5В090100 Көлікті пайдалану және қозғалысы мен тасымалдауды



жүктеу 2,12 Mb.
Pdf просмотр
бет7/36
Дата12.01.2020
өлшемі2,12 Mb.
#26426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36

19 
 
Алгоритмдік  құрылым.  Ол  қолданылатын алгоритмдер  жиынтығы  мен 
олардың  бөлшектеу  реттілігін  көрсетеді,  бұл  кейіннен  бағдарламалық 
жасақтаманы құруға мүмкіндік береді. 
Алгоритмдік құрылымды жетілдірудің негізгі бағыттары: 
− ақпарат өңдеудің стандартты (типтік) алгоритмдерін қолдану; 
− есептеудің дәлдігін, жылдамдығын және сенімділігін арттыру; 
− қажетті жад көлемін қысқарту; 
− жекелеген алгоритмдерді жетілдіру. 
Алгоритмдік  құрылымды  талдау  кезінде  келесі  міндеттер  шешімін 
табады: 
−кешенді  міндеттер,  жекелеген  міндеттер,  алгоритмдер,  алгоритмдер 
модульдерін бөліп көрсету; 
−олардың ақпараттық-логистикалық өзара байланысын анықтау; 
−оларды жүзеге асырудың реттілігін анықтау. 
Техникалық  құрылым.  Техникалық  құрылым  жүйе  құру  үшін 
қолданылатын  техникалық  құрылғылардың  тізбегін  және  олардың  өзара 
байланысын көрсетеді. Техникалық құрылымды талдау кезінде келесі міндеттер 
шешімін табады: 
−негізгі  ақпараттық  үрдістерге  қатысатын  элементтер  анықталады: 
ақпаратты  тіркеу  және  дайындау,  жинақтау  және  жіберу,  сақтау  және  өңдеу, 
көрсету және беру; 
−элементтердің  орналасуы  топологиясын,  олардың  ақпараттық  және 
энергетикалық өзара байланысын, сонымен қатар, сыртқы ортамен байланысын 
ескере отырып, техникалық құралдар жүйесінің формалды құрылымдық үлгісі 
жасалады. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Жүйе, жүйелік, элемент дегеніміз не? 
2. Жүйелікті элемент бойынша ұйымдастыру туралы түсінік. 
3. Жүйеліктерді функция бойынша ұйымдастыру туралы түсінік. 
4. КАБЖ негізгі және функционалдық бөліктердің құрылымы. 
5. АБЖ ақпараттық базасына не кіреді? 
6. Техникалық құрылымды талдау кезінде қандай шешімдер табылады. 
7. Ұйымдық құрылымы болып табылады. 
8. Функционалдық құрылымының негізгі міндеттері.   
9.  Алгоритмдік құрылымды жетілдірудің негізгі бағыттары. 
10. Техникалық құрылымды талдау кезінде  міндеттер шешімі. 
 
 
 
 
 
 


20 
 
2-дәріс
 
Тақырып: АБЖ ақпараттық қамсыздандыру.  
Тақырып жоспары: 
2.1 Ақпарат теориясының негіздері. 
2.2 Топтастырғыштар.  
2.3 Деректерді  кодтау. 
  
2.4 Машина ішілік ақпараттық қамсыздандыру. 
 
2.1Ақпарат теориясының негіздері 
«Информация»  сөзі  латын  тілінен  аударғанда  хабар,  фактілер  және 
оқиғалардың фактілері бойынша түсіндірмелер жатады. Ол өндірістік жүйенің 
шаруашылық-экономикалық  саласында  пайда  болатын  процесс  және  есеп, 
жазбаша  немесе  ауызша  баяндама  түрінде,  жиналыстарда  қабылданатын 
мүмкін болатын хабарлар жөнінде, жеке сөйлесулерді, әдеби көздерді және т.б. 
жатады. Ақпарат жүйе белгілері ретінде беріледі.  
Басқару жүйесінде белгілер көптеген экономикалық көрсеткіштер, әртүрлі 
белгілер,  мәліметтер,  құжаттамалар  мен  хабарламаларда  тіркелген,  сонымен 
қатар  сызбалар,  графиктер,  суреттер  және  т.б.  графикалық  ақпарат  түрінде 
болуы мүмкін.  
Күрделі  өндірістік  жүйенің  пайда  болуы  басқарудың  ақпараттық 
қамсыздануының  енуімен  байланысты.  МЕСТ  24525.0-80  бойынша  басқару 
жүйесінің ақпараттық қамсыздандырылуы мақсатты түрде ақпарат массасымен 
және ақпарат ағынын ұйымдастырумен, сақтаумен, жинау, өңдеу және алынған 
нәтиже  анализінің  ақпаратын  беру,  дайындау,  негіздеу  және  басқару 
шешімдерін қабылдау болып отыр. Ақпараттық қамсыздандырудың құрылымы 
мен 
мазмұны 
қабылданатын 
шешімнің 
көлемі 
мен 
мазмұнына, 
басқарушылардың  техникалық  басқару  құралы  болып  табылатын  ақпаратқа 
деген  қажеттіліктерімен  анықталады.  Ақпараттық  қамсыздандыру  мазмұнына 
қойылатын  талаптар  шешім  деңгейі  мен  типіне  байланысты  болып  келеді               
(5- сурет). 
Басқаруды  ақпараттық  қамсыздандыру  үшін  техника-экономикалық 
ақпарат маңызды орын алады. Ол өндірістік жүйедегі ақпаратты ұйымдастыру 
үшін қажет. Ол өндірістік жүйенің әртүрлі жүйелігіндегі процестердің жұрісін 
көрсетеді және өз кезегінде әртүрлі типтерге бөлінуі мүмкін.  
Техникалық-экономикалық  ақпараттың  құрылымы.  Техникалық-
экономикалық ақпарат есептеу тәсілдері бойынша анықталып, оның құрамында 
қанша құжат бар екенін анықтауға, есептік формалар мен есеп беруді анықтауға 
мүмкіндік  береді.  Тапсырманы  шешу  барысында  және  басқару  жүйесін 
автоматтандыру барысында мәліметтер мөлшерін тіркейді. 


21 
 
     
5-сурет. Шешімдер мен ақпараттық қамсыздандыру арасындағы байланыс. 
 
Мәліметтер деп әртүрлі нормативтік, жоспарлық және есептік мәліметтерді 
(есептеулер,  салыстырмалар,  нарядтар,  жолдама  парақтары,  материалдық 
талаптар  және  т.б.)  қарастырады.  Нақты  шартқа  байланысты    мәліметтер 
мөлшерін  құжат  формасының  мөлшерімен  анықтайды,  немесе  құжаттағы 
бағаналар  мен  жолдар  саны  бойынша,  көрсеткіштер  санымен,  символдармен 
және т.б. анықтайды.  
Техникалық-экономикалық  ортақ  қабылданған  сипаттарына  келесілер 
жатады. 
Ақпарат  ағыны  –  бұл  кеңістіктегі  және  белгілі  бір  бағытта  қозғалатын 
уақыт бірлігінде және ортақ адресаты мен көзі  бар мәліметтер тобы. Мысалы, 
АКМ-ге берілетін мәліметтер – көзі, ал көліктік басқару – бұл адресат.  
Реквизит  –  техникалық-экономикалық  ақпараттың  бірлігінің  ең  төмені. 
Реквизит  басқа  аналогты  элементтермен  қоса  күрделі  ақпараттық  байланысты 
құрады.  
Хабар  –  бұл  бір  немесе  бірнеше  реквизиттен  тұратын  ақпараттар 
жиынтығы. Ол суреттелетін объектіге сандық және сапалық сипат береді. 
Негіздеу  –  суреттелетін  объектіге  сандық  сипат  беруге  арналған  хабар 
бөлімі.  Ол  өлшеу  немесе  есептеу  нәтижесінде  алынған  өлшемдік  мән  болып 
табылады.  Экономикалық  ұғымның  жеке  алынған  бөлімі  мағынасыз  болады 
және  белгілердің  көрсетілуімен  іске  асырады.  Элементтік  негіздеуге  сандық 
разрядтар жатады. 
Мақсат 
бойынша 
шешімдер 
 
Мақсатқа жету жолдарының 
шешімі 
Ұйымдастырылған шешімдер 
Басқаруды 
ақпараттық 
қамсыздандыру 


жүктеу 2,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау