78
«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Республикалық мем лекеттік
кәсіпорны Қазақстан Республикасы үкіметінің 26.03.1996 жылғы №356 «Ақтау
халықаралық теңіз сауда порты» акционерлік қоғамының мәселелері»
Қаулысына және 23.04.1997 жылғы №644 «Ақтау теңіз сауда порты»
Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәселелері туралы» Қаулысына
сәйкес акционерлік қоғамның негізінде құрылды. Порт ҚР Үкіметінің
25.06.1996 жылғы №790 «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың
тізімдемесі туралы» (шаруашылық жүргізу құқығындағы) Қаулысының
негізінде
Республикалық
мемлекеттік
кәсіпорындардың
тізімдемесіне
енгізілген. «АХТСП» РМК ҚР Əділет Министрлігі Маңғыстау әділет
басқармасында 11.10.1996 жылы тіркелген, куәлігі №513-1943-ГП.
Ақтау теңіз портын қайта жаңғырту. 1999 жыл порт өмірінде бетбұрысты
және айрықша мәнді жыл болды. Қуаттарды жаңарту жобалары жүзеге
асырылды. Порт инфрақұрылымы мен басқару құрылымдары жақсартылды.
Қазақстан Үкіметі Еуропалық Қайта құру және Дамыту Банкімен (ЕҚҚжДБ)
бірлесіп бөлінген несиеге 1997-1999 жылдары портты түбегейлі дамыту және
қайта құру бағдарламасын жүзеге асырды (74 млн. АҚШ доллары).
1999 жылы портты қайта құрудың бірінші кезеңі аяқталды. Ақтау портын
қайта құрудың аяқталу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ə.Назарбаев қатысты. Қайта құрудан кейін порттың тиеу-түсіру кешенінің
құрғақ жүктерге қызмет көрсету мүмкіндіктері мұнайды ауыстырып тиеудің
жылына 8,0 млн. тонна қазіргі мүмкіндіктерін сақтай отырып, жылына 1,55
млн. тоннаға дейін жеткізілді. Қайта құрудан кейін Ақтау порты дүниежүзінің
көптеген елдеріндегі порттардағыдай көпмақсатты терминалға айналды, оның
жұмысы бір минутқа да тоқтамайды.
Қайта құрудың жобасы өндірістік мүмкіндіктерді жақсартумен ғана
шектеліп қоймайды, сонымен бірге порт қызметкерлерінің біліктілігін көтеру,
жаңа
технологиялар, маркетинг жүйесі, іс жүргізу, менеджментті іске
қосуды да
қарастырады. Басқару жүйесін автоматтандыру, жүк айналымын жаңаша
статистикасын жүргізу, есептерді автоматтандыру, құжаттарды ресімдеу,
клиенттерге қызмет көрсету процедураларын жеңілдету жөнінде жұмыстар
белсенді жүргізілуде.
24-сурет. Ақтау порты
79
Соңғы 3 жылда құрылған қазіргі заманғы порт инфрақұрылымы
Қазақстан Республикасы үшін Каспий теңізінің барлық елдері арасында порт
қызметтерінің сапасы, әртүрлілігі және қол жетерлігі бойынша көшбасшы
болуына жағдайлар жасады. «АХТСП» РМК өзінің алдына толығымен шеше
алатын келесі міндеттерді қояды:
- Қазақстан Республикасы су көлігі жүйесінің дүниежүзілік көлік
жүйесіне интеграциясын қамтамасыз ету;
- Ақтау портының көлік желісінің барлық қатысушыла рына арналған
тартымды тобы ретінде қалыптастыру;
- Қазақстанның бірегей географиялық жағдайына орай Ақтау портының
стратегиялық рөлін күшейту;
- Волга-Дон каналы арқылы Қара теңіз порттарына, Иранның солтүстік
порттарына шығу арқылы баламалы көлік
бағыттарын дамыту;
- Ақтау портының Қазақстанның халықаралық сауданы қамтамасыз ету,
тасымалдар мен тауарлардың құнын төмендету қызметін кеңейту.
Осы міндеттерді орындауға аймақтың мұнай өндіру саласына шетел
инвестициясының
қаражат
салым
дары
және
салынған
көлік
инфрақұрылымдарын пайдалану мүмкіндік береді. Аймақ арқылы «ТРАСЕКА»
халықаралық жүктерді тасымалдау бағыты өтеді. Портта теміржол, автомобиль,
су және құбыр сияқты бірнеше көлік түрлерінің торабы орналасқан. Баку-
Тбилиси-Джейхан мұнай құбырын салу жөніндегі халықаралық келісім
мұнайды Ақтау теңіз порты арқылы тасымалдаудың келешегі зор екендігін
растайды.
«КРУГ» ҰЗҚ мамандары Ақтау қ. (Қазақстан Республикасы)
«Халықаралық
Теңіз
Сауда
Порты»
инженерлік
ғимараттарды
автоматтандырылған басқару жүйесін (АБЖ) пайдалануға енгізді. Осы жүйе
өрт және күзет сигнализациясының жүйелерімен шоғырландырылған.
ИИ АБЖ әкімшілік, өндірістік, тұрмыстық ғимараттарды, қоймалар мен
айлақтарды қамтиды.
ИИ АБЖ мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету негізі
SCADA КРУГ-2000® болып табылады.
Жүйе функциялары:
- параметрлерді бақылау және сигнализациясы;
-жабдықты
(жарықтандыру діңгектері, циркуляциялық сорғылар,
ағындық желдеткіштер, өзен хабарландырғыштары және т.б.) дибекеттік
басқару;
- уақыт тапсырмасы бойынша жарықтылыққа байланысты немесе қол
режимінде жарықтандыру діңгектерін басқару;
- ауа арналар жүйесін қатып қалудан қорғау;
- өрт және күзет сигнализациясының сүйреткілерінің жағдайын бақылау
және сигнализациясы;
- нысанды күзетуге қою және нысанды күзетуден алып тастау;