Элективтік пәндер каталогы «Тілдік пәндер» кафедрасының мәжілісінде талқыланды
Хаттама №7 06.02.2017 ж.
Кафедра меңгерушісі
ф.ғ.к., Османова Р.А.
______________________________
Элективтік пәндер каталогы Педагогика өнер және тілдік
факультетінің кеңесінде мақұлданды
Хаттама №8 14.03.2017 ж.
Факультет Әдістемелік кеңесінің төрайымы
Сырлыбаева Э.М.
____________________
Элективтік пәндер каталогы «Мирас» Университетінің әдістемелік кеңесінде
мақұлданды
Хаттама № 8 24.03.2017 ж.
ОӘБ бастығы
Игнашова Л.В.
_____________________________
Элективтік пәндер каталогы «Мирас» Университетінің Ғылыми
кеңесінде бекітілді
Хаттама №8 31.03.2017 ж.
Университеттің Ғылыми кеңесінің хатшысы
а-ш.ғ.к., Тлегенова К.Б.
____________________
4
5
6
7
8
Мазмұны
Кіріспе
Ұсынбалы А траекториясы. Қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі
Ұсынбалы Б траекториясы. Лингвист,қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі
Ұсынбалы B траекториясы. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің әдіскер мұғалімі
Білім беру траекторияларының пәндері
Кіріспе
Оқу барысында әрбір студент, оқу нысанына және негізгі біліміне қарамастан, таңдалған мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алу үшін, міндетті компонент пен таңдау бойынша
компоненттерден (элективті пәндер) тұратын, ең аз көлемі - теориялық оқудың 129* кредитін құрайтын білім беру бағдарламасын меңгеруге міндетті.
Міндетті компонент (МК) - студент таңдалған білім беру траекториясына қарамастан міндетті түрде зерделейтін, кредиттердің тиісті көлеміне ие оқу пәндері.
Таңдау бойынша компонент (ТК) - студент, олардың пререквизиттері мен постреквизиттерін ескере отырып, кез келген академиялық кезеңде зерделеуге таңдайтын және нақты білім беру
траекториясының ерекшелігін көрсететін кредиттердің тиісті көлеміне ие оқу пәндері болып табылады.
Білім беру траекториясы - МК және ТК пәндерінің жиынтығы болып табылады, оларды ойдағыдай зерделеудің нәтижесінде, студент кәсіби қызметтің белгіленген түрлеріне қажетті білімнің,
дағдылар мен машықтардың жиынтығына ие болады.
Оқудың кредиттің технологиясы шарттарында әрбір студент эдвайзердің көмегімен өзінің білім беру траекториясын (бағдарламасын) қалыптастырады.
Студенттің оқу траекториясын жан-жақтан икемді және дербес түрде анықтау мүмкіндігін жасау мақсатымен ЭПК - элективті пәндер каталогы жасалды; аталған каталог, білім беру
траекторияларын (мамандануларын) ескере отырып, таңдау бойынша компонентке кіретін пәндердің тізбесін білдіреді.
Әрбір пәнде қысқаша мазмұн келтірілген, пәнді зерделеудің мақсаттары мен міндеттері көрсетілген және пәнді зерделеуден күтілетін нәтижелер сипатталған және пәннің кредит түріндегі көлемі
көрсетілген.
Білім беру траекториясын қалыптастыру үшін мыналар ұсынылады:
- оқуды тәмамдағаннан кейін кәсіби қызметтің қалаулы саласын анықтау;
- осы қызмет саласы үшін талап етілетін құзыреттерді анықтау;
- осы құзыреттерді қалыптастыратын ТК пәндерін таңдап алу;
- ТК және МК пәндерінің пререквизиттері мен постреквизиттерін ескере отырып, оларды зерделеудің реттілігін анықтау, сондай-ақ оқу семестрлерінің санын және семестрде ұсынылатын орташа
жүктемені анықтау (күндізгі оқу нысанының студенттері үшін - 18-21 кредит, сырттай оқу нысанының студенттері үшін - 15-17 кредит, кешкі оқу нысанының студенттері үшін - 12-15 кредит).
Элективті пәндерді тәртіпсіз таңдауға жол бермес үшін, студенттерге, еңбек нарығының қажеттіліктері мен жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, «Мирас» университетінің мамандары
тарапынан әзірленген үш білім беру траекториясы** (А, Б, В) таңдауға ұсынылады.
Білім беру бағдарламасы, таңдалатын білім беру траекториясына қарамастан студент тарапынан зерделенетін міндетті компонент пен таңдау бойынша компоненттің пәндерінен құралған
мамандықтың базалық модульдерін, сондай-ақ студент тарапынан мамандықты алу мақсатымен зерделенетін таңдау бойынша компоненттің пәндерінен құралған мамандықтың модульдерін
қамтиды.
Жоғары білім мамандығының мамандануы бойынша білім беру бағдарламасын сапалы түрде меңгеру үшін, оқу аяқталғанға дейін таңдалған траекторияны ұстанған жөн.
* Кәсіби тәжірибені, дене шынықтыруды, теориялық пәндерді және қорытынды аттестаттауды өз ішіне алатын, оқудың қосымша түрлерін (ОҚТ) қоспағанда
** Білім беру траекториялары ұсыну сипатына ие болып табылады және студентті жеке білім беру траекториясын қалыптастыру құқығынан айырмайды
Ұсынбалы А траекториясы
Қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі
Алынатын құзыреттілік пен дағды:
- Қазақ тілі мен әдебиеті саласында толыққанды және сапалы кәсіптік білім алуы, педагогикалық процесті сапалы ұйымдастыру;
- Танымдық қызмет әдістерін белсенді меңгеру, білім берудің маңыздылығы;
- Түрлі педагогикалық технологияларды қолдана білу, кәсіби бағдарына және өз бетімен білім алуына жағдай жасау;
- Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім берудің қазіргі талаптары және объективті заңдылықтары ескерілген жеке кәсіби қызметтерін жоспарлау;
- Білім алушылардың оқыту процесі кезінде алған білімін, білігі, және дағдысын кәсіби қызметте қолдана білу қабілеті;
- Педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді, біртұтас педагогикалық процестіжобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі;
- Ұлттық құндылықтар жүйесінде орын алу;
- Этикалық құндылықтар жолын ұстану;
- Ізгілікке, адамгершілікке, сауаттылыққа бейім болу;
- Қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы білімдерді меңгерту, ақпараттарды басқару дағдылары мен біліктерінің болуы;
- Талдау және синтез негізінде кешенді маниторингті жүзеге асыру;
- Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім беруде қабілетті болу, зерттеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылу;
- Кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру;
- Білім алушы жас ұрпаққа ғылыми негізде білім беріп, адам өмірі мен қызметінің мазмұны мен теориялық мәні туралы терең білім беруі;
- Қазақ халқының өткен тарихы мен оның жалпы адамзаттық тарихтан алатын орны жөнінде кең көлемді шынайы мағлұмат беру, бұрын орнығып қалған кереғар көзқарастардан тазартылған,
жаңа мазмұндағы тәуелсіз ғылыми түсініктер беру;
- Мемлекеттік тіл дәрежесіндегі қазақ тілін Қазақстанның әрбір азаматының жетік меңгеруін қамтамасыз ету;
- Еліміздің әдеби, тілдік, мәдени ахуалы туралы жан-жақты мағлұмат беру;
- Қазақ тілі мен әдебиетінің негізгі құндылықтарынан сипаттама жасап, насихаттау;
- Оқытудың жаңа технологиясын жетік меңгерту және оны жұмыс барысында оңтайлы пайдалана білуге үйрету;
- Жалпы тіл біліміндегі осы заманғы ғылыми концепциялар мен жетістіктер туралы мәліметтер беру;
- Ұлттық әдебиеттің жалпы даму жолы, белсенді кезеңдері, көркемдік-эстетикалық мәселелері жөнінде түсінік қалыптастыру;
- Қазақ тілінің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, сөзжасамдық және синтаксистік құрылымы мен теориялық мазмұнын терең меңгерту;
- Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен техникалық жетістіктерін іс жүзінде пайдалана білу;
- Ағымдағы әдеби процестің жай-күйінен жаңа мәліметтер беру және қалыптастыру;
- Әдебиеттануға кіріспе, әдеби шығарма, сөз өнері, көркемдік категориялар жөнінде терең теориялық білім беру;
- Қазақ тілінің даму тарихынан мағұлмат беру дағдысы.
Кәсіби қызметтегі қажетті салалар:
- Жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназия, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;
- Ғылыми-зерттеу саласы (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер);
- Әдеби-шығармашылық саласы (әдеби, мәдени мекемелерінде, баспа орындарына);
- Оқыту процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістерін анықтау саласында;
- Нақты кәсіби, тәрбиелік жұмыстарды жоспарлау мен шешу бойынша;
- Өндірістік-басқарушылық (мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында іс-қағаздары бөлімдері)