51
«Деректер қоры» ұзақ мерзім ішінде жиналған деректерді өңдеуге жол
береді. Бұл деректер әр түрлі типтес болып келеді.
«Деректер қоры» үшін көпөлшемді сұраныс сипаты тән. Деректердің
және сұраныстардың үлкен көлемі, құрылым күрделілігі арнайы әдістерді
қолдануды талап етеді.
Деректер банкі – деректерді орталықтандырылған сақтау және ұжымдық
қолданудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі. Деректер банкінің
құрамына бір немесе екі деректер базасы, деректер базасының
анықтамалылығы,
ДББЖ,
сондай-ақ,
сұраныстар
және
қолданбалы
бағдарламалар кітапханасы көреді.
Басқаша айтқанда, деректер банкі – бұл деректерді қолданудың ұжымдық
және
орталықтандырылған
қорын
құруға
бағытталған
арнайы
ұйымдастырылған бағдарламалық, техникалық, тілдік және ұйымдастырушы-
әдістемелік құралдардың жүйесі.
Деректер банкінің компоненттері:
- Техникалық құралдар: компьютерлер, шығарылатын ақпаратты көрсету
және енгізу құралдары;
- Ұйымдастырушы-әдістемелік құралдар: ақпаратты алуға рұқсаты бар әр
түрлі тұтынушыларға арналған көрсетпелер, әдістемелік және регламенттеуші
құжаттар.
- Деректер банкінің администраторы: деректер банкін құру, жүзеге асыру
және дамыту жұмыстарын атқаратын мамандар тобы. 16-суретте деректер
банкінің компоненттері көрсетілген.
Деректердің корпоративті қорлары консолидацияланған талдау жасау
үшін бүкіл корпорацияға қатысты және көптеген оперативті көздерден
жинақталған ақпараттан құралады. Əдетте мұндай қорлар корпорация қызметі
аспектілерінің жалпы қатарын құрайды және тактикалық, стратегиялық
шешімдерді қабылдау үшін қолданылады.
16-сурет. Мәліметтер банкінің компоненттері
52
Деректер киоскілері көптеген корпоративтік деректерден тұрады және
ұйым ішілік бөлімдер үшін құрылады. Деректер киоскілері бөлімнің өз күшімен
құрылады және бөлім қызметкерлерін қызықтыратын нақты аспектілерден
тұрады. Деректер киоскісі деректерді корпоративтік қордан (тәуелді киоскілер)
ала алады, немесе деректер оперативті көздерден (тәуелді киоск) тікелей түсуі
мүмкін.
Киоскілер және деректер қоры сәйкестік принципі арқылы құрылып,
тәжірибеде сол бір ғана технологияларды қолданады.
Тұтынушылармен
өзара
байланыс
орнату
сипаты
бойынша
қолданушының іс-әрекет мінездемесіне сәйкес деректер банкі активті және
пассивті болып бөлінеді.
Пассивті деректер банкінде басты рөл тұтынушыға беріледі, ал белсенді
деректер банкінде жүйе өз бетінше қалпын өзгертуі не болады. Соңғы кезде
«белсенді деректер базасы» термині триггерлерді қолданушы жүйелерде жиі
қолданыла бастады.
Жеке меншік формасы бойынша деректер банкі мемлекеттік және
мемлекеттік емес (жеке меншік, топтық және жеке) болып бөлінеді.
6.2Деректерді жіберу техникалық құралдары: маңызы, құрамы және
оларға қойылатын талаптар
Мәліметтерді жіберуді ұйымдастыру үшін ДЭЕМ-ын қосуға мүмкіндік
беретін арнайы жабдықтар қажет (17-сурет). Ол мәліметтерді жіберу
аппаратурасы (МЖА) немесе модем (модулятор, демодулятор сөздерінің
қысқарған түрі) деп аталады.
МЖА келесідей қызметтер атқарады:
- ЭЕМ-нің байланыс арнасымен келіседі;
- берілетін ақпаратты қателерден қорғайды;
- ақпарат биттерінің берілуін (ақпараттың байттан битке ауысуы)
қамтамасыз етеді.
17-сурет. Мәліметтер жіберу жүйесі
ДЭЕМ мен байланыс арнасының келісуі дегенде олардың электрлік
жағынан үйлесуі назарға алынады. Мысалы, ДЭЕМ 5 В кернеумен жұмыс
53
жасаса, байланыс арнасының кернеуі 100 В. Бұдан бөлек, МЖА сигналды
байланыс арнасы арқылы беруге болатын түрге айналдырады, сол себепті
ДЭЕМ сигналмен сандық жүйеде жұмыс жасайды (логикалық бірлік (1) – 5 В,
логикалық нөл (0) – 0,2 В, ал байланыстың телефондық арнасында тек қана
үйлесімді сигнал қатысуы қажет. МЖА мәлімет жіберу кезінде сигналды
сандық түрден аналогтық түрге, ал қабылдағанда, керісінше, аналогтық түрді
сандық түрге айналдырады.
Теміржол транспортында, негізінен жиілік модуляциясы қолданылады.
Жиілік модуляциясында «1» кезінде байланыс арнасына 1300 Гц жиілік
беріледі, ал «0» ке зінде – 2100 Гц. Сатылық модуляцияны қолданған кезде
келесі әрекеттер орын алады: «1» болғанда сигнал өз сатысын 180°-қа өзгертеді,
ал «0» болғанда сигнал фазасын өзгертпейді; бұл кезде сигнал жиілігі
өзгермейді.
6.3АБЖ
деректерді
телеөндеу
үшін
қолданылатын
құрал-
жабдықтары
Деректерді телеөңдеу жүйесі
Үшінші буындағы ЭЕМ ерекшелігі ретінде ұйымдық, бағдарламалық
және ақпараттық үйлесімділіктер болып табылады. Бұл олардың қолданылуына
жаңа ұйымдық формалардың принципиалды пайда болуына мүмкіндік береді.
Бірінші және екінші буындағы тікелей есептегіш орталық орнына өңдеуге
тиесілі ақпаратты жеткізуді болжаған болатын. Есептегіш машиналардан
жұмыс орындары жойылған жетекшілері мен мамандары олармен тікелей
байланыста бола алмады. Өңделетін ақпараттардың көлемінің өсуімен
шешілген тапсырмалардың қиындығы мен шешімдерді қабылдау оперативті
үрдісінің өсуі басқарма аппаратының жұмысын бәсеңдете бастады. Ақпаратты
енгізгенде және қорытындылағанда болған бөгелістер жоғарғы тез қозғалмалы
есептегіш машиналарының эксплуатация тиімділігін төмендетті. Осындай бір
бірінен
айтарлықтай
жойылуда
тұрған
электронды
машиналармен
пайдаланушылардың оперативті өзара әрекеттерін қамтамасыз ететіндей
амалдар мен әдістердің құрылуында қажеттілік пайда болды.
Бұл үшін ЕС ЭЕМ-да ақпартты енгізу не шығару құралдарымен (жазатын
машиналар, телетайпалар, дисплей, перфотаспалы және перфокарточкалық
аппараттар, басу құралдарымен) және магнитті таспалар мен дискілер
қолданатын ақпаратты сақтау үшін арналған сақтау құралдарымен бірге
абоненттік пункттер пайда болды. Кейін есептегіш машиналары мен байланыс
техникасының бірыңғай жүйеге бірігуі болды. Бұл үшін терминалды жинақ –
телефон немесе телеграфты желі арқылы есептегіш машиналармен
қолданушының өзара әрекеті үшін тағайындалған аппарат және бағдарламалық
құралдардың жинағы пайда болды. Терминалды жинақ мәліметтер жинағы,
ақпаратты жеткізу, анықтамалық қызмет ету және осы мәліметтерді аралық
өңдеу үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |