26
тәртіптік, сериялық, сериялық-тәртіптік, т.с.с. Кодтаудың оңтайлы жүйесін
таңдау мен кодты белгілеудің ұзындығын анықтау жіктелетін жиынтықты
тоғыспайтын топтамаларға бөлуге мүмкіндік береді, ол бір ғана объектіге әр
түрлі кодтарды бекітуге жол бермейді. Ереже бойынша кодтау жүйесі жіктеу
жүйесімен бірге қолданылады.
Кодтау жүйелері
Реттік жүйе бір белгіге ие тұрақты және қарапайым объектілерді
кодтауда қолданылады. Оның артықшылығы – аз белгілілігі, жазбалар
толықтығы, құру қарапайымдылығы. Ол нөмірлерді жіберусіз, табиғи тәртіптегі
сандар түріндегі белгілерге кодты бекітуді қарастырады. Бұл жүйе бойынша
персонал категорияларын, босатылу себептерін, жұмыс режимдерін, маусым,
сыйымдылығы бойынша автобустар типтерін, т.б. кодтайды. Мысалы,
маусымдарды келесідей түрде кодтауға болады: қыс – 1, көктем – 2, жаз – 3, күз
– 4.
Сериялық жүйе екі белгіге ие объектілерді кодтауға қызмет етеді және
әр топқа кодтар сериясының біртекті белгілерін бекітуді болжайды. Бекітілген
серия шегінде әр позицияны ретті нөмірлермен кодтайды. Бұған қоса нөмірлер
сериясына міндетті түрде резервті кодтарды да қосады. Сериялық жүйе
разрядтар саны бойынша анағұрлым үнемді және бір мезгілде жаңа позициялар
үшін қажетті нөмірлер резервін құрайды. Мысалы, автобус маршруттарын
көрсетілген жүйе бойынша келесідей түрде кодтауға болады. Кодты 4 белгіден
құру қажет, онда бірінші белгі хабарлама түрлерін (қалааралық, қала
маңындағы, қалалық, т.б.), ал екінші, үшінші, төртінші белгілер –
маршруттардың хабарлама түрі ішіндегі ретті нөмірлерін көрсетеді.
Сериялық-ретті жүйе көп белгілерге ие объектілерді кодтауға арналған.
Бұл жүйені, мәселен материалдарды, комплектілік бұйымдарды, автомобильді
шиналарды, қор бөліктерін, т.б. кодтау үшін қолдануға болады. Код он белгіден
тұрады. Олардың санынан екі белгіні класқа, бір белгіден – класс ішіне, топқа,
топ ішіне, түрге және төрт белгіні сериялық-ретті бөлімге бекітеді. Мысалы,
агрегаттарды, запастық бөліктердің кодтары 45 3000 000-нан 45 9800 0000
шегінде орналаса алады.
2.4 Машина ішілік ақпараттық қамсыздандыру
Ақпаратты ЭЕМ-да өңдеуге дайындаудың қажетті кезеңі құжаттарды бір
ізге салу мен типтеу болып табылады. Өзінің формасы бойынша мәліметтерді
машиналық таратушыларға жедел аударуды ұйымдастыруға барлық құжаттар
ыңғайлы бола алмайды. Сондықтан да АБЖ-ды жасап шығару кезінде
автомобильдік көлікте пайдаланылатын құжаттар формасын бір ізге салу мен
типтеу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізу керек және оларды
регламенттейтін құжаттар сәйкестігін тексеру қажет. Машиналық өңдеу мен
АБЖ-да қолдануға жарайтын құжаттарды сол күйінде сақтап, ал АБЖ-да
қолдануға болмайтын құжаттарды қайта жасау керек.
АБЖ құжаттамаларының жүйесі ақпарат сенімділігін қамтамасыз етуі,
басқару міндеттерін шешуге қажетті көрсеткіштердің минималды, бірақ
27
жеткілікті құрамына ие болуы керек. Құжаттардағы көрсеткіштер басқарудың
бір деңгейінен екінші деңгейіне өтуде сәйкес және өзара байланысты болуы
керек.
АБЖ-да қолданылатын бастапқы есептік құжаттардың бір ізге салынған
жүйесіне МЕСТ 6.13.1.-75-ке сәйкес келесілер енген: есептік актілер, түсім мен
еңбекақыны есепке алу ведомосі, түсім туралы рапорттар, материалдық
құндылықтарды есепке алу журналы, инвентарланған жазбалар, есептік
карточкалар, жұмыс орындалуы туралы нарядтар, жедел хаттар, тұрып қалулар
туралы беттер, жұмыс уақытын есепке алу табельдері, жеке құрамды есепке алу
бұйрықтары, шикізат пен материалдардың жіберілуін есепке алудың шекті
заборлы карталары, жол парақшасы, т.с.с.
Автомобильдік көлікте көліктік құралдар мен жүргізушілердің
жұмыстарын көрсететін маңызды негізгі құжат болып жол парағы табылады.
Жол парақтары формалары мемлекеттік статистика органымен бекітіледі.
Тасымалдаудың сипаты мен ұйымдастырылуын есепке ала отырып, жол
беттерінің әр түрлі формаларын қолданады. Жеткізілген 1 т жүкке тариф
бойынша жұмыс жасайтын жүк автомобильдері жүргізушілерінің жұмысын
есепке алу үшін жол беттері бекітілген. Жол парақтарының басқа формалары
жұмысқа сағаттық төлем бойынша қолданылады. Жол парақтарының арнайы
формаларын жеңіл автомобильдердің, таксилердің, қалалық, қала маңындағы
және қалааралық линиялардағы автобустар жұмысын есепке алу үшін
қолданады. Жол парақшалары басқару міндеттерін шешуге қажетті анғұрлым
маңызды мәліметтер ағынын құратын негізгі құжаттар болып табылады.
Сондықтан ЭЕМ-да жол парақшаларын тиімді өңдеуді ұйымдастыру автокөлік
АБЖ-ң маңызды міндеттерінің бірі болып есептеледі.
Басқару процесінде дәстүрлі ғана емес, жңа міндеттерді шешуге тура
келеді. Бұл міндеттерді ақпараттық қамту үшін бастапқы мәліметтердің
қолданыстағы формаларын пайдалану мүмкін бола бермейді. Сондықтан МЕСТ
бастапқы құжаттар жүйесін өзгерту мүмкіндігін қарастырады. АБЖ-ды
ақпараттық қамтуда мұндай өзгертулерсіз болмайды.
Бақылау сұрақтары:
1.Ақпарат теориясы құрылымы неден түрады?
2.Техникалық-экономикалық ақпараттың құрылымына не жатады?
3.Техникалық-экономикалық ақпараттың классификациясы бөлінеді.
4.Топтастырғыштардың жіктеу тәсілдері.
5.Иерархиялық тәсіл нені білдіреді?
6 Фасетті тәсілдің бөлінуі.
7.Деректерді кодтауға не жатады?
8.Кодтау жүйесін айтып берініз?
9. Реттік және сериялық жүйелердің қолданылуы.
10. Машина ішілік ақпараттық қамсыздандыру туралы не білесіз?
Достарыңызбен бөлісу: |