5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы үшін



жүктеу 1,09 Mb.
Pdf просмотр
бет9/30
Дата01.01.2020
өлшемі1,09 Mb.
#25658
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30

18 

 

бейне-дыбыс жазбаларындағы, компьютерлік техникадағы). Шу табиғи сипатта, ал кедергі 

қасақана туындайды (мысалы, компьютерлік вирустар); 

2)  тіларалық тосқауыл; 

3)  әлеуметтік тосқауыл – бір тілде сөйлейтіндер арасында, бірақ әр әлуеметтік топтар  

арасында болады (әлеуметтік статус, білім деңгейі, жас ерекшеліктеріне, жыныстық 

ерекшеліктерге, қала мен ауыл ерекшеліктеріне байланысты /жаргондар, сөйлеу стилі, «әке 

мен бала арасындағы пікірсайыс»/ ); 

4)  психологиялық тосқауыл (тартымды немесе тартымсыз серіктес, ұнамдылық,  

антипатия, т.с.с.). 

Студенттің өзін-өзі тексеру сұрақтары: 

1. Басқару шешімдерін әзірлеудегі ақпараттардың ролін немен түсіндіресіз? 

2. Басқару шешімдерін әзірлеуде ақпаратпен қалай жұмыс жасау керек? 

3. Басқару шешімдерін автоматтандырудың артықшылығы неде деп ойласыз? 

4. Басқарудағы коммуникация ұғымын түсіндіріңіз.  

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі  

1.  Юкаева  В.С.  Принятие  управленческих  решений:  Учебник/  В.С.  Юкаева,  Е.В.  Зубарева, 

В.В. Чувикова. - М.: Дашков и К, 2011. - 324 с. 

2.  Карданская  Н.Л.  Принятие  управленческого  решения:  Учебник/  Н.Л.  Карданская.  -  М.: 

ЮНИТИ, 1999. - 407 с. 

3. Ларичев О.И. Теория и методы принятия решений/ О.И.Ларичев. - М.: Логос, 2000. - 294 с. 

4.  Литвак  Б.Г.  Разработка  управленческого  решения:  Учебник/  Б.Г.  Литвак.  -  М.:  "Дело", 

2000. - 392 с. 

5. Смирнов Э.А. Разработка управленческих решений: Учебник/ Э.А. Смирнов. - М.: 

ЮНИТИ-ДАНА, 2002. - 271 с 

6. Саак А. Э. Разработка управленческого решения: учебник по спец. "Государственное и 

муниципальное управление" / А. Э. Саак, В. Н. Тюшняков. - СПб.: Питер, 2007. - 272 с. 

7. Разработка управленческих решений : учеб.-метод. комплекс для студентов специальности 

080504 «Государственное и муниципальное управление»/ Сост.: Ф. Г. Давлятова – Уфа : РИО 

БАГСУ, 2008. - 77  c. 

8. Учебно-методический комплекс по дисциплине «Управленческие решения» для студентов 

специальности 080507.65 «Менеджмент организации». – Самара: Изд-во: СИБиУ, 2010 

9. Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. – 

176 с. 

10. Ахметов К.Е. Менеджмент негіздері: Оқу құралы/ К.Е. Ахметов. - Алматы, 1993. - 252 бет 



11. Біралиева Н.А. Ақпараттык менеджмент негіздері: Оқу құралы/ Н.А. Біралиева, Л.А. 

Байболекова, К.Т. Балашов. - Алматы: Экономика, 2000. - 96 б. 

12. Бажин И.И. Информационные системы менеджмента/ И.И. Бажин. - М.: ГУ-ВШЭ, 2000. -

688 с. 


13. Автоматизированные информационные технологии в экономике: Учебник/ М.И. 

Семенов, И.Т. Трубилин, В.И. Лойко, Т.П. Барановская. - М.: Финансы и статистика,2000. - 

416 с. 

14. Автоматизированные информационные технологии в экономике/ Г.А. Титоренко. - М.: 



ЮНИТИ, 2001. - 399 с. 

 

5  тақырып.  Басқару шешімдерін әзірлеу мен қабылдаудағы адам факторы 



 

Дәріс жоспары: 

1. Басқару процесіндегі жетекші 

2. Шешімді ұжымдық қабылдау: артықшылықтары мен кемшіліктері 

3. Басқару шешіміне ықпал ететін негізгі тұлғалық сипаттамалар 

4. Басқару шешімдерін әзірлеу мен қабылдаудағы тұлға беделі 



19 

 

5. Басқару шешімдерін әзірлеу мен қабылдауға адам темпераментінің ықпалы 



 

 

1. Басқару саласындағы прогресс, ең алдымен, адам факторының белсенділігін арттырумен, 

ұйым мүшелерінің бойындағы қабілеттіліктерді көрсетіп, оны жүзеге асыру үшін жағдайлар 

жасаумен байланысты. 

 

Басқару шешімдерін әзірлеу және қабылдау процесіндегі маңызды аспектілердің бірі – 



жетекшілік жасау стилі, оның шешімдерді әзірлеу мен қабылдау процесімен байланысы. 

Жетекшілік жасау стилі мәселесі келесілермен байланысты: 

  таңдау жасау кезінде жетекші қарамағындағылармен қандай әрекет жасауы керек? 

  олармен барлық мәселені талқылауға бола ма? 

  қабылданған шешіммен қарамағындағылардың келісуіне қол жеткізу қажет пе? 

Шешім қабылдаудың келесідей стильдері бар: 

  І авторитарлық стиль. Басшы қолда бар ақпараттың немесе қарамағындағылардан  

келіп түскен ақпараттардың негізінде шешім шығарады; 

  ІІ  консультативті  стиль.  Жетекші  қарамағындағылардың  әрқайсымен  жеке  немесе 

тобымен әңгімелесіп, идеяларын, ұсынысын тыңдайды, сонан соң өзі шешім қабылдайды. 

  ІІ  ұжымның  толық  қатысу  стилі.  Мәселені  топ  талқылайды,  шешімді  ұсынады. 

Басшының бұл жердегі ролі – ұсынған шешімді қабылдау, бекіту. 

Шешім қабылдау кезінде басшы келесі рольдерге ие болуы мүмкін: 

  кәсіпкер. Бұл жаңа жобаның басталуымен, жаңа мүмкіндіктерді қолданумен байланысты 

шешім қабылдаушы; 

  кемшіліктерді  түзетуші.  Ситуацияның  дамуына  қауіп  төндіретін  жағдайларға  түзету 

енгізеді.  Мұндағы  мақсат  –  «кішкене»  проблеманың  «үлкенге»  айналып  кетуін 

болдырмау; 

  ресурстарды бөлуші. Шектеулі ресурстарды тиімді бөлу, басым бағыттарды белгілеумен 

байланысты. 

  келіссөз  жүргізуші.  Өз  әрекеттерін  ұйымның  басқа  мүшелеріне,  әр  түрлі  ұйымдардағы 

қызығушылық танытып отырған тұлғалардың әрекеттерімен келістіру. 

Басшы қызметіндегі негізгі шектеулер: 

 



шешім қабылдауға байланысты критерийлер маңыздылығын анықтау; 

 



жағдайдың ықтималдығын сандық жағынан анықтау; 

 



баламаны белгілі бір критериі бойынша бағалау. Мысалы, ғылыми  

потенциалды, біліктілікті, кәсіпкерлік қабілеттілікті бағалау; 

 

бір мезгілде көп критерий бойынша бағалау; 



 

эмоционалды логиканың болуы (басшы өз эмоциясын бақылап, басқара білуі,  



ситуацияға объективті қарай білуі керек.). 

Басқару тәжірибесінде басшылардың түрлі модельдері жасалған. Солардың  

негізгілері: 

  үздік жетекші; 

  табысты жетекші; 

  әлсіз жетекші. 

   Үздік жетекшінің қасиеттері: мұндай жетекші мықты денсаулыққа ие, үлгілі отбасы иесі, 

ашық, жігерлі, ақылды, коммуникабельді, батыл шешім қабылдай алатын, салмақты, икемді, 

келбетті,  кәсіби  шебер,  табысты  (жетістікті)  көздейтін,  қателіктерге  ұстамдылықпен, 

тәжірибелі, жақсы манераға ие, қарамағындағыларға сыйластықпен қарайды т. б. 

    Табысты  жетекші    –  өз  қарамағындағыларға  міндеттерін  нақты  бөліп  беретін,  өзінің 

жоқтығы тіпті байқалмайтын басшы. 

 

Әлсіз  жетекшіге  асығыстық  (шалалық),  шамадан  тыс  жұмсақтық,  тәжірибенің 

жетіспеушілігі, көп сөйлеу, сыртқы келбеттің ұқыпсыздығы тән болуы мүмкін. 



2. Басқару шешімдерінің субъектісі ұйым басшысы ғана емес, шешім қабылдау  

өкілеттігіне  ие  қызметкерлер  тобы  да  болуы  мүмкін.  Яғни  басқару  шешімдері  субъектісі: 

жеке-дара және топтық болады. 



жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау