіметтің шеттен алып пайдалануы және оның нысандары

4. Жергілікті атқарушы органдардың шеттен алып пайдалану және олардың нысандары
Республикалық бюджеттің және жергілікті бюджеттердің теңгерушілігі бюджеттік-қаржы саясатының бас мақсаты. Сон-дықтан мемлекет қашан да болмаса бюджеттің теңгерушілікті болуына тырмысады, яғни тапшылықсыз бюджетке. Бюджеттік тапшылық маңында мемлекеттік шығыстардың мемлекеттік кіріс-терден арттыруы қарастырылады. Негізінде түрақты бюджеттік тапшылық болатын мұндай арттыру әр түрлі жолдармен етелуі тиіс, яғни немесе заемдарды жүмылдыру арқылы немесе ақшалық эмиссия арқылы немесе мемлекеттік шығыстарды қысқарту арқылы, немесе салық салуды үлғайту арқылы.

Бюджетті қүру, бекіту және атқару барысы бюджеттің тапшылығын қысқарту қажеттілікке негізделеді, яғни бюджетте қарастырылған шығыстар мәлшері бюджет кірістерінің сомасы мен оның тапшылығын қаржыландыратын кездер түсімдеріне сәйкестік болуы тиіс. Бірақ бюджет кірістері мен шығыстарының қашанда теңдік болуы мүмкін емес, сондай-ақ тапшылық болса да ол төтенше жағдай деп есептелмейді, себебі бүкіл әлемде бюджет-тік тапшылықсыз бір де бір ел жоқ.



Сонымен бірге бюджеттік тапшылық пайда болуының негізін айыру қажет, себебі ол, негіз, әр түрлі болады және тапшылықтың сапасын сипаттайды. Тапшылықтың шығуы, біріншіден, ел экономикасының әрі қарай дамуын мемлекеттік реттеу үшін оған бірталай мемлекеттік салымдар жасау қажеттілігіне байланысты болуы мүмкін. Екіншіден, тапшылық төтенше жағдайлар себебі-нен шығуы мүмкін, үшіншіден, экономиканың дағдарысына бай-ланысты, яғни экономика қүлауда, ал Үкіметтің қаржы ахуалын басқаруға қабілеті жоқ болған жағдайда.

Бюджеттік тапшылық (профицит) мынандай жағдайда орын алады - егерде бюджет шығыстарының (кірістерінің) мөлше-рі оның кірістері (шығыстары) көлемінен басым болса. Ал тап-шылықтың (профициттің) мөлшері таза бюджеттік несиелеуді ми-нустап алынған операциялық қалдық пен қаржы активтері бойын-ша операциялар қалдығы араларындағы айырмашылық ретінде анықталады және оның шекті мүмкін мөлшері елдің әлеуметті-экономикалық дамуының орташа мерзімді жоспарында белгіле-неді. Бүл айырмашылық қаржыландырылуы тиіс, яғни бюджет тапшылығын отеуді қамтамасыз ету үшін құралдар қарастыру қажет. Осы мақсаттар үшін Үкімет шеттен алып пайдалануды іске асырады, қайсысы профицит болған жағдайда Үкіметтік борышты қайта қаржыландыруға пайдалануы мүмкін. Бюджет тапшылығын қаржыландыру колемі алынған заемдар сомасы мен бюджет қүралдарының қозғалысы қосындысының заемдар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан арттыруы мөлшерінде тағайындалады.

Бюджеттің теңгерушілігі бюджеттік тапшылықты өтеуді әр түрлі әдістер пайдалану негізінде іске асырылады. Бүл арада бюд-жеттік тапшылықты өтеудің негізгі көзі болып ішкі және сыртқы шеттен алып пайдалану табылады, себебі басқа әдісті - ақша эмис-сиясын пайдалану инфляциялық процестерді дамытуға алып ке-луі мүмкін. Мемлекеттік шеттен алып пайдалану республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылықтарын қаржыландыру мақсатта ғана әрекеттенеді және Бюджеттік кодексте белгіленген нормамен шектеледі.



жүктеу 469 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау