5В090100 Көлікті пайдалану және қозғалысы мен тасымалдауды



жүктеу 2,12 Mb.
Pdf просмотр
бет23/36
Дата12.01.2020
өлшемі2,12 Mb.
#26426
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36

63 
 
Вагон 
ағындарын 
ұйымдастырудың 
автоматтандырылған 
ақпараттық технологиялары 
Вагон  ағындарын  ұйымдастыру  үрдісі  жүк  ағындарын  ұйымдастыру 
үрдісінің  құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Сондықтан,  автоматтандыру 
нысаны  жүк  ағындарын  вагондармен  тасымалдау  процесіне  бірнеше  көлік 
түрлерінің  қатысатындығын  ескере  отырып,  темір  жолдар  бойынша  жүктерді 
тасымалдау үрдісі болып табылуы заңды деп есептеген жөн. 
Аталмыш  процеске  көптеген  технологиялық  операциялар  кіреді  – 
тасымалға  өтініш  беру  және  қызметтерді  көрсетуден  бастап  тасымалданған 
жүктерді жүкті алушыларға тапсыруға дейін. 
Операциялардың кешені негізгі үш топтарды құрайды: 
- жүктің вагонға тиелуіне дейінгі технологиялық операциялар; 
-вагондағы жүкті түсіру пунктіне дейін жеткізу немесе басқа жылжымалы 
құрамға (көлік түрі) қайта тиеу үрдісіндегі технологиялық үрдістер; 
-  жүк  түсірілгеннен  кейінгі  немесе  басқа  көлік  түріне  қайта  тиелгеннен 
кейінгі технологиялық операциялар. 
Егер  тек  қана  екінші  құраушыны  алсақ,  онда  вагон  ағындарын 
ұйымдастыру  міндетін  жүк  тиелген  вагондардың  жүкті  түсіру  немесе 
тағайындалған  орындарына  оңтайлы  орын  ауыстыруы  ретінде  тұжырымдауға 
болады.  Бірақ  тиеуді  қамтамасыз  ету  үшін  қажетті  бос  жылжымалы  құрамды 
таңдауды  жүзеге  асырып,  таңдалған  жылжымалы  құрамның  тиеу  орындарына 
тасымалдануын 
ұйымдастыру 
қажет. 
Сондықтан 
вагон 
ағындарын 
ұйымдастыру  міндетін  жүк  тиелген,  сонымен  қатар  бос  вагондарды  жүкті 
түсіру  және  тиеу  орындарына  алып  баруды  ескере  отырып  кешенді  түрде 
қарастыру қажет. 
«Теміржол  көлігін  ақпараттандыру  концепциясын»  жасау  кезінде 
тасымалдау  үрдісін  басқару  мәселесі  теміржол  көлігінің  бірінші  кезекті 
глобальды қызметтерінің бірі ретінде анықталған. 
Тасымалдарды  ұйымдастыру  бойынша  технологиялар  кешенінде  келесі 
басқару нысандары белгіленген: 
- тасымалдауға қабылданған жүктер (жүктер жөнелтілімі); 
- тасымалдаушы иелігіндегі вагондар мен контейнерлер; 
- барлық категориялы пойыздар
- пайдаланылып отырған парктің локомотивтері; 
- локомотив бригадалары. 
Басқару  нысандарына,  сонымен  қатар,  жүктерді  тасымалдауға  қажетті 
операцияларды  орындауға  қатысатын  темір  жолдардың  барлық  аумақтық 
бірліктері жатады: 
-тиеу 
бекеттері,  кіреберіс  жолдар,  тиеу-түсіру  жұмыстарының 
механизацияланған қашықтықтары, жүк алаңдары, контейнерлік және жүктерді 
сұрыптау платформалары және т.б.; 
- жүк, порт маңындағы және шекаралық бекеттер; 
- вагон ағындарын қайта өңдеу бекеттері


64 
 
- локомотивтер мен локомотив бригадаларының ауысымдары; 
- техникалық бекеттер; 
- диспетчерлік учаскелер; 
- вагондарды техникалық және коммерциялық тексеру орындары
- негізгі және айналмалы локомотив деполары. 
Вагон  ағындарын  ұйымдастырудың  автоматтандырылған  технологиясы 
жалпы  желілік  және  жалпы  жолдық  сипатқа  ие  және  өтпелі  ақпараттық 
технологиялар кешендерінің бірі болып табылады. 
Пойыздарды құрастыру жоспарын есептеудің автоматтандырылған  
жүйесі 
Пойыздарды  құрастыру  жоспарын  есептеудің  автоматтандырылған 
жүйесі көп критериялы бағалау негізінде олардың ішінен ең жақсысын таңдау 
арқылы  пойыздарды  құрастыру  жоспарының  (ПҚЖ)  әртүрлі  нұсқаларын 
автоматты түрде құрастыру және есептеу үшін арналған. 
Есептеулер  басқа  автоматтандырылған  жүйелерден  келіп  түсетін  қайта 
өңделген  жергілікті  және  транзитті  вагон ағындары  туралы  деректер  негізінде 
орындалады. 
ПҚЖЕ  АЖ  тасымалдарды  басқару  депар  та  ментінің  басқарушы 
қызметкерлері  мен  инженерлері  (жүйенің  желілік  деңгейі)  және  темір  жол 
басқармаларының  тасымалдау  қызметтері  (жүйенің  жолдық  деңгейі)  үшін 
жасалған. 
ПҚЖЕ АЖ келесілерді қарастырады: 
- жолдар желісінде қолданылатын бағдарламалық кешендер ішінен вагон 
ағындарының көлемдері мен бағыттары туралы қажетті ақпаратты таңдау; 
-  пайдаланушы  таңдайтын  белгілі  уақыт  кезеңіндегі  хабарланатын  вагон 
ағындарын қайта өңдеу, сақтау және көрнекі ұсыну
-  пойыздарды  құрастыру  жоспарының  әртүрлі  нұсқаларын  автоматты 
түрде құрастыру; 
-  әрбір  нұсқа  бойынша  пойыздарды  құрастыру  жоспарын  бағалаудың 
әртүрлі критерийлерінің мәндерін есептеу; 
-  салалық  әдістеме  негізінде  көп  критериялы  міндеттерді  шешу  және 
техникалық  ғылымдар  докторы  А.Т.Осьмин  жасаған  теориялық  ережелер 
негізінде  вагон  ағындарын  ұйымдастыру  нұсқаларының  үнемдісін  Парето 
бойынша  іздеу  жолымен  пойыздарды  құрастырудың  үнемді  жоспарын 
таңдауды жүзеге асыру. 
Пойыздарды  құрастыру  жоспарын  есептеудің  автоматтандырылған 
жүйесі «клиент-сервер» технологиясын пайдалану арқылы жасалған. 
ПҚЖЕ АЖ-не арналған кіріс ақпараттар келесілер: 
-  жолдың  жөнелту  моделі  (жол  деңгейінде)  мен  ақпараттық  қоймадан 
таңдалынатын  (желі  деңгейінде)  темір  жол  бекеттеріне  келген  және 
жөнелтілген вагондар туралы ақпарат; 
-  жол  деңгейінде  –  сол  кезеңде  жиналған,  түйіспе  пункттері  бойынша 
келетін  пойыздар  туралы,  транзиттіктер  туралы  деректер  таңдалынатын  темір 


65 
 
жолда  вагон  ағындары  қайта  өңделе  тін  ТБАЖ  бағдарламалық  кешенінде 
құрастырылатын мәтіндік 1042 хабарлар. 
Жүктер тасымалдарын жоспарлаудың автоматтандырылған 
технологиясы 
Жүк  тасымалдары  саласындағы  компьютерлік  технологияларды  жүзеге 
асыру 
кезеңдерінің 
бірі 
1998 
ж. 
фирмалық 
көліктік 
қызметтің 
автоматтандырылған  кешенді  жүйесінің  (ФКҚАКЖ)  қолданысқа  енгізілуі 
болды. 
ФКҚАКЖ-нің  мақсаты  бүгінгі  күнгі  есептеуіш  техниканы,  жобалаудың 
тиімді  әдістерін  пайдалану  және  саланы  ақпараттандырудың  бірыңғай 
саясатымен  сәйкес  ақпараттық-басқару  жүйелерді  енгізу  негізінде  теміржол 
көлігі  клиенттерінің  талаптарының  орындалуының  ақпараттық-технологиялық 
қамтамасыз дығы болып табылады. 
Ақпараттандыру  нысандары  фирмалық  көліктік  қызмет  көрсету 
жүйесінің  (ФКҚЖ)  қызмет  етуін  қамтамасыз  ететін  бөлімшелер  мен 
құрылымдар болып табылады. 
ФКҚАКЖ  келесілер  үшін  деректерді  дайындау,  енгізу  және  жіберу 
құралдары кіреді: 
- автоматтандырылған режимде жүк тасымалына сұраныстар құрастыру
-  электронды  тасымалдау  құжаты  және  оған  ілесетін  хабарларды 
құрастыру; 
-  электронды  алмасуды  пайдалану  арқылы  ФКҚЖ  құжаттары  мен 
хабарларының қолданыстағы автоматтандырылған жүйелерге қатынауы; 
-  машиналық  тасымалдағышта  тіркей  отырып  және  құрылғыға  көрсету 
мен  басуды  беру  мүмкіндігімен  барлық  жіберілетін  хабарларды  есепке  алу, 
мұрағаттау мен бақылау. 
ФКҚАКЖ-де жүзеге асырылған негізгі принциптер келесілер: 
- фирмалық көліктік қызмет көрсету қызметтерін орындауға бейімдеу; 
-тасымалдау  құжаттарын  қағазсыз  рәсімдеу  және  орнын  ауыстыру 
технологиясын пайдалану; 
- жүк иелерінің электронды жүйелерімен автоматтандырылған әрекет ету; 
-  заңды  және  құқықтық  мәселелерді  шешу,  оның  ішінде,  электронды 
құжаттарға заңды мәртебе беру
-  бірыңғай  технологиялық  шешімдер  және  стандартты  бағдарламалық 
құралдар негізінде технологияларды бірыңғайлау; 
- ФКҚЖ ақпаратын желілік деңгейдегі деректер банкіне шоғырландыру; 
-  басқарудың  жол  деңгейі  үшін  «желілік»  банк  фрагменті  ақпаратын 
нақтылау; 
- сақтау мерзімдерін ескере отырып, электронды мұрағаттар жасау; 
- ақпаратты заңсыз қатынаудан қорғауды қамтамасыз ету; 
-  бар  құралдар  мен  сызықтық  жол  және  желілік  деңгейлерде  деректерді 
жіберу жүйелерін максималды пайдалану; 


жүктеу 2,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау