24
Оперативті тіркеу сәйкесінше өндіріс қызметкерлерінің қоластында іске
асады. Мысалы, эксплуатациялау бөлімі тасымалдаудың оперативті тіркеуін
іске асырады, қамсыздандыру бөлімі материалды тұтынушыға жеткізу, АТП-ті
материалдық ресурстармен қамтамасыз етуді іске асырады.
Статистикалық тіркеу сапалық түрінен бірдей әлеуметтік-экономикалық
құбылыстарды зерттеуде қолданады. Статистика бұл құбылыстарға жалпылық
қасиет береді және олардың даму заңдылықтарын көрсетеді. Бұл үшін
біріншілік ақпаратты арнайы өңдеу және таңдау әдісін пайдаланады:
статисткалық бақылау (жалпы және таңдамалы), статисткалық бақылау
мәліметтерін салыстыру және топтау, ортақ өлшемдерін тіркеу, динамикалық
тізбектері және т.б.
Статистикалық мәліметтерді әртүрлі өндіріс бөлімдерін өңдеу нәтижесінде
алады – жоспарлық, кадрлық, қаражаттық және т.б.
Бухгалтерлік тіркеу өндірістегі тіркеудің негізгі түрі болып табылады. Ол
өндірістің өндірістік және шаруашылық саланы қамтиды. Бухгальтерлік
тіркеуге келесі қасиеттер тән: құжаттық негіздемелер, үздіксіздігі, шаруашылық
операцияларды толықтай қамтуы және оларды бағалау. Бухгалтерлік есепте
тіркелген мәліметтер құжаттармен расталуы керек және ақшалай бағалануы
керек. Тіркеудегі шаруашылық операциялар іске асрылатын тізбегін сақтап
қалады.
Бухгалтерлік тіркеудегі мәліметтерді өңдеу, тіркеу және жинау кезінде
біріншілік құжаттарды, инвентарризацияны, бағалауды, калькуляцияны, есептік
жүйедегі біріншілік мәліметтерді топтау, баланс пайдаланылады.
Есептілік – бұл периодты түрде мемлекеттік басқару органдарының
нәтижелері туралы мәліметтер мен өндірістің белгілі уақыт аралығында жұмыс
шарттарының байланысы. Есептілік өндіріс жұмысының экономикалық
маңызды көрсеткіштерінен тұратын формалар - өндіріс жоспарының
атқарылуы, рентабельділігі, негізгі және айналымдағы қордың пайдалану жай
күйінің сипаттамасы, экономикалық стимульдену қоры және т.б. болып
табылады.
Есептілік мәні жоспардың іске асырылуы туралы ақпарат көзі, өндірістің
оперативті басшылық саласының құрал-сайманы болып табылады. Есептілік
тек жұмыстың істелу барысын қадағалап қоймай, ауытқулардың болу
себептерін де анықтайды және оны шешу жолдарын қарастырады.
Сондықтанда есептілік шаруашылық саласының экономикалық анализ
нәтижесінің ақпарат көзі болып табылады.
Тіркеу және есептік ақпарат жоспарлық ақпаратты өңдеу базасын құрайды.
Жоспарлық ақпарат. Өндіріс саласының және транспорттық басқару
ұйымының, республикалық қосылыстарының, министрестваның барлық
көрсеткіштерінің мәні жатады. Ол нормативті-жоспарлық және аналитикалық
болып бөлінеді.
Нормативті-жоспарлы ақпарат – бұл республикалық қосылыстар мен
транспорттық басқару және өндірістің көрсеткіштерінің байланысы болып
25
табылады. Бұл көрсеткіш сәйкесінше осы органдардың техникалық
трансфинплан көрсеткіші түріне ауыстырады. Техтрансфинпланда қабылданған
көрсеткіштер толықтай міндеттелу көрсеткіштері болып табылады және осы
өндіріс орнының жеткен даму дейгейімен сипатталады.
Жоспарлы-аналитикалық ақпарат нормативті-жоспарлық және тіркеу-
есептік ақпараттың бірігуі нәтижесінде пайда болады. Ол оперативті,
статистикалық және бухгалтерлік тіркеудің мәліметтері негізінде құралған
процесс көрсеткіштері болып табылады.
2.2 Топтастырғыштар
Жіктеу тәсілдері
Жіктеу – бұл берілген объектілер қабылданған жіктеу тәсілдеріне сәйкес
бөліктерге бөлу. Мемлекеттік стандарт осындай екі тәсілді бекітеді.
Иерархиялық тәсіл берілген жиынтық кезегімен бағынышты бөліктерге
бөлінеді деп болжайды. Мысалы, барлық автомобильдер жиынтығын жүк,
жеңіл автобустар, автобустар мен арнайы бекітілген автомобильдерге жіктеуге
болады. Жүк автомобильдерін өз кезегінде бортты автомобильдер, самосвал,
фургон, цистерналар, т.с.с. деп жіктеуге болады.
Фасетті тәсілде берілген жиынтық әр түрлі белгілері бойынша топтарға
бөлінеді. Жоғарыда аталған топтардан басқа автомобильдерді дизельді және
карбюраторлы двигательді автомобильдерге, жеткізілген 1 т жүк тарифы
бойынша және сағаттық еңбекақы төлеу бойынша жұмыс жасайтын
автомобильдерге, т.с.с. бөлуге болады. Аталған белгілердің ешқайсысы бір-
біріне тәуелді емес.
Автокөлік БАЖ-да ақпаратты жіктеу мен кодтаудың негізгі объектілері
болып келесілер табылады: автокөліктік кәсіпорындар, көліктік құралдар мен
хабарламалар түрлері, жұмыстар мен қызмет көрсетулер, жүктер, клиенттеу,
персонал категориясы, т.с.с.
Техникалық қызмет көрсету мен қозғалмалы құрамды жөндеу ішкі
жүйесінде жіктеу мен кодтаудың негізгі объектілері болып табылады: қор
бөліктері, инструмент, материалдар, техникалық әсер мен жұмыстың түрлері,
автокөліктік кәсіпорындарды (АКК) техникалық қызмет аймақтары (посттары)
мен бөлімшелерінің сипаты, қозғалмалы құрамның, байланыстардың,
агрегаттардың ақауларының түрлері, жеделдетілген және кеңейтілген еңбек
нормативтері, техникалық әсер түрлері бойынша қор бөліктері мен
материалдарға шығындар нормасы, т.б. Көрсетілгендерді жіктеу мен кодтау
олардың мазмұнының түсініктілігін, кодтар мен заттардың (түсініктердің)
арасындағы сәйкестікті, КБ АБЖ-ң салалық АБЖ-бен кодты сәйкестігін
қамтамасыз етеді.
2.3 Деректерді кодтау
Код – бұл жіктеу объектісін, жіктеу белгісін және жіктелген топты
қабылданған кодтау тәсіліне сәйкес белгімен немесе белгілер тобымен белгілеу.
Кодтар белгілі бір ережелерге сәйкес аталатын кодтау жүйесін құрайды.
Кодтарды жасауға мәліметтерді жазудың әр түрлі жүйесін қолданады:
Достарыңызбен бөлісу: |