5В090100 Көлікті пайдалану және қозғалысы мен тасымалдауды



жүктеу 2,12 Mb.
Pdf просмотр
бет5/36
Дата12.01.2020
өлшемі2,12 Mb.
#26426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

13 
 
әкімшілік  және  оперативтік  басқару,  сондай-ақ,  оның  аспектілері  жіктеледі: 
экономикалық,  техникалық,  ұйымдық,  әлеуметтік,  өндірістік,  кадрлік, 
құқықтық, психологиялық және саяси. 
Көлік  қозғалысын  басқару  жүйелері  күрделі  жүйелер  санатына  жатады. 
Ол  жалпы  мақсатқа  бағынатын  бірнеше  өзара  байланысқан  ішкі  жүйелерді 
(жүк,  жолаушылар,  жүк  жұмыстарын,  инфрақұрылымды  және  т.б. 
тасымалдауларын  басқару)  біріктіреді  және  бағыныңқы  бөліктер  арасында 
басқару  функциялары үлестірілетін  көпсатылы  құрылыммен  сипатталады.  Бұл 
ретте  жүйе  оның  бөліктері  арасындағы  ішкі  байланыстарды  және  сол  сияқты 
басқа жүйелермен арадағы сыртқы байланыстарды қолданады. 
Көлік  қозғалысын  басқару  процесі  технологиясы  үш  кезеңде  жүзеге 
асырылады:  көлік  нысандары  туралы  ақпаратты  жинақтау,  дайындау  және 
жіберу;  басқару  бойынша  қажетті  шешімдер  шығару  мақсатында  алынған 
ақпаратты  өңдеу;  басқарушылық  ұйғарымдар  мен  түрлі  жарлық  ақпаратын 
шығару және атқарушыларға жеткізу. 
Басқару  процесі  басқару  нысаны  мен  басқару  органының  өзара 
әрекеттестігі негізінде жүзеге асырылады. 
Басқару  нысаны  алдына  қойылған  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін 
функциялар  немесе  әрекеттерді  іске  асырады,  мысалы,  жүктер  мен 
жолаушыларды тасымалдау операцияларын орындайды. 
Басқару  органы  (БО)  таңдалған  мақсатқа  сәйкес  басқару  нысаны 
элементтерінің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етеді. БО мен басқарылатын 
нысан арасындағы қарым-қатынастар басқару үрдісі технологиясы шеңберінде 
кері  байланыс  заңдары  бойынша  құрылады:  БО  нысан  туралы  ақпарат  алады, 
оны  талдайды  (өңдейді),  шешім  қабылдайды  және  қажет  болған  жағдайда 
жарғылық ақпаратты жасап шығарады, оны басқару нысанына береді. 
Осылайша,  кез  келген  көлік  нысанын  басқару  өз  мақсаттары,  міндеттері 
мен  мазмұны  тұрғысынан  жіктеле  отырып,  үздіксіз  циклдық  процесс  болып 
табылады  және  жүйе  жұмысын  тоқтатпайынша  жүзеге  асырылып  отырады. 
Ішкі  жүйелер  мен  жүйенің  ішкі  элементтері  арасындағы  көптеген  ықтимал 
қарым-қатынастар құрылымдық жүйе деп аталады. 
АБЖ  ендіру  қолданыстағы  басқару  жүйесінің    функционалдық 
құрылымдарына  бірқатар  түзетулер  енгізуді  қажет  етеді.  Бұл  қызмет 
тасымалдаулар  процестерін  басқару  саласында  анағұрлым  күрделі  болып 
табылады.  Сондықтан,  бұл  ішкі  саланың  барлық  құрылымдық  бөлімшелеріне 
арнайы  лауазымды  тұлғалар  немесе  толық  бөлімшелер  енгізілген. 
Тасымалдауларды  басқаруда  бұл  функцияларды  техникалық  бөлім,  ал 
жолдарда  АБЖ  бойынша  тасымалдаулар  қызметтері  басшыларының 
орынбасарлары,  бөлімшелерде  АБЖ  бойынша  тасымалдаулар  бөлімі 
басшысының  орынбасарлары  атқарады.  Бекеттер  мен  жол  бөлімшелерінде 
ақпараттық пунктер (АП) немесе ақпаратты шоғырландыру пунктері құрылған. 
Есептеу  орталықтарында  есептеу  техникасы  шоғырланғандықтан  олар 
ұжымдық  пайдаланылатын  деректерді  өңдеу  орталықтары  (ДӨО)  болып 


14 
 
табылады.  Есептеу  орталықтарында  барлық  әрекеттегі  функционалдық  ішкі 
жүйелердің    ақпараты  өңделеді,  олар  ақпарат  алмасу  жүргізілетін  байланыс 
арналарымен жалғанған. АБЖ функционалдық құрамының дамуымен, ақпарат 
көлемінің  артуымен  жекелеген  ішкі  жүйелер  үшін  техникалық  құралдардың 
бөлінуі  орын  алады.  Мысалы,  барлық  АЕО-да  тасымалдауларды  оперативті 
басқару  ақпараттық  жүйелерінің  (ТОБАЖ)  мәліметтерін  өңдеу  осы  мақсатқа 
арнайы бөлінген техникалық құралдар кешенінде орындалады. 
Қазіргі  заманға сай  техникалық  жасақталған ірі  бекеттерде  диспетчерлік 
басқару орталықтары жұмыс жасайды. 
Тасымалдау  процесін  басқару  саласындағы  есептеу  техникасы  мен 
байланыс  құралдарының  одан  әрі  дамуы  мен  жетілдірілуі  осы  процестерді 
басқаруға  қатысушылардың  барлығы  ав  то  маттандырылған  жұмыс  орнымен 
(АЖО) жасақталған автоматтандырылған басқару орталықтарын (АБО) құруға 
әкеледі. 
АБЖ  негізгі  және  функционалды  бөліктен  тұрады.  АБЖ  жалпы 
құрылымдық сұлбасы (КАБЖ үлгісінде) 4 -суретте берілген. 
АБЖ  негіздері  ақпараттық  база,  техникалық  база,  математикалық 
қамтамасыздандыру,  ұйымдық-экономикалық  базадан  тұрады.  Негіз  –  АБЖ 
шешетін барлық міндеттердің жалпы бөлігі. 
 
4-сурет. АБЖ жалпы құрылымдық схемасы (КАБЖ үлгісінде) 
 


15 
 
АБЖ  ақпараттық  базасы  –  машиналық  ақпарат  тасымалдауыштарда 
орналастырылған, нысан немесе процесті басқаруды авто маттандыруға қажетті 
барлық ақпараттың жиынтығы. Əдетте, ақпараттық база үш массивке бөлінеді: 
басты,  туынды  және  оперативтік.  Массивтер  мен  олардың  өрістерінің 
конструкциялары  (тасымалдауыштарға орналастыру  тәсілдері,  массив ішіндегі 
деректердің  өзара  байланыс  ерекшеліктері,  деректердің  нақты  жинақталуы 
және  т.б.)  АБЖ  типімен  және  нысандардың  жалпы  сипаттамасымен 
анықталады.  Алайда,  жалпы  нысандар  сыныбы  (мысалы,  машина  жасау 
кәсіпорындары)  үшін  типтік  конструктивтік  құрылымды  сақтаған  орынды. 
Басты  массив  барлық  міндеттер  үшін  жалпы  болып  табылатын  әрі 
орналастырылған  кезде  қандай  да  бір  басқару  функциясын  орындауға 
бағытталмаған  әмбебап  құрылымға  жауап  беретін  деректерді  біріктіреді.  Ірі 
нысанға  арналған  басты  массив  жүздеген  миллион  таңбаларды  қамтиды, 
жадылағыш  құрылғылардың  көп  көлемін  алады  және  шешімі  үшін  арнайы 
ақпаратты қажет ететін нақты міндетте қолдануға ыңғайлы бола бермейді. Бұл 
мәселе  деректерге  көп  бағдарлама  лық  өңдеу  жасау  барысында  және 
процессорлармен функционалды түрде ажыратылған машиналық мұрағаттарда 
(лентотекалар, картотекалар) көптеген массивтерді сақтайтын оперативті жады 
көлемі  жеткіліксіз  болғанда  күрделене  түседі.  Осыған  байланысты  нақты 
қызмет  ететін  АБЖ-ларда  нысан  құрылымының  мамандандырылуын,  әрбір 
кезеңде  орындалатын  функциялардың  ерек  шеліктерін,  түрлі  міндеттердің 
қайталануы  жиілігін  және  ағымдағы  жүйе  жұмысымен  байланысты  басқа 
бірқатар функцияларды көрсететін туынды массивтерді қалыптастыру қажеттігі 
туындайды.  Барлық  туынды  массивтер  әдетте  басты  массивтен  құрылады. 
Қызмет  көрсетілетін  нысанның  сипаттамаларына  жасалатын  қандай  да  бір 
тұрақты  өзгерістер  басты  массивте  көрсетілуі  тиіс.  Оперативтік  массив 
ағымдағы  ақпаратты,  сонымен  қатар,  есептеулердің  аралық  нәтижелерін 
қамтиды.  Өңделген  және  жалпыландырылған  деректер  туынды  және  басты 
массивтерге енгізіле алады немесе тікелей тұтынушыларға беріледі. 
Ақпаратты  көрсету  құралдары  ақпаратты  өңдеу  нәтижелерін  ыңғайлы 
практикалық  қолдануға  болатындай  түрде  ұсынуға  арналған.  Оларға  түрлі 
баспа  құрылғылары,  жазба  машиналары,  терминалдар,  табло,  график 
құрастырушы,  индикаторлар  т.б.  жатады.  Бұл  құрылғылар  әдетте  ЭЕМ-мен 
немесе  өндіріс  тіркеушілерімен  тікелей  байланысты  болады  және  реттеуші 
(регламенттік)  не  эпизодтық  (сұрау  бойынша  немесе  апаттық  жағдайда) 
анықтамалық, директивалық немесе ескертпе ақпаратты береді. 
Деректер  беруші  аппаратура  АБЖ-ның  түрлі  элементтері  арасында 
(өндіріс  тіркеушілері  мен  ЭЕМ  арасындағы  координациялық-басқарушылық 
орталықтар  мен  цехтік  ЭЕМ  арасында,  т.б.),  АБЖ  мен  деңгейлердің  іргелес 
басқармалары  арасында  (мысалы,  КАБЖ  және  САБЖ  арасында,  аумақтық 
есептік орталықтары арасында) ақпарат алмасуды жүзеге асырады. 
АБЖ  техникалық  базасына,  сонымен  қатар,  ұйымдық  техникалық 
құралдарды  (көшіру-көбейту  техникасы,  картотекалар,  диктофондар,  т.б.), 


жүктеу 2,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау