№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
148
ШЫНАЗБЕК Улдарай Мырзабайқызы,
«Қаныш Сәтбаев атындағы №92 жалпы орта мектебі»
мемлекеттік мекемесінің 7 сынып оқушысы, «Қаратӛбе» ауылы,
Ақтӛбе ауыл әкімшілігі, Сарыағаш ауданы, Оңтҥстік Қазақстан облысы,
Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ШАХИЕВА Улбике Ахмедовна,
«Қаныш Сәтбаев атындағы №92 жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
«Технология» пәнінің мҧғалімі, «Қаратӛбе» ауылы, Ақтӛбе ауыл әкімшілігі,
Сарыағаш ауданы, Оңтҥстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
ОЮ-ӚРНЕКТЕРДІҢ ӚЗ МӘНІ БАР
Қазақтың ұлттық ою-ӛрнегі – қазақ жерін мекендеген кӛшпелі тайпалар ӛнері
әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-ӛрнек түрлері.
Қазақтың алғашқы ою-ӛрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ,
гұн, үйсін ӛнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың
табиғи және фантастикалық бейнерлері), кӛгеріс ӛрнек пен қиял-ғажайып ою-
ӛрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі. Олар негізінен малгершілік,
саятшылық, әдет-ғүрып, үй іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын,
батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. Тартымды жасалып, биязы
кӛркемделген ӛнердің кӛне мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан, ӛнделген
теріден жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.).
Қазақ оюы, қазақтың ою-ӛрнегі – үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар
мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын ӛрнектер. Жаппай дамыған
кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең кӛлемде
қолданған ою-ӛрнектерді, негізінен: зооморфтық, ӛсімдік сипатты, геометриялық,
космогониялық түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы
пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-ӛрнектер
халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған.
Зооморфтықою-
ӛрнеккебеже,жүкаяқ,әбдіре,асадалсияқтытұрмыстықбұйымдарәшекейінде
жиі
кездеседі. Аталған ою-ӛрнектер кебеже бүйірінде, кӛбінесе, тігінен бедерленіп, бос
жерлерін толықтырған, ал тӛсектің жан ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік
ӛрнектелген. Кейде оларды ӛсімдік сипатты ӛрнектермен сабақтастырып,
жарасымды тұтас композиция құраған.
Ұсақ аңдардың табандарының іздері жүкаяқ, кебеже, асадалдың кӛрнекті
жерлеріне салынған. Сонымен қатар бұл ӛрнек түрін үй жиһаздарының жиектерінен,
бұрыштарынан кездестіруге болады. Зооморфтық ӛрнекте тӛрт түлік малдың
абстракциялық пішіні ерекше орын алады. Оған мысал ретінде қошқармүйіз,
тӛртқұлақ, түйетабан, ботамойын, түлкібас, құсқанат және тағы басқа оюларын
атауға болады. Қошқармүйіз оюы қазақ халқының бүкіл тыныс-тіршілігін танытады.
Кей қолданыста ол қырықмүйіз, сыңармүйіз, арқармүйіз болып түрленіп отырады.
Қошқармүйіз тӛрт тармақтан құралып, ортасы айқыш тәрізді болып келеді.
Тӛртқұлақ ӛрнегі кебеже, жүкаяқтарды безендіруде кеңінен қолданылады. Ол ағаш
бұйымдар бетінің кейде дәл ортасына, кейде бұрышына бедерленген. Ағаш
бұйымдарда
түлкібас,
иттабақ,
итемшек,
қарақұс,
құстұмсық,
кӛбелек,ботамойын,түйетабан, шыбынныңқанаты деп аталатын зооморфтық
ӛрнектер ұшырасады. Олар, әсіресе, жүкаяқтарды, тӛсектерді ӛрнектеуге кеңінен
қолданылады.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
149
Үй жиһаздарында кең пайдаланылатын Қазақ оюының келесі бір түрі – ӛсімдік
сипатты ою-ӛрнектер. Олар тұрмыстағы ағаш бұйымдарда жиі кездеседі. Жалпы
ӛсімдік ӛрнегінің жапырақ, гүл, сабақша, ӛткізбе, шиыршық, тамыр түрінде және
жаңадан ашылып келе жатқан жауқазын бейнесінде ұшырасады. Ӛсімдік сипатты
ою-ӛрнек, кӛбінесе, кебеже мен жүкаяқтардың, әбдірелердің беттерінде тігінен де,
кӛлденеңінен де бедерленеді.
Ал асадалдарда бұл ою-ӛрнектер бір-бірімен сабақтасып, тұтасқан түрінде
беріліп отырады. Ӛсімдіктер ағаш бұйымдарда шебердің талғамына қарай әр қилы
кӛрініс табады. Шебер оны ӛз талғамына орай жеке де, топтастырып та пайдаланған.
Сондай-ақ,
ағаш
бұйымдарда
ӛсімдік
белгілері
сабақтастырылған,
шиыршықталған күйінде немесе шеңбер түрінде бедерленген. Бұл ою-ӛрнектің
арасындағы бүгінде кең таралғаны ағаш сұлбасының абстракциялық түрдегі бейнесі.
Аталған ою-ӛрнектің арасындағы келесі кең таралғаны – жапырақ тектес түрі.
Жапырақтың, әсіресе, дара және топтасқан бейнелері кӛп қолданыс тапқан.
Үй жиһаздарында геометриялық ою-ӛрнек түрі жиі кездеседі. Ол барлық дерлік
бұйымдарда орын алады, кӛбінесе, жалпы композиция кӛлбеу орналасса, бір
тұстарда қосарласа тартылады. Ол үй жиһазының жиектеріне, бүйірлеріне,
қапталдарына нақышталады. Кӛбінесе, кебеже, әбдіренің орта тұсында шеңбер,
сызық түрінде бедерленеді. Сондай-ақ, құру барысында негізгі күрделі ою-
ӛрнектерді жалғастырушы, толықтырушы рӛлін атқарады.
Кейде әр қилы орындалған сызықшалар 40-50 үй бұйымдарында геометриялық
ою-ӛрнектердің үшбұрыш, тӛртбұрыш, сүйірбұрыш, айқышты, сопақша түрлері де
кездеседі.
Қазақ жиhаздарында космогониялық ою-ӛрнек те кең таралған. Ол кебеже мен
әбдіре бетінің дәл ортасында, кӛбінесе, күн бейнесінде бейнеленіп, айналасына ұсақ
жұлдызшалар, бұлт, толқын салынады.
ХХ ғ.-дың 60-80-жылдары Маңғыстау шеберлерінің қолынан шыққан кейбір үй
жиһаздарында жұлдыз, балға мен орақ кӛп кездеседі. Ағаш бұйымдарда
космогониялық ою-ӛрнектердің «жұлдыз», «шұғыла», «тӛртқұлақ», «бітпес»,
«шимай» деп аталатын түрлері кеңінен қолданған. Аталған ою-ӛрнектер, негізінен,
ағаш бұйымдарында бірнеше рет қайталанып, ырғақ заңдылығымен орындалады.
Космогониялық ою-ӛрнектер үй жиһаздарының орта тұсында және жиектерінде
бедерленген. Мәселен, күн бейнесі, оның шұғыласы ағаш бұйымдарының ортасында
шеңбер түрінде бедерленсе, ай бейнесі кӛбінесе қыз жасауларында жаңа ай күйінде
ӛрнектеледі. Ал, толқын тәріздес шумақталған бұлт бейнесінің сыртқы пішіні
бұйымдардың жиектерінде беріледі. Ағаш бұйымдарында кӛрініс тапқан ою-ӛрнек
түрлері мен олардың мазмұны қазақтар арасында ағаш оймыштаудың біршама
жақсы дамығандығын аңғартады
Ою-ӛрнек.Ою-ӛрнектердің тҥрлері. Ӛрнектердің түстері мен бояулары. Ою-
ӛрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолӛнерінің барлық түріне бірдей ортақ
әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. «Ою» деген сӛзбен ӛрнек деген сӛздің
мағынасы бір. Бұл сӛздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі
затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген
мағына жатады.
Ал ӛрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп,
батырып, қалыптап істеген кӛркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес.
Сондықтан кӛбінесе ою-ӛрнек деп қосарланып айтыла береді.
Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды
бейнелейді. Олар: біріншіден, мал ӛсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, кӛшіп-
қону кӛріністерін, үшіншіден, күнделікті ӛмірде кездесетін әр түрлі заттардың
Достарыңызбен бөлісу: |