5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы үшін



жүктеу 1,09 Mb.
Pdf просмотр
бет11/30
Дата01.01.2020
өлшемі1,09 Mb.
#25658
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30

22 

 

бағаламайды,  шынайы  проблеманы  қалыптастыра  алмайды.  Олардың  шешімдері  «атүсті» 



болады. Олар қабылдаған шешімдер үлкен тәуекелдігімен сипатталады. Холерик орындаған 

тапсырманың тиімділігін арттыру үшін үнемі бақылап отыру керек. 

 

Сангвинистик  темперамент  тұлғасы  байсалды  ойлау  қызметіне  ие.  Олар  да 

холериктер  секілді  басқару  шешімдерін  әзірлеу  мен  қабылдауда  жедел,  алайда,  негізгі 

проблемаларды  ұжыммен  талқылағанды  ұнатады.  Олар  жауапты,  қауіппен  байланысты 

басқару  шешімдерін  әзірлеп,  қабылдайды.  Сангвиниктердің  үнемі  нақты  жұмысы  болуы 

керек, әйтпесе олар депресссияға ұшырауы мүмкін.  

 

Флегматиктер  баяу  реакциясымен  және  негізделген  ойларымен  ерекшеленеді. 

Олардың жұмысқа қабілеттілігі жоғары және типтік технологияларды қолданғанды қалайды. 

Олар  үшін  білім  алудың  немесе  біліктілікті  жоғарлатудың  бастапқы  сатысы  (мектептегі, 

институттағы)  берік  болып  табылады.  Одан  арғы  біліктілікті  арттыру  бұрын  жинақталған 

білім  негізінде  жүреді.  Егер  оларға  бұрынғы  ұстанымдарына  қайшы  келетін  материал 

берілсе,  олар  оны  қабылдамайды.  Флегматиктер  жазбаша  формадағы  тапсырма  алғанды 

ұнатады.  Олар  басқару  шешімдерін  жүзеге  асырғаннан  гөрі  әзірлеуге  көп  уақыт  жібереді. 

Олар  үшін  қарастырылатын  мәселелер  бойынша  ақпараттың,  пікірдің  мол  болғаны  жақсы. 

Шешімдерді  жүзеге  асыру  жоғары  қауіпсіздігімен,  егжей-тегжейлі  сараланғандығымен 

ерекшеленеді.  Шешімді  жүзеге  асыруда  флегматиктер  сенімді,  бастаған  істі  соңына  дейін 

жеткізеді. 

 

Меланхолиялық темперамент иесі жоғары эмоционалдығымен ерекшеленеді. Олар өз 

проблемаларымен  ұзақ  уақытқа  жеке  қалай  алмайды.  Олар  өз  қажеттіліктерін  басқалармен 

талқылайды,  басқалардың  да  проблемасын  талқылаудан  қашпайды.    Меланхоликтер  өз 

кәсібінде үнемі көшбасшыны іздейді.  Көшбасшысы бар  ұжымда керемет жұмыс жасайды. 

Олар басқару шешімдерін әзірлеу мен қабылдауға үлкен жауапкершілікпен қарайды. Басқару 

щешімдерін  жүзеге  асырдың  теріс  салдарын  ескеруге  тырысады.  Меланхолик  қабылдаған 

шешім жан-жақты әзірленгендігімен, орындалу мүмкіндігінің шынайылығымен сипатталады. 

Ол  стратегиялық  жоспарлау,  конструкциялау,  экономика  саласында  тиімді  шешімдер 

қабылдайды.  Оның  қысыл-таяң  жағдайда    жұмыс  жасауына  болмайды,  өйткені  сезімге 

беріледі. Меланхоликтер ұйымда да, үйде де жұмысқа берілген.   

 

Кез-келген  ұжымда  түрлі  темпераментке  ие  адамдар  жұмыс  жасайды.  Сондықтан 



басқару шешімдері оны орындаушылар дұрыс қабылдай алатындай етіп құрылуы тиіс. 

Ал, жалпы, ұжым құрарда оның құрамы темпераменті жағынан балансты болған ескерілгені 

жөн. Яғни, холериктің де, меланхоликтің де, сангвиниктің де, флегматиктің де болған дұрыс. 

Бұл ортақ істің табысты болуына ықпал етеді.  

 

Студенттің өзін-өзі тексеру сұрақтары: 

1.  Басқару процесіндегі жетекшінің қасиеттері қандай болуы керек? 

2.  Басқаруда ұжымдық шешім қабылдау керек пе? Жауабыңызды түсіндіріңіз. 

3.  Басқару шешімін әзірлеуші және қабылдаушы тұлғаның беделін қандай  

      көрсеткіштермен сипаттар едіңіз? 

4.   Басқару  шешімдерін  әзірлеуде  персоналды  ынталандыру  қажеттілігі  мен  әдістеріне 

тоқталыңыз.  

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі  

1.  Аникин  Б.А.  Высший  менеджмент  для  руководителя:  Учебное  пособие/  Б.А.  Аникин.  - 

М.: ИНФРА-М, 2000. - 136 с. 

2.  Беляцкий  Н.П.  Интеллектуальная  техника  менеджмента:  Учебное  пособие/  Н.П. 

Беляцкий. - Мн.: Новое знание, 2001. - 320 с. 

3.  Беляцкий Н.П. Менеджмент. Основы лидерства: Учебное пособие/ Н.П. Беляцкий. - Мн.: 

ООО "Новое знание", 2002. - 250 с. 

4.  Жариков  Е.С.  Вступающему  в  должность:  Научно  -  популярный  справочник  для 

начинающего руководителя/ Е.С. Жариков. - М.: Знание, 1985. - 128 с. 



23 

 

5.  Омаров  А.М.  Руководитель.  Размышления  о  стиле  управления/  А.М.  Омаров.  -  2-е  доп. 



изд. - М.: Политиздат, 1987. - 366 с.  

6.  Паркинсон  С.Н.  Искусство  управления/  С.Н.Паркинсон,  М.К.Рустомджи.  -  М.:  ФАИР-

ПРЕСС, 1999. - 272 с. 

7.  Юкаева  В.С.  Принятие  управленческих  решений:  Учебник/  В.С.  Юкаева,  Е.В.  Зубарева, 

В.В. Чувикова. - М.: Дашков и К, 2011. - 324 с. 

8.  Карданская  Н.Л.  Принятие  управленческого  решения:  Учебник/  Н.Л.  Карданская.  -  М.: 

ЮНИТИ, 1999. - 407 с. 

9.  Ларичев О.И. Теория и методы принятия решений/ О.И. Ларичев. - М.: Логос, 2000. - 294 

с. 

10. Литвак  Б.Г.  Разработка  управленческого  решения:  Учебник/  Б.Г.  Литвак.  -  М.:  "Дело", 



2000. - 392 с. 

11. Смирнов Э.А. Разработка управленческих решений: Учебник/ Э.А. Смирнов. - М.: 

ЮНИТИ-ДАНА, 2002. - 271 с. 

12. Саак А. Э. Разработка управленческого решения: учебник по спец. "Государственное и 

муниципальное управление" / А. Э. Саак, В. Н. Тюшняков. - СПб.: Питер, 2007. - 272 с. 

13. Разработка управленческих решений : учеб.-метод. комплекс для студентов 

специальности 080504 «Государственное и муниципальное управление»/ Сост.: Ф. Г. 

Давлятова – Уфа : РИО БАГСУ, 2008. - 77  c. 

14. Учебно-методический комплекс по дисциплине «Управленческие решения» для 

студентов специальности 080507.65 «Менеджмент организации». – Самара: Изд-во: 

СИБиУ, 2010 

15. Пирогова Е.В. Управленческие решения: Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. – 

176 с

.

 



 

6  тақырып. Басқару шешімдері және сыртқы орта 

 

Дәріс жоспары: 

1. Балама нұсқаларды  жүзеге асыруға сыртқы ортаның ықпалы 

2. Сыртқы ортаны басқару факторларын анықтау  

3. Мемлекеттік және муниципалдық билік органдарының сыртқы ортасы 



 

1. 

Кез-келген ұйым сыртқы ортамен қарым-қатынаста болады. Оның сырттан ақпарат,  

энергия,  шикізат  сияқты  ресурстарды  алатыны,  және  оларды  өңдегеннен  кейін  өнім  және 

қызмет түрінде сыртқы ортаға шығаратыны анық. Ұйым мен оны қоршаған орта – біртұтас 

жүйе,  егер  оның  бір  элементінде  ауытқу  орын  алса,  барлық  жүйе  тәуекелге  тап  болады. 

Сондықтан  басқару  шешімдерін  жүзеге  асырмастан  бұрын  түрлі  балама  шешімдерді  және 

олардың  мүмкін  салдарын  жан-жақты  талдау  қажет.  Қай  меншік  формасына,  қай 

ведомствоға  жататындығына,  қандай  ұйымдастырушылық-құқықтық  формада,  қандай 

көлемде болғандығына қарамастан, кез-келген ұйымның  сыртқы қоршаған ортасы болады.   

Сыртқы орта - ұйымның қызметіне, соның ішінде басқару шешімдерін дайындау мен 

жүзеге  асыру  кезінде  ұйымға  тікелей  немесе  жанама  әсер  ететін  нақты  құбылыстар  мен 

процестердің жиынтығы. 

Алдымен,  біз  коммерциялық  ұйымдардың  сыртқы  ортасына  тоқталайық.  Ұйымның 

сыртқы  ортасы  сыртқы  микроорта  және  сыртқы  маккроорта  деп  бөлінеді.  Кейбір 

әдебиеттерде оларды ұймының жақын және алыс қоршаулары деп те атайды. 

 

Ұйымның  сыртқы  микроортасы  (коммерциялық  ұйымның  тікелей  ықпал  ету 



ортасы)  -  ұйымның  көздеген  мақсатына  қолжеткізу  мүмкіндігіне  тікелей  ықпал  ететін 

субъектілер  мен  факторлардың  жиынтығы.  Оларға  жеткізушілер,  делдалдар,  тұтынушылар, 

бәсекелестер,  инвесторлар,  қаржылық-несиелік  ұйымдар,  бұқаралық  ақпарат  құралдары, 

мемлекеттік және жергілікті билік органдары, нарық, шаруашылық субъектілері т.б. жатады.  




жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау