24
Ұйым өзінің сыртқы микроортасының қалыптасу процесін басқара алады. Ұйым
қызметінің тиімділігі серіктестерді таңдауға қатысты қандай басқару шешімдері
қабылданатындығынан тәуелді. Сондықтан, іскерлік серіктестерді таңдау шешімін
қабылдарда олардың сенімділігін, іскерлік репутациясын, қаржылық тұрақтылығын,
материалдық-техникалық базасының даму деңгейін, түрлі нарықтардағы баға белгілеу
әдістерін, сервистік қызмет көрсетуін, аймақтық, халықаралық нарықтарға шығу
мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі талдау керек. Ұйым мен сыртқы микроорта арасындағы
қарым-қатынас заңды күшке ие екі жақты келісім-шартпен реттеледі.
Ұйымның сыртқы макроортасы (коммерциялық ұйымның жанама ықпал ету ортасы)
– ұйымның сыртқы микроорта субъектілеріне жанама ықпал ететін факторлар жиынтығы.
Олар: саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-мәдени,
табиғи, географиялық, демографиялық, халықаралық жағдайлар т.б. факторлар.
Саяси факторлар саяси ахуалдың тұрақтылығын немесе тұрақсыздығын, саяси
партиялардың әрекеттерін, мемлекеттің кәсіпкерлер мүддесін қорғауын т.б. қамтиды.
Әлеуметтік-экономикалық
факторлар
халықтың
өмір
сүру
деңгейін,
тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігін, демографиялық процестерді, халықтың
әлеуметтік қажеттіліктерін (білім алуға, шығармашылыққа, демалуға т.с.с. қажеттілктер)
қаржы жүйесінің тұрақтылығын, инфляциялық процестерді қамтиды.
Құқықтық факторлар заң жүйесін, атап айтсақ, қоршаған ортаны қорғауға қатысты
нормативтік-құқықтық базаны, өнім өндіру мен тұтынуды стандарттауды, тұтынушылар
құқығының қорғалуын, жарнама қызметінің заңмен реттелуін, кәсіпкерліктің заңдық
реттелуін, мемлекеттік және жергілікті биліктің өзара қарым-қатынасының реттелуін т.с.с.
қамтиды.
Ғылыми-техникалық факторларға ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері,
мемлекеттің инновациялық, ғылыми-техникалық саясаты, елдегі кәсіпорындардың
инновациялық белсенділігі т.с.с. жатады.
Әлеуметтік-мәдени факторларға сол елдің мәдени, тарихи, салт-дәстүрлік
ерекшеліктері жатады.
Табиғи факторлар ретінде табиғи ресурстар мен қоршаған ортаның жай-күйі,
географиялық орналасуы, табиғи катаклизмдер т.б. қарастырылады.
Маркетолог Ф.Котлер сыртқы ортаны контакталық (байланыс) аудиториясы деген
ұғыммен сипаттайды. Ол оған ұйымға нақты немесе потенциалды қызығушылық танытатын
немесе оның көздеген мақсаттарына ықпал ететін кез-келген топ деген анықтама береді.
Контактылық аудиториялар фирманың нарықтағы әрекетіне оң ықпал етуі де, теріс ықпал
етуі де мүмкін. Ф.Котлер фирманың сыртқы ортасындағы контакталық аудиторияға
келесілерді жатқызады:
қаржылық орта – банктер, инвестициялық компаниялар, қор биржасының брокерлік
фирмалары, акционерлер;
бұқаралық коммуникация құралдары – газеттер, журналдар, радиостанциялар,
телеорталықтар;
мемлекеттік мекемелер – жергілікті билік органдары, салық инспекциясы, арбитраж;
азаматтық топтар – қоршаған орта қорғаушылары, тұтынушылар ассоциациясы;
жергілікті контакталық аудиториялар – тұрғындар, жергілікті ұйымдар;
ішкі контакталық аудитроиялар – жұмысшылар, қызметкерлер, басқарушылар,
директорлар кеңесінің мүшелері.
Ұйымның сыртқы ортасының негізгі қасиеттері:
сыртқы ортаның ауқымдылығы;
сыртқы ортаның күрделігі;
сыртқы ортаның айқынсыздығы;
сыртқы ортаның өзгергіштігі;
сыртқы ортаның коммуникабелділігі.
25
Сыртқы ортаның ауқымдылығы – басқару шешімдеріне ықпал ететін сыртқы орта
элементтерінің саны. Егер олардың саны 1-3 аралығында болса, шағын ауқымдылықтағы, 4-6
аралығында болса, орташа
ауқымдылықтағы, 7-10 аралығында болса, үлкен
ауқымдылықтағы сыртқы орта деп аталады.
Сыртқы ортаның күрделілігі сыртқы орта элементтерін өңдеуге кететін материалдық және
интеллектуалдық ресурстардың еңбек шығыны арқылы анықталады. Сыртқы ортаның
күрделілік деңгейлері жоғары, орташа, төмен сипатта болуы мүмкін.
Сыртқы ортаның айқынсыздығы – жағымсыз жағдайлар мен салдардың орын алу
мүмкіндігі. Сыртық ортаның өзгергіштігі оның параметрлерінің өзгеру немесе жаңару
шапшаңдығымен сипатталады. Бұл параметрлерге сандық, сапалық көрсеткіштер, уақыт
жатады.
Сыртқы ортаның коммуникабельділігі - ұйымның сыртқы ортамен қарым-қатынасының
деңгейі. Ұйым сыртқы ортамен толық әрекеттестікте болуы немесе қарама-қарсы
әрекеттестікте болуы мүмкін.
2. Ұйымдағы басқару шешімдерін әзірлеу мен қабылдау барысында сыртқы орта
факторларын басқару маңызға ие. Ол үшін аталмыш факторлардың басқарылу деңгейін
анықтау қажет. Фирманың шаруашылық қызметі факторларының басқарылу деңгейіне
байланысты жіктелуі:
- басқарылатын (реттелетін) факторлар – ұжым жұмысының сапасын сипаттайтын
факторлар. Мысалы, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру деңгейі, басқару қызметінің сапасы,
ресурстардың пайдаланылу дәрежесі т.б.;
- қиын басқарылатын факторлар - басқарылатын объектінің бұрынғы қызметінен
тәуелді және басқару шешімдерін қабылдаушы тарапынан болатын ықпалға бейімделе
қоймайтын факторлар. Мысалы, негізгі өндірістік құралдар көлемі мен құрылымы, өндірістің
техникалық деңгейінің сипаттамасы, өнеркәсіптік-өндірістік персонал құрылымы;
- басқарылмайтын (реттелмейтін) факторлар – басқару субъектісімен өзгеруге
келмейтін факторлар мен жағдайлар (климаттық және геологиялық жағдайлар, өнімді сату
жағдайлары, т.б.).
Бұл факторлардың басқарылуы немесе басқарылмауы басқару деңгейіне (цех,
кәсіпорын, сала) және қабылданған шешімді жүзеге асыру кезеңінің ұзақтығына байланысты.
Басқару деңгейі неғұрлым үлкен болған сайын, факторларды басқарылатын ретінде
қарастыруға болады және оларды өзгерту аумағы да соғұрлым кеңи түседі. Кәсіпорын
деңгейінде басқаруға келмейтін жағдайлар министрліктер деңгейінде басқарылатын
факторлар болуы мүмкін.
Қабылданған басқару шешімдерін жүзеге асыру мерзімі ұзақ болған сайын қиын
реттелетін факторларды өзгерту мүмкіндігі жоғары болады. Мысалы, егер бір жыл ішінде
негізгі өндірістік қорлардың көлемі мен құрылымын өзгерту қиын болса, бес жылда
өндірістің материалдық-техникалық базасын түбегейлі өзгертуге болады.
Сонымен фактордың басқарылуы қабылданатын басқару шешімдерінің жүзеге асу
орны мен уақытына байланысты. Шешімді қабылдаушы тұлғаның факторларды басқару
проблемасын қалай шешетіндігінен, көп жағдайда, басқару шешімдерін дайындауды әрі
қарайғы жетістігі тәуелді болып табылады.
3. Мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сыртқы
ортасын
талдауда да олардың контакталық аудиторияларын білу қажет.
Мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сыртқы ортасының
контакталық аудиториялары:
бұқара халық;
саяси партиялар;
түрлі деңгейдегі мемлекеттік билік органдары;
жергілікті өзін-өзі басқару органдары;
қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер: саяси, діни, шығармашылық, экологиялық, құқық
қорғау, аумақтық, ұлттық т.б. бірлестіктер;